- Аурудың таралу көздері ауру малдар және микроб спораларымен залалданған топырақ, шөп, жайылым, ақпайтын батпақты су көздері (көл, тоған т.б.) болып саналады.
- Ауру алиментарлық жолмен (жем-шөп, су ішу, жайылу кезінде) жұғады. Бұған ауыз қуысы кілегейлі қабатының зақымдануы, ас қорыту жүйесіндегі қабыну ағымдары ықпал етеді.
Қарасанның симптомдары - Ауру қойлар тері қабатының зақымданған аумақтары арқылы жұқтырады (қырқым кезінде, піштіру салдарынан болған жарақаттар арқылы). Ауруды жұқтырғанның белгілері білінгенге дейінге жасырын кезеңі 2 күн шамасында. Ауру белгісі бірден білінеді және жедел түрде өтеді. Малдың мойнында, жақ астында, көкірегінде, жамбас, иық еттерінде (кейде ауыз қуысында) тез үлкейе бастайтын ісіктер пайда болады. Ісіктер әдепкіде қатты, ыстық, анық білінетін, ұстап көргенде мал ауырсынатын, қыртылдаған дыбыс беретін болады. Кейін барып ісіктер мұздап, ұстап көргенде мал сезінбейтін жағдайға өтеді. Ісіктерге жақын бездердің ұлғаюы байқалады. Ісіктер иық еттерінде, жамбасында болған кезде мал ақсайды. Емдеуде пенциллин, дибиомицин дәрілерін пайдаланады. Іркілдек ісікті аумақтарға 3 пайыздық карбол қышқылы немесе лизол, яки 1 пайыздық марганцовка ертініділерін жіберуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |