Аралық бақылау2 Асфикциямен шартталған олигофренияға сипаттама


Олигофрения кезіндегі психоздарға сипаттама



бет11/22
Дата19.05.2022
өлшемі110.48 Kb.
#457426
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
8.Олигофрения кезіндегі психоздарға сипаттама.
Олигофрениялар кезiндегi психикалық бұзылыстар басым түрде интеллект жеткіліксіздігімен көрінетін психика дамуының жалпы артта қалуымен сипатталады. Олигофрениямен зардае шегетін балалар дамуы жағынан артта қалады, және олардың тiлi кеш шығады немесе мүлдем дамымайды, олар 3-5 жастан бастап кейде одан да кеш жүрудi бастайды, ал ауыр жағдайларда бұл қозғалыс дағдысын да игермейді. Олардың қозғалыстары жеткіліксіз координацияланған, мимикасы бiртекті. Сыртқы әлпеттері өздеріне тән және дене бiтiмiнің бұрыстығымен, пропорциональды еместiгiмен, бет сүйегінің, мускулатурасының ассиметриясымен, бас сүйегiнiң кiшкентай немесе аса үлкен болуымен ерекшеленеді. Ойлау қабiлетi күрт бұзылған және оның бұзылысының айқындылығы олигофрения түрiне байланысты болады. Науқастарда аналитикалық, әсіресе синтездік ойлау қызметіне қабілет болмайды. Тек олигофренияның жеңiл түрiнде аса шектелген аналитикалық ойлау қабiлетi болады. Эмоциональды сферада төменгі дәрежелі эмоциялар басым болады, аффектiлерi дифференцацияланбаған және толымсыз. Еріктік үрдістер элементарлы әуестіктермен, мақсатты әрекеттерді орындауда қабiлетсiздiк немесе жеткiлiксiздiкпен көрінеді. Олигофрения кезiндегi психикалық бұзылыстар өте тұрақты және өмiр бойы сақталып қалады. Психикалық даму артта қалуының үш дәрежесiн ажыратады (психикалық бұзылыстардың тереңдiгi мен ауырлық дәрежесі бойынша) – идиотия, имбецильдiк және дебильдiк. Олигофренияның бұл формаларының барлығы адам қызметтері зақымданулары акцентімен - ойлау және адамзаттың филогенетикалық ежелгi инстинктивтi ерекшелiктерiнің салыстырмалы түрде сақталып қалуымен психикалық даму артта қалуының глобальды сипатымен бiрiгедi.
Идиотия (грек тiлiнен idioteia - көргенсiздiк) - олигофренияның аса ауыр формасы, оларға қоршаған ортаға жеткіліксіз реакция тән (реакция болмайды, немесе адекватсыз, дифференцацияланбаған). Сөйлеу әдетте дамымайды, айналасындағылардың сөзі үлкен қиындықпен қабылданады, олардың мәнiн түсiнбейді, тек интонация қабылданады. Идиотиямен науқастар сырттан үнемі күтімді қажет етеді және олардың көмегiнсiз өмiр сүруге қабілетсіз. Олар қоршаған ортадағы жайттарға мүлдем қатыспайды, пассивтi және ашығу, тоңу тәрізді сезімдерге түсініксіз дыбыстармен элементарлы реакциялар танытуы мүмкін. Эмоциялары өте кедей және өздерін қалай сезінгендігіне, элементарлы қажеттіліктерінің қанағаттандырылуына байланысты болып келеді. Жиi ашу-ыза аффектi айқын болады, ол қоршаған адамдарға және өзiне деген агрессияға бейімділікпен қимылдық қозу жағдайымен көрініс береді. Олигофрендердiң әрекеттері /идиотия сатысында/ - инстинктивтi автоматты акттар немесе сыртқы тiтiркендiргiштерге элементарлы қимылдық реакциялар түрінде болады. Бұл психикалық ерекшелiктер дөрекі физикалық дефектiлермен (айқын диспластика, бас сүйек және қаңқа деформациясы) бірге жүреді, неврологиялық симптомдар (салданулар, парездер, тырысулық пароксизмдер) бақыланады. Идиотияның сипатталған көріністері өте тұрақты және терапиялық әсер тиімділігі төмен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет