IV бөлім. Мектептің даму тұжырымдамасы
«Саяқ кенті жалпы білім беретін №6 орта мектебі» КММ2020-2025 жылдарға арналған даму стратегиясы (әрі қарай Бағдарлама) ҚР Конституциясына, ҚР «Білім туралы» Заңына, Мемлекеттік білім бағдарламасына, «ҚР білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеудің кешенді бағдарламасына», ҚР Үкіметі 2012 жыл 25 маусымндағы №832 Қаулысына, «Ұлттық жоспар негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» жоспарына негізделген.
Мектептің даму Бағдарламаның негізгі мақсаттары мен міндеттері білім мазмұнында жалпы мәдени, ұлттық мәдени, әлеуметтік- экономикалық, экологиялық, демографиялық және т.б. жақтарын ескереді.
Бағдарлама заманауи білім беру жағдайына негізделіп, әлеуметтік саясат және ҚР білім беру жүйесінің даму стратегиясы ескеріле отырып әзірленген.
Бағдарлама жалпы мектеп ұжымы қызметінің негізгі бағытын айқындайтын құжат болып есептеледі.
Бағдарламаның миссиясы
Мұғалімдердің кәсіби дамуын арттыру үшін оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді оқу-тәрбие үдерісіне енгізу. Стратегияның педагогикалық идеясы – алған білімін өмірде қолдана алатын, бәсекеге қабілетті, дамуы тұрақты, заман талабына сай келетін тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу.
Мектептің әрі қарай дамуы үшін басымдылығын анықтау.
Білім беру ұйымы дамуының басымды бағыттарын іске асыру қоры және күштерін шоғырландыруы, мектептің білім беру жүйесіндегі мақсатты бағытталған сипатын іске асыруы бойынша,білім беру кеңістігіндегі субъектілер қызметін үйлестіру.
Мектептің білім дамуының жергілікті бағдарламасын әзірлеу үшін, негізін құру.
Мақсаты:
1. Білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, көшбасшылық қасиеттері дамыған зияткерлік әлеуетін өз бетімен дамытуға ұмтылатын, өзін-өзі анықтауға қабілетті, дені сау тұлғаны қалыптастыруды қамтамасыз етудің тұрақты даму механизмдерін құру
2. Сапалы жалпы орта білім беруге тең қол жеткізуді, дене бітімі мен рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыруды қамтамасыз ету. Оқушылардың ғылыми зияткерлік әлеуетін нығайта отырып ғылыми зерттеу жұмыстарын сапалы ұйымдастыру.
Міндеттері:
Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту.
Мектепті қаржыландыру жүйесін қалыптастыру.
Үздік практикалық негізінде білім беру ұйымында бағалаудың жаңартылған жүйесін қамтамасыз ету.
Рухани - адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету;
Баланың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету;
Оқу-тәрбие үрдісінің Қазақстандық патриотизмге, халықтық салт-дәстүр мен тарихын құрметтейтін биік мәдениетке тәрбиелеуді мұрат еткен жаңа әдістер мен материалдарды біріктіру, жетілдіру, дамыту;
Білім беру бағдарламалары мен жаңа бастамалар мен ізденістерді анықтау; оқыту мен тәрбиелеуде жаңа педагогикалық технологиялардың тиімділігін анықтау;
Дарынды, шығармашылық қабілеті жоғары балалармен жүйелі, нәтижелі жұмыс істеудің жаңаша әдіс-тәсілдерін оқып- үйрену, пайдалану.
Ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту және цифрландыру. Білім беру ұйымын қазіргі заманғы материалдық техникалық базамен жарақтандыру
Орта мектепте үштілді білім беруді тиімді жүзеге асыру;
Достарыңызбен бөлісу: |