Арнайы бақылау – бұл зерттелетін құбылысты таңдап қарастыру әдісі. Ашық бақылау



бет4/5
Дата06.11.2022
өлшемі18.27 Kb.
#464117
1   2   3   4   5
глоссарий

Өзіндік жұмыс – оқушылардың білім, іскерліктерін тәжірибеде қолдану тәсілдерін меңгеруге бағытталған оқытушы көмегінсіз өткізілетін іс-әрекеті.
Өзін-өзі бағалау әдісі– жеке тұлғаның өзі-өзі баға беруі; жеке тұлғаның өз мүмкіндіктері, қасиеттерін және басқа адамдар арасындағы орнын анықтауға көмектесетін әдіс.
Панорамалық сабақ–озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке таратуы.
Педагогикалық шеберлік - үздіксіз ізденудің, өзін-өзі үнемі кәсіби жетілдірудің және өзінің қалаған мамандығына деген құмарлығынан туындайтын іс-әрекеттерінің жиынтығы.
Педагогикалық шығармашылық– бұл ғылыми ізденудің нәтижесінде озат тәжірибені жасау, тұтас педагогикалық процесс мәселелерін шеберлікпен шешу, оларды педагогикалық жұртшылықтың игілігіне айналдыру.
Рейтинг – білікті адамдар көмегі арқылы жеке тұлғаның қасиеттерін бағалайтын сызба. Белгіленген сызба бойынша кез келген құбылысты субъективті бағалауға болады.
Сабақ– мектептегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі формасы.
Саналылық және белсенділік принципі– өз бетімен меңгерілген білім санаға жақсы сіңеді, ал белсенділік оқу материалын терең және берік түсінуге ықпал жасайды.
Сауалнама– сауал арқылы көпшілік материал жинастыру әдісі.
Семинар– оқыған лекция тақырыбына байланысты өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді.
Стереотип –сараптау жүйелерінде пәндік саладағы абстракцияланған, жалпыланған объект түсінігі.
Сұхбат – ауызша сұрау арқылы ақпарат алу тәсілі.
Сұхбаттасу– әңгіменің бір түрі, зерттеуші белгілі тәртіппен берілетін, алдын -ала дайындалған сұрақтармен сұхбат жүргізуі.
Таным– нағыздықтың адам санасында мақсатты және белсенді түрде бейнелену процесі .
Тәрбие принциптері– тәрбие процесінде оның мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдері мен формаларын жүзеге асыруда мұғалімдердің қолданатын басты тәрбие идеяларының жиынтығы.
Тест– жеке тұлғаның салыстырмалы көрсеткіште психологиялық қасиеттерін, сонымен бірге білімін, дағды іскерлігін өлшеуге арналған стандартты тапсырмалар жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет