Тура толықтауыштың жалғаулы, жалғаусыз болуы туралы көзқарастар.
Түркітанушылардың еңбектерінде тура толықтауыштардың жалғаулы, жалғаусыз
болатыны туралы пікірлер ертеден бар. А.Казембек «Общая грамматика турецко-
татарского языка» деген 1846 жылы шыққан кітабында «кимылға қатысты зат белгісіз
болғанда жəне ол- етістіктің дəл алдында тұрғанда табыс септік атау септігімен
алмастырылады»,- дейді. 1869-жылы Қазанда шыққан «Алтай тілінің грамматикасы»
да, сол ізбен, тура толықтауыштың жалғаулы, жалғаусыз жұмсалуын оның белгілі,
белгісіз зат болуынан деп түсіндіреді. Одан кейінгі грамматика авторлары «Алтай тілі
грамматикасының салған жолынан ешқайда аумай, сондағы ережені шамалы
өзгерістермен қайталап келді. Оған Мелиоранскийдің, рас, өз тарапынан қосқаны
болды. Ол «Краткая грамматика қазақ -киргизского языка» деген еңбегінде: Можно
различать винительный падеж оформленный и неоформленный, т.е., иначе сказать
иногда, именительный падеж употребляется вместо винительного.
ХІХ ғасырдың аяқ шенінде бұл мəселеге өзгелерден гөрі ұқыпты қараған
түркологтардың бірі Н.А. Ашмарин болды. Ол 1902 жылы шыққан «Опыт
исследования чувашского синтаксиса» деген еңбегінде, басқа авторлардай емес, тура
толықтауыштың жалғаулы жалғаусыз жұмсалуын тек белгілік пен белгісіздіктің
тұңғиық түкпіріне итере салмай, чуваш тілінде олардың қандай жағдайда қандай
сөздердің толықтауыш қызметінде жалғаулы болатынын ашуға көп көңіл бөліп, өте
құнды материалдар жинаған болатын.
Қазақ тілінде тура толықтауыштың екі түрлі тұлғада жұмсалуын тек заттың белгілі,
белгісіздігімен түсіндіруге болмайды. Кейде белгілі, айқын деген заттар жалғаусыз
айтылады да, мүлде белгісіз ғой деп ұғынылатын заттар табыс жалғауында айтылады.
Мұндай фактілердің болатынын кезінде «Алтай тілі грамматикасының» авторлары да
мойындауға мəжбүр болған.
Тура толықтауыштың жалғаулы болып жұмсалуы.
Тура толықтауыштардың жалғаулы, жалғаусыз жұмсалу себептерін дұрыс түсіну
үшін, олардың əрдайым жалғаулы болып жұмсалатын ережелерін айқындау керек.
Олар мыналар: Тура толықтауыш өзі қатысты сөдер қашықталып тұрып, екеуінің
ортасында басқа сөйлем мүшесі тұрса, ол жалғаулы болады:
Достарыңызбен бөлісу: |