Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi



Pdf көрінісі
бет57/88
Дата20.05.2022
өлшемі1.02 Mb.
#458416
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   88
синтаксис кітап

Одағай сөздер. Одағай дегеніміз кісінің сезімін, көңіл күйін, еркін білдіретін
дербес грамматикалық тұлғалары жоқ сөздер.
Одағай сөздер не жеке сөйлем ретінде не сөйлем құрамындағы оқшау сөз 
кызметінде жұмсалады: Уа, қой, деймін, бала! Мə-ə-ə, онысы несі?! Ей, Сапақ, сен 
тиіспей жайыңа жүр!
Одағайлар мысалдардағыдай, сөйлемдегі сөздермен синтаксистік байланыста 
болмайды жəне белгілі сөйлем мүшесінің қызметінде жұмсалмай, олардан оқшауланып, 
өзгеше əунемен айтылып, басқа сөздерден бөлек тұрады. Ондай сөздерге «одағай» деп 
ат қойылуы да осыдан. Сол айтылу ерекшелігіне қарай, жазуда олардан кейін леп 
белгісі қойылады не болмаса сөйлемдегі басқа сөздерден үтірмен бөлінеді.
Одағайлардың мағыналары əр əлуан болады. Мысалы, пай-пай, па, алақай кісінің 
жанға жайлы сезімін білдірсе, ойбай, ту-у, қап деген одағайлар кісінің қорқыныш - 


өкінішін білдіреді. Осындай, кісінің түрлі эмоциялық көңіл күйін білдіретін бір одағай 
түрлі мағынада жұмсала береді.
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1.Оқшау сөздерге жалпы сипаттама берің. 
2.Қаратпа сөздердің қолданылу ерекшеліктері қандай? 
3. Қыстырма сөздердің мағыналық топтары қандай? 
4.Одағай сөздердің сөйлемдегі қызметі қандай? 
 
Пайдаланылатын əдебиеттер: 
1. Əміров Р., Əмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы. 1996.
2. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997. 
3. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1992.
4. Томанов М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі қыстырмалар. Алм. 1983 
5.А.Ысқақов Қазіргі қазақ тілі.Алматы. 1992ж. 
6. Сайрамбаев Т. Синтаксистің кейбір мəселелері.Алматы. 1996 
7.Томанов М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі қаратпалар. Алматы. 1984 
 
ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ ЖƏНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРI. 
САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет