6.3 Жеткіншектердің адекватты емес мінез-құлқының алдын алу мен түзету
Жеткіншектер мен балаларды тәрбиелеуде ата-ананың, тәрбиешінің, мұғалімнің, сынып жетекшінің атқаратын жұмыстары басты роль атқарады. Жеткіншекті тәрбиелеуде мұғалімдер, тәрбиеші, сынып жетекшілер тарапынан әр түрлі тәрбие сағаттарын,ашық сабақтар,ойын сабақтарын, тренинг сабақтарын жүргізу маңызды.
Мінезі ауыр балаларды қиын бала деп атайды. Қиын балалармен жұмыс жүргізу кезінде қатаң талап қойылады. А.С.Макаренко тәрбиеленушінің өзіне деген қатынасын құрмет көрсетумен байланыстырды.
Үлкендердің талабын жеткіншектер жүзеге асыру үшін, төмендегідей қағидаларды орындауы керек.
Талаптарды орындау сатысында, өзінің жекелей ерекшеліктерін жетілдіру;
Мейірімділік, сыпайылық көрсету;
Қосымша аргументтік талаптар;
Уақытты дұрыс пайдалану;
Талаптың қиындауы;
Орындауға бақылау жасау.
Бала мінез-құлқы қиындығының себептерін жалпы мынадай топтарға жатқызуға болады:
* Әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалу, бұл арада бала өзінің тәрбиесінің жетімсіздігінен өзін дұрыс көрсете алмайды;
* Отбасындағы психологиялық жағдайдың терістігі, топтағы құрбы-құрдастарымен өзара қатынасының жараспауы, балаға ата-ана, тәрбиеші, оөытушы тарапынан әділетсіз қатынас жасалуы салдарынан көрінеді;
* Қараусыздық, қоршаған ортаның теріс ықпалы.
6.4 Жеткіншекті қайта тәрбиелеу ерекшелігі
Баланың тәртібінен қарсы іс-қимыл жасауынан өзіне назар аударту үшін, кек қайтару үшін, билік, сәтсіздіктен байқауға болады. Демек, бала ата-анасымен қарым-қатынасқа зәру, ата-анасына жақын болғысы келеді,яғни жан азабынан қорғанады.
Баланы үнемі сынап отырса, ол жек көріп өседі, егер кінәлап отырса, ол өзін кінәлі сезініп өседі, мысқылдап отырса, тұйықталады. Еш уақытта баланы басқа баламен салыстырмаңыз!
Егер бала байсалды, сабырлы болып өссін десеңіз, оған үнемі көңіл бөліңіз, жақсы қылығы үшін мақтап, қиын жағдайда көмек көрсетіп, әр табысын көрсетіп, мақтап отырыңыз.
Тәрбиедегі ауытқушылық отбасында көрініс береді және оның себептері отбасы құрылымында болады, сондай-ақ ата-ананың балаға қарым-қатынасынан туындайды.
Отбасы жағдайындағы кейбір мәселелер бала мінез-құлқының бұзылуына, олардың тууына себепші болатындығын көрсетеді. Егер ата-аналар өз жеке проблемаларын дер кезінде шешіп отырса, бала психологиясының бұзылуына жол бермейді.
Қиын балалардың көпшілігі мейірім,жылылықты жиі сезінбейді. Сондыттан осындай жеткіншектермен жұмыс жүргізетін мұғалімдер мынадай сөздерді жиі қолданулары керек:
Қолдау ( « Өте жақсы», «Осы қалпыңнан тайынба!»).
Мадақтау («Сен бүгін жақсы жұмыс жасадың!»).
Қарым-қатынас барысында мейірімділік көрсету, көңіл бөлу.(«Мына оқулықтарды балаларға беріп жіберші»).
Сенім көрсету(«Мен кілтті саған сеніп тапсырдым»).
Баланың өзіне деген сенімін қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |