Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi


қамшымен айдама, жеммен айда



Pdf көрінісі
бет17/88
Дата20.05.2022
өлшемі1.02 Mb.
#458416
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   88
синтаксис кітап

қамшымен айдама, жеммен айда. 
2. Материалдық. Етістікті сөз тіркесінің құрамындағы көмектес жалғаулы зат есім 
істелетін істің неден, қандай заттан істелетінін немесе соның қатысымен істелетін 
білдіреді. Мысалы: балшықпен сыйлау, бояумен сырлау, қамыспен қоршау, былғармен 
қаптау. 
3. Заттық. Бірқатар зат есімдер көмектес жалғауда еңістіктермен тіркескенде, олар 
қимылдың заттық объектісі ретінде жұмсалады. 
4. Бірлестік. Көмектес жалғаулы кісі аттары жəне кім? деген сұрақ қоюға болатын 
бала, студент, əкем сияқты сөздер көбінесе ортақ етіс тұлғалы салт етістіктермен 
тіркесіп бірлестік мағынада жұмсалады, мысалы: Асқармен сөйлесу, Көбеймен 
қоштасу, баламен ойнау. Кузнецов Асқармен тез танысты (С. Мұқанов). Жабай 
Көбеймен қоштасып, Баяндымен бірге кетті (Ғ.Мүсірепов). Жайраңдасып жас күлер 
құрбысымен  (Абай).


Шылау сөзді тіркестер. Үйге барайық, үйге таман барайық деген етістік сөз 
тіркестері мəндес болғандықтан, бірін екіншісінің орнына айтса да болар еді, бірақ 
аздап та болса ол тіркестердің айырмашылығы бар; ең алдымен, үйге барайық пен үйге 
таман барайық дегендердің мағынасы бірдей емес: алдыңғыда қимылдың жалпы 
бағыты, бет алысы айтылса, соңғыда ол бет алысты бұрынғысынан дəлдеп 
көрсеткен.Сол дəлдік үйге сөзінен кейін таман шылауын қойып айтудан болып тұр. 
Егер бұлардың білдіретін көлемдік мағанасынан əлі де түрлендіргіміз келсе, оны үйге 
дейін, үйге қарай, үйге жуық, үйдің қасына, ұйдің маңына дегендей етіп, оларды тісті 
етістіктермен тіркестірер едік. Сонда сөз тіркестерінің құрамы бұрынғыдай есім жəне 
етістіктен ғана құралған болмайды, есім мен етістіктің арасына дейін таман, қарай, 
қасына, жуық, маңына тəрізді шылау сөздер қойылады.Ондайда шылау сөз 
тіркестерінің грмматикалық мағыналарын толықтырып, есім мен етістікті өзара 
байланыстырушы аралық дəнекер болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет