Арнайы бақылау – бұл зерттелетін құбылысты таңдап қарастыру әдісі. Ашық бақылау



бет3/5
Дата06.11.2022
өлшемі18.27 Kb.
#464117
1   2   3   4   5
глоссарий

Кітаппен және оқулықтармен жұмыс – оқытудың маңызды әдісі, бастауыш сыныптарда кітаппен жұмыс сабақта мұғалім басшылығымен жүзеге асады.
Қабілеттілік – бұл бірдей күш пен бірдей уақыт аралығында, бір адамның басқа адамдарға қарағанда жоғары көрсеткіштерге ие болуын қамтамасыз ететін мүмкіншілік.
Қызығушылық(латынша interest – мәні бар, маңызды) – дүниедегі заттар мен құбылыстарды танып-білуге бағытталған адамның жеке ерекшеліктерінің бір көрінісі. Адамның іс-әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұрат-мүддесіне байланысты қызығушылықтары әртүрлі болады.–тұлғаның ұжымды өзіне бағындыруы.
Модуль–мұғалім жасайтын оқушының іс-әрекетінің жоспары.
Мотивациялау – адамда белгілі бір мотивтер туғызып олар адамға белгілі бір іс-әрекет жасататын процесс.
Мультимедиа (латын сөзінен алынған multum ағылш. multimedia – көп және media, medium – жабдық) – қолданушыға бірыңғай ақпараттық орта түріндегі әртүрлі деректермен (графика, мәтін, дыбыс, бейне) дилогтік режимде жұмыс жасауға мүмкіндік беретін аппараттық және бағдарламалық жабдықтар кешені.
Ойын– қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет.
Оқу бағдарламасы–оқушылар меңгеруі тиіс негізгі білім, іскерлік, дағдылардың көлемі белгіленген мемлекеттік құжат.
Оқу жоспары– тиісті білім беру деңгейіндегі оқу пәндерінің тізбегі мен көлемін, оларды зерделеу тәртібі мен бақылау нысандарын реттейтін негізгі құжат.
Оқулық– оқу бағдарламасы мен дидактикалық талаптарға сай нақты оқу пәнінің мазмұнын ғылыми негізде жүйелеп, баяндайтын оқу кітабы.
Оқу– танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру әдісі; оқу материалын тез меңгеруге көмектесіп, абстрактылы ойлауды дамытатын әдіс.
Оқытуды бақылау– мұғалімдер мен мектептердің жұмыстарын тексерудің әкімшілік-ресми тәртібі; нәтижелерін басқару; шешімдерін қабылдау үшін қызмет ету.
Оқыту– мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру.
Оқыту әдістері оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушының қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады.
Өзара оқыту (жұптық оқыту) – оқушылар тұрақты жұпта немесе құрамы өзгеретін жұпта жұмыс істеп, қандай да бір мәселені бір-біріне түсіндіріп, өз тақырыптарын қорғап, жолдасының жұмысының нәтижесін бағалауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет