Бекітуге арналған сұрақтар
Мектепте оқуға даярлық деген не?
Мектеп табалдырығын енді аттаған балаларда қандай қиындықтар болады?
Баланың мектепке даярлығын қалай тексереміз?
Бастауыш сыныпта педагогикалық тәрбиеден босаңсуға қандай факторлар әсет етеді?
Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балаға сипаттама беріңіз.
Психологиялық-педагогикалық алдын алу және психологиялық-педагогикалық коррекция ұғымдарына анықтама беріңіз.
Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балаларға алдын алу және коррекциялық жұмыстар жүргізудің жалпы принциптері қандай?
Баланың жасына байланысты алдын алу әдістері қандай топтарға бөлінеді?
Қорқыныш пен үрейдің айырмашылығы неде?
Жас ерешелігіне байланысты қорқыныштар дегеніміз не?
Невротикалық қорқыныштарға сипаттама беріңіз.
Бастауыш сынып оқушыларындағы мектептік үрейді жеңу үшін қандай жұмыстар атқаруға болады?
Педагогикалық тәрбиеден босаңсудың алдын алу мақсатында қандай іс-шаралар жүргізіледі?
Педагогикалық тәрбиеден босаңсудың алдын алу жұмыстар қандай бағыттар бойынша жүргізіледі?
4.8 Бастауыш мектептегі педагогикалық коррекция тақырыбы бойынша тест
1-нұсқа
1.Бастауыш сыныпта педагогикалық тәрбиеден босаңсуға әсер ететін мектептік фактор:
А) оқу нәтижесін төмен бағалау +
В) жолдастарымен қарым-қатынасы
С) отбасындағы мәселелер
D) оқушының жеке бас ерекшеліктері
Е) мұғалімнің жеке бас ерекшеліктері
2. Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған бала тұлғасына оны қарым-қатынас, іс-әрекет және өзіндік сана субъектісі ретінде қалпына келтіру мақсатында жүргізілетін психологиялық-педагогикалық әсер ету тәсілдерінің жиынтығы қалай аталады?
А) психологиялық-педагогикалық коррекция +
В) психологиялық-педагогикалық диагностика
С) психологиялық-педагогикалық терапия
D) психологиялық-педагогикалық кеңес
Е) психологиялық-педагогикалық алдын алу
3. Балаларды тәрбиелеу ұжымының өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыруға байланысты алдын алу әдістерінің түрі:
А) ойынның таным сипаты;
В) эмоционалдық қайғыру жағдайын тудыру;
С) шұғылданушылық;
D) ұжымдық ойындар +
Е)өмірлік тәжірибеге сүйену
4. Баланың эмоционалды жағымсыз жағдайының көрініс беруінің жеңіл формасы – бұл ...
А) қорқыныш
В) ерік
С) үрей +
D) ішкі көзқарас
Е) агрессия
5. Жоғары эмоционалдық интенсивтілікпен, ұзақ уақыттылықпен немесе тұрақтылықпен, мінездің және тұлғаның қалыптасуына жағымсыз әсер етумен, т.б сипатталатын қорқыныш түрі
А) сыртқы
В) ішкі
С) жас ерекшелігіне байланысты
D) жеке бас ерекшелігіне байланысты
Е) невротикалық
Достарыңызбен бөлісу: |