Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi


Сөйлемнің тұрлауы мүшелері



Pdf көрінісі
бет20/88
Дата20.05.2022
өлшемі1.02 Mb.
#458416
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   88
синтаксис кітап

Сөйлемнің тұрлауы мүшелері. Дүкенде Қарабайға жəрдемлесетін адам жоқ. 
Көрікті де оның өзі басады, темірді де өзі қыздырады, істі де өзі соғады. Бұл 
сөйлемдерде əр сөз керегіне қарай өз орнында, синтаксистік қызметте жұмсалған. 
Сондықтан оларда айтылған ойға қатысы жоқ сөз де жоқ.Солардың басын құрастырып, 
əр сөйлемде айтылған ойға əрбір мүшені ортақ етіп тұрған бас мүшелер-бастауыш пен 
баяндауыштар: адам жоқ, өзі басады, өзі қыздырады, өзі соғады. Бұлар сөйлем 
құрамының діңгі, айтылған ойлардың негізгі қаңқасы. Басқа мүшелер солармен 
біртұтас құрамда айтылғандықтан ұтымды да, оларсыз шала-жансар, сөйлемдік қасиеті 
жоқ сөздер тізбегі ғана. Ал бастауыш пен баяндауыштар топтары бөлек алғанда да əрі 
сөйлем, əрі маңдарында басқа да мүшелердің болуын тілейтіңдей əрі тіректі тіркес. 
Осындай, сөйлем құрауға негіз болатын, өзара предикаттық қатынаста жұмсалатын 
сөйлем мүшелерін- тұрлауы (бас) мүшелер дейміз. 
Тұрлаулы мүшелерінің синтаксистік қызметі бірдей емес. Əдетте бастауыш 
сөйлемде айтылатын ойға негіз болады, ол баяндауыш арқылы айтылған қимылдың не 
басқа сапаның субъектісі (иесі) болады.Баяндауыш бастауыштың ісін, қимылын, күйін 
жəне басқа заттық, сындық сапасын білдіріп, бастауышқа бағынады. Бұл жағынан 
тұралыуы мүшелердің ең негізгісі-бастауыш, бірақ сөйлемдегі қызметі жағынан 
бастауыштан гөрі баяндауыштың синтаксистік қызметі анағурлым басым болатыны 
белгілі. Оны мыналардан байқаймыз: 1. Баяндауыш сөйлем арқылы айтылған ойды 


тиянақтап,көптеген сөздері ілестіріп барып, сөйлемді аяқтап тұрады. Бұл жағынан ол-
сөйлемнің ең негізгі ұйымдастырушы мүшесі.
Бастауыштың 
жасалуы
Бастауыштың 
мағынасы 
баяндауыштың 
морфологиялық құрамындағы тұлғалар арқылы белгілі болып дербес тұра береді. 
Ондайда бастауыш сөйлем ішінде арнайы айтылмай, сөйлем толымсыз болы да 
мүкін.Ал баяндауышсыз толымсыз сөйлемдер өте сирек кездеседі. Əсіресе диалогта, 
мақал-мəлтеде («қой баласы-қозыдан» сияқты) баяндауыштың «түсіп қалуы» 
«ықшамдылықпен» байланысты. Осындай, баяндауыштың синтаксистік қызметі 
бастауыштан басым болғанына қарап, баяндауышты ғана бас мүше деп қарау дұрыс 
болмайды. Шынында да, ол екеуі де-сөйлем құрауға ұйытқы болатын, басқа мүшелерді 
айналасына үйіріп тұратын, сөйлемнің діңгекті орталығы-бас мүшелер. 
Бастауыштың грамматикалық тұлғасы-сөздің атау тұлғасы. Басқаша айтқанда
бастауыш қызметінде жұмсалған сөз не сөз тіркесі атау септігінде тұрады. Бастауыштар 
кейде формаланбаған ілік септігінде де айтылады; ондай ілік септікті бастауышы бар 
сөйлемнің баяндауышы не тəуелдік жалғаулы сөз күрделі баяндауыштың құрамында 
болып келеді: Шығанақ почта конторындағы радиоға құлағын төсеп отырғаны 
(Ғ.Мұстафин). 
Тас 
түсіріп 
тұрсам, 
мына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет