Оларды бастауышсыз айтуға болмайды, бұл- бір;
екіншіден, бастауыш көптік
мағынада, көптік жалғауында айтылғанымен,
оның есім баяндауышы, көптік
жалғауында тұрса да, тұрмаса да. Бастауыш пен грамматикалық
байланыста бола
береді
Баяндауыш қызметі жіктік жалғаулардай болғанмен, көбінесе баяндауыш болған
сөзге жалғанатын қосымшаның бірі
- діңкі, -нікі,-(ның-кі). Ол тұлғадағы есімдердің
қазақ тіліндегі предикаттық мағынасы басқа түркі тілдеріндегідей деуге болады. Ол
қосымша
жалғанған баяндауыштар, жоғарыда айтылғанындай, басқа затқа
меншіктелмейді, басқа затты өзіне тəуелді етіп, өзі меншік иесі болады.
-Нікі,- дікі қосымшасы жалғанған сөздердің баяндауыш
болу амалы да оның
сөйлемдегі орнымен байланысты. Солай болғандықтан ондай тұлғадағы баяндауыштар
бастауыштардан
соң
тұрады,
бастауышсыз
айтылмайды.
Өйткені
ондай
баяндауыштардың меншікпен тұратын заттарды сол сөйлемдегі бастауыштар болады.
Баяндауыштардың негізгі түрлері. Сөз табының бəрі де баяндауыш бола алады.
Дегенмен көбінесе баяндауыштық қызметте жұмсалатын сөздерді жіктегенде, олар
мынадай басты-басты негізгі екі салаға бөлінеді:
1. Етістік баяндауыштар: 2. Есім баяндауыштар. Етістік баяндауыштар да, есім
баяндауыштар да дара күрделі жəне ол екі түрі аралас айтылған құрама болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: