Қарқаралы ауданының жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесі



Дата16.07.2016
өлшемі245.82 Kb.
#202265




ЖОБА

Қарқаралы аудандық

Маслихатының сессиясының 2011 жылдағы 9 желтоқсанындағы

№ 43/427 шешімімен бекітілген



Қарқаралы ауданының жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау

Ережесі
Қарқаралы ауданының елдi мекендерiндегi жасыл көшеттердi ұстау және қорғау ережелерi (бұдан әрi – Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" кодексiне, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексiне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес салауатты қоршаған ортаны қалыптастыру үшiн олардың абаттандырылуының негiзгi бөлшегi ретiнде Қарқаралы ауданының елдi мекендерiндегi жасыл желектердi қорғаудың және күтудiң сапасын жоғарылату мақсатында әзiрлендi.

Ереже Қарқаралы ауданының елдi мекендерiндегi көшеттердi ұстау және қорғау саласында құқықтарды реттейдi және меншiк нысанына қарамастан шаруашылық жүргiзетiн барлық субъектiлерге мiндеттi.



1. Жалпы ережелер
1. Осы ережеде мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:

1) арнайы қолданыстың жасыл көшеттерi – санитарлық-сақтаудың, суқорғаныстың, қорғаныс-мелиоративтiк, өртке қарсы аймақтардың, қорымдардың, жемiс бақтардың, көшеттiктердiң, жылыжайлардың көгалдандырылған аумағы;

2) есептiк объект – орнатылған шекараларға ие және жеке меншiкке немесе мекемелерге, ұйымдарға, кәсiпорындарға немесе жеке тұлғаларға – жауапты иелерге жалға ұсынылған жер учаскелер;

3) жалпы пайдаланудың жасыл көшеттерi – елдi мекендер тұрғындарының дем алуы үшiн арналған жасыл көшеттер аумағы (қалалық ормандар, орман саябақтары, саябақтар, бақтар, гүл бақтары, саяжолдар);

4) жасыл көшеттердi қорғау - жасыл көшеттердi сақтау және түлетуге бағытталған құқықтық, әкiмшiлiк, ұйымдық және экономикалық шаралар жүйесi;

5) жасыл көшеттер - азаматтық заңнамаға сәйкес елдi мекеннiң бiрыңғай жасыл қорын құрайтын табиғи өскен және жасанды егiлген ағаш, бұтақты және шөптi өсiмдiктер;

6) жасыл көшеттердiң өтемдiк құны – жасыл көшеттердi құруға және күтiп ұстауға, сонымен бiрге құндылықтан, орналасқан жерден және жасыл көшеттердiң сапалық жағдайынан тәуелдi анықталатын экологиялық зардаптың орнын толтыруға шығындарды қосқанда зақымдаған және жойған кезде олардың құндылықтарын есепке алу үшiн орнатылатын жасыл көшеттердiң құндық бағасы;

7) жасыл көшеттерге зақым келтiрiлуi – бояуға, бұтаққа, ағашты-бұталы өсiмдiктерге, олардың тамыр жүйесiне зақым келтiру, өсiмнiң тоқтауына алып келмейтiн шөптi өсiмдiктердiң жер үстiндегi бөлiгiне және тамыр жүйесiне зақым келтiру;

8) жасыл көшеттердiң тiзiлiмi – елдi мекеннiң аумағында жасыл көшеттердiң саны, бейнелiк құрамы, түр-тұқымы туралы мәлiметтердiң жиынтығы;

9) жасыл көшеттердi жою – ағаштардың, бұтақтардың, гүлзарлардың және газондардың қурап қалуына алып келген жасыл көшеттердiң зақымдалуы;

10) жасыл құрылыс – елдi мекендерде және өзге де объектiлерде жасыл көшеттер аумағын құру, сақтау және көбейту жөнiндегi iс-шаралар жүйесi. Аумағы едәуiр учаскелердi көгалдандыру жобалық тапсырма мен оның техникалық жобасы негiзiнде жүргiзiледi;

11) көгалдандырылған аумақтар – табиғи және жасанды туындының көшеттерi: бақ-саябақтық кешендер және объектiлер, бульварлар, гүл саябақтары, газондар және гүлзарлар орналасқан тұрғын, қоғамдық, iскерлiк, коммуналдық, өндiрiстiк қолданыстағы жер учаскелерi;

12) өтемдiк көгалдандыру – жойылған немесе зақымдалғандардың орнына жасыл көшеттердi қайта өсiрiп шығару;

13) уәкiлеттi орган – жасыл көшеттердi ұстау және қорғау жөнiндегi орган, Қарқаралы қаласының, ауданның кент және ауылдық округтарының әкiмдерi (бұдан әрi – бағдарламаның әкiмшiсi);

14) шектеулi пайдаланудың жасыл көшеттерi – тұрғын үй құрылысының, емдеу, бала, бiлiм және ғылым мекемелердiң, өнеркәсiптiк кәсiпорындардың, спорттық кешендердiң көгалдандырылған аумағы.

2. Жасыл көшеттердi ұстаудың және қорғаудың негiзгi принциптерi
2. Ауданның елдi мекендерiнiң аумағында орналасқан барлық жасыл көшеттер олардың кiмнiң басқаруында орналасуына қарамастан елдi мекеннiң бiрыңғай жасыл қорын құрайды және қорғалуға жатады.

3. Жеке және заңды тұлғалар жасыл көшеттердi қорғау бойынша шараларды iске асыру, сонымен бiрге жасыл көшеттердiң зақымдалуына және жоюлуына алып келетiн заңсыз әрекеттерге немесе әрекетсiздiктерге жол бермеу қажет.

4. Жасыл көшеттер орналасқан жер учаскелердiң меншiк иелерi, жалға алушылары олардың жағдайына бақылауды жүзеге асыру, қанағаттандырарлықты жағдайын және жасыл көшеттердiң дұрыс дамуын қамтамасыз ету қажет. Арнайы агротехникалық iс-шараларды өткiзумен байланысты жасыл көшеттердi қайта егу және күтiм жасау бойынша жұмыстар тендерлiк негiзде мамандандырылған ұйымдармен iске асырылады.

5. Жеке және заңды тұлғалардың жобалық, құрылыстық және шаруашылық қызметi осы Ережелердiң талаптарын сақтаумен жүзеге асырылады. Құрылыстық, шаруашылық және өзге де қызметтi ұйымдастыруға жоба алдындағы және жобалық құжаттама көгалдандыру сызбасына салынған жасыл көшеттер туралы толық және сенiмдi мәлiметтердi қамту тиiс.

6. Елдi мекен аумағының шекарасында орналасқан жасыл алаптар (саябақтар, гүл бақтары, тоғайлар, орман егiстерi) құрылыс салуға жатпайды.

7. Қоғамдық пайдалану жерлерiнде жасыл көшеттердi құру заңнамамен белгiленген тәртiпте бекiтiлген елдi мекендi көгалдандырудың сызбасына сәйкес сәулет және қала құрылысы органдарының оң қорытындысының негiзiнде өткiзiледi.

8. Жасыл құрылыс бойынша жұмыстарды өткiзу кезiнде жобалардың авторларына бекiтiлген жұмыс сызбалары және елдi мекендi көгалдандырудың сызбасы бойынша атқарылатын жұмыстардың сапасына және сәйкестiгiне қадағалауды жүргiзу қажет.

3. Азаматтарға және жасыл көшеттер меншiк иелерiне (жалгерлерiне) талаптар
9. Азаматтар:

1) бақтарды, саябақтарды, гүл бақтарды еркiн аралауға, өздерiнiң мәдени-сауықтыру және эстетикалық қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн мемориалдық кешендерге және өзге де аумақтарға баруға, серуендеуге, спортпен айналасуға және осы Ережелердiң талаптарын сақтаумен басқа да мақсаттарда;

2) аудан елдi мекендерi жасыл қорының даму басымдары және қорғау шаралар, жағдайы туралы сенiмдi ақпаратты алуға;

3) жасыл құрылыс жобаларын талқылауда, сонымен қатар жасыл құрылыстың балама жобаларын әзiрлеуде қатысуға;

4) iске асырылуы аудан елдi мекендерiнiң жасыл қорына зардап тигiзетiн жобалық құжаттаманың қоғамдық экологиялық сараптамасын өткiзу туралы ынтамен сөз сөйлеуге;

5) елдi мекендi, ауланы және көгалдандыру және аумақтың санитарлық тазалау бойынша iс-шараларда қатысуға;

6) жасыл көшеттердi қорғау бойынша талаптардың бұзылуына байланысты мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың тарапынан әрекеттерге (әрекетсiздiктерге) әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiнде шағым беруге құқылы.

10. Жасыл көшеттердi күтiп ұстау және қорғау бойынша мiндеттемелердi қабылдаған жеке және заңды тұлғалар, көгалдандырылған аумақтардың меншiк иелерi және жалға алушылары:

1) жасыл көшеттердiң мамандық күтiмi мен сақталуын қамтамасыз етедi;

2) жыл сайын оларға белгiленген нысан бойынша жасыл көшеттердiң өзгеруi (кесiп түсiрiлуi, қайта құрылуы, қайта егiлуi, егiлуi) туралы ақпаратты уәкiлеттi органға жiбередi;

3) агротехникалық шаралардың барлық кешенiн жиi өткiзедi, соның iшiнде газондарды, ағаштарды және бұталарды суару, арамшөтермен, зиянкестермен және аурулармен күрес, газондарды шауып алу;

4) өз қаражатының есебiнен қала құрылысы, экологиялық, санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес әзiрленген елдi мекендi көгалдандырудың техникалық жобасына сәйкес бекiтiлген аумақта жасыл көшеттердiң көгалдандырылуын және ағымды жөнделуiн өткiзедi;

5) осы Ережелермен бекiтiлген тәртiпте ресiмделген жасыл көшеттердiң бұзылуын (қайта егiлуiн) iске асырады;

6) уәкiлеттi органның жазбаша рұқсат беруi бойынша ағаштардың жасартатын кесiп түсiруiн, ағаш-бұтақты өсiмдiктiң қалыпты және санитариялық кесiмiн өткiзедi;

7) тоқ өткiзетiн сымдардың қүзетiлетiн аймағында (1 метр радиуста), сонымен қатар көшелердiң көрсеткiштерiн және үйлердiң нөмiрлiк белгiлерiн жабатын бұтақтардың уақытылы кесiлiп түсiрiлуiн өткiзедi. Бұтақтардың кесiлiп түсiрiлуi электржелiлерiнiң иелерiмен келiсiлген кестеге сәйкес және олардың бақылауы астында берiлген жұмыстардың түрiн орындау бойынша технологиялық талаптарды сақтаумен жүргiзедi;

8) аумақтың санитарлық тазартылуын, сынған ағаштарды және бұталарды жұлуды өткiзедi.

11. Жасыл көшеттермен қамтылған және жер заңнамасымен көзделген жер айналысының өзге нысандарындағы жер учаскелердi жалға беру, сыйға тарту, сатып алу, сату кезiнде жаңа меншiк иесiне, жалға алушыға жасыл көшеттердi күтiп ұстау және қорғау бойынша құқықтар және мiндеттерi тапсырылады.

12. Көгалдандырылған аумақтардың жер айналымын куәландыратын құжаттама уәкiлеттi органмен келiстiруге жатады.



4. Уәкiлеттi органдардың өкiлеттiктерi
13. Уәкiлеттi органның құзыретiне:

1) жасыл көшеттердiң кадастрын жүргiзу;

2) жасыл көшеттердi құру, күтiп ұстау және қорғау бойынша iс-шаралардың орындалуын бақылау және ұйымдастыру;

3) жасыл көшеттермен қамтылған жер учаскелердi пайдалану рұқсаттарын келiстiру;

4) жасыл көшеттердi (5 қосымша) кесiп түсiруге және қайта егуге рұқсаттар беру кiредi.

5. Жасыл көшеттердi есепке алу, қорғау және күтiп ұстау
14. Ауданның елдi мекендерiндегi жасыл көшеттердi есепке алу олардың санын, түр-тұқымдық құрамын және күйiн анықтау мақсатында есептiк обектiнiң шекарасында орналасқан жасыл көшеттердi түгендеу арқылы жүзеге асырылады.

15. Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 21 шілдесіндегі № 303-III «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес түгендеу және жасыл көшеттердi зерттеудiң өзге түрлерi мамандандырылған ұйыммен тендер негiзiнде өткiзiледi.

16. Жасыл көшеттердiң есепке алынуы:

1) аудан елдi мекендерiнiң аумағындағы жасыл көшеттердiң сандық және сапалық сипаттары туралы сенiмдi мәлiметтердi алу;

2) көгалдандырылған аумақтарда жауапты иелермен iске асырылатын қызметтiң аумақтардың бекiтiлген функционалдық тағайындалуын анықтау;

3) елдi мекеннiң көгалдандырылған аумақтарын тиiмдi пайдаланылуын ұйымдастыру үшiн ақпараттық қорды құру мақсаттарында өткiзiледi.

17. Есепке жасыл көшеттердiң барлық түрлерi жатады: ағаштар, бұталар, газондар, гүл бақтары.

18. Жасыл көшеттер есебiнiң нәтижесiн көрсететiн құжат бекiтiлген нысан бойынша құралатын (1 қосымша) есептiк объектiнiң паспорты болып табылады.

19. Есептiк объектiнiң паспорты жоспарлы бес жылда 1 рет жаңартылуға жатады.

20. Жылжымайтын мүлiктiң жауапты иесi оған тиiстi жер учаскеде жасыл көшеттердiң есепке алынуын ұйымдастырады және есептiк объектiнiң паспортына алынған мәлiметтердiң салыстырылуын қамтамасыз етедi.

21. Есептiк обектiнiң паспорты жауапты иесiмен бекiтiледi және уәкiлеттi органмен, сонымен қатар тексерудi өткiзген мамандырылған ұйыммен келiстiредi.

Есептiк объектi паспортының көшiрмесi жасыл көшеттердiң тiзiлiмiне (2 қосымша) мәлiметтердi салыстыру үшiн уәкiлеттi органға тапсырылады.

22. Көгалдандырылған аумақтарда орналасқан жасыл көшеттер Тiзiлiмiнiң мәлiметтерiн жаңарту 2 жылда 1 рет өткiзiледi.

23. Жасыл көшеттердi ұстау және қорғау бойынша iс-шараларды және жұмыстарды ұйымдастыру және орындау:

1) бақтардың, гүл бақтардың, бульварлардың, жүргiншi саяжолдардың уәкiлеттi органға, мамандырылған коммуналдық кәсiпорындарға, сонымен қатар көгалдандырылған аумақтардың меншiк иелерiне және жалға алушыларына жүктеледi;

2) мәдениет және демалыс саябақтарының, балалар саябақтардың, арнайы саябақтардың осы мекемелердiң әкiмшiлiгiне жүктеледi;

3) сауда объектiлерiнiң қасбеттi топтарының ажырамас бөлiгiн құрайтын жалпы пайдаланудың жасыл көшеттерiнiң, қызмет көрсетудiң, банктердiң, кеңселердiң, кәсiпорындардың, жеке үйлердiң және өзге де жеке иелiктердiң берiлген жылжымайтын мүлiктiң меншiк иелерiне және жалға алушыларына жүктеледi;

4) ұйымдар аумағындағы жасыл көшеттердiң, сонымен қатар оларға бекiген учаскелердегi жасыл көшеттердiң тiкелей осы ұйымдармен жүзеге асырылады;

5) санитарлық-қорғаныс аймақтардың меншiк иелерiмен және санитарлы-қорғаныс аймақтардың шекарасындағы жер учаскелердiң жер пайдаланушыларымен жүзеге асырылады;

6) кварталiшiлiк жасыл көшеттердiң, жер пайдаланудың шекарасындағы үй жанындағы аумақтардағы көшеттердiң тұрғын үй қорының иелерiне (тұрғын үй пайдалану кәсiпорынның пайдаланушыларына) жүктеледi.

24. Арнайы агротехникалық iс-шараларды өткiзумен байланысты жасыл күту бойынша жұмыстар, жасыл желектердiң жөнделуi және қайта құрылуы жұмыстардың сәйкес түрлерiн жүргiзуге лицензиялары бар мамандырылған көгалдандыру ұйымдарымен өткiзiледi.

6. Жасыл көшеттердi кесiп түсiру және қайта егу
25. Жасыл көшеттердi кесiп түсiруге рұқсат келесi жағдайларда берiледi:

1) орнатылған тәртiпте келiсiлген және бекiтiлген қала құрылысының құжаттамасымен көзделген құрылыс объектiлерiн орналастыру үшiн жағдайларды қамтамасыз етуде;

2) инженерлiк көрiктендiру, жер үстi коммуникация объектiлерiне қызмет көрсетуде;

3) апаттық және төтенше жағдайларды жоюда, соның iшiнде инженерлiк абаттандырудың объектiлерiнде;

4) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органның қорытындылары бойынша ғимараттардың жабдықталған деңгейiн тұрғын және тұрғын емес орындар үшiн сәйкес нормативтерге қалпына келтiруде;

5) жасыл көшеттердiң түр-тұқымдық құрамын және сапасын жетiлдiрудiң қажеттiлiгi кезiнде.

26. Жасыл көшеттердi кесiп түсiру билеттерi (3, 4 қосымша) бойынша ғана бұзуға жол берiледi, ал қайта егiлуi уәкiлеттi органмен берiлетiн рұқсат бойынша (5 қосымша) жүргiзiледi.

Кесiп түсiрудiң, егудiң, кесу билеттерiн және қайта егуге рұқсаттарды берудiң тәртiбi уәкiлеттi органмен анықталады.

27. Мемориалдық, тарихи немесе әмбебап эстетикалық құндылыққа ие, тарихи немесе мәдени мұраттық ескерткiш, Қазақстанның қызыл кiтабына енгiзiлген ағашты және бұталы өсiмдiктер түрлерiнiң мәртебесiне ие, сонымен қатар жергiлiктi маңыздағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан ағаштарды құлатуға тыйым салынады.

28. Рұқсат қағаздарды алдын ала ресiмдеусiз жасыл көшеттердi кесiп түсiру және егуге жол берiлмейдi.

29. Қала құрылысының қызметiн iске асыру кезiнде жасыл көшеттердi кесiп түсiру және егудi келiстiру келесi тәртiпте жүзеге асырылады:

1) құрылысқа бастапқы-рұқсат ету құжаттаманы даярлау кезiнде жобалық ұйым белгiленген тәртiпте жасыл көшеттердi кесiп түсiрудiң қажеттiлiгiн көздейтiн құрылыстық жобаны әзiрлейдi;

2) жобалық ұйымның хаты және құрылыстық жобаның негiзiнде уәкiлеттi орган мамандандырылған ұйымдармен бiрлесе отырып құрылыс жорамалданған учаскенiң тексерiлуiн өткiзедi және ағаштар мен бұталардың саны, түр-тұқымының құрамы, жағдайы, газондардың, шөп жамылғысының, гүл бақтардың барын, соның iшiнде кесiп түсiруге жататындар көрсетiлетiн тексеру актiсi жасалады;

3) тексеру актiнiң негiзiнде уәкiлеттi орган жобалық ұйымға берiлген учаскеде құрылыс салудың мүмкiн болуы және ағаш пен бұталарды, сонымен қатар кесiп түсiруге жататын ағаш және бұталардың, гүл бақтардың және газондардың санын мейлiнше ұзақ сақтаудың мүмкiндiгi мақсатында құрылысты орналастырудың ерекше талаптары туралы қорытындыны шығарады;

4) ұсынылған құжаттардың негiзiнде уәкiлеттi орган тапсырыс берушiге кесiп алынатын ағаштардың және бұталардың, бұзылатын гүл бақтарының және газондардың өтемдiк құнын төлеуге мамандандырылған ұйыммен белгiленетiн көлемде шот жазып бередi;

5) бес қабатты және басқа да ескi құрылыстарды бұзу кезiнде жасыл көшеттердiң кесiлiп түсiрiлуiне кесу билеттерiн беру кезiнде өтемдiк құн инженерлiк коммуникациялардың аймақтарында және жарықтық режимнiң аймағында орналасқан жасыл көшеттердi кесiп түсiрудiң құнын есепке алусыз есептеледi.

30. Инженерлiк коммуникациялардың күрделi және ағымды жөнделуiн өткiзу кезiнде жасыл көшеттердiң кесiп түсiрiлуi және (немесе) егiлуi келесi тәртiпте өткiзiледi:

1) инженерлiк коммуникациялардың күрделi және ағымдағы жөнделуiн өткiзу кезiнде жасыл көшеттердiң кесiп түсiрiлуi кесу билеттiң негiзiнде өткiзiледi;

2) жөндеу жұмыстарының барысында бұзылған газондар мен гүл бақтарының қалпына келтiрiлуi тапсырыс берушiнiң қаражаты есебiнен iске асырылады;

3) ағаштарды және бұталарды кесiп түсiру кезiнде өтемдiк құн толық қалпына келтiру құнының көлемiнде алынады.

31. Төтенше және апаттық жағдайларда iрi ағаштардың құлауы адам өмiрiне және деңсаулығына, ғимараттардың және құрылыстардың күйiне, көлiк қозғалысына, коммуникациялардың қызметiне қауiп төндiрген кездерде көрсетiлген көшеттердiң кесiп түсiрiлуi алдын ала рұқсатты ресiмдеусiз өткiзiледi:

1) кесу фактiсi аумақ иесiнiң, уәкiлеттi органның, апатты және төтенше жағдайды жою бойынша жұмыстарды өткiзген ұйымның өкiлi құрамындағы комиссиямен белгiленген нысанда ресiмделген кесу орнын куәландыру актiсiмен расталады;

2) белгiленген нысанда ресiмделген кесу орнын куәландыру актiсi бар болғанда уәкiлеттi орган кесу билетiн 72 сағат iшiнде бередi.

32. Бөлмелерге жоғары көлеңке түсуiне алып келетiн ғимараттар мен құрылыстардан 5 метр жақын өсетiн ағаштарды кесiп түсiруге рұқсат санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының қорытындысы негiзiнде азаматтардың өтiнiштерi бойынша уәкiлеттi органмен берiледi.

33. Олардың орналасқан жерiне тәуелсiз қурап бара жатқан, құрап қалған және ауру ағаштар мен бұталардың есебi уәкiлеттi органмен жеке және заңды тұлғалардың, пайдаланушылардың, көгалдандырылған аумақтардың меншiк иелердiң және жалға алушылардың өтiнiштерi бойынша өткiзiледi.

Қурап қалған ағаштар мен бұталарды зерттеу кезiнде ағаштардың қурап қалуы олардың кәрiлiктерiнен және ауруынан емес, ал жеке азаматтардың немесе лауазымды тұлғалардың кесiрiнен болғандығы анықталса, онда осы ағаштардың бағалануы дымқыл өсетiн ағаштарды қалпына келтiру құнының ставкасы бойынша өткiзiледi, ал олардың қурап қалуында кiнәлi адамдар әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылады.

34. Жасыл көшеттердi өсiру және күтуде мамандандырылған ұйымдарға тиесiлi аумақтардағы жасыл көшеттердiң кесiлiп түсiрiлуi осы Ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

35. Елдi мекендi көгалдандырудың келiсiлген жобасына және көгалдандыру сызбасына сәйкес кесiлуге жататын барлық жасыл көшеттер жұмыс өндiрушiмен қызыл бояумен, қайта отырғызуға жататындар – сары бояумен таңбаланады.

36. Кесiлген ағаштың және кесу қалдықтардың үйiлуi, түбiрiмен қазып алынуы, артылуы және шығарылуы жұмыстар басталған мезеттен бастап тәулiк iшiнде өткiзiледi. Кесiлген ағаштарды және кесiлген қалдықтарды жұмыстар өндiрiсiнiң орнында қалдыруға тыйым салынады. Кесу қалдықтарын үю, түбiрiмен қазып алу және тасымалдау бойынша барлық жұмыстар берiлген жұмыс түрiнiң қауiпсiздiк техникасының талаптарына толық сәйкестiкте өткiзiледi.

37. Аумақтың кесу орындарына қараған газондарға, гүл бақтарға, жасыл көшеттерге зақым келтiрiлген жағдайда жұмыс өндiрушiмен аумақтың иесiмен және уәкiлеттi органмен келiсiлген мерзiмдерде, бiрақ зақым келтiру мезетiнен бастап жарты жылдан кешiктiрмей олардың мiндеттi түрде қалпына келтiрiлуi өткiзiледi.

38. Жасыл көшеттердiң егiлуi уәкiлеттi органмен берiлетiн рұқсаттың негiзiнде өткiзiледi (қосымша).

39. Жұмыстардың басталысына дейiн жасыл көшеттердiң егiлуiне рұқсат алу үшiн құрылыс жұмыстардың тапсырыс берушiлерiне:

1) уәкiлеттi органға құрылыс, қайта құру және күрделi жөндеудiң аймақтарынан құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлiмiмен келiсiлген учаскелерге ағаштар мен бұталарды егуге жобалық құжаттаманы ұсыну;

2) мамандандырылған ұйыммен ағаштар мен бұталарды егуге шарт жасау;

3) егiлген жасыл көшеттерге (1 жыл ағымында жапырақтыларға, 2 жыл ағымында қылқан жапырақты тұқымдарға) күтiм бойынша жұмыстардың қаржыландырылуын қамтамасыз ету қажет.

7. Зиянның орнын толтыру және жасыл көшеттердi кесiп түсiргеннен кейiн қалпына келтiру
40. Лауазымды тұлғалардың, азаматтардың және заңды тұлғалардың әрекетi немесе әрекетсiздiгi нәтижесiнде болған көпжылдық жасыл көшеттердiң жоюлуы (кесу, ойран болуы) немесе зақым келтiрiлуi ақшалай немесе заттай түрде толық өтелуге жатады.

41. Өтемдiк көгалдандыру келесi талаптардың есебiмен өткiзiледi:

1) қалпына келтiрiлетiн жасыл көшеттердiң саны жойылғандардың санынан аспауы тиiс;

2) қалпына келтiрiлетiн жасыл көшеттердiң түр-тұқымдық және құрылысы сәулеттiк, экологиялық және эстетикалық сипаттар бойынша жетiлдiруге жатады;

3) қалпына келтiру балшықпен ағаштың егiлуi мен кесiп түсiрiлуi өткiзiлген аумақтың шекарасында өткiзiледi.

42. Өтемдiк көгалдандыру мүдделерiнде кесiп түсiру өткiзiлген азаматтардың және жеке тұлғалардың қаражаты есебiнен өткiзiледi.

Заңсыз кесiп түсiру, жою фактiлерi бойынша кiнәлi тұлғаны анықтау мүмкiн емес болған жағдайда, жасыл көшеттердiң табиғи қурауында өтемдiк көгалдандыру бюджеттiк қаражат есебiнен жүргiзiледi.

Ақшалай өтемдiк құн жасыл көшеттердiң кесiп түсiрiлуi мүдделерiнде өткiзiлген азаматтармен және заңды тұлғалармен жергiлiктi бюджетке аударылады.

Заттай өтемақы жеке және заңды тұлғалармен уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша көгалдандыру кәсiпорынмен, мамандандырылған ұйыммен шарт бойынша өткiзiлуi мүмкiн.

43. Өтемдiк көгалдандыру:

құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлiмiмен бекiтiлген жобалық құжаттамаға сәйкес – ағашты-бұтақты өсiмдiктiң 20 бiрлiгiнен астам қалпына қалпына келтiрген кезде;

уәкiлеттi органмен келiстiрiлген көгалдандыру сызбасына сәйкес - ағашты-бұтақты өсiмдiктiң 20 бiрлiгiнен кем қалпына қалпына келтiрген кезде жүзеге асырылады.

44. Құрылыс жұмыстарын өткiзу кезiнде кесiп түсiруге жататын жасыл көшеттер құрылыс салушының қаражаты есебiнен қалпына келтiрiледi. Құрылысқа бекiтiлген жобалық құжаттамаға сәйкес құрылыс салушылармен өткiзiлетiн көгалдандыру өтемдiк көгалдандыру бойынша жұмыстарды өткiзу ретiнде есептелу мүмкiн емес.

8. Жасыл көшеттердi ұстау және қорғау саласындағы құқық бұзушылықтарға әкiмшiлiк жауапкершiлiк
45. Жасыл көшеттердiң заңсыз зақымдалуына және жоюлуына әкiмшiлiк жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы негiзiнде анықталады.

46. Осы Ереженің баптарын бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 30 қаңтарындағы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiнің 387 бабына сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылады.

Қарқаралы ауданының жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау

Ережесіне 1 қосымша

Түгендеудi өткiзетiн ұйымның атауы

_______________________________________________________________

Түгендеу нөмiрi ___________________
Есептiк объектiнiң

ПАСПОРТЫ
Объектiнiң атауы ____________________________________________________

_____________________________________________________________________

Жiктеу коды

_____________________________________________________________________

(жерлердiң функционалдық мақсаты бойынша)
Әкiмшiлiк-аумақтық тиiстiлiгi

_____________________________________________________________________

(әкiмшiлiк маңыздағы код)
Жауапты иесi
Қорғау және пайдалану режимi, қала құрылысының қызметiн реттеу тәртiбi __________________________________________
Келiсiлдi: Келiсiлдi: Келiсiлдi:
Сәулет Жауапты Уәкiлеттi

бөлiмi иесi орган


___________________ ___________________ ____________________

"____"______201___ж. "____"______201___ж. "____"______201___ж.


Есептiк обектiнiң паспортына қосымша:

Жағдайлық жоспар (қала есептiк объектiнiң орналасуы ______________, кентте __________________)


Есептiк объектiнiң түгендеу жоспары (көгалдандыру сызбасы) М1: 500; М1: 1000
Есептiк объектiнiң ағаш өсiру жоспары (түгендеу жоспары) М1: 2000; М1: 10000
Жасыл көшеттердiң әрбiр ағашы бойынша есептiк ведомосi
Түгендеудi орындаған ұйымдардың атауы

Қарқаралы ауданының жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау

Ережесіне 2 қосымша


201__ жылдың 1 қаңтарына дейiнгi ___________ қала, кент жасыл көшеттерiнiң тiзiлiмi

Жасыл көшет нысандарының (учаскелерiн) алаңын жер санаты,

өсiмдiк түрлерi және функционалдық мақсаты

бойынша бөлу


Қала, кент __________

Әкiмшiлiк аудан: (код) ________________________________

Жауапты иесi: _________________________________________
Жасыл көшеттер тiзiлiмi


N р/н, инвентарлық N, жасыл көшет төл-құжаты

Жердiң функционалдық мақсаты, (жасыл желектер санаты)

Жiктемелiк код

Объектiлердiң ауданы (учаскелердiң) га, жасыл көшеттердiң ауданы га/шт (ағаш, бұта)

1

2

3

4

кестенiң жалғасы




Саябақтық үлгiдегi жасыл көшеттер

Ағаш өсiмдiгi, кбм. га/шт

Бұта өсiмдiгi

Жалғыз ағаштар

Топтар, бiртектi ағаш

Алаптар, тоғайлар, бақтар га

Саяжолдар, қатарлар

Барлығы га/дана

Жалғыз

Тiрi ағаш шарбақтары

Қатарлық егiстер

Барлығы га/дана

5

6

7

8

9

10

11

12

13

кестенiң жалғасы




Ашық кеңiстiктер

Гүл бақтары, га

Газондар, га

Жаздықтар

Көптiк жаздықтар

Аралас

Контейнерлiк

Барлығы

Партерлiк

Жай

Жер қыртысының жамылғысы

Барлығы

14

15

16

17

18

19

20

21

22

кестенiң жалғасы




Саябақтық үлгiдегi өсiмдiктiң барлығы

Ормандық, табиғи үлгiдегi өсiмдiк

Табиғи және аралас түрдегi ағаш

Мәдениетi

Алаңқайлар, табиғи рединалар

23

24

25

26

Қарқаралы ауданының жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау

Ережесіне 3 қосымша

"________" ___________201_____ жылғы N _________


КЕСУ БИЛЕТI
_____________________________________________________________________

(мекен-жайы) ________________________________________________________

Жұмыс түрi: _________________________________________________________

Уәкiлеттi органның ________________ N ________ қорытындысы негiзiнде

Өтемдiк құнның төлемi _______________________________________________

(төлем тапсырысының нөмiрi және күнi)

______________________________ мекен-жайы бойынша өтемдiк көгалдандыру

_____________________________________________________________________

Өтемдiк көгалдандырудың мерзiмдерi: _________________________________

Қоса берiлген ведомостiге, жобаға, көгалдандырудың сызбасына сәйкес рұқсат етiледi:

кесiп түсiру ______________________________________________ дана ағаш

_______________________________________________ дана бұта

қалпына келтiру __________________________________________ дана ағаш

_______________________________________________ дана бұта

кесу түрi _____________________________________________ дана ағаш

_______________________________________________ дана бұта


Мамандырылған ұйыммен шарт:

_____________________________________________________________________


Жұмыстарды келесi өкiлдiң қатысуымен жүргiзу ________________________

_____________________________________________________________________

(уәкiлеттi органның бөлiмшесi)
Жасыл көшеттердi кесу бойынша жұмыстардың басталу күнi ___________________ хабарлансын.
_____________________________________________________________________

(уәкiлеттi органның бөлiмшесi)


Белгiленген мерзiмге дейiн 5 күн мерзiмiнен кешiктiрмей (тел. ________)

Кесу билетiнiң әрекет ету мерзiмi ___________________________________

Уәкiлеттi орган басшысының орынбасары _______________________________

ПТО бастығы ___________________________________________

(қолы, күнi)
М.О.
Кесу билетiн алды ___________________________________________________

(лауазымы, ұйым, қолы, Т.А.Ә., телефоны)


Кесу билетi жабылды _________________________________________________

(күнi, қолы)

Қарқаралы ауданының жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау

Ережесіне 4 қосымша


"________" ___________201_____ жылғы N _________

(жасыл көшеттердi санитарлық кесуге және қалпына келтiруге)


КЕСУ БИЛЕТI
_____________________________________________________________________

(мекен-жайы, әкiмшiлiк аудан, қала, кент, жұмыс учаскесiнiң мекен-жайы)


Жұмыс түрi: _____________________________________________________________________
Ұсынылған құжаттардың негiзiнде: ____________________________________
Қоса берiлген ведомостiге, жобаға, көгалдандырудың сызбасына сәйкес рұқсат етiледi:

кесу _______________________________________________ дана ағаш

_______________________________________________ дана бұта

қалпына келтiру ________________________________________ дана ағаш

_______________________________________________ дана бұта

кесу түрi _____________________________________________ дана ағаш

_______________________________________________ дана бұта
Мамандырылған ұйыммен шарт:

_____________________________________________________________________


Жұмыстарды келесi өкiлдiң қатысуымен жүргiзу ________________________

_____________________________________________________________________

(уәкiлеттi органның бөлiмшесi)
Жасыл көшеттердi кесу бойынша жұмыстардың басталу күнi ______________________ хабарлансын.
_____________________________________________________________________

(уәкiлеттi органның бөлiмшесi)


Белгiленген мерзiмге дейiн 5 күн мерзiмiнен кешiктiрмей (тел. ____________)
Кесу билетiнiң әрекет ету мерзiмi ___________________________________

Уәкiлеттi орган басшысының орынбасары _______________________________

ПТО бастығы ___________________________________________

(қолы, күнi)


М.О.
Кесу билетiн алды __________________________________________________

(лауазымы, ұйым, қолы, Т.А.Ә., телефоны)

Кесу билетi жабылды ________________________________________________

(күнi, қолы)


Қарқаралы ауданының жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау

Ережесіне 5 қосымша



Жасыл көшеттердi кесуге берiлген

N ____ РҰҚСАТ

"___"_______ 201__ ж. дейiн жарамды


1. Кәсiпорынның аталуы (СТН) (тапсырысшы, өтiнiш берушi) ___________________________

2. Кәсiпорынның басшысы (А.Ж.Т.) (тапсырысшы, өтiнiш берушi) __________________

3. Сұралған учаскенiң мақсаты __________________________

4. Орналасқан жерi _______________________

5. Шараларды өткiзу үшiн негiздеме _________________________

6. Жер учаскесiнiң меншiк түрi (N, күнi) _____________________

7. Уәкiлеттi органның жасыл көшеттердi зерттеу актiсi (1 қосымша)

8. Ағаш-бұталы көшеттердiң iс жүзiндегi күйi (сапалық, сандық)

9. Жасыл көшет қорын өтемдiк қалпына келтiру жөнiндегi мiндеттеме (кепiлдiк хат)
ҚОРЫТЫНДЫ
Атқарушы орган (толық атауы) жасыл көшеттердiң жәй-күйiн ескере отырып, зерттеу актiсiне сәйкес жоғарыда көрсетiлген ағаштарды кесудi келiстiредi, бұл жағдайда бiрiншi басшыға мына талаптарды орындау мiндеттеледi:

1) жер асты және жер үстi коммуникацияларын қорғау нормаларымен ережелерiн сақтай отырып, сәндi-бағалы жасыл желектердi отырғызу жолымен өтемдiк қалпына келтiру бойынша шараларды жүргiзу.

2) жасыл желектердi қорғау, ұстау мен сақтау бойынша шаралардың толық кешенiн жүргiзу.
Қосымша: ____________

Ескертпе:____________

Атқарушы органның басшысы А.Ж.Т.
Уәкiлеттi

органның басшысы _________________ __________________

(қолы) (Т.А.Ә.)
М.О.

Қарқаралы ауданының жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау

Ережесіне 6 қосымша

Жасыл көшеттердi зерттеу

АКТIСI
201___ ж. "____" ____________
______________________________________________________________

(мекен-жайы: аудан, қала, кент, учаскенiң мекен-жайы)

Бiздер, төменде қол қоюшылар, _______________________________________

(уәкiлеттi органның жауапты тұлғасы, лауазымы, Т.А.Ә.,

_____________________________________________________________________

және тапсырыс берушiнiң өкiлi, ұйым, лаузымы, Т.А.Ә.)

___________________________ түсетiн жасыл көшеттерге зерттеу жүргiздi _____________________________________________________________________

(кесу, қайта құру, қайта отырғызу, санитарлық кесу)

_____________________________________________________________________

Нәтижесiнде анықталды:






Жасыл көшеттердiң тұқымдық құрамы

Кесiлетiн

Қайта отырғызу

Сақталады

Сапалық (нақты) жағдайы

көлем

дм

көлем

дм

көлем

дм

Жақсы

Қанағат.

Қанағат емес

1































2































3































4































5































6































7































8































9































10































Осы акт _____ дана болып жасалды.

Ескертпе: Тексеру актiсi жасыл көшеттердi кесуге немесе отырғызуға құқық беретiн құжат болып табылмайды.

Тапсырысшының өкiлi алды _______________

(қолы, Т.А.Ә.)

Атқарушы органның лауазымды



тұлғасы ___________________

(қолы, Т.А.Ә.)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет