Аралық бақылау2 Асфикциямен шартталған олигофренияға сипаттама


Олигофренияның топтастырылуы



бет2/22
Дата19.05.2022
өлшемі110.48 Kb.
#457426
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
3. Олигофренияның топтастырылуы.
Кемақылдылықтың тереңдігіне және ауырлығына байланысты оның үш дәрежесін ажыратады: дебильдік, имбецильдік және идиотия.
Дебильдік дәреже (миақы, қауқарсыздық)- (латын тілінен “debilis”- әлсіз, қуатсыз) олигофренияның жеңіл дәрежесі. Дебил кезіндегі интеллектуалдық коэффициенті 50-70-ті құрайды. Ересек дебилдардың психологиялық дамуы 8-12 жастағы баланың дамуына сәйкес келеді. Интеллектуалды дамымаушылық деңгейіне байланысты айқындылған орташа және жеңіл дебильдікті ерекше көрсетеді. Мешеулік ерте балалық шақтан біліне бастайды. Мұндай балалар бастарын ұстауды, отыру, жүру және сөйлеуді кеш бастайды. Балалық шақта сөз жетілмеген, қысқа болады. Бірақ, жылдар өте, олар дебильдіктің жеңіл және біркелкі кезінде көп нәрсеге үйренеді, және психикалық жетіспеушіліктері аз байқала бастайды. Дебилдардың сөздік қоры жеткілікті, олар мектепте оқи алады, бірақ мәліметтерді ұғыну оларға қиын жұмыс болып келеді, әсіресе математика. Дебилдар қиын емес, еңбек әрекеттеріне ие бола алады.
Танымдық әрекеттің бұзылуы қиын түсініктерді қортуға қабылетсіз екендігін көрсетеді. Олар бастысын екіншісінен айыра алмайды. Оларда абстракты ойлау нашар дамыған және мүлдем жоқ. Оларды нақты ассоциация және нақты-жазылу түріндегі аз нәтижелі ойлау басым болады. Бірақ кейбір дебилдар интеллектінің жетіспеушілігін аңдамай (механикалық түрде) жаттап алумен, еліктеушілікпен толтырады. Оларда инициативаның, өз бетінше шешім қабылдау ерекшелігінің, жайбасарлықтың барлық психикалық процестердің селсоқтығы жоқтығы белгіленеді.
Кемақылдылдығы бар адамға ең қиыны қалыптасқан стереотипін өзгертуі болып табылады. Әр қилы проблемаларды шешу кезінде, ол өзіне таныс амалдар мен үлгілерді қолдануға тырысады. Барлық дебилдарда жалынды-жігерлі сфераның бұзылуы көрсетіледім - байсалды ұстау әлсіздік және әуестікті басу қабылетінің жеткіліксіздігі, тәртібінің ырықсыздығы. Дебил аурулар арасынан дөрекі әуестігінің тежелулері бар адамдар көп кездеседі. Өздерінің жоғары нәпсіқұмарлығын табиғи жолмен қанағаттандыра алмағандықтан, олардың көбі нәпсіқұмарлық бұзақылықты қолданады.
Дебилдардың темпераменті мен мінезі әр түрлі. Олардың кейбіреулері салмақты, көпшіл, ақ көңіл, басқалары – ашушаң, кекшіл, қатыгез.
Дебилдардың бір ерекшеліктері – олардың жоғары иланғыштығы. Олар бөтен адамдардың әсеріне тез еліктеп кетеді. Олардың тәртібін саналы басқаруда және қолайлы жағдайлар кезінде дебилдар қоршаған ортаға жеткілікті дәрежеде бейімделе алады. Талдау және қортынды жасай білмесе де, дебилдар (әсіресе, жеңіл дәреже кезінде) қарапайым өмір сүру жағдайларында икемді қалыптаса алады, құлықты жеткілікті біле туып, жылпостық және іс жүзінде хабардар, сондықтан кейде өмірде жаман орналаспайды.
Дебилдар өз беттерінше өмір сүруге бейім, бірақ көбіне басшылық пен қолдауды қажет етеді. Олар өз-өздеріне қызмет көрсете алуға, интеллектуалды іскерлікті қажет етпейтін жерде белгілі мамандандырылған дайындық алуға қабылетті және осымен белгілі мөлшерде ойлаудың жеткіліксіздігін бүркемелейді. Оларда жанұя, бала болады. Бұрын айтылғандай кемақыл баланың осындай жағдайда дүниеге келу қаупі айрықша көтеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет