Қаражал қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары


I. ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ӨНДІРІСТІК КӨЛЕМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ



бет2/3
Дата02.07.2016
өлшемі388.07 Kb.
#173158
1   2   3



I. ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ӨНДІРІСТІК КӨЛЕМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ
1. Экономикалық потенциалды және жаңа перспективалық салаларды анықтау.
1.1. Қаланың жалпы сипаттамасы.

Қаражал қаласы 1963 жылы құрылған. Қаланың құрамына бір кент Жәйрем кенті (поселкесі) кіреді.

Кенттерді (поселкелерді) қоса алғанда қаланың аумағы 12,7 мың шаршы метрді құрайды.

2012 жылдың 1 қаңтары жағдайына халық саны 19 мың 250 адамды құрады, оның ішінде 11 189 адам (58,2%) – экономикалық белсенді халық.

Қала облыс орталығы – Қарағанды қаласынан 350 шақырымда орналасқан. Қала авто және темір жолдардың жоғары тығыздығы аумағында орналасқан.

Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда Министрлігінің дайындаған критерийлерінің негізінде жүргізген Қарағанды облысы әкімдігінің бағасы бойынша, Қаражал қаласы орташа экономикалық әлеуетті қала ретінде сипатталады.

Көлік қатынасы «Қызылорда-Павлодар-Жайрем-Қаражал-Атасу» автокөлік жолдары бойынша жүзеге асырылады, бұл жолдар Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация Министрлігінің Қарағанды облысы автокөлік жолдары комитеті Департаментінің балансында. 9 елді-мекенді, оның ішінде аудан аралық қатынасты (Қаражал-Жаңа-Арқа) қамтитын әлеуметтік маңызы бар бір теміржол жолаушылар транспорты қозғалысы ұйымдастырылған.

Қаражал қаласы ыңғайлы геоэкономикалық жағдайға ие.

Қаражал қаласы – Қарағанды облысындағы өнеркәсіптік қала. 2011 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі 19 млрд. 454 миллион теңгені құрады. Облыстық өнеркәсіп өнім көлемі үлес салмағының 1,6%-ын құрады.

Қаланың басты өнеркәсіптік саласы болып тау-кен өндірісі болып табылады. Қаланың салалық мамандануы болып тау-кен өнеркәсібі саналады, ол барлық өнеркәсіп көлемінің 98,3% үлес салмағын құрайды. Қаражал қаласының қала құраушы кәсіпорындары «Жәйрем кен байыту комбинаты» акционерлік қоғамы және «Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Өркен Атасу» өкілдігі, жұмыскерлер саны 4015 адамды құрайды. Қала құраушы кәсіпорнындағы жұмысшылар үлесі қаладағы барлық жұмыспен қамтылған халықтың 37,5%-ын құрайды.

Экономика дамуының басым бағыты шағын және орта бизнес болып табылады. 2011 жылы кәсіпкерлік ортаның және де шағын және орта бизнес субъектілерінің қала экономикасына айтарлықтай үлесінің өсуі байқалды.

2012 жылдың 1 қаңтарына шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 336 бірлікті құрады, 2006 жылға-2есе.

2012 жылдың 1 қаңтарына шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны – 439 құрап, өткен жылмен саластырғанда 4 бірлікке немесе 0,9%, 2006 жылға – 16,1% өсті (378 бірлік).

Шағын бизнесте жұмыс істейтіндер саны 1178 адамға өсті немесе 2010 жылдың деңгейіне қарағанда 23%. Өндірілген өнімдер көлемі 1 миллиард 499 миллион теңгені құрады немесе өткен жылға 128,9%.

Шикізат базасы темір және марганец рудалары қорларымен сипатталады. Қазіргі таңда қала құраушы кәсіпорындары жұмысының тоқтау қаупі жоқ, негізгі өндіріске арналған руданың қоры – 100 жылға дейін.
1.2. Әлеуметтік – демографиялық жағдайы.

2006-2011 жылдар аралығында қала тұрғындарының саны 1,2%-ға (немесе 235 адамға) өсіп, 19250 адамды құрады. Қала тұрғындары санының өсу себебі табиғи өсім көрсеткіштерінің оң белгілері болып табылады.


1.3. Еңбек нарығы.

2006-2010 жылдардағы Қаражал қаласының еңбек нарығының жағдайы экономикалық белсенді, дербес жұмыспен қамтылған халықтың төмендеуімен және жұмыссыздық деңгейінің төмендеуімен сипатталады.

Экономикалық белсенді халықтың саны: 2006 жылы – 11 515 адам; 2010 жылы – 11347 адам. Сол уақыт аралығында экономикалық белсенді халық 1,5%-ға, жұмыспен қамтылғандар – 0,5%-ға (10 780 адамнан 10 731 адамға дейін), дербес жұмыспен қамтылғандар – 45,1%-ға (3015 адамнан 1654 адамға дейін). Жұмыссыздық деңгейі 6,4%-дан (2006 жылы) 5,4%-ға дейін, яғни 1,0 пайыздық тармаққа төмендеген.

2006-2011 жылдардағы жұмыссыздықтың төмендеу себебі жұмыс істеп тұрған қала құраушы кәсіпорындардың («Жәйрем Кен байыту комбинаты» акционерлік қоғамы және «Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Өркен Атасу» өкілдігі) өндіріс көлемінің жоғарылауы.

Жұмыспен қамтылған халықтың негізгі еңбек саласы - өнеркәсіп.

Индустриаландыру картасы, «Бизнестің жол картасы 2020», Жұмыспен қамту 2020 бағдарламалары бойынша инвестицицялық жобаларды жүзеге асыруды ескере отырып, осы жобаларды жүзеге асыру үшін қала тұрғындарын келесі мамандықтар бойынша жұмыспен қамту жоспарланып отыр: ұсақтаушылар, грохотовщиктар, экскаваторшылар, бұрғылау қондырғыларының машинистері, жүкті өзі түсіретін үлкен жүк көліктерінің жүргізушілері, қазушылар, бекітушілер, дәнекерлеушілер, реттеушілер. Керек жағдайда аталған мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқыту курстары (біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстары) ұйымдастырылатын болады.


1.4. Кадрларды дайындау

Техникалық кадрларды дайындау Кәсіптік лицейде келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылады: Электронды есептеуіш машина операторы, газ электр дәнекерлеуші, жерасты электрослесары, автослесарь, пайдалы қазбаларды байытушы және тағы басқалары.

Аталған оқу орнында оқыту Қаражал қаласының жұмыспен қамту орталығының жоспары мен өтінімдері бойынша жүзеге асады.

Жұмыспен қамту 2020 бағларламасы бойынша дербес жұмыспен қамтылған, жұмыссыз және аз қамтылған тұрғындарды оқыту және жұмыспен қамту жоспарланып отыр.


1.5. Әлеуметтік инфрақұрылым.

Қаражал қаласында барлығы 965 баланы қамтитын 2 балабақша, 8 шағын орталықтар жұмыс істеп тұр. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында балалар санының өсуі байқалады, 2006 жылы - 223 бала болса, ал 2011 жылы – 965 бала. Бұл білім беру ұйымдарын кеңейту мен қайта қалпына келтіру және шағын орталықтардың ашылуы нәтижесінде болып отыр.

Саланың негізгі мәселесі – материалдық-техникалық базаның әлсіздігі.

Қалада барлығы 3137 оқушыны құрайтын 8 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Жалпы мектеп санының 50%-ы (4 мектеп) аз жиынтықты болып табылады.

Қала аумағында 4 дербес медициналық ұйымдары жұмыс істейді, оның 1 жеке меншік, 3 мемлекеттік. Тұрғындарға стационарлық медициналық көмек 4 ауруханалық медициналық ұйыммен көрсетіледі (109 кереует). Тәуліктік стационарлардың кереуетпен қамтылуы 56,8 пайызды құрайды (10 000 адамға). Сонымен қоса амбулаторлық – емханалық ұйымдардың күндізгі стационарларында жоспарға сәйкес кереуеттерді көбейту жалғасып жатыр.

Тұрғындарға жедел жәрдем қызметін көрсету саны – 19 мың адам.

5 жедел жәрдем көліктерінің 3-еуі есептен шығарылатындар болып табылады.

Орталық аурухана аймақтың жедел қызметінің 85%-ын қамтамасыз етеді.

Қала аумағында қалалық балалар мен жасөспірімдер спорттық мектебі жұмыс істейді.

19250 адам халқы бар қалада барлығы 2 спорттық кешен бар, олардың екеуі де жеке меншік иелігінде. Аймақта жастар мен ересектердің спортпен шұғылдану қамтылуының мәселесі шешілмеген. Спортзалдарға деген қажеттілік 650 шаршы метрді немесе 2 спортзалды құрайды.

Қалада және іргелес поселкелерде 7 мәдениет нысандары жұмыс істейді: 5 кітапхана, 2 мәдени-сауық орталығы.
1.6. Инженерлік инфрақұрылым
1.6.1. Жылумен қамтамасыз ету

Қатты отын түрімен жылытатын 22 автономды жылыту жүйесімен жүзеге асырылады, олар арқылы 17 көпқабатты үйлер мен аймақтың әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандары жылумен қамтамасыз етіледі. Көпқабатты үйлерді және автономды жылыту жүйесі қазандықтарын жылумен қамтамасыз ету, қызмет көрсету және күтіп ұстау қызметін жүзеге асыру үшін Қаражал қаласы мен Жәйрем кентінде 3 пәтер иелері кооперативтері құрылған және жұмыс істеп тұр.

Автономды жылыту жүйесімен жылытылатын жылу желісі 4,1 шақырымды құрайды, жөндеуге 1,6 шақырымы тиесілі, желілердің нақты тозуы 40%-ды құрайды.

Қалада иесіз жылумен қамтамасыз ету желілері жоқ.

Қуатты (энергтияны) үнемдеу бағдарламасын енгізу, автоматтандырылған жылу пункттерін, ғимараттарда металлопластикалық шыны пакеттерін, бюджеттік мекемелерде қуатты (энергияны) үнемдейтін лампалары орнату жолдарымен, қолданылған электр қуатына төлемді азайтуға, ғимараттардың жылу қуатын (энергиясын) жоғалтуын қысқарту жылуды тұтыну жүйесінің қуат тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Тұрғындарды тұрақты әрі сапалы орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету үшін орталық жылу қазандығы мен жылыту желілерінің құрылысын салу қажет.

2012 жылы Жайрем кентінде жылумен қамтамасыз ету желілерінің құрылысына, қуаты 48 Гкал/сағ. құрайтын қосымша нысандары мен технологиялық құрылғыларын орнату мен монтаждауға жалпы құны – 82 248 мың теңгені құрайтын жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін Қарағанды облысының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. Жұмыстардың жалпы құны жобалап алғанда 6 050,0 миллиард теңгені құрайды.

Қаражал қаласы бойынша да қуаты 48 Гкал/сағ. құрайтын қазандықтың құрылысы қажет.


16.2. Сумен қамтамасыз ету және су бөлу

Қаражал қаласы мен Жәйрем кенті бойынша су құбыры желілерінің ұзындығы 304 шақырым, оның ішінде магистралдық-84,6 шақырым, орамдық-213,3 шақырым, суаруға арналған су құбыры-52,8 шақырым. Тозу деңгейі 70%.

Орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген тұрғындар 60% құрайды.

Қаражал қаласының сумен қамтамасыз етілу көзі Ащылы су қоймасының 3 ұңғымасы болып табылады.



Анықтама:

№439а ұңғ.(дебет 259,2 м3/тәул.), №442а ұңғ.(дебет 259,2 м3/тәул.), №45р (дебет 500 м3/тәул.), жалпы құны 27 830 947 теңге.

Тұрғындарға тоқтаусыз су беру және су беру көлемін тәулігіне 1400 м3 ұлғайту мақсатында, 2011 жылы Қарағанды облысы әкімдігі мен «Арселор Миттал Теміртау» акционерлік қоғамы өзара ынтымақтастық Меморандумының есебінен Ащылы жер асты сулары кен орнында 3 ұңғыма бұрғыланып іске қосылды.


Жәйрем кентін сумен қамтамасыз ету Тұзкөл жер асты сулары кен орнынан іске асырылады. Қазіргі таңда 29 ұңғыма жұмыс істеп тұр. Жәйрем кентінің су құбырлары желісінің тозуы 80%-дан жоғары көрсеткішті құрайды.

Анықтама:

Су құбыры жүйесі кенттегі екінші және үшінші көтерілімдегі 2 насосты станциялармен және екі қосымша станциялармен жабдықталған.



Жобаны іске асыру әлеуметтік аспектісі Қаражал қаласын және Жәйрем кентін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су құбырларын қайта жаңартуды қарастырып отыр.

Нысандар бойынша жұмысты іске асыру Қаражал қаласында 31,65 шақырым, Жәйрем кентінде 49,92 шақырым су құбырларын ауыстыруға мүмкіндік береді.

Аймақтағы кәріз желісінің ұзындығы 85,1 шақырымды құрайды, оның ішінде:

Қаражал қаласында – 59,8 шақырым.

Жәйрем кентінде – 25,3 шақырым.

Кәріздік желілер мен станциялар қайта жаңғартылуға 1963-1965 жылдары берілген.

Кәріз сулары насосты станциялармен айдалады. Желілердің тозуы 70-80%-ды құрайды.

«Қаражал қаласы әкімиятының қалалық коммуналдық шаруашылығы» коммуналдық мемелекеттік кәсіпорны қызмет көрсетуші ұйым болып табылады.


1.6.3. Электрмен жабдықтау.

Қалада электр қуатының көзі жоқ болғандықтан электр сырттан сатылып алынады. Электр қуатын жеткізуші «Жезказганэнергосбыт»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі саналады, ал электр қуатын тасымалдаумен Қаражал қаласы бойынша «Вест-2001» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Жәйрем кенті бойынша «Энерготранзит компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысады.

Аймақ бойынша тұрғындар мен бюджеттік кәсіпорындардың электр қуатының айлық тұтынуы қысқы мезгілде – 2200,0 мың кВт, жазғы мезгілде – 1050,0 мың кВт. Аймақ бойынша электр желілерінің ұзындығы – 381 шақырымды құрайды. Тозуы – 40-50%. Электр желілерінің меншік иелерімен жөндеу жұмыстары бойынша жоспар әзірленді, оның құрамына ауадағы электр тарату желілерін, транформаторларды және басқа да электрмен қамту бөлшектерін ауыстыру кіреді.

Барлығы 152,4 шақырым сыртқы жарықтандыру желілерін қайта жаңарту қажет.


1.6.4. Тұрғын үй қорының жағдайы

Қаражал қаласының тұрғын үй қоры 1083 үйді құрайды (143110 м2), оның ішінде көпқабатты көппәтерлі – 53 (80127 м2).

Жәйрем кентінің тұрғын үй қоры 997 үйді құрайды (131746 м2), ішінде көпқабатты көппәтерлі – 42 (63497 м2).

Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйіне сұраныс үнемі жоғарылап келеді.

Қаражал қаласы және Жәйрем кенті бойынша апатты және бөлшектеуді (демонтаждауды) қажет ететін үйлер жоқ.

Кесте 1 – Қаланың тұрғын үй қорының негізгі көрсеткіштері





Көрсеткіштер

өлшем бірлігі

01.05.2012

1

тұрғын үйлер саны, барлығы, оның ішінде:

үй

2 080




тұрғын үй қорындағы көппәтерлі үйлер

үй

95




қаланың тұрғын үй қорының жалпы ауданы

мың шаршы метр

274,8




көппәтерлі үйлердің жалпы ауданы

мың шаршы метр

143,6




апатты үйлердің ауданы

мың шаршы метр

0




жалпы тұрғын үй қорындағы апатты үйлердің үлес салмағы

%

0




тұрғын үй қорындағы апатты көпқабатты үйлердің үлес салмағы

%

0

2

жайғастыру деңгейі:










орталық жылу беру

%

17,9




сумен қамтамасыз ету

%

60




кәріз

%

40




ыстық сумен қамтамасыз ету

%

0

2011 жылдың өзінде-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекке тұрғандар саны 71 адамды құрады, оның ішінде әлеуметі төмен тұрғындар – 27 адам, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджет саласында жұмыс атқаратындар – 44 адам.

Одан бөлек бюджеттік емес ұйымдар жұмыскерлерінің тұрғын үй алуға қажеттілігі артып отыр.

Сот шешімі бойынша 423 пәтерді коммуналдық меншікке қабылданған және әділет органдарында тіркелген. Бос тұрған пәтерлерді анықтау және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға коммуналдық меншік құқығын тану бойынша белсенді жұмыстар жалғасып жатыр.


1.6.5. Көлік инфрақұрылымы

Қаражал қаласы облыс орталығынан 350 шақырым қашықтықта орналаласқан. Көлік қатынасы «Қызылорда-Павлодар-Жәйрем-Қаражал-Атасу» автокөлік жолдары бойынша жүзеге асырылады, бұл жолдар Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация Министрлігінің Қарағанды облысы автокөлік жолдары комитеті Департаментінің балансында. Автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 432,6 шақырымды қамтиды. Оның ішінде:



Республикалық маңызы бар автокөлік жолдарының желісі 141 шақырымды құрайды, оның ішінде:

86,3 шақырымды қамтитын «Қаражал-Жәйрем-Самал» автокөлік жолы асфальт қабатын құрайды. 63 шақырымды қамтитын «Қаражал-Жәйрем» автокөлік жолына 2011 жылы республикалық бюджеттің қаражатынан жалпы сомасы 295517,0 мың теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қалада қалаішілік жолдар желісі бар, олар өнеркәсіп аумағының жолдары мен қаланы кенттермен және өнеркәсіп аумағының жолдарымен байланыстырады. Қалалық қатты асфальт қабаты төселген жолдардың жалпы ұзындығы 73,6 шақырым, сонымен қатар қатты қабаты жоқ, жөндеуді қажет ететін жолдардың ұзындығы 58 шақырымды құрайды, яғни қаладағы автокөлік жолдарының 44%-ы қанағаттанарлықсыз жағдайда. Тозуы - 65%.

Жолдардың жалпы ұзындығы 432,6 шақырым, оның ішінде жергілікті маңызы бар жол 77,6 шақырым, облыстық маңызы бар 214 шақырым, және республикалық маңызы бар 141 шақырым.

Асфальтбетонды қабатты жолдардың үлес салмағы 72,3% (312,9 шақырым), қиыршық тасты жолдар 27,7% (119,7 шақырым).

Қала және кентішілік автокөлік жолдарының техникалық жағдайы келесідей сипатталады: жолдардың 25%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда, 75 %-ы қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Қаланың автокөлік жолдары бүлінуде, 220,9 шақырым жол жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

Барлық көлік түрлерімен жүк тасымалы өсуде. 2010 жылы жүк тасымал айналымы 79,3 мың тоннаны құраса, ал 2011 жылы 107,3 мың тоннаны, яғни 135,4% өсімді құрады.

Жүк тасымалдау айналымының төмендеуі байқалады. 2011 жылы жүк тасымалдау айналымы 7331,2 мың тонна шақырымды құраса, ал 2010 жылы 9912,0 мың тонна шақырымды құрады, яғни 74% - ға төмендеді.

2011 жылы көліктің барлық түрлерімен жолаушылар тасымалы 17,3 мың адамды құраса, ал 2010 жылы 32,2 мың адам тасымалданды, түсім 53,7%-ды құрады.

Көліктің барлық түрлерімен жолаушылар тасымалы айналымы 2011 жылы 1040,5 мың адамды, ал 2010 жылы 1170,7 мың адамды құрады, түсім 53,7 %-ды құрады.

91 шақырымды қамтитын Қаражал-Атасу автокөлік жолы күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

Жолдың 28 шақырымы «Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің балансында, ал 61 шақырымы Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация Министрлігінің автокөлік жолдары Комитетінің Қарағанды облыстық департаменті балансында.

Қазіргі таңда «Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің балансындағы автокөлік жолын коммуналдық меншікке беру, одан әрі Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация Министрлігінің автокөлік жолдары Комитетінің Қарағанды облыстық департаменті немесе тікелей Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация Министрлігінің автокөлік жолдары Комитетінің Қарағанды облыстық департаменті балансына өткізу туралы сұрақ пысықталуда. «Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшылығымен Қаражал-Атасу автокөлік жолын (28 шақырым) мемлекет меншігіне сыйға беру шарты бойынша өткізу туралы үндеу жолданған болатын, «Өркен» жауапкершілігі шектеулі серітестігінің бұл үндеуі Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің мемлекеттік мүліктер мен жекешелендіру комитетінде қарастырылып жатыр.

Аталған үндеу Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация Министрлігінің автокөлік жолдары Комитетінің Қарағанды облыстық департаментіне де жолданды.

Іс-шаралар жоспарында республикалық бюджеттің есебінен автокөлік жолын жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін 2014 жылы 96000,0 мың теңге қарастырылған және 2015 жылы құрылыс монтаж жұмыстарын іске асыру жоспарланған.


1.7. Қала бюджетінің негізгі көрсеткіштерін талдау
2006 жылмен салыстырғанда қала бюджетінің кірісі 2011 жылы 2,3 есеге өсті. Бюджет кірісінің құрылымы елеулі өзгеріске ұшырады: олардың басым бөлігі бюджетаралық трансферттер есебінен құралады (субвенциялар және транферттер түрінде), 2006 жылы – 44,7% және 2011 жылы – 57,6%. Бюджеттің меншікті кірісі 2011 жылы 42,4%-ды құрады.

Кесте 2 – 2006-2011 жылдардағы жергілікті бюджеттің кірісі мен шығысы, миллион теңге



Кірістер мен шығындар

2006

жыл


2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011

жыл


2012 жыл

жоспар

қантар-мамыр

Кірістер, барлығы

581,2

788,5

869,0

1182,7

1201,7

1352,5

2422,6

638,6

оның ішінде:

























меншік кірістер

321,1

456,8

521,2

427,1

504,7

573,0

557,5

212,6

субвенциялар,

субсидиялар,



транферттер

260,1

331,7

347,8

755,6

697,0

779,5

1865,1

426,0

бюджеттің жалпы кірісінің құрамындағы меншік кірісінің үлесі, %

55,2%

57,9%

60%

36,1%

42%

42,4%

23%

33,3%

Шығындар, барлығы

577,0

793,3

845,4

1174,2

1164,9

1373,0

2443,1

632,5

тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы

13,2

27,5

53,7

97,4

140,1

125,8

1028,2

50,2

білім беру

304,3

394,3

425,9

558,8

600,1

727,9

869,7

415,3

мәдениет,спорт

38,7

52,9

89,6

155,5

130,9

81,9

98,7

47,8

денсаулық сақтау
















0,9

0

0

әлеуметтік саясат

44,0

49,1

75,1

103,9

75,4

70,3

66,3

20,2

Басқалар

176,8

269,5

201,1

258,6

218,4

366,2

380,2

99,0

профицит, дефицит

2,7

12,1

17,9

11,3

-36,8

19,6

-20,5

-6,1

Сонымен, Қаражал қаласындағы қаржы-бюджеттік ахуалдың басты ерекшелігі – бюджет субвенциялығы деңгейінің жыл сайын өсуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет