(анықтауыштар) бұлты деген зат есімнен болған бастауышты анықтайды. Ал əлдеқайда
(пысықтауыш) сөзі тарап жатыр деген етістіктерден болған баяндауышты пысықтайды.
Қолдың саласындай тарамдаған арықтардың біреуі бара-бара ұлғайып…
қарауытқан
сай болды . Бұл сөйлемдегі тұрлаулы мүшелер: біреуі (бастауыш), сай болды
(баяндауыш), қалған тұрлаусыз мүшелер- анықтауышпен пысықтауыштар.
Осылардай тұрлаулы мүшелердің ғана емес, тұрлаусыз мүшелердің де:
анықтауыштың- анықталушы, пысықтауышы, толықтауышы; толықтауыштың
анықтауышы; толықтауышы, пысықтауышы, пысықтауыштың
толықтауышы болуы
мүмкін.
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін тұлғасына қарап айрудың ғылыми тірегі əлсіз
болады. Дұрысында, сөйлемнің тұрлаусыз мүше мəселелері сөз тіркесі жайындағы
іліммен тығыз байланысты қаралуға тиіс. Сонда өзара тіркескен сөздер тобының
қандай қарым-қатынасты
білдіруіне қарап, тұрлаусыз мүшелерді дұрыс танитын
боламыз. Сол ізбен зат есімдер мен атрибуттық қатынаста жұмсалатын түрлі-түрлі
тұлғадағы сөздердің бəрі-анықтауыш, етістікпен жəне кейбір есімдермен объектілік
қатынаста тіркесетін, заттық ұғымы бар сөздердің мүшелік
қызметі толықтауыш
болады. Сондай-ақ етістіктерге, кейдй кейбір есімдерге қатысы болып, мезгіл, мекен,
амал, т.б. мағыналарда жұмсалатын сөдер,
қандай тұлғада болмасын, пысықтауыш
қызметінде жұмсалады.
Достарыңызбен бөлісу: