- Қарасанның алдын алу мақсатында мынандай шаралар жүргізіледі:
- 1) мал қорымдарының санитарлық жағдайын жақсарту және оны қоршау жұмыстарын жүргізу. Қарасаннан өлген мал көмілген жерлердің топырағын залалсыздандыру;
- 2) балшықтанған жайылымдарды және шөп шабатын жерлерді құрғату;
- 3) суаттарды қалпына келтіру, мал су ішетін зақымданған, немесе күдікті суаттарды жабу;
- 4) мал союға, еріксізден сойылған мал етін және өнімдерін ветеринариялық маманның рұқсатынсыз сатуға тиым салу;
- 5) өлген мал жатқан, ауру мал тұрған жерді, бөлмелерді, ауланы тазалау және
- Диагнозы қойылған соң ауырған малды жедел оқшаулап, емдеуге кіріседі. Емдеу үшін Қарасан ауруына қарсы қан сарысуы мен иммуноглобулин қолданылады. Бұл дәрмектерді тері астына, бір орынға 25-30 мл, жылқы мен ірі қараға 100-200 мл, қой, ешкі, шошқаға, 50-100 мл жібереді. Аурудың қатты кезінде көк тамырға жібереді. Қолданылар алдында дәрмектерді су қобдиында 37-38° С дейін жылытады. Анафилаксия болмау үшін алдымен тері астына 0,5-1 мл жіберіліп, 15-30 мин соң қалғанын жібереді. Қан сарысуымен қабаттастырып пенициллин немесе стрептомицин пайдаланса нәтижесі жоғары болады. Сауыққан малды 14 күн өткен соң вакциналайды.
- Иммунитет. Қарасан мен ауырып жазылған малда ұзақ уақытқа берік иммунитет пайда болады. Белсеңді жасанды иммунитет қалыптастыру үшін СТИ тірі вакцинасы қолданылады. Иммунитет еккеннен 10 күн кейін қалыптасып, бір жылға дейін сақталады. Енжар иммундеу үшін топалаңға қарсы қан сарысуын қолданады. Оның әсерінен қалыптасқан иммунитеттің ұзақтығы 14 күн. Бұл препарат шұғыл түрде дауалау үшін және емдік мақсатта қолданылады. Соңғы жылдары Ресей Федерациясында Қарасан ауруына қарсы даярланған вакцина қолданысқа енгізілді [2,3,5].
Достарыңызбен бөлісу: |