Арнайы бақылау – бұл зерттелетін құбылысты таңдап қарастыру әдісі. Ашық бақылау


Дәстүр– ұжымдағы адамдардың қатынастарын көрсететін нормалар мен принциптер. Демонстрация



бет2/5
Дата06.11.2022
өлшемі18.27 Kb.
#464117
1   2   3   4   5
глоссарий

Дәстүр– ұжымдағы адамдардың қатынастарын көрсететін нормалар мен принциптер.
Демонстрация – әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кинофильмдерден, диафильмдерден көрсетуі.
Диагностика–оқу-тәрбие процесінің барысы және нәтижелері туралы ақпарат алу тәсілі.
Дидактика–бұл ежелгі грек сөзі, яғни «didasko» –оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика– білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Дидактикалық қабілет– мұғалімнің оқушыға оқу материалын жеткізу қабілеті.
Дистанциялық оқыту (қашықтан білім беру) – электрондық және телекоммуникациялық құралдар арқылы алыста орналасқан адамдардың оқу-танымдық қызметі мен дамуын ұйымдастыру.
Дөңгелек үстелдер– белігіленген мәселе бойынша пікір алмасуды қарастыратын педагогикалық тәжірибені зерттеу түрі.
Жеке әдістемелік бақылау – ғылыми қабылдау нысаны ретінде белгіленген пән бойынша нақты оқу процесін бақылау.
Жеке диагностикалық қызмет – бұл оқушының білімдарлығына, тәрбиелілігіне және дамуына психологиялық зерттеу жасау, сонымен қатар мұғалімнің кәсіби хабардарлығының деңгейін анықтау.
Иллюстрация– әдіс, оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.
Инновация– педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатқа жету.
Инновациялық іс-әрекет–қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет.
Интеграция–әртүрлі пәндердегі негізгі принциптер мен заңдылықтарды өзара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыру.
Интеграциялау принципіжалпы білім мазмұның анықтауда, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жазып шығаруды ескеретін маңызды принцип.
Креативтілік(creatio латын тілінен тікелей аудармасы– «жасап шығару»;«жасырын күш»;«жасап шығаруға қабілеттілік».) – өнімді әрекет етуге дайын болу, жаңалық ашуға дайындығын көрсететін индивидтің тұлғалық сапасы. Индивидтің жоғары нәтижелерге жетуге деген тұрақты мотивтерінің болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет