Қаралатын мәселелер



бет2/6
Дата13.09.2023
өлшемі1.37 Mb.
#477462
1   2   3   4   5   6
2

Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандай да бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысы жоқ ғажайып, абстрактілі ұғымдарды қолданады. Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты, ендігі жерде құбылыстарды, процесс олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялық ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты. Бұл кезеңнің басты қызметі – ол қандай да бір затты, құбылысты, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады. Үшінші, яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс, процестердің, заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады. Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырады.

  • О.Конттың социологиялық
  • концепциясында басты екі идея:
  • қоғамтануда ғылыми тәсілді қолдану
  • әлеуметтік реформаларды жасауда іс жүзінде ғылымды қолдану

О. Конттың әлеуметтануды дамытудағы ролі:

  • Алғаш рет қоғамды ғылыми тұрғыдан танудың қажеттілігін негіздеді;
  • Әлеуметтануды әртүрлі экспреименттерге, бақылауларға негізделетін ерекше ғылым ретінде анықтады;
  • Әлеуметтану ғылымында эмпирикалық зерттеулерді жүргізу мәселесін көтерді;
  • Тарихи дамудың заңдылық сипатын, әлеуметтік құрылымды және ондағы әлеуметтік институттардың өзіндік ерекшеліктері мен маңызын негіздеумен анықталады.

Герберт Спенсер (1820-1903)

  • Герберт Спенсер (1820-1903)
  • Ағылшын социологы Г.Спенсер ғылымға алғашқы болып «әлеуметтік институт» терминін енгізді
  • Олар: туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік институттар. Спенсердің пайымдауынша, барлық әлеуметтік институттар әлеуметтік әрекеттердің тұрақты құрылымы ретінде қалыптасады.
  • Спенсердің әлеуметтану теориясы негізгі екі мәселеден тұрады:
  • Қоғамды биологиялық организм ретінде қарау
  • Қоғам биологиялық организмге ұқсас, тіршілік үшін күрес жүргізеді. Спенсердің әлеуметтік ілімдері (органикалық теория) деп аталады. Онда қоғам үйлесе дамыған организм ретінде қарастырлады. Оның құрамдас бөліктері өзара тығыз байланыста болып, бір-біріне сәйкес қызмет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет