Қарағанды облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру ережелерін бекіту туралы


Құрылыс және монтаж жұмыстарын жүргiзу кезiндегі



бет3/3
Дата25.06.2016
өлшемі415.55 Kb.
#157826
1   2   3

12. Құрылыс және монтаж жұмыстарын жүргiзу кезiндегі
көріктендіру талаптары

      153. Қазақстан Республикасының қолданыстағы техникалық регламенттер, құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес құрылыстың барлық мерзiмiнде жүргiзiлетiн жұмыстар қоршаған орта, аумақ және халық қауiпсiздiгiн құрылыс алаңшасында еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, құрылыс алаңшасына іргелес аумақта тәртiп сақтау бойынша аудан және қала әкiмдерiнiң талаптарын орындауды қамтамасыз етуi қажет.


      154. Жұмыстарды орындаушы бекiтiлген аумақтың құрылыс алаңы аумағын тазалауды қамтамасыз етуi қажет. Тұрмыстық және құрылыс қоқысы, сондай-ақ қар Қазақстан Республикасының санитарлық қағидаларымен белгіленген тәртiпте және мерзiмдерде уақтылы шығарылуы тиiс.
      155. Қоныстану аумақтарында құрылыс - монтаж жұмыстарын жүргiзу кезiнде қалдықтар мен қоқысты ғимараттар мен құрылыстардың қабаттарынан лақтыру жолымен тастауға жол берiлмейдi.

13. Автомобиль жолдарын және көлiк инфрақұрылымы объектiлерiн көріктендіру және күтiп ұстау

      156. Автомобиль жолдарын және жол инфрақұрылымын көріктендіру мен күтіп ұстау талаптары Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңнамасына және техникалық регламенттеріне сәйкес белгіленеді.


      157. Аялдама павильондары және аялдама кешендерiнiң меншік иелерi осы құрылыстарды тиісті жағдайда ұстауға, қажет жағдайларда оларды қалпына келтiру бойынша шараларды қабылдауы қажет.

14. Жолдарды күтiп ұстау

      158. Нөсерлiк кәрiз жүйесi жоқ көшелердiң жүру бөлiгi сыпыру-тазалау машиналарымен тазартылуы қажет.


      159. Жол жабындылары жолдың жүретін бөліктеріне жиналатын ластанулар жасыл желектер жолдарына немесе тротуарларға сарқынды судың ағынымен шықпайтын етiп жуу керек.

15. Жолдарды қысқы тазалау

      160. Көшелердің жүретін бөлігі мен өтпе жолдарын қысқы тазалау осы Ереже талаптарына, жұмыс технологиясын анықтайтын техникалық регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады.


      161. Қысқы тазалаудың бiрiншi кезектегi операцияларына:
      1) қарды алу (тасып шығару);
      2) қарды күреу және сыпыру;
      3) қар үйiндiсiн тасып шығару үшiн жинастыру;
      162. Екiншi кезектегi операцияға:
      1) жолдардың жүру бөлігін тайғаққа қарсы материалдармен өңдеу;
      2) қар алынғаннан кейiн жол жиегiн тазарту;
      3) мұзды уату және қар-мұздан құралған үйiндiнi алу.

16. Жолдарды жазғы жөндеу

      163. Жолдың жүру бөлiгi барлық ластану түрлерiнен толық тазалануы және жуылуы тиiс.


      Реттеушi сызық болып табылатын осьтiк, резервтiк жолақтар құмнан және әртүрлi ұсақ қоқымнан тұрақты тазаланып тұруы тиiс.
      164. Жол жиегiндегi аймақ және ернеуi, сондай-ақ тротуарлар және онда орналасқан жолаушылар тасымалдайтын көлiк аялдамаларының отырғызу алаңы, трамвай жолдары топырақ-құмды қоқымдардан және әртүрлi қоқыстардан толық тазалануы және жуылуы тиiс.
      165. Жолдың жағасы қоқыстардан таза болуы тиiс.
      166. Темiр-бетон блоктардан құралған бөлу жолақтарының үстi құмнан, батпақтан және ұсақ қоқыстардан тұрақты тазаланып тұруы тиiс.
      167. Жолдың жүру бөлiгiн жуған кезде су ағынымен сыпырындыны және қоқысты тротуарларға, көгалдарға, қалалық жолаушылар тасымалдайтын көлiк аялдамаларының павильондарына, көлiкке отырғызатын алаңдарына, жақын жерде орналасқан ғимараттардың, сауда нысандарының қасбеттерiне шығаруға жол берiлмейдi.

17. Бөлiнген белдеуге iргелес аумақтар

      168. Аумақтары автомобиль жолдарына іргелесіп жатқан жер учаскелерiнiң меншік иелерi және (немесе) пайдаланушылары және жер пайдаланушылар:


      1) ортақ пайдаланудағы жолдарға жанасатын жолдар және өтпе жолдар құрылысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуы;
      2) ортақ пайдаланудағы жолдарға жанасу жерлерiн және оларға кiреберiстердi техникалық дұрыс және тиісті санитарлық жағдайда ұстау, қоқыс, ластан және қардан тазалау жүргізуге;
      3) қозғалыс қауiпсiздiгiн нашарлататын және көрудi қиындататын жол бойындағы жол белдеуінде материалдар мен конструкцияларды жинауға жол бермеуге тиіс.

18. Жер асты және жер үстi коммуникацияларын көріктендіру және күтiп ұстау

      169. Су желiлерiнiң бiтелiп қалуын болдырмау үшiн су ағатын коллекторларға, жаңбыр суларын қабылдайтын құдықтарға және арық жүйесiне сыпырындыны және тұрмыстық қоқыстарды тастауға жол берiлмейдi.


      170. Су желiлерiнiң жаңбыр суларын қабылдайтын және байқау құдықтарына профилактикалық тексерудi және оларды тазалауды бекiтiлген кесте бойынша, бiрақ айына бiр реттен кем емес мамандандырылған кәсiпорындар немесе осы құрылғылар балансында тұрған ұйымдар жүргiзедi.
      171. Жаңбыр суларын қабылдайтын құдықтардың торлары үнемi жұмысқа жарамды жағдайда болуы керек. Торлардың және құдықтардың өткiзу қабiлетiн шектейтiн бiтелуге, лайлануға жол берiлмейдi, сондай-ақ, құдықтар мен коллекторларды уақытылы тазалауды жүргізеді.
      172. Жер асты инженерлiк коммуникацияларының меншік иелерi және (немесе) пайдаланушылары:
      1) жер асты коммуникацияларын күтiп ұстауға және жөндеуге жауапты болады;
      2) жолдардың төсемдерiмен, тротуарлармен, көгалдармен және құдықтардың люктарымен бiр деңгейде, дұрыс күйде ұстауды, сонымен қатар коммуникациялардың қанағаттанарлықсыз жағдайынан пайда болған жол төсемдерінің бұзылған шегiнде оларды жөндеуді қамтамасыз етедi (өз күштерімен немесе мамандандырылған кәсіпорындармен келiсiм шартқа отыру негiзiнде);
      3) құдықтардың люктарын бар болуын және дұрыс күйде болуын қамтамасыз етеді және оларды уақытында ауыстыруды жүргізеді және болмаған немесе жоғалған кезде (тәулiк iшiнде) қалпына келтiредi;
      4) коммуникациялардың жұмыс істеуіне байланысты апат зардаптарын жоюды қамтамасыз етедi (қар үйiндiлерi, мұз, лай, сұйықтықтар).

19. Ереже бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

      173. Осы Ережені бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексімен белгіленген жауапкершілікке тартылады.

Қарағанды облысының қалалары
мен елді мекендерінің аумақтарын
көріктендіру Ережелеріне
1 қосымша

Көріктендіру
ПАСПОРТЫ

____________________________________________________________________


               (жеке немесе заңды тұлғаның атауы)
____________________________________________________________________
                     (орналасқан мекенжайы)
____________________________________________________________________
                   (заңды мекенжайы, телефон)
Қала/аудан __________________________________________________________

      1. Басшының Т.А.Ә.


_____________________________________________________________________
                              (БСН)
___________________________________________________________________
      2. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға келiсiм-шарт (нөмiрi,
күні)______________________________________________________________
      3. Бөлiнген және бекiтiлген аумақтардағы қатты жабынның ауданы, м2 __________________________________________________________________
      4. Бөлiнген және бекiтiлген аумақтардағы көгалдардың ауданы, м2
_____________________________________________________________________
      5. Бөлiнген және бекiтiлген аумақтардағы ағаштар, бұталар саны,  (дана) ______________________________________________________________
      6. Бөлiнген аумақтағы шағын сәулет нысандарының болуы, (дана)
_____________________________________________________________________
      7. Аула тазалаушылардың болуы (адам саны, олар болған жағдайда) немесе аумақты тазалауға мамандандырылған ұйыммен жасасқан келiсiм-шарт N және күні ____________________________________________
      Осы паспортта көрсетiлген деректер өзгерген жағдайда заңды тұлғаның басшысы, (жеке тұлға) _____________ (қала/аудан) әкiмiнiң аппаратын хабардар ету және жаңартылған аумақты тазалау және күтiп ұстау, көрiктендiру паспортын алуы тиіс.
      М.О. _________________________________________________ Т.А.Ә.
             (заңды тұлға басшысының, жеке тұлғаның қолы)
      "__"__________ 20 ___ жылы берiлдi
Әкім ____________________ (қала/аудан) _______________________Т.А.Ә.
      М.О. (қолы)

бекiтiлген аумақтың СХЕМАСЫ

Қарағанды облысының
қалалары мен елді мекендерінің
аумақтарын
көріктендіру Ережелеріне
2 қосымша

_____________________________________


_____________________________________
_____________________________________
(мемлекеттік органның атауы)  
_____________________________________
_____________________________________
мекенжайы ___________________________
телефон _____________________________

Өтініш

Маған _______________________________________________________________


                        (жұмыс сипаты)
___________________________________________________ мекенжайы бойынша
Автокөлік қозғалысын жаба отырып (жабусыз)
(Қажеттілерін сызу қажет, егер жабық болса мекенжайды көрсетіңіз)
___________________________________________________ мекенжайы бойынша
жер қазу (құрылыс, жөндеу) жұмыстарын жүргізуге ордер беруіңізді сұраймын.

Жеке куәлік




№_______________________________




________________________ берілді

___________________________ қолы

ЖСН/БСН ________________________

Күні "___"____________ 20 ___ ж.

Қарағанды облысының
қалалары мен елді мекендерінің
аумақтарын
көріктендіру Ережелеріне
3 қосымша

Жер қазу (құрылыс, жөндеу) жұмыстарын жүргізуге
ордерді беруге арналған
ШАРТ

№ _________                                   "___" ________ 20___ ж.

_________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)

"__________________________________" әрі қарай Ереже негізінде әрекет


ететін және "Қызмет көрсетуші" деп аталатын жақ, бір тараптан:
_____________________________________________________________________
(ұйым атауы, А.Ә.Т. жеке тұлғаның паспорттық мәліметтері)
алдағы уақытта "Тапсырыс беруші", _________________________ тарапынан
______________________, ____________________ негізінде әрекет ететін,
екінші жақ, төмендегілер туралы осы шартты жасасты:

1. Шарттың мәні

      1.1. Қызмет көрсетуші осы шарттың 1.2 тармағында көрсетілген жер қазу (құрылыс, жөндеу) жұмыстарын жүргізуге арналған ордерді беруді міндетіне алады.


      1.2.Тапсырыс беруші келесі жұмыстарды орындауды міндетіне алады: ______________________________________________________________
алда "Жұмыс" деп аталатын ___________________________________________
көлік қозғалысын ішінара жабуды/көлік қозғалысын жабусыз (қажеттіні сызу)
      1.3. Жұмыстарды орындау орны: _________________________________
      1.4. Аталған жұмыстарды орындау үшін Тапсырыс берушіге жер қазу (құрылыс, жөндеу) жұмыстарын жүргізуге арналған ордерін беру үшін қажетті барлық құжаттарды тапсыруға міндетіне алады.
      1.5. Тапсырыс беруші осы шарттың 1.2.тармағында көрсетілген жұмыстарды 20 ___ жылдың "___" __________ нен 20 ___ жылдың "___"___________ дейінгі мерзімде, асфальтбетонды жабындыны қалпына келтіру мен аумақтарды көріктендіру бойынша жұмыстарды 20 ___ жылдың "___" __________ нен 20 ___жылдың "___"___________ дейінгі мерзімде жүргізуді міндетіне алады.
      1.6. Қызмет көрсетудің кепілдік мерзімі шартқа қол қойған сәттен бастап 2 жыл.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2.1. "Қызмет көрсетушінің" құқықтары мен міндеттері:


      2.1.1. Тапсырыс берушіге жер қазу (құрылыс, жөндеу) жұмыстарын жүргізуге арналған ордерді Тапсырыс берушінің сәйкес құжаттарды тапсырғаннан кейін осы шартқа қол қойған сәттен бастап _____ күн ішінде береді.
      2.1.2. Қызмет көрсетуші ҚНмЕ мен жобалық құжаттардан ауытқулар анықталғанда жазбаша ұйғарымды береді.
      2.1.3. Бұзылған көріктендірулерді қалпына келтіру бойынша орындалатын жұмыстардың сапасы мен технологиясын сақтай отырып, 1.5. тармаққа сәйкес орындалу мерзіміне бақылауды жүргізеді.
      2.2. "Тапсырыс берушінің" құқықтары мен міндеттері:
      2.2.1. Тапсырыс беруші ҚНмЕ мен осы шартта көрсетілген мерзімді сақтай отырып, сапалы жұмысты орындауға міндетті.
      2.2.2. Осы шартпен қарастырылған жұмыстарды тиісті емес орындағаны үшін Қызмет көрсетушінің алдында жауапты. Қызмет көрсетуші осы шарттың талаптарына жауап бермейтін жұмыстарды қабылдамайды.
      2.2.3. Қызмет көрсетуші қосалқы мердігер ұйымдармен шарт жасау бойынша шарт жасасқаны туралы ақпараттандырады. Ақпаратта шарттың мәні, қосалқы мердігер ұйымдардың атауы мен мекенжайы көрсетілуі тиіс.
      2.2.4. Олардың қызмет үйлесімдігіне тартылған қосалқы мердігермен шарт бойынша жұмыстарды тиісті орындауға Қызмет көрсетуші алдында жауапты болады.
      2.2.5. Жұмыстарды 20 ___ жылдың "____"_____________ кешіктірмей жұмыстарды аяқтауға.
      2.2.6. Жұмыстағы кемшіліктер мен ақауларды Қызмет көрсетушінің талабы бойынша тегін жоюға.
      2.2.7. Қызмет көрсетуші өкілінің қатысуымен қазған жерлерді қайтадан жабуды жүргізуге.
      2.2.8. Қыс мезгілі кезінде қазылған жерді 30-35 сантиметр қабаттап жіпсік құммен жабуды, жолдың жүру бөлігіндегі жарықтың жоғарғы қабатын таптап, тас төсеу қажет.
      2.2.9. Осы шарттың 1.5.тармағында белгіленген мерзімде ордерді бергенге дейін жолдардың, тротуарлардың, алаңшалардың бұзылған жабындыларын уақытында және сапалы қалпына келтіріп, жерді қалпына келтіру қажет.
      2.2.10. Жұмыс аяқталған сәттен бастап үш күнтізбелік күн ішінде жолдың, тратуардың, алаңшалардың бұзылған жабындыларын толық қалпына келтіргеннен кейін және жерді қалпына келтіру жұмыстары аяқталған соң ордерді "Қызмет көрсетушінің" техникалық қадағалау бөліміне тапсыруға.
      2.2.11. Кепілдік мерзімі ішінде 10 күнтізбелік күннен артық емес мерзімде, өз қаражаты есебінен асфальтбетонды жабындылар мен басқа да көріктендіру элементтерін қалпына келтіре отырып, учаскеде орын алған ақауларды жою қажет.

3. Тараптардың жауапкершілігі

      3.1. Осы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе дұрыс орындамағанда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.



4. Дауларды шешу тәртібі

      4.1. Тараптар арасындағы даулар келіссөздер жолымен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шешілуі мүмкін.



5. Ерекше шарттар

      5.1.Осы шарт заңды күшіне тараптар оған қол қойған сәттен бастап енеді.


      5.2. Осы шарт Тараптардың әрқайсына біреуден тең заңды күші бар 2 (екі) данада жасалған.
      5.3. Осы шарт 20__жылдың "____" ______________ нан 20 __ жылдың "____"______________ дейін қолданылады, аталған мерзімге осы шарттың 1.6 тармағында белгіленген кепілдіктің қолдану мерзімі кірмейді.

ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ РЕКВИЗИТТЕРІ:



"Қызмет көрсетуші"




"Тапсырыс беруші"

БСН/ЖСН _______________________
Мекенжайы _____________________
Есеп шоты _____________________
_______________________________
Телефон _______________________

Т.А.Ә._________________________






БСН/ЖСН _______________________
Мекенжайы _____________________
Есеп шоты _____________________
_______________________________
Телефон _______________________

Т.А.Ә. ________________________



Қарағанды облысының
қалалары мен елді мекендерінің
аумақтарын
көріктендіру Ережелеріне
4 қосымша

__________________________________________________


(мемлекеттік мекеменің атауы)

____ ордер

Тапсырыс беруші _____________________________________________________
(ұйым, лауазымы)
_____________________________________ жұмыстар жүргізуге рұқсат беріледі
__________________________________________________________________
(жұмыс сипаты)
____________________________________________________________________

Мекенжайы бойынша ______________________________ _______.



Жұмыстың жүргізілу мерзімі 20 ___ жылдың "_____"___________ нен 20 ___ жылдың "_____"____________ дейін.

Ескертулер _________________________________________________________


____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Жұмыстар осы ордерде көрсетілген мерзімде басталып, аяқталуы тиіс.



Жұмыстарды келесі шарттарды орындай отырып жүргізу қажет:

      1. Қопарылған жерді бекітілген үлгідегі қалқанды шарбақпен қоршау керек. Қоршау бұрыштарына қызыл шамды дабылдық фонарлар орнатып, түнгі уақытта жұмыс орнын жарықтандару қажет. Қалқанға ұйымның атауын жазу (әріптер мен сандарды – 16 сантиметрлік мөлшермен, жол белгілерін орнату) қажет. Барлық материалдар мен топырақты қоршалған учаске шегінде ғана орналастырып, қайта себуге жарамсыз топырақты жұмыс барысында уақытша сақтау полигондарына шығарып тастау қажет.


      2. Жер асты құрылыстарының байқау құдықтарына тұрақты еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін оларды топырақпен немесе құрылыс қоқыстары мен материалдарымен толтыруға жол берілмейді.
      3. Траншеялар мен шұңқырлардың қабырғалары құламауы үшін терең түбіне сәйкес құлама бекітілуі тиіс.
      4. Кез келген қазулар барысында қолданыстағы жер асты құрылыстарының зақымдануының алдын алу үшін жұмыс басталмас бұрын мүдделі ұйымдардың өкілдері (жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электр мен телефон желісі бойынша, жол полициясы) келісу үшін шақыртылуы тиіс.
      5. Жер қазу жұмыстарын орындау барысында механизмдермен жұмыстың жүргізілуіне жауапты тұлғалар машинистке механикаландырылған әдіспен жұмыстың жүргізілу сызбасы жерінің механизімін тапсыруға және сақталуы қамтамасыз етілетін қолданыстағы жер асты құрылыстарының орналасуы мен жұмыс орнын көрсетуі қажет.
      6. Ашу жұмыстарын жүргізу барысындағы барлық жағдайда көлік пен жолаушылардың қалыпты қозғалысы, үй иеліктерінің аулаларына кіру және тұрғын үйлерге кірер жер сақталуы тиіс. Траншея арқылы таяныштары бар жаяу жүрушіге кішкене көпір салынуы тиіс.
      7. Траншея мен шұңқырларды көму жетілдірілген жабындысы 20 сантиметрлік қабат құммен жете қабатталып нығыздалған және жазғы уақытта су құйып, ал қыс мезгілінде – қабаттап нығыздалған жіпсік құммен жүргізілуі тиіс.
      8. Траншеяларды көму құмды сепкенге дейін телефонхат арқылы шақыртылып, жол ұйымы өкілінің техникалық қадағалануында жасалуы қажет. Көму сапасы туралы әрбір қабаттың нығызддалуының нақты коэффицентін көрсете отырып, технологиялық қолдау көрсету жолымен зертхана қорытындысын қоса тіркеп жабық жұмыстарға акті жасалады.
      9. Көлденең траншеялар мен жеке шұңқырларды көму кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жолдарда асфальтті немесе асфальтбетон астындағы қатты негізді қалпына келтіргенге дейін қоршауларды алуға жол берілмейді.
      10. Материалдар мен артық топырақты жинау қопарылған жерлерді көму аяқталысымен 24 сағат ішінде құрылыс ұйымымен жүргізілуі тиіс. Мен,________________________________________________________________
жоғарыда аталған шарттар мен жұмыстарды ордерде белгіленген мерзімде орындауды міндетіме аламын және аталған объект толығымен қажетті жол белгілері, құрылыс материалдарымен қамтамасыз етілгенін растаймын.
      Осы ордер бойынша міндеттемелерді орындамағаным үшін әкімшілік тәртіпте жауапкершілікті артамын.
20 ___ жылғы "___" ________________
___________________________________________________________________
Тапсырыс берушінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы, тапсырыс берушінің мөрі.

20 ___ жылғы "___" ________________


Өкілетті орган лауазымды тұлғасының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, қолы.
Өкілетті органның мөрі (штамп)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет