Қарасан ауруын балау
Диагноз қою үшін міндетті түрде індеттанулық деректер, клиникалық белгілері, өлексені көрудің нәтижелсрі ескеріледі. Жайылым маусымында бұрын сау емес территорияда, не болмаса жер қазу жұмыстары жүргізілгеннен соң, қатты жауын, сел, тасқыннан кейін малдың кенеттен өлуі топалаңнан күдік тудырады. Бұнымен қатар аурудың өте қатты өлітиюі /ыстығы көтеріліп/, күйдіргі шығу білінетіндігі ескеріледі.
Сонымен бірге, өлексенің тез бұзылуы, сіресуінін білінбеуі, табиғи тесіктерінен қанды сора ағуы маңызды мәліметтер болып табылады. Бұл күдіктердің негізінде күттірмейтін жедел шаралар қолға алынады. Бірақта түпкілікгі диагноз лабораториялық зерттеулерге негізденуі керек.
Зертханаға жаңа өліктің құлағының көк тамырындағы қаннан даярланған калың жағындыны жібереді. Қан алған кезде терінің тілінген орнын қариды. Жағыңдыны көленкеде кептіріп бекітпейді. Егер шыны болмаса, бірнеше тамшы қанды борға, гипске, ағаш көміріне, шақпақ қантқа тамызады. Басқа мүмкіндік болмаған жағдайда тексеруге кесіліп алынған құлақты жібереді. Ол үшін астынғы құлақтың түбін екі жерден байлап, арасынан кеседі. Тілінген жерді қарын күйдіреді
Достарыңызбен бөлісу: |