Дебилдiк (латынша dibilis - әлсiз, әлжуаз) - олигофренияның жеңiл дәрежесi, ойлау рутинділігімен (қрапайымдылығымен), абстрактылы ойлау қабiлетiнің болмауымен көрінетін интеллектуальды жеткіліксіздіктің өзіне тән сипатымен ерекшеленеді.
Дебильдiк жағдайын анықтау қиын, өйткені бұл дәрежеде имбецильдік кезіндегідей дөрекі бұзылыстар болмайды. Науқастың сөздік қоры жеткілікті, механикалық жадысы жақсы болған жағдайда кемақылдықты анықтау қиындай түседі.
Дебилдер қарапайым ұғымдарды біріктіре алады, бірақ абстрактылы түсiніктердің жоғары деңгейiне қабілетсіз. Дебилдердің сөз қоры жеткілікті жоғары мөлшерде болуы мүмкін, бірақ олардың сөздері біртекті, кедей, ойлау өнімділігі төмен. Кейде олар қарапайым, әсіресе тұрмыстық өмiрде жақсы бағытталады, жеке өмір сүруге қабілетті. Олар бастауыш немесе көмекшi мектептерді аяқтайды қарапайым қызмет түріне орналаса алады және неке құра алады. Дебильдік дәрежесіндегі тұлғаның эмоциональды және еріктік ерекшелiктері имбецильдікпен салыстырғанда жақсырақ дамыған, олардың характерологиялық ерекшеліктері әрқилы, дегенмен ортақ белгілері де бар - өзін-өзі ұстау, әуестіктерін басуға жеткіліксіз қабілет, аса сенгіштік, сондықтан мұндай науқастар өзгелердің ықпалына жеңіл түседі. Дебилдердiң қозғалыс сферасы едәуір жетілген, бiрақ қозғалыстары икемсiз, сілтемелі болып келеді. Олигофренияның басқа да формаларындағыдай дебилдерде физикалық даму ақаулары, неврологиялық бұзылыстар бақыланады. Олигофренияның жеңiл түрi - дебильдiкті шекаралық ақыл кемдігінің жеңіл формаларынан ажырату қажет. Интеллектуальды жеткіліксіздіктің шекаралық формаларымен балалар тұлғалық дамудың артта қалуымен ерекшеленеді: сенгіш, жеткіліксіз критика, таным қызметiнiң төмендеуi, эмоциялардың дифференцацяланбауымен. Мақсатты әрекет етуі бұзылған, міндеттер құруға және орындауға қабілетсіз балалар ерекше топты құрайды. Оларға қозғалыстық тежеусіздену, мақсатты қызмет бұзылысы, зейін шашырандылығы, концентрациясының бұзылысы тән, олар фантазиялауға бейім келеді. Олигофренияның әртүрлi дәрежелерінің өзіне тән ерекшеліктері болғанымен олардың арасында нақты шекара жоқ. Олигофренияның барлық дәрежелеріне даму тежелуінің глобальдылығы және неғұрлым «балғын» психикалық функциялардың жетiлмеуi тән. Соңғы жылдарда олигофренияларды динамикалық зерттеу қолданылуда. Әлеуметтiк-еңбектік реабилитация жүркізу арқылы психикалық ақауды компенсациялау мүмкiндігі пайда болды. Қолайсыз факторлар әсерiнен (психикалық жарақаттар, соматикалық инфекциялық аурулар, жыныстық метаморфоз, қартаю, алкоголизация және т.б.) декомпенсация жағдайы пайда болуы мүмкiн. Декомпенсацияның клиникалық көрiністері невроз тәрiздi және психопатия тәрiздi бұзылыстармен, сонымен қатар пубертат алды және пубертатты кезеңдерде өзгерген сана фонында аффективті және қозғалыстық бұзылыстармен, егде жас кезеңінде галлюцинаторлы және сандырақтық феномендермен - психоз жағдайларымен көрiнедi. Психоз құрылымы мазмұнының элементарлылығымен ерекшеленеді. Олигофрения синдромдары аса стабильдi, сондықтан емдеу кезiнде айтарлықтай тиімді әсерге қол жеткізу мүмкiн емес. Бұған қарамастан медико-педагогикалық шаралар комплексін өткізу науқастардың өмірлік жағдайларға адаптациялануына оң ықпал көрсетуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |