2. Жалғаулықтар арқылы байланысқан аралас
құрмалас сөйлемдерге талдау
жасаң.
3. Жалғаулықсыз байланысқан аралас құрмалас сөйлемнің құрамы қандай
болады?
Пайдаланылған əдебиеттер:
1.Серғалиев М.,Айғабылов А., Күлкенова О. Қазіргі қазақ əдеби тілі.
Алматы. 1991ж.
2. Əміров Р., Əмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы. 1996.
3. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997.
4. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1992.
5. Есенов Қ. Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер. Алматы. 1974.
БӨГДЕ СӨЗ ЖƏНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРI
Жоспары
1.Бөгде сөз жəне оның түрлері.
2. Төл сөз
3.Төлеу сөз.
Адам
сөйлегенде я жазғанда, сол өзі баяндап отырған мəселеге байланысты
немесе соған қатысы
бар басқа біреулердің сөзін, пікірін келтіретіні болады. Ондай
сөздер автор үшін
басқа біреудің сөзі, яғни бөгде сөз, болып табылады.
Бөгде сөзге
əрдайым басқа біреулердің айтқанынан алынған сөздер ғана жатпайды, сонымен бірге,
автордың басқа бір жағдайда, басқа бір еңбектерінде айтқан
өзінің сөзінен алынған
келтірінділері де жатады.
Бөгде біреудің сөзін келтірудегі мақсат-əр түрлі. Бірақ солардың ішіндегі ең
негізгісі-сөйлеушінің я жазушының баяндап отырған мəселе
жөніндегі өз пікірінің
байымдауларының дұрыстығын дəлелдей түсу мақсаты.
Бөгде сөздерді қолдану тəсілі түрлі-түрлі болуы мүмкін. Бір жағдайда бөтен
біреуден алынған
сөз ешқандай өзгеріссіз, түп нұсқасы бұлжытылмай қолданылса,
екіңші бір жағдай ол
азды көпті болса да өзгертіліп, тың сөздер,
граматикалық тың
формалар қосылып немесе жеке сөздері, грамматикалық жеке формалары түсіріліп
айтылуы да, болмаса біреудің тек пікірі ғана алынып, ол түгелдей автордың өз сөзімен
берілуі мүмкін. Соған қарай бөгде сөз төл сөз, төлеу сөз болып екі топқа бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: