Технология – өнім алу үшін оған керекті материалды өңдеу әдістері және өнім шығаруға керекті жүйелі процесс.
Тұлға – адамның әлеуметтік-психологиялық қырын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі, қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым.
Түсіндіру– жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау.
Түсініктілік принципі– бала өзінің ойлау қабілетіне, жинақтаған білім, іскерлік, ойлау тәсілдерінің көлеміне қарай қабылдауы.
Тікелей бақылау– зерттеушінің бақылау барысында тікелей көрген деректерді тіркеуі.
Ұжым– ортақ мақсат пен міндеттер біріктірген адамдар тобы. Мұндай топқа жоғары деңгейде дамыған бірлескен қызмет барысында қол жеткізіледі. Бір-біріне әсер ететін, өзара әлеуметтік негізделген мақсат, мүдделермен, өзін ұстаудың нормалары мен талаптарының қажеттілігімен, бірге атқарылатын қызметпен біріккен адамдар тобы. Ұжым – әрекетте ортақ мақсат көздейтін адамдар тобы.
Шығармашылық– пайда болған міндеттерді әлдеқашан белгілі болған тәсілдермен шешу үшін талап етілетіндердің тысына шығатын жоғары формадағы ойлау.
Іскерлік–іс-әрекетті жақсы істеуге керекті жұмыс тәсілдерін белгілі бір жағдайларға байланысты таңдау және қолдану, адамның жұмысты жаңа жағдайда өнімді, сапалы, уақытында істей білу қабілеті.
Эвристикалық әдіс– оқушыға мәселені өз бетімен шешуді үйрету үшін қолданылатын әдіс.
Достарыңызбен бөлісу: |