Село алыс емес еді, бұлар оған андағы-мұндағы көзден
жасырынып жетпеген кезде
келіп жетті. Шешесі тағы екі-үш бауырсақ беріп еді, басқалары қаспақ тұрмысқа
көздерін аларта қарады. Аяп кеттім, менің де көзіме жас келді. Жабайды сойылға
жыққан Игіліктің жігіттері екенін Жұман білген жоқ, əлдеқалай аттан құлаған шығар
деп ойлады.
Бұл келтірген мысалдағы сөйлемдердің бəрінде де бірінші компонент себепті
білдіріп тұр да, екінші компонент сол себептен туған нəтижені білдіріп тұр. Ең соңғы
сөйлемдегі Жұманның Жабайды əлдеқалай аттан құлаған болар деп ойлауының себебі-
оның Жабайды Игілік жігіттерінің сойылға жыққанын білмеуінен,
сол білмеудің
нəтижесінен туған қорытынды. Жоғарыда келтірілген сөйлемдердің қай-қайсысына
болса да сондықтан, сол себепті деген жалғаулықтарды қосып айтуға болады. Бұл
жалғаулықтар айтылмаса да сөйлем мағынасынан, компоненттер байланысынан
байқалып тұр.
Жалғаулықсыз салаластың бұл түрінде, келтірілген мысалдың керсінше, бірінші
компонент нəтижені, екінші компонент сол нəтижеге жеткізген себепті білдіріп те
құрмаласады.Мысалы: Шалабай ұзақ жүре алмас, үкімет құрығы ұзын. Мен
қорықпаймын, əжем кеше сұрап алған. Оларға рақмет айту керек, ұмытқанымызды еске
салды. Бұлардағы екінші компоненттер бірінші компоненттегі іс-əрекеттің
неліктен
солай болғандығын я болатындығын білдіреді. Неліктен Шалабай ұзақ жүре алмайды?
Оның ұзақ жүре алмайтын себебі үкімет құрығы ұзын. Мысалдағы басқа сөйлемдер
осы тəріздес.
Сөйлемде айтылмағанымен, компоненттердің мағыналық қатынастарынан
олардың арасына өйткені, себебі деген жалғаулықтарды келтіріп айтуға болатындығы
байқалып тұр. Бұл жағдайлар себептес салаластың жалғаулықты түрі мен
жалғаулықсыз түрінің бірлігін, бұл екеуінің арасындағы өзгешелік бірінде бар
жалғаулықты екіншісінде түсіріп айту ғана екендігін байқатады.
3)
Қарсылықты салалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің бұл түріне
компоненттерінің мағыналары бір-біріне қайшы келетін жалғаулықсыз салалас
сөйлемдер жатады. Компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан қарсылықты
салаластың жалғаулықты түрі мен жалғаулықсыз түрі арасында ешқандай өзгешелік
жоқ, бұл екеуі-қарсылықты салалас деген атпен аталатын бір ғана сөйлем
компоненттерінің құрмаласуындағы екі түрлі тəсіл ғана.
Компоненттер мағынасы арасындағы қайшылық түрлі-түрлі болады.
1.Заттың, құбылыстың,оқиғаның бұрынғысы мен қазіргі күйі салыстыра қарсы
қойлылады.
2.Бірінші компоненттегі субьектінің іс-əрекетіңе, ой-ниетіне екінші компоненттегі
субъекттің əрекетті, ісі қайшы келеді: Қасындағы ұсақ қыздар мен қалыңдыта клп
алдаусыратпа болып ед, Абай мен Ербол оған көнген жоқ.
3. Бірінші компоненттегіс-əрекеттің логикалық
қортындысы ретінде екінші
компонентте болуға тиісті əрекет болып шығады немесе басқаша болады: Кірпіш үй
сыртынан қораш еді, ішіне енгенде бұған да көңілі тойып қалды.
4. Қарсылықты мағына компонент баяндауышы қызметіндегі етістіктердің бірінің
болымды, екіншісінің болымсыз түрде айтылуы арқыулы да жасалады. Мысалы:
Күлаш, мен сенімен сөйлесіп тұрғаным жоқ, мына Əйтекеңмен сөйлесіп тұрмын.
Компоненттері жалғаулықсыз байланысатын қарсылықты салалас сөйлемдердің
көпшілігіне қарсылық жалғаулығын қосып айта беруге болады, бірақ мұндай өзгерісті
жалғаулықсыз қарсылықты салаластың кез келген түрі көтере бермейді.
4)
Түсіндірмелі салалас сөйлем. Түсіндірмелі салалас сөйлемде бірінші
компонент жалпылық мəнде айтылады да, кейінгі компонентте я компонентерде оның
мəні я себептері сараланып ашылады, талданып түсіндіріледі. Компоненттерінің