Қаржы-экономика факультетінің деканы Эрназаров Т. Я


Менеджменттің негізгі әдістері



бет2/5
Дата08.07.2016
өлшемі0.74 Mb.
#185798
1   2   3   4   5

Менеджменттің негізгі әдістері


1

1

5

1,25

4

Кәсіп орын қызметіне ішкі және сыртқы ортаның әсері

1

1

5

1,25

5

Мақсатты таңдаумен кәсіпорынның даму стратегиясы.

1

1

5

1,25

6

Басқару әдістері.

2

2

5

1,25

7

Ағымды және стратегиялық жоспарлау.




2

5

1,25

8

Менеджмент жүйесіндегі ұйымдастыру қатынастары

1

1

5

1,25

9

Менеджмент жүйесіндегі бақылау.

1

1

5

1,25

10

Менеджмент жүйесіндегі ынталандыру қызметтері.

1

1

5

1,25

11

Коммуникация.

2

2

5

1,25

12

Басқару шешімдерін қабылдау.

2

1

5

1,25







15

15

60

15


6 Дәріс сабақтарының мазмұны

Тақырып 1 Менеджмент түсінігі мен мәні

Дәріс жоспары:

1.Менеджмент түсінігі

2.Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері

3.Менеджменттің кезеңдері мен мінездемелік аспектілері



1.Менеджмент түсінігі.Менеджмент-бұл басқарудың экономикалық әдістерін материалды және еңбек ресурстары арқылы рационалды жолмен қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған кәсіби қызметтің түрі.

Менеджмент-бұл нарықтық шарттарға сәйкес басқару.

Ол мына мәселелерді болжайды:

Кәсіпорынның нарықтық қажеттілігі мен сұранысына бағытталуы, нақты тұтынушылардың қолдауы мен сұранысқа ие болатын өнімдер түрлерін өндіруді ;

Өндірудің жоғарғы деңгейіне жету, аз шығынмен жақсы қорытынды алу;

Кәсіпорынның және оның бөлімшелерінің қызметінің соңғы нәтижелеріне жауапты тұлғаның шешім қабылдау бостандығын қамтамасыз ететін шаруашылық еркіндік және т.б.

«Менеджмент» термині нарық шарттарында әрекет ететін кәсіпорын деңгейіндегі әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруда ғана қолданылады.

Менеджмент кәсіби қызметтің жеке түрі ретінде мынаны көрсетеді: менеджер өзі жұмыс істейтін кәсіпорын меншігіне тәуелсіз. Ол жалға жұмыс істеу арқылы акцияларды иемденуі немесе иемденбеуі мүмкін. Менеджер еңбегі- бұл жоғарғы технологиялық өндіріс шарттарын жұмысшылардың жоғары деңгейінде мамандануымен ұштастыру нәтижелерінде туындайтын өндірістік еңбек. Менеджер өндірістік бөлімшелер мен кәсіпорындарда қызмет атқаратын инженерлерді, маркетологтарды, экономисттерді, статистиктерді, психологтар, бухгалтерлер сияқты түрлі мамандарды біріктіріп, олардың өндірістік процесінің байланысы мен бірлігін қамтамасыз етеді.



2. Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері. Менеджменттің соңғы мақсаты (к/о-ның) өндірістік процессті рационалды ұйымдастыру жолымен к/о-ның пайданы әкелетін іс-әрекетті қамтамасыз ету, өндірісті басқару мен технико-технологиялық базаның дамуын қоса отырып, сонымен қатар, әрбір жұмысшының шығармашылық белсенділігі мен квалификациясын көтере отырып, кадрлық потенциялды тиімді қолдану.

Менеджменттің ең маңызды функциясы қолда бар материалды және адам ресурстары негізінде, тұтынушылар сұранысын ескере отырып, тауарлар мен кызметтердің өндірісін ұйымдастыру және кәсіпорынның рентабельдігімен қоса оның нарықта тұрақты орын алуын қамтамасыз ету.

Осыған байланысты менеджмент функцияларына келесілер жатады:

- өндіріс автоматизациясын қамтамасыз ету және жоғарғы квалификацияға ие жұмысшыларды табу;

- ең жақсы еңбек ету жағдайларын жасау жолымен және жоғарғы еңбек ақыны орнату;

- кәсіпорын жұмысының тиімді жүзеге асырылуын мерзімді түрде бақылау;

- кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің жұмысын координациялау;

- жаңа нарықтарды әрдайым іздеу және оларға шығу жолдарын табу;

Сонымен қатар, менеджмент шешетін мәселелерге келесілер жатады:

- фирма дамуының нақты мақсаттарын анықтау;

- мақсаттардың болымдылықтарын, олардың орындалу тәртіптерін анықтау;

- фирма дамуының стратегияларын жасау;

-шаруашылық мәселелерді және шешу жолдарын қарастыру және т.б.

3. Менеджменттің кезеңдері мен мінездемелік аспектілері. Менеджменттің экономикалық, әлеуметтік- психологиялық құқықтың және ұйымдастыру – техникалық аспектілері бар.

Экономикалық аспект - бұл мақсаттардың тиімді орындалуына қажетті материалдық және еңбек ресурстарының координациясы жүзеге асырылатын өндіріс процесін басқару.

Әлеуметтік-психологиялық аспект - қойылған максаттарға жету үшін қажетті басқарушылық пен жұмысшыларды ұйымдастыруды жүзеге асыратын арнайы адамдар тобына жатады.

Құқықтық аспект - мемлекеттік, саяси және экономикалық институттар құрылымын, олармен жүргізілетін саясатты және заңнаманы алып көрсетеді.

Ұйымдастыру—техникалық аспект—мақсаттар мен мәселелердің жүйелі түрде таңдалып, жағдайдың рационалды бағалауын, керекті ресурстардың жүйеленуі, рационалды жобалау, анықталған мақсаттарға жету үшін қажетті жұмыстарды ұйымдастыру, басқару мен бақылау, осы жұмысшы атқаратын адамдарды ынталандыру мен марапаттауды өзіне қосады.

Негізгі әдебиеттер: 5 [21-43]

Қосымша әдебиеттер: 3 [52-63]
Тақырып 2 Менеджмент эволюциясы

Дәріс жоспары

1.Басқарушылық ойдың эволюциясы

2.Менеджменттің қазіргі концепциялары

1 .Басқарушылық ойдың эволюциясы.Басқарушылық ойдың тарихы ғасырларда жатыр. Басқару мәселелері туралы ойларды египеттік папирустарда, Тигр мен Ефрат өзенінің аралығында аймақтарда табылған қыштан жасалған тақтайшаларда, Ежелгі Қытай заманынан қалған орамдарынан да табуға болады. Бірақ осы ойларды не тікелей , не жанама менеджментпен байланыстыруға болмайды, өйткені олар негізінен мемлекеттік басқару жөнінде ұсыныстар болды.

Қазіргі басқарудың барлық түрлері ежелгі ұйымдарда болды деп айтуға болады, бірақ жалпы алғанда басқарудың сол кездердегі құрылымы мен сипаты қазіргі уақытқа қарағанда ерекшеленеді. Мысалы, жетекшілер мен жетекші емес адамдар арасында сандық қатынас өзгеше болды, яғни орта топ жетекшелері аздау болды.

Ұйымдардың тіршілік ету уақыты шамамен әлемнің бар болуымен бірге сәйкес келуіне қарамастан, XX ғасырға дейін оларды жүйелі түрде қалай басқару керек екендігін бірде біреуінің ойына кірмеген сияқты. Адамдарды қалай басқару керек екендігі емес, көп ақша алып, саяси билікке жету жолдары қызықтырды.

Басқаруға деген теоретикалық бастамалардың санасыз іздеулері капитализм кешенінің құрылуынан басталды.

Басқарудың теоретикалық жолдарын іздеу капитализм құрылуы кезеңінен басталып, негізінен философтармен жүргізілді.

Ең алғашқы олар келесі сұраққа жауап беруге тырысты: адамдарды белсенді қимыл жасауға не жұмылдырады? 1651 жылы ағылшын философы Томас Гоббс және 1767 жылы оның жерлесі Джеймс Стюарт: «Адамдардың мінез-қылығының негізгі мотиві билікке талпынуда жатыр» - деп айтты. Тағы бір ағылшын философы Иеремия Бентам өзінің: «Мораль мен заңдылық принциптеріне кіріспе» атты еңбегінде адамдар мінез-қылығының мотивтері пайда мен қанағаттануда жатыр деген көзқарасты ұстайды.

Тоқу машинасының ресми құрылыстырушысы болып саналатын ағылшын Ричард Аркрайт өзінің фабрикасында текстиль өндірісінің барлық процесстерін біріктіріп, оны ұйымдастырудың иерархиялық принципін енгізді.

Басқару саласында кең ауқымды әлеуметтік тәжірибе 1800-1828 жылдарда болды. Сол кезде бірнеше тоқыма фабрикаларында басқару жұмысын атқарған ағылшын ғалымы Роберт Оуен жүргізді.

Басқарудың теория және практикасының дамуында елеулі қадам алғашқы есептеу машиналарын құрастырған Чарльз Беббиджпен жасалынды. Ол әртүрлі операцияларды жүзеге асыру барысында жұмсалатын жұмыс уақытының шығындарын есептеу, бір профильді кәсіпорындардың жұмыстарына салыстырмалы талдау жасау методикасын ойластырып, статистикалық мәліметтерді зерттеу және жалақының сый-ақы жүйесін қолдану негізінде еңбек пайдалылығын жоғарылату жолдарын табуға күш жұмсады. Өз зерттеулерінің нәтижелері мен тәжірибелік ұсыныстарын Беббидж, кейін ғылыми басқару саласындағы әлемдегі алғашқы басылым болып табылған, «Материалдар мен құрал-жабдықтардың экономиясы туралы» кітабында жазылды. Бірақта ғылыми басқару біртұтас жүйе ретінде тек XX ғ. қалыптасты.

2. Менеджменттің қазіргі концепциялары. Менеджмент тарихында оның қазіргі теория мен тәжірибиесінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан 4 маңызды басқару концепцияларын көрсетеді:

- ғылыми;

- әкімшілік;

- психология мен адамдық қатынастар тұрғысынан;

- мінез-құлық жөнінде ғылым тұрғысынан;

Ғылыми басқару концепциясы XX ғ. басынан АҚШ-та дами бастады. Оның негізін қалаушы ретінде американдық инженер Фредрик Тейлор (1856-1915) болып саналады. Оның “Ғылыми басқару принциптері” (1911) атты кітабы менеджментті ғылым мен зерттеудің дербес саласы ретінде қабылдаудың бастамасы болып саналады.

Тейлор 5 негізгі принциптерде құрастырылған еңбекті ұйымдастырудың ғылыми жүйесін жасады.



  1. Жұмысшыларды ғылыми негізде таңдау. Өндірістің тиімділігі жұмыстың әрбір түрі бойынша арнайы қабілеттерге ие жұмысшыны таңдауды талап етеді. Тексеру үшін арнайы тесттер жасалады.

  2. Еңбекті ғылыми зерттеу және жұмысшыларды оқыту. Өндірістің максималды пайдалығына жету үшін жұмысшыны оқыту мен дайындау мүмкіндігі болу үшін күш жұмсау, қимылдар мен уақыт шығындарының ғылыми зерттелуі даму үстінде болу керек.

  3. Жұмыстың мамандануы. Өндіріс құрылымдық бөліктерге бөлінуі тиіс және барлық жұмысшылар өз жұмыстары бойынша мамандарға айналады.

  4. Ынталандырушы мотивтердің маңыздылығы.

  5. Жұмысшылар мен басқарушылар арасында жауапкершіліктің әділетті

үлестірілуі.

Фредрик Тейлордың көрнекті жалғастырушылары оның жерлестері Френк Гилберт (1868-1925 ж.) және Лилиан Гилберт (1878-1972). Олар жұмыстарында қазіргі кездегі басқарудың адамдық ресурсы деп белгілі болатын басқару түріне көңіл бөлген.

Әкімшілік басқару концепциясы ұйымды жалпы басқару принциптері мен жалпы мәселелерін қарастыруға бағытталған.

Басқарудың классикалық теориясының бастамасында «ғылыми менеджменттің атасы» болып саналатын француз Анри Файоль тұрды.

Мекеменің жұмыс жасау заңдылықтарын терең ойластырып қазіргі күнге дейін де өзінің мәнін жоғалтпаған әкімшілік басқарудың атақты 14 принциптерін жасады. А.Файоль айтуы бойынша олар: еңбек бөлінісі; билік пен жауапкершілік; тәртіп; біртұтас басшылық; басқарудың тұтастығы; жеке қызығушылықтардың жалпыға бағыну; марапатталу; орталықтану деңгейі, жетекшілер иерархиясы; әділдік; жұмысшылар құрамының тұрақтылығы; инициативтілік; жұмысшылардың бірігуі.

Анри Файольдің ізбасары, өнімділіктің 12 принципін қалыптастырған инженер-механик Г.Эмерсон болған еді.

Психологиялық және адамдар арасындағы қарым қатынастарға негізделген басқару концепциясы менеджментті алғаш рет «жұмыстың үшінші жақты адамдар көмейімен орындалуын қамтамасыз ету» ретінде анықталады.

Американдық психолог Абрахам Маслоу (1908-1970ж) жүргізген зерттеулер көрсеткендей, адамдардың іс-әрекеттерінің негізінде эканомикалық күштер емес, әрдайым ақшамен қанағаттырылмайтын әр түрлі қажеттіліктердің жатқаны анықталады. Бұнда жұмысшылардың еңбек өнімділігінің жоғарылауы еңбек ақының жоғарылауына ғана байланысты өзгермей, сонымен қатар, жұмысшылар мен менеджерлер арасындағы қарым қатынасқа, өз еңбегіне қанағаттанушылыққа байланысты өзгеруі мүмкін.

Мінез-құлқы ғылымына негізделген басқару концепциясы-60-шы жылдары өз дамуын тапқан теория. Оның басты мақсаты - адам ресустарының белсенділігін көтеру нәтижесінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін жоғарылату. Оның ішіне әлеуметтік әсер етудің ынталандырудың, ұйымдастырушылық құрылымдардың, кәсіпорын коммуникацияларынның, лидерлік жұмысының және еңбек өмірі сапасының өзгеруінің бірнеше аспектілер кіреді. Концепцияның негізгі мақсаты ­­­­­­- мінез-құлық ғылымына сүйене отырып жұмысшылырдың өз қабілеттіліктерін сезінуге көмектесу.

Негізгі әдебиеттер: 5 [21-43]

Қосымша әдебиеттер: 3 [52-63]
Тақырып 3 Менеджменттің негізгі әдістері

Дәріс жоспары

1 Менеджментке ғылыми тұрғыдан қатысу

2 Менеджменттің заңдылықтары

3. Менеджмент принциптері

1. Менеджментке ғылыми тұрғыдан қатысу. Тиімділік және басқару сапасы, ең біріншіден проблеманың шешілу методологиясымен, яғни әдістері мен принціптерімен анықталады. Жақсы теориясыз тәжірибиенің болуы мүмкін емес. Әр түрлі объектілерді экономикалық басқаруының теория және тәжірибе талдауы менеджмент аспектілерінің бірін анықтайтын менеджментке қолданатын 13 ғылыми әдіс анықтауға мүмкіндік береді.

1. Жүйелік әдіс-объект кіріс шығыс, сыртқы ортамен байланыс, кері байланыс жасайтын бір-бірімен байланысқа элементтер ара-қатынасы ретінде қарастырылады

2. Кешенді әдіс. Бұл әдіс қолдау барысында техникалық, эканомикалық, экологиялық ұйымдастырушылық, әлуметтік-психологиялық, саяси және демографиялық менеджмент аспектілерінің және олардың байланысын ескеру қажет.

3.Интеграциялық әдіс байлаысының зерттелуі мен ұлғаюуына бағытталған:

- менеджменттің жекеленген жүйе ішілік және жүйе элементер арасында;

- басқару объектісінің өмірлік циклі арасында

- басқарудың вертикальді деңгейі арасында

- басқарудың горизонтальді субъектілерінің арасында

4. Маркетинтік әдіс тұтынушыға бағытталған кез келген тапсырманы орындауға бағытталған басқаруды алдын-ала болжайды. Таңдап алу критерийлері келесідей:

-тұтынушылардың қажеттілігіне сәйкес объектінің сапасын жақсарту.

-сапасының жоғарылауы арқасында тұтынушы ресустарын үнемдеу.

-өндірісте ресустарын көлемінің ғылым мен техникалық өрлеудің менеджмент жүйесінің қолдануына байланысты ресустарды үнемдеу

5 Функционалды әдіс - қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған функциялар жиынтығы.

6. Технологиялық ықпал ету. Сонымен қатар кәсіпорынға тікелей әсер ету ортасы ықпал етеді. Егер кәсіпорын қажетті ресурстарды иемденгенде немесе тауарды сату және жақсы пайда әкелетін қызметтерді тартқанда, онда тікелей әсер ету факторы оған әсер етеді. Тікелей әсер ету ортаның ең ықпал ететін шарттары мыналар:



  1. Бәсекелестік позиция;

  2. Тұтынушылар;

  3. Үкіметтік әсер;

  4. Еңбек ресурстары;

  5. Қызығушылық танытатын адамдар;

  6. Қамтамасыз етушілер, несие берушілер.

Сәттілікке жетудің жолдары жанама әсер ету аясындағы болып жатқан жағдайлар туралы білу, олардың салаға әсер етуін алдын-ала білу, сыртқы әсер етулерді көбіне өз кәсіпорынына пайда әкелетіндей етіп пайдалану.

2. Менеджменттің заңдылықтары. Басқару теориясында объективті заңдылықтарды шығару және қалыптастыру мүмкін және қажет. Бұл басқару теориясының дамуының ерекшелігімен, сол сияқты басқару тәжірибесімен де анықталады.

Заңдылықтар. Отандық басқару теориясының орталық жүйесін құрайды. Империкалық әдіспен салыстырғанда ғылыми әдіс басқарудың даму тенденциясымен заңдылықтарының объективті қажеттіліктерін есепке алуына негізделген. Менеджменттің төрт заңдылығын атап өтейік:



  1. Өндірісті басқару жүйесінің бірлігі ішкі байланыс жүйесінің сыртқы орта жағдайы өзгерген кездегі тұрақтылығын білдіреді.

  2. Өндірістің және басқарудың пропоционалдығы тек қана халық шаруашылығында ғана қажет емес, сондай-ақ мекемелер және бірлестіктердегі негізгі және қосымша өндірістерінің рационалдық дамуы үшін қажет, бұл еңбек өнімділігінің жоғарғы шарты болып табылады.

  3. Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған басқару. Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған басқарудың үйлесімділігі олардың міндеттерінің, функцияларды және құзіреттерді өзара бөлу қажеттілігін білдіреді.

  4. Басқаратын және басқарылатын жүйелерінің сәйкестігі және парапарлығы. Бұл жерде басқаратын жүйенің басқарылатын жүйемен үйлесімді екенін түсіну қажет. Басқарылатын субъект және объектінің өзгеруі әр түрлі факторлардың әсер етуінен болады.

3. Менеджмент принциптері – басқару жүйесіндегі байланыстар мен құрлымдар байланысы жүзеге асырылатын заңдылықтар болып табылады. Ол тәжірибелік міндеттерді орнату барысында пайда болады. Басқа сөзбен айтсақ, бұл басқарылатын тәжірибелік қызмет барысында қолданылатын ережелер, негізгі жағдайлар, іс-әрекет нормалары болып табылады.

Менежмент принциптері жүйеге, құрылымға, ұйымға және басқару процесіне басқару органдарының құрлымына және оның функцияларының жүзеге асырылу әдістеріне қойылатын талаптарды анықтайды.

Менеджменттің негізгі принциптерін атап өтейік:


  1. Орталықтанған және орталықтанбаған басқарудың оптималды сәйкестік принципі.

  2. Саяси және шаруашылық басқарудың бірлігі принципі.

  3. Шаруашылықты жоспарлы түрде жүргізу принципі.

  4. Материалды және моральді ынталандыру принципі.

  5. Ғылыми принципі.

  6. Жауапкершілік принципі.

  7. Кадрларды іріктеп алу және орналастыру принципі.

  8. Экономикалық және тиімділік принципі.

  9. Территориялық және салалық басқарудың оптималды сәйкестігі туралы принципі.

  10. Шаруашылық шешімдерінің принципі.

Негізгі әдебиеттер: 6 [26-53]

Қосымша әдебиеттер: 8 [62-73]
Тақырып 4 Кәсіпорын қызметіне ішкі және сыртқы ортаның әсері

Дәріс жоспары

1.Ұйымның ішкі ортасы

2. Ұйымның сыртқы ортасы

1.Ұйымның ішкі ортасы. Ішкі айнымалылар - бұл ұйымның ішіндегі жағдайлық факторлар. Ұйым адамдар жасаған жүйе болғандықтан, ішкі айнымалыдар, негізінен, басқарушылық шешімдердің нәтижесі болып табылады. Алайда бұл толығымен ішкі айнымалылар басшылықтың бақылауында екендігін білдірмейді. Басшылықтың көңіл аударуын талап ететін ұйымдағы негізгі айнымалылар мыналар: мақсаттар, құрылым, міндеттер, технология мен адамдар.

Мақсат - бұл бірге жұмыс істейтін топ жеткісі келетін нақты түпкі жағдай немесе ықыласты нәтиже. Жоспарлау процесі барысында басшылық мақсаттарды дайындап, оларды ұйым мүшелеріне хабарлайды. Бұл процесс қуатты үйлестіру механизмі болып табылады, себебі ол ұйым мүшелеріне олар неге тырысулары керек екендігін білуге мүмкіндік туғызады. Мақсаттар алуан түрлі болуы мүмкін: ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді, түпкі және аралық, жалпы және жеке, басты және қосалқы. Қызметтері ұқсас түрлі ұйымдардағы бөлімдердің мақсаты бір ұйым ішіндегі түрлі қызметпен шұғылданатын бөлімшелердің мақсаттарына қарағанда бір-біріне жақынырақ болады. Бөлімшелердің мақсаттары өзге бөлімшелердің (функционалдық салалардың) мақсаттарымен кереғар келмей тұтастай ұйымның мақсатына нақты үлес қосуы тиіс.

Құрылым - бұл ұйымның мақсатына барынша тиімдірек жетуге мүмкіндік беретіндей нысанда құрылған функционалдық салалар мен басқару деңгейлерінің қисынды әрекеттестігі.

Құрылымның 2 негізгі тұжырымдамасы бар:



  1. арнайы еңбек бөлінісі - жекелеген жұмыстарды мамандарға бекіту (көлденеңінен);

  1. бақылау өрісі - бір басшыға бағынышты тұлғалар саны. Егер бір басшыға адамдардың біршама көп саны бағынатын болса, онда бұл бақылаудың кең өрісі, ол ұйымның жазық құрылымын береді. Егер бақылау өрісі тар, яғни әрбір басшыға аз адам бағынатын болса, онда ұйымның құрылымы көп деңгейлі (тігінен).

Міндет - бұл алдын ала ескерілген мерзімде алдын ала белгіленген тәртіппен орындалуы тиіс ұйғарылған жұмыс, жұмыстар сериясы немесе жұмыстың бөлігі. Міндет қызметкерге емес, лауазымға ұйғарылады. Құрылым жөніндегі басшы шешімінің негізінде әрбір лауазымға ұйым мақсатына жетуге қажетті үлес ретінде қарастырылатын бірқатар міндеттер қойылады. Міндеттер 3 санатқа бөлінеді:

  1. адамдармен жұмыс;

  2. нәрселермен (машиналармен, шикізатпен, саймандармен) жұмыс;

  3. ақпаратпен жұмыс.

Технология - бұл материал, ақпарат немесе адамдардағы ықыласты өзгерісті жүзеге асыру үшін қажет біліктілік дағды, жабдық, инфрақұрылым, саймандар мен сәйкес техникалық білімдердің үйлесімі. Технология тұрпаттарын жіктеу жүйелерінің ішіндегі ең белгілісі британдық зерттеуші Джоан Вудворд жүйесі болып табылады. Өндірістік фирмаларды зерттей отырып, ол өндірістік фирмалардың барлық технологияларын 3 санатқа бөлуге болатынын анықтады:

  1. Бірлі-жарым, ұсақ сериялы немесе дербес өндіріс - бір мезгілде тек бір немесе бірдей бұйымдардың ұсақ сериясын дайындау үшін қолданылады. Көбіне мұндай бұйым белгілікті тұтынушы үшін оның ерекшеліктері бойынша дайындалады немесе жаңа үлгі болып табылады.

  2. Көпшілік немесе ірі сериялы өндіріс - бірдей немесе өте ұқсас бұйымдардың көп санын дайындау үшін қолданылады. Өндірістің мұндай тұрпаты механикаландырумен, стандартты бөлшектерді пайдаланумен және жинаудың конвейерлік тәсілімен сипатталады. Барлық дерлік тұтыну тауарлары көпшілік өндіріс технологиялардың негізінде дайындалады.

  3. Үздіксіз өндіріс - сипаттамалары бойынша бірдей өнімді көп көлемде үздіксіз дайындау үшін тәулік бойы жұмыс істейтін автоматты жабдықтарды пайдаланады. Мұнай өңдеу, болат құю мен жез балқыту өндірісі, электр станциясының жұмысы үздіксіз өндіріске мысал бола алады.

Әлеуметші әрі ұйымның теоретигі Джеймс Томпсон технологияларды жіктеу үшін өзге, бірақ алдыңғыға кереғар келмейтін, жүйені жасады. Оның пікірі бойынша технологиялар келесі 3 санатқа бөлінеді:

  1. Көп тізбекті технологиялар - бірізділікпен орындалуы тиіс өзара байланысқан міндеттердің сериясымен сипатталады. Көпшілік өндірістің жинақтаушы желілері мұндай технологияның үлгісі бола алады. Автомобильді жинаудың әрбір операциясы белгілікті бірізділікпен орындалуы тиіс. Мысалы, раманы жинағанша двигательді орнатуға болмайды.

  2. Делдалдық технологиялар - өзара байланысты болып табылатын немесе болғысы келетін адамдар тобының кездесуімен сипатталады. Мысалы, банк ісі - салымшылар мен банктен несие алатындарды байланыстыратын делдал технология.

  3. Интенсивті технология - өндіріске түсетін нақты материалда белгілікті өзгеріс жасау үшін арнайы тәсіл, дағды немесе қызметті қолданумен сипатталады. Фильм монтажы мұндай технологияға мысал бола алады.

Технологияның бірде-бір тұрпатын ең жақсы деп есептеуге болмайды, олардың әрқайсысының өз артықшылықтары бар әрі белгілікті міндеттер мен нақты мақсаттарға жету үшін сәйкес келеді. Аталмыш технологияның түпкі жарамдылығын өз тұтынушылық таңдауын жасаған кезде адамдар анықтайды. Ұйымның ішінде адамдар нақты міндеттер мен операциялар мазмұнының таңдап алынған технологияларға сөйкестігін анықтаған кезде маңызды шешуші фактор болып табылады. Адамдардың ынтымақтастығысыз ешбір технология пайдалы бола алмайды және ешбір міндет орындала алмайды.

Адамдар кез келген басқару үлгісінің орталық факторы болып табылады. Басқарудағы адам айнымалысының 3 негізгі тұрғысы бар:



  1. жекелеген адамдардың, топтағы адамдардың мінез-құлқы, басшы мінез-құлқының сипаты;

  2. лидер рөліндегі менеджердің қызметі;

  3. жекелеген адамдар мен топтарға басшының әсері.

Қоғам мен жұмыста адамның өзін ұстауы жеке адамның дербес сипаттамасы мен сыртқы ортаның күрделі үйлесуінің салдары болып табылады. Дербес мінез-құлық пен сәтті әрекетке әсер ететін факторлар:

  1. ойлау және дене қабілеті;

  2. құндылықтар мен көзқарас. Құндылық - бұл не жақсы және не жаман екендігі жайлы жалпы наным, сенім;

  3. қажеттіліктер - бұл бірдеңенің жетіспеушілігін психологиялық немесе физиологиялық сезінудің ішкі күйі;

  4. талаптану;

  5. өнімділік.

Әртүрлі ішкі айнымалыларды түсінуге басқарудың әрбір мектебі елеулі үлес қосты. Соның өзінде нақ жүйе теориясының дамуы өзара байланысқан бөліктерден тұратын тұтастық ретіндегі ұйым тұжырымдамасын жасауға көмектесті. Ішкі айнымалыларды ішкі социотехникалық жүйеше деп атайды, себебі олар әлеуметтік сыңар (адамдар) мен техникалық сыңардан (өзге ішкі айнымалылар) тұрады. Айнымалылардың бірін өзгерту олардың барлығына әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет