ол кездегіден біраз биіктеп, түбірі ғана біраз жауындаған
сияқты деген сабақтас
сөйлемдердің Көзінің үстіңгі еті өскен де, ағы қанталап кеткен. Тек бойы ғана ол
кездегіден біраз биіктеген де, түбірі ғана біраз жуандаған деген мезгілдес салаластың
ешқандай өзгешелігі жоқ. Сондықтан кейінгі топтағы құрмалас сөйлемдердің мезгілдес
салалас
сөйлем деп аталғаны сияқты, алдыңғы топтағы құрмалас сөйлемдердің
мезгілдес сабақтас сөйлем деп аталғаны орынды. Қарсылықты, себепті деген
атаулардың салаласта да, сабақтаста да болғаны сияқты
мезгілдес деген атаудың да
салалас сөйлем мен сабақтас сөйлемде бірдей болуында ешқандай ерсілік жоқ. Ерсі
болмауы былай тұрсын, тіпті қажетті. Өйткені белгілі бір мағыналық қатынастағы екі
бөлек ойды жай сөйлемдерді салыстыра құрмаластыру арқылы да, сабақтастыра
құрмаластыру арқылы да беруге болатынын тіліміздің фактілерінен айқын көреміз.
Міне, сондықтан да салалас құрмалас пен сабақтас құрмалас сөйлемдерді өз ішінен
мағыналық топтарға жіктегенде, оларды мүмкіндігінше
бірыңғай атаумен атауға
бейімдеген дұрыс. Компоненттері мезгілдестік қатынаста тұратын сабақтас сөйлемдер,
келтірген мысалдардағыдай, тек көсемше етітік арқылы ған жасалмайды, сонымен
бірге, етістіктің шартты райы арқылы жасалатын кейбір сабақтас сөйлемдер де
мезгілдес сабақтасқа жатады.
Мезгілдес сабақтас сөйлемнің өзіндік негізгі белгісі
сол-мұның құрамындағы
компоненттер бір-бірімен себептестік, қарсылықты, шартты, амалдық, мақсаттық,
салыстырмалы қатынастардың бірде-бірінде айтылмайды. Екіншіден,
бағыныңқы
кампонент баяндауышының тиянақсыз формада айтылуы арқылы ғана тиянақты
компонентке тəуелді болғаны болмаса, мағыналық жағынан оған тəуелсіз, онымен
салаласа, жарыса айтылады, оның ешбір мүшесіне меңгерілмейді,
оған байланыстыра
қойылатын белгілі бір сұрауға жауап болып, тұрлаусыз мүше тəріздес болып тұрмайды.
Үшіншіден, мегілдес сабақтастардың басым көпшілігі бір мезгіл ішінде бір-біріне
тəуелсіз іс-əрекет, жай-күйлерді баяндайды. Төртіншіден, мезгілдес сабақтас
сөйлемдерге тиянақсыз компоненттерінің баяндауышы етістіктің көсемше түрі мен
шартты рай формалы түрлерінен болған сабақтастардың жоғарыда айтылған белгілерге
сай келетіндері ғана жатады. Атауындағы болар-болмас ұқсастығы ғана болмаса,
мезгілдес сабақтас сөйлем мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемнен мейлінше басқа.
Мезгіл бағыныңқылы сабақтаста тиянақсыз компонент
тиянақты компоненттің бір
мүшесіне меңгеріліп, қалыпты мезгіл пысықтауышы сияқты мезгілдік мəнді бір сұрауға
жауап болып, өзі жетегінде тұрған сөздің, яғни басыңқы сөйлемдегі іс-əрекеттің болған
я болатын мезгілін білдіріп, мезгіл пысықтауышы функциясында тұрады. Сондықтан
мезгілдес сабақтас сөйлем мен мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемді бір-бірімен
шатастыруға болмайды. Бұл екеуі сабақтас құрмалас сөйлемнің əрқайсысының өзіндік
ерекшеліктері бар екі бөлек түрі болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: