5.5 5-сынып оқушыларының сынып ішілік қарым-қатынасын жақсартуға арналған тренинг
«Біз және біздің сынып»
Мақсаты: сынып ішілік қарым-қатынасты жақсарту
Сабақ барысы.
1. Ең алдымен оқушыларға ұсынылады: оң жағында отырған көршісіне, сол жақтағы көршісіне қарап күлімсіреп, қолынан қысып, СӘЛЕМ деулері керек.
2. Сынып жетекшісі барлығы бір уақытта айғайлап, өз мекен-жайларын айтуларын өтінеді. Кейіннен кез келген оқушыдан басқа оқушының мекен-жайын сұрап, не себепті ақпаратты дұрыс түсінбегендіктерінің себептерін айтып, қарым-қатынастың ережелерін енгізеді:
Басқа біреудің сөзін бөлуге болмайды!
Сені басқа біреудің тыңдағанын қаласаң, өзің тыңдап үйрен!
3. Сынып жетекшісі дискуссия ұйымдастырады, аяқталмағын сөйлемдерді оқиды, ал оқушылар соған сәйкес сыныптастарының атын мен тегін айтады.
Біздің сыныпта өз бетінше жұмыс істейтін оқушы…
Мені жиі таңқалдыратын оқушы...
Өмір деген қиын нәрсе, бірақ біздің сыныпта қиындыққа төзе білетін оқушы...
Бұзақыға қиын соғады, егер ол біздің ... кезіктірсе.
Біздің сыныптағы ең дарынды тұлға ...
Сыныпта бәрінен де жақсы тыңдай білетін, түсінетін, қолдау көрсете білетін...
Егер сыныпта көңілсіз болса, демек сыныпта... жоқ.
Маған …тақтада жауап бергені қызықты.
Жақын арада…үздік оқушы атануы мүмкін.
Менің түсіме жиі кіретін оқушы…
Тапқырлық…тән.
Сыныптық кештердің сәні…
Сыныптағы ең мейірімді оқушы деп …айта аламын.
Саясатқа қызығатын оқушы…
Біздің сыныптағы жомарт оқушы …
Қарапайымдылығы ерешелеп тұратын оқушы…
Сыныпта …келгенде көңілдірек.
4. Оқушыларға оқу жылындағы ең басты жетістіктері туралы айтып беру ұсынылады. Әрбір айтылған жетістікке қалған барлық оқушылар хормен «Тамаша!» деп айғайлап, бас бармақтарын жоғары көтереді.
5. Сергіту жаттығуы
Өзіңді келесі категорияға жатқызатын болсаң, қолыңды шапалақта:
Барлығымыз шапалақтаймыз;
Тек қана қыздар;
Дәмді тамақтанғанды ұнататындар;
Сабаққа кешігетіндер ғана;
Жақсы оқитындар ғана;
Жазғы демалысты жақсы көрмейтіндер ғана;
Тәттіні жақсы көретіндер ғана;
Футбол ойнағанды жақсы көретіндер ғана;
Көңіл-күйі көтеріңкілер ғана.
6. «Менің бейнем күн сәулесімен шағылысуда» жаттығуы
Әрбір оқушыға парақ таратылады. Парақтың дәл ортасында шеңбер ішінде «Менің шамам келеді!» деп жазылған. Оқушылар күннің шашып тұрған сәулесін салып, әрбір сызыққа өздерінің басқа біреу үшін не істей алатындарын жазады. Жазбалардың кейбіреулері оқылады.
7. Оқушыларға алты бұрышты формадағы қағаз, түрлі түсті қарындаштар таратылады. Әрқайсысына өзінің елтаңбасын салу тапсырмасы беріледі және ол елтаңбада міндетті түрде аты және бір жағымды қасиеті жазылу керек екенін ескертеді. Елтаңба әдемі безендірілуі керек. Кейіннен оқушылар үлкен алты бұрышты формадағы ортақ шаблонға өз елтаңбаларын жабыстырады. Елтаңбалалар бір-біріне тығыз жанасып тұратындай етіп жабыстырылуы керек. Шаблонда кейінірек «БІЗ» деп жазу үшін орын қалтырылуы керек. Ватманға алдын алты бұрышты фигура салынып, ілінеді. Әрбір оқушы тақтаға келіп осы алты бұрышқа өз елтаңбасын жапсырады. Мұғалім олардың ортақ елтаңбасының араның ұясына ұқсайтындығына назарларын аударады. Аралар өте еңбекқор келеді және олар бірігіп берік үй құрастырады. Оқушыларға әрбір «МЕН» жиналып келіп «БІЗ»ді құрайтындығын түсіндіру керек. «БІЗ» сөзі бос орынға жазылады. Қорытындыда «БІЗ»дің «МЕН»сіз бола алмайтындығы туралы айтылады.
Барлық оқушылар хормен «Біз бәріміз» деп айтады да, бір бала әрбір елтаңбадағы жағымды қасиеттерді оқиды. Мысалы, біз бәріміз әдеміміз, ақылдымыз.
8. Рефлексия.
Оқушыларға қағаз ұялы телефон арқылы бүгінгі тренинг қалай өтендігі жайлы хабарлап досына SMS-хат жолдау тапсырмасы беріледі
Достарыңызбен бөлісу: |