Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi



Pdf көрінісі
бет72/88
Дата20.05.2022
өлшемі1.02 Mb.
#458416
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   88
синтаксис кітап

Кезектес салалас сөйлем. Кезектес салалас сөйлем деп құрамына енген жай 
сөйлемдердің мағынасынан байқалатын іс-əрекеттердің бірінен соң бірі кезектесіп 
болып отыратындығын білдіретін салалас құрмалас сөйлемді айтамыз. Кезектес салалас 
сөйлем компоненттері бір-бірімен бірде, бірсе, кейде деген кезектестік жалғаулықтар 
арқылы құрмаласады. Кезектес мəнді жалғаулықтардың бір-бірінен айтарлықтай 
мағына өзгешеліктері жоқ, сондықтан олар бірінің орнын екіншісі ауыстыра бере 
алады. Жəне ондай ауыстырудан сөйлем мағынасына ешқандай нұқсан да келмейді.
Жалғаулықсыз салалас сөйлем. Құрмалас сөйлем жай сөйлемдердің ешқандай 
жалғаулықсыз немесе жалғаулық мəнді сөзсіз бір-біріне тіркесе, іргелес айтылулары 
арқылы да жасалады. Құрмалас сөйлемнің мұндай түрі жалғаулықсыз салалас сөйлем 
деп аталады.
Жалғаулықсыз салалас сөйлемдерде компоненттер бірлігі, негізінде, жай 
сөйлемдердің мағыналық жағынан өз ара байланыстығынан, шарттастығынан, 
интонация тұтастығынан жəне компоненттер құрылысындағы кейбір ортақ сипаттардан 
көрінеді.
Мағыналық жағынан алғанда, жалғаулықсыз салалас құрамына енген жай 
сөйлемдер бір-біріне жақын, өз ара іліктес, шарттас, мезгілдес, себептес іс-əрекет, жай-


күйді білдірулері де, болмаса бірінің мағынасын екінші ашып, саралап түсіндіріп тұруы 
да мүмкін. Соның арқасында, алдыңғы жай сөйлем айтылғанда ойдың 
аяқталмағандығы, ой жалғасы барлығы байқалып тұрады. Мысалы:Ол қасқа айғырыға 
қарай ұмтыла түсіп еді, Бақыт тізгінге жармаса кетті. Шоқытыңқырап келген қалпымен 
көлге түсіп кетпек боп ем, аттар жалақтап жоламады. Əңгімемен көмір көбірек 
салынып кетсе керек, тозған арба таяқ тастам жер шыға шоңқайып қалды.
Бұл келтірген үш түрлі сөйлемнің үшеуінде де олардың бірінші компоненттері 
интонациялық жағынан тиянақсыз, олардан кейін тағы да бірдемелердің айтылу 
керектігі, ой жалғасы барлығы байқалып тұр. Сонымен, бірге, бұл сөйлемдердегі 
компонент мағыналары да өз ара бір-бірімен тығыз байланысты: бірінші сөйлемдегі Ол 
қасқа айғырға қарай ұмтыла беріп еді деген компонент өзінен кейінгі Бақы тізгіне 
жарамаса кетті деген сөйлемсіз аяқталған ойды білдіре алмайды, өйткені ол бір 
уақыттың ішінде болған мезгілдес оқиғаның бір сыңарын ғана баяндайды, оның екінші 
сыңары кейінгі компонентте айтылған, ал сөйлем бүтіндігі-ой тұтастығы бір мезгілдің 
ішінде болған осы екі компоненттің бірігуі арқасында ғана жүзеге асады. Осытəріздес 
мағыналық жəне интонациялық бірлік, өз ара тығыз байланыстылық жалғаулықсыз 
салалас сөйлемнің қай түрінде болса да кездеседі.
Жалғаулықсыз салалас сөйлем компоненттері арасындағы жоғакрыда айтылған 
бірлікке, жақындыққа қарамастан оларды бір-бірімен құрмаласатын жалғаулықтардың 
немесе жалғаулық мəнді сөздің жоқтығына қарап, кейбір тілдерде құрмалас сөйлемнің 
бұл түрі салалас тобына да қосылмай құрмалас сөйлемнің үшінші бір түрі ретінде 
құралады.
Жалғаулықсыз салалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен байланысу жолдары. 
Құрмалас сөйлемнің басқа түрлеріне қарағанда, жалғаулықсыз салалас сөйлем 
компоненттерінің бір-бірімен байланысы онша тығыз, беріқ болмайды, оларда 
дербестік, формалық тиянақтылық басым келеді.
Жалғаулықсыз салалас сойлемнің қалыптасқан, тек өзіне ғана тəн баяндауыш 
формасы жоқ. Қалыпты тиянақты жай сөйлем баяндауышы қызметінде қолданылатын 
сөз таптарының қай-қайсылары болса да жалғаулықсыз салалас сөйлем 
компоненттерінің баяндауышы қызметінде де қолданылады. Сөйтсе де жалғаулықсыз 
салаластың алдыңғы компоненттерінің баяндауыштары көпшілік жағдайда еді, екен, 
емес етістіктерін көмекшіге алып тұрады. Бұл көмекшілер кейбір жағдайларда өзі 
құрамына еніп тұрған жай сойлемдерге тиянақсыздық мəн беріп,екі жай сөйлемді 
құрмаластырушы дəнекер болып келеді. Мысалы: Айналаға мойын созып қарап едім, 
қыбыр еткен жан көрінбеді деген сөйлемдегі едім көмекші етістігін алып тастап, 
бірінші компонент едəуір тиянақтылық мəніге ие болады да, компоненттердің 
интонациялық бірлігі бұзылып, олардың арасындағы құрмаластық байланыс 
көмескіленеді, компоненттердің дербестігі күшейеді. Тілдік фактілерге қарағанда
жоғарыда аталған көмекшілерге аяқталған жай сөйлемдердің көпшілігі құрмалас 
сөйлемнің компоненті болып келеді.
Жалғаулықсыз салалас сөйлем жасауда алдыңғы компоненттің баяндауышы 
қызметінде қолданылатын сол есімдігінің ролі ерекше. Бұл есімдік алдыңғы жай 
сөйлемнің баяндауышы функциясында қолданылғанда, формалық құбылыстарға 
ұшырап,сонша, соншалық, сондай, соншама болып айтылады.
Салалас құрмалас сөйлемнің бірінші компонентінің мағыналық, əсіресе 
интонациялық жағынан аяқталмай тұруы, бір-бірімен байланыстырып құрмаласатын 
басты тəсіл болып табылады.
Бұл айтылған белгілермен қатар, жалғаулықсыз салалас сөйлем құрамындағы жай 
сөйлемдердің бір-бірімен құрмаластық қатынасы компонент баяндауыштарының бір 


бастауышқа ортақтасып тұруы арқылы да, беёлгілі бір сөздің бірінші компонентте де, 
екінші компонентте де қайталанып айтылуы арқылы да байқалады.
Баяндауыштары қайталап айтылған бір сөзден болған жалғаулықсыз салалас 
сөйлемнің компоненттері кейде ықшамдалып, өз ара сыйыстырылып айтылады.Ондай 
ықшамдаулар алдыңғы компоненттің баяндауышы айтылмай, түсіріліп қалдырылу 
арқылы жасалады. Мұндай жағдайда баяндауышы түсіріліп, ықшамдалып айтылған 
компонент сөйлемдік қасиетінен айрылады да, кейінгі компонентпен бірігіп, бірыңғай 
мүшелі жай сөйлемге айналады. Мысалы: Сағынған елін аңсайды, сары ала қаз көлін 
аңсайды. Елінен безген ер оңбас, көінен безген қаз оңбас. Ел жасымен көрікті, тау 
тасымен көрікті, аяқ асымен көрікті. (Мақал).
Бұл мысалда компоненттерінің баяндауыштары бір сөздің қайталап айтылуынан 
болған үш түрлі жалғаулықсыз салалас сөйлем бар. Жоғарыда көрсетілгендей, мұндағы 
əр салаластың алдыңғы компоненеттерінің баяндауыштарын түсіріп, ышамдап айтсақ: 
Сағынған елін, сары ала қаз көлін аңсайды. Елінен безген ер, көлінен безген қаз оңбас. 
Ел жасымен, тау тасымен, аяқ асымен көрікті деген бірыңғай мүшелі үш жай сөйлем 
болып шығады. Бірақ бұлар құрылысы жағынан жай сөйлем болғандарымен, 
мағыналары жағынан əрқайсысында бір-бір күрделі ойдың барлығы, компоненттер 
баяндауыштарының жасырын екендігі байқалып тұрады. Жалғаулықсыз салалас 
сөйлемнің мұндай ықшамдалған түрлері құрмаластық қасиетінен айрылады да, 
сыйысқан жай сөйлем болады.
Компоненттерінің баяндауыштары бір сөздің қайталанып айтылуынан болған 
салалас сөйлемдерді ықшамдап, сыйыстырып айту сөйлемге əдеби түр беруге 
байланысты болады… Жазушы я сөйлеуші дербес сөйлемдердегі қайталанатын ортақ 
мүшені ықшамдап, қысқартып айту арқылы ондай құрмаласқа я ондай сөйлемге 
поэтикалық, яғни динамикалық рең береді. Мұндайда іргелестегі күрделі ой жайылмай, 
шұбалаңқыланбай, ықшамдалып түйдектеліп, үдеме түрінде ұғынылады.
Жалғаулықсыз, 
іргелесе 
құрмаласатын 
жай 
сөйлемдерді 
бір-бірімен 
байланысытруда олардың баяндауыштарының жақтық, шақтық,сан-мөлшерлік 
жақтарынан бірыңғай, біріктес болып келулерінің де тигізетін белгілі əсерлері болады. 
Баяндауыштардың мұндай біріктес грамматикалық категорияларында айтылуы 
прозадан гөрі поэзиялық шығармаларда жиі жəне күрделі болып кездеседі. Ол, əрине, 
өлең сөздің ритмикалық жағына да байланысты болар.
Құбылып бурыл гуледі, 
Табаны жерге тимеді,
Тау менен тасты көрмеді,  
Төрт аяқты сермеді.
Тер шыққан соң өрледі,
Адырды көзі көрмеді,
Көлденең жатқан көк тасты
Тіктеп тиген тұяғы
Саз балшықтай иледі.
Жеті жай сөйлемнен құралған бұл шумақтың басын қосып тұрған ең алдымен, 
бұлардағы ритмикалық бірлік, үйлесімдік болса, сол ритмикалық бірлік жай 
сөйлемдердің баяндауышы болып тұрған етістіктердің бірыңғай жақтық, бірыңғай 
шақтық мағынада айтылулары арқылы берілген.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды жинақтай келгенде, жалғаулықсыз салалас 
сөйлем компоненттері бір-бірімен мынадай тəсілдер арқылы құмаласады:
1) жай сөлемдер мағыналарының бір-бірімен байланысты, іліктес, сабақтас болып 
келуі арқылы;
2) интонация арқылы; 


3) компоненттердің бəріне ортақ бір сөздің болуы арқылы;
4) компоненттердің бір бастауышқа ортақтасып келуі арқылы;
5) белгілі бір сөздің компонент сайын қайталанып айтылуы арқылы;
6) бірінші компоненттегі бір сөздің екінші компонентте есімдік түрінде 
қайталануы арқылы;
7) компонент баяндауышы қызметіндегі етістіктің жақтық, шақтық жағынан 
бірыңғай болып келуі арқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет