Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет13/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   76
Арпалыс 1,2

ТЕМЕКІ ЖОРЫҒЫ 
Әскери оқуауыр болса, 
Ұрыста жан қиналмас, 
Суворов. 
Жауынгерлерді соғыс ӛнеріне қалай машықтандырғанымызды 
бастан-аяқ баяндап жатпаймын. 
Менің бұл жерде әңгіме етейін деп отырғаным баталыон арасында 
аңыз боп тараған «Темекі жорығы». 
Батальонды басқара бастағаныма жеті-сегіз күн болған. Бұл кезде 
жауынтерлерді киіммен де, қару-жарақпен де жабдықтағанбыз. Енді окоп 
қазғанда да, межелеп зыр жүгіргенде де, жер бауырлап жылжығанда да, сап 
түзеп жүргенде де жауынгерлердің айнымас серігі винтовка болды. 


64 
Бір күні кешке біз мынадай бұйрық алдық: таңсәріден елу 
километрлік жорыққа шығып, ӛзен алабындағы белгіге жеткен соң, сонда 
түнеп, келесі күні кешке жақын сол елу километр жолды басып, Талғарға 
қайтып келіңдер депті. Осындай қиын сапарға Панфилов басқа 
батальондарды да аттандырды. Генерал осы ретпен бүкіл дивизияны жүріске 
ысылдырмақшы еді. 
Жұрт кештен бастап жорыққа әзірленді. Түнде тынығып, келесі күні 
елең-аланда батальон сапқа тізілді. 
Сіз солдат болмаған адамсыз, сондықтан осы әскерлік сапты 
кӛргеніңізде, алда айбарлы әскер бӛлімі тұр екен деп ойлап едіңіз; жұрттың 
қатары жіпке тізгендей, винтовкалардың мойнына кигізген су жаңа штыктері 
жарқ-жарқ етеді, жауынгерлердің бәрі тегіс жорыққа сақадай сайланыпты, 
әрқайсысы шинельдерін қаттап бүктеген күйінде мойындарына асынып 
алған, противогазы ӛңін бермеген кӛкшіл дорбада қол күресі, қапшығына 
таңған болат дулығасы, беліне байланған гранат дорбасы, оқшантайы бар 
екен, дер едіңіз. 
Бірақ, шынына келгенде, жұрт жорыққа сақадай сайланыпты деп 
ешкім де айта алмас еді. Ұқыптап қаттаған шинель ширақ келеді, оған қолың 
батпайды, ал қазірде кӛбінің шинелі болбырап, қалай болса солай тұр. 
Асынған қапшығың арқаңа жабысып тұруы керек, ал қазір кейбір 
салақтардың бауын бос байлаған қапшықтары аттан ауған ер-тоқым 
секілденіп кӛрінеді. Тағы біреулердің гранат дорбасы салбырап қарнына 
түсіп кетіпті. Осылардың ішінде нағыз солдатша буынып-түйінген аздаған 
адамдар басқалардан ала-бӛтен кӛзге түседі. Солардың бірі Курбатов. 
Мен Курбатовты саптан шақырып алып, жігіттерге былай дедім:
- Жолдастар! Ӛзінің керек-жарағын тап-тұйнақтай етіп, жолға 
әзірлеген кіші командир мынау. Жорықта бұл басқалардай қиналмайды да, 
қажымайды да. Қараңдаршы, бар нәрсесі орын-орнында, белдігі бекем 
буылған! Осылай етіңдер деп сендерге сан рет түсіндірдім, кӛрсетіп те 
бердім, сонда да түсінбедіңдер. Қазір мен сендерге дәнеңе демеймін, енді 
шинельдеріңе, қапшақтарына, қол күректеріңе сӛз берем. Сендермен солар 
сӛйлесіп кӛрсін. Оларда тіл жоқ деп ойлайсыңдар ғой? Бар! Сӛйлегенде 
ӛңмеңдеріңнен ӛткізе сӛйлейді, менің сӛзім ӛтпесе, осылардың сӛзі ӛтеді! 
Жауынгер Гаркуша, мұнда кел! 
Таңқы мұрын Гаркуша ежелгісіндей күлімсіреп қасыма жүгіріп 
келді. Оның гранат дорбасы жүгіргенінде салпылдап санын сабалайды. 
- Жорыққа дайынсың ба? 
- Дайынмын, жолдас комбат. 
- Курбатовтың қатарына тұр. Жауынгер Голубцов, мұнда кел! 
Оның олақтау бүктеп, мойнына асқан жуан шинелі бетін қажап 
жүр. Қапшығы арқасында емес, бӛксесіне түскен.
- Жорыққа дайынсың ба? 
- Дайынмын, жолдас комбат. 
- Гаркушаның қатарына тұр. 


65 
Әбзелі салдыр-салақ әзірленген он шақты адамды осы ретпен 
жинал, колоннаның алдына қойдым. 
- Батальон, смирно! Напра-во! За мной шагом марш! 
Біз жүріп кеттік. 
Ӛзім әлгі шақырып алғандармен қатар жүріп отырдым, оларға 
кӛзімнің қиығымен қарап қоямын. Он-он бес минуттай олар қиналған жоқ. 
Гаркушаның гранат дорбасы екі санын кезек-кезек соғады. Ол жайлап 
дорбасын қолымен кейін сырмақ болады. 
Голубцов та шинелінің түрпідей түгі бетін тырналаған бүктеулі 
шинелін арманырақ ығыстыруға тырысады. 
Үшінші жігіттің беліне асқан қол күрегі тірсектен сабалайды. 
Жол-жӛнекей икемсіз нәрселерін қолдарымен түзетсе де болмады. 
Тағы он минут ӛткенде Гаркуша, дорбасы салақтамасын деп, белін 
қайқайтып, қарнын қампитты. Менің кӛзіме кӛзі түсіп, ол ӛтірік күлімсіреді. 
Голубцов болса, мойнын бұрандатып, бетімен шинелін ысырмақ болады. 
Қапшығы да мазасын ала бастады. Голубцов қолын қапшығының басына 
апарып, оны білдірмей жоғары кӛтеруге әрекеттенді. Гаркуша енді қарнын 
қампитуын қойып, екі бүгіліп, жай аяңға түсті. 
Мен: 
- Гаркуша! Бас аяғыңды! Курбатовтап қалма! - деп дауыстадым. 
Дорбасы құрғыр тағы да соның сабалай бастады. Осылайша алты 
километр жүріп, сәл аялдадық. Тоқтаған кезде Курбатовты тары да 
жауынгерлерге үлгі етіп кӛрсеттім. 
Онан соң: 
- Гаркуша, мұнда кел! - деп шақырдым. 
Иілген күйі, ол бүгежектеп жетіп келді. Оның түрін кӛріп, жұрт ду 
күлісті. 
- Ал сӛйле! Гаркуша! Жорыққа дайынбысың? 
Ол үн қатпай сазарып тұрды. 
- Гранат дорбасымен сӛйлестің бе? 
- Сӛйлестім ғой… 
- Сӛйлессең, айтшы, не деді ол, жауынгерлер де естісін. 
Гаркуша үндемеді. 
- Айт, ұялма! 
- Айтатын не бар? Қолмен шұқып кӛрмесек, біздер сӛзге нанамыз 
ба? 
- Ал шұқып кӛрдің бе? 
- Мен қайдан шұқиын. Ол ғой менің… - деп бағауызды былш 
еткізді. 
Жұрт қарқ-қарқ күліп жатыр. Кӛңілі жібіп, Гаркушаның ӛзі де күліп 
жіберді. 
Мұнан соң Голубцовты шақырдым. Сабазың қара суға түсіпті, 
қажалған мойны қып-қызыл.


66 
- Енді мынаған қараңыздар, жолдастар. Ал сенімен шинелің 
сӛйлесті ме? Қапшығың ше? Олардың қандай тәлім үйреткенін айтып бер 
жұртқа. 
Голубцов та салақтықтан шеккен зардабын жауынгерлер алдында 
айтып шықты. Ӛстіп, ӛз нәрсесінен қорлық кӛргендердің бәрін кезек-кезек 
шақырып, жұрттың алдынан ӛткіздім. Сонан соң былай дедім. 
- Шинелі ұқыпсыз бүктеліп, мойнын қажаса, ыңғайсыз байлаған қол 
күрегі санын ұрса, гранат дорбасы тақымынан соқса, кімге зиян? 
Жауынгердің ӛзіне ме, командирге ме? Әрине, жауынгердің ӛзіне зиян? Мен 
мұны 
сендерге 
сан 
рет 
түсіндірдім, 
ескермедіндер. 
«Жарайды, 
қыдыңдамасыншы осы, бірдеме ете салайық» деп ойладыңдар. Жүрдім-
бардым істегіндерің шындығында маған емес, ӛздеріңе залал екенін енді 
кӛріп отырсыңдар. Ұқпағандар бүгін ӛз нәрсесінен тәлім алды. Қазір 
әрқайсың осы арада әбзелдеріңді қайтадан буып-түйіңдер. Енді де айтқанды 
елең қылмайтындар болса тағы да саптан шақырып аламын да, ӛз заттарымен 
сӛйлестірем. Бұл заттардың тілі сүйір, сӛзі ӛтімді. 
Бұдан кейін саптан ешкімді де шақырып алудың қажеті болған жоқ. 
Ӛйткені оз заттарымен сӛйлесуте ешкімнің зауқы соқпады. 

Біраз тыныққаннан кейін, батальон тағы да жүріп кетті. 
Жорыққа ысылмағандарға шілденің шыжыған күнінде елу километр 
жол жүру оңай емес. 
Бір мезгілде роталардың жігі жазылып, колонна кӛш жерге созылып 
кетті, кейбіреулер кейіндеп қала бастады. Мұны командирлерге ескерттім. 
Бірнеше уақыттан кейін қайта тексеріп едім, менің ескертуім еске 
алынбапты. Колонна бұрынғыдан бетер созылып кетіпті. Командирлермен 
қатал сӛйлесіп те кӛрдім. Бұл да ем болмады. Командирлердің ӛздері де 
шаршаған еді, кейбіреулері аяғын сылтып басады. 
Мен алға шығып: 
- Колонна бойынша хабарландар: пулемет ротасының командирі 
колоннаның алдыңғы жағына келсін! - деп айғайладым. 
Он бес минуттан кейін ұзын сирақ Заев ентігіп жүгіріп келді. 
- Жолдас комбат, сіздің бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын! 
- Ротаңыз неге созылып кетті? Неге кейіндеп қала бересіндер? 
Ротаның жүрісін тәртіпке салғаныңызша, сізді колоннаның басына 
шақырудан танбаймын. Айтарым осы. Барыңыз! Батальонның бас-аяғы бір 
километрден болады, күн ыстықта колоннаның алдыңғы жағына жүгіріп келу 
оңай ма? 
Осы ретпен екінші ротаның командирі Севрюковты шақырып 
алдым. Соғысқа дейін темекі фабрикасының бас бухгалтері боп істеген, жасы 
қырықтарға келген лейтенант мені азар қуып жетті. Ентігіп, екі иінінен дем 
алады. 
Менің зекігенімді естіп болғаннан кейін, Севрюков: 


67 
- Жұрт әбден қажыды, жолдас комбат. Кӛтергендерінің біразын 
арбаға тиесек болмас па екен? - деді. 
- Мұндай бықсық ойды айтпаңыз маған, - дедім мен. 
- Онда, қалып келе жатқандарды қайтпексіз, жолдас комбат? 
Шамасы жетпесе зорлаймыз ба? 
- Неменеге шамасы жетпейді? Бұйрықты орындауға ма? 
Севрюков үн қатпады. 
Сонымен бірінен соң бірін шақырып, барлық командирлерді 
алдымнан ӛткіздім. 
Бірақ Севрюковты екінші рет шақыруыма тура келді. Оның 
ротасының соңында кейбіреулер кешеуілдеп, ілбіп келе жатыр еді. 
Егде тартқан Севрюков ӛзі де шаршаған. Еңкеңдеп ротанның 
алдында келеді. Ақ кірген самайынан, тозаң басқан бетінен тамшылап тер 
аққан. Осы халін кӛріп, еріксіз аяп кеттім. Тағы да салпақтатып қалай 
жүгіртерсің? Онсыз да титықтаған жоқ па? 
Бірақ мен оны аясам, ол жауынгерлерін аяса, не болмақ? Бейнетсіз 
рақат, еңбексіз ӛнер табыла ма? Суармаса, шыңдамаса, болат болат бола ма? 
Жұртты аяп, ұрыста не пайда табамыз… 
Тебініп қалғанымда, ат желе жӛнелді, Алға шығып: 
- Екінші ротаның командирі маған келсін! - деп дауыстадым. 
Бұл жолғы шақыруымның пайдасы тиді. Аз кідіріп, қарап едім: 
Севрюков енді ӛз ротасының соңына түсіпті. Жүзінен ызғар мен кейістік 
білінеді, қатуланып алыпты, даусы да ӛзгерген - кәдімгі командирше бұйыра 
сӛйлейді. 
Бүкіл колонна жинақы түрге еніп, взводтардың аралығы біркелкі 
түрге түсті. Енді қалып қоюшылар болған жоқ. 
Елу километр жол жүріп, мегзеулі жерге бас-аяғымыз түгел жеттік. 
Бірақ жұрт әбден шаршаған еді. «Тараңдар» деген бұйрық 
болысымен-ақ, жауынгерлер кӛгалға бауырларын тӛсеп жата-жата қалысты. 
Бәрі де: енді тамақтанармыз, ұйқтап тынығармыз деп ойлаған еді… 
Ол ниеттері болмады. 

Жорықта ӛзімізбен ала шыққан бірнеше әскери асханамыз болатын. 
Сонда да, қоналқы жерге жеткенде: асханаға арнап отын әзірлемеңдер
қазанға ас салмаңдар, азық-түлікті шикі күйінде жауынгерлердің қолды-
қолына норма бойынша үлестіріп беріңдер деп әмір еттім. 
Мұны есіткенде, командирлер мен жауынгерлердің кӛздері 
шарасынан шықты. Кӛбі ӛмірінде ас пісірмек түгіл, су қайнатып кӛрген емес, 
Шикі азықты қайтпек? Күңкіл сӛздер де естіле бастады: 
- Асхана бар емес пе?! Ас пісірмесе, оның не керегі бар! 
- Тәйт, жап аузыңды! Айтқанды орындау керек! Әрбір жауынгер ӛз 
тамағын ӛзі пісіріп жесін! - деп, тойтарып тастадым. 


68 
Ұзын сӛздің қысқасы, айдалада, сонау Іле ӛзенінің бойында да 
самсаған оттар жағылды. Кейбір қам денелілер жол ауырлығын кӛтере алмай, 
дел-сал болып, ас пісірмей, аш күйінде ұйқыға берілді. Шырақтары ас 
пісіргенмен, бабын таппады: кейбірінің ботқасы күйіп, кейбірінің сорпасы 
тасып тӛгілді, сӛйтіп, астың желінгенінен, бүлінгені кӛп болды. Бұл 
жауынгерлердің аспаздық ӛнері жӛнінде алған тұңғыш сабағы еді. 
Таңертең де қазанға ас салдырмай, азықты үлестіріп бергіздім. 
Тамақтанып болған соң, батальон сапқа тізілді. Мен жауынгерлер 
алдында қысқаша сӛз сӛйледім. Оның ұзын ырғасы мынау: 
- Біріншіден, сендер жорық тым ұзақ, әрі ауыр деп ренжисіңдер. 
Мұны әдейі істеп отырмыз, Соғыста елу де емес, жүзде де емес, талай-талай 
жүздеген километр жерді басып ӛтеміз. Жаудан амалыңды асырып, оған 
күтпеген жерден соққы беру үшін, бұдан да ұзақ, бұдан да қиын жорықтар 
жасауға тура келеді. Бұл кӛргендерің ойыншық, зорлары алда жатыр. 
Орыстың атақты қолбасшысы Александр Васильевич Суворов ӛзінің 
таңғажайып батырлар атанған солдаттарын осылай шынықтырғанын 
ұмытпаңдар. Ол бізге: «Әскери оқу ауыр болса, ұрыста жан қиналмас!» деп 
ӛсиет айтып кеткен. Осы ӛсиетті орындағыларың келе ме? Кімде-кім 
орындай алмаймын десе, екі адым алға шықсын! 
Саптан ешкім де шыға қоймады. Мен тағы да сӛйледім: 
- Екіншіден, сендер: дайын асхана тұрғанда, шикі ет үлестіріп, 
шаршап-шалдыққанымызға қарамай, ӛзімізге ас пісіргізді деп ренжисіңдер. 
Мұны да ӛдейі істеткенім рас. Ұрыста асхана ылғи қасымызда болады деп 
ойлайсыңдар ғой? Қателесесіңдер! Ұрыста асхананың қалып қоятын кездері 
болады. Ашығатын күндерің болады. Естіп түрсыңдар ма? Татуға дәм, 
тартуға темекі табылмайтын жағдайлар болады, оны осы бастан ашып 
айтайын. Кейде кеңірдектен лықыта тойсаң, кейде ішегін құрылдайды. 
Соғыстың салты, солдаттың ӛмірі осындай. Ендеше, ыстығына да, суығына 
да, ащысына да, тұщысына да шыда, барына да, жоғына да кӛн! Әскерлік 
арынды аяққа баспа! Кеудеңді керіп, басыңды кӛтеріп ұста! Әркім ас пісіру 
білуге міндетті. Егер де ӛз кӛженді асып іше алмасаң, жауынгер боп 
жарытарсың ба? Кейбірің ас пісіріп кӛрмегенсіңдер, оны жақсы білемін. 
Кӛбің даярға тап болып жүрдіңдер. Үйде келсең: «Қарным ашты, тамақ 
бер!», ресторанға барсаң: «Ей, официант, сыра әкел кәуап яки котлет әкел!» 
деуді ғана білдіңдер. Сол дәурен кӛздеріңнен бір-бір ұшып, енді елу 
километрлік жорыққа іліктіңдер, арқаларыңа екі пұттан жүк артынып, 
кәтелекпен ас пісіруте таңылдындар. Бірақ бұл - қорлық па? Ел шетіне жау 
келіп, ұлы дүрбелең басталғанда, жігіт деген қиынға кӛндікпесе, жеңін 
жастық, етегін тӛсек етіп үйренбесе, ер атана ма?! 
- Дұрыс айтасыз, жолдас комбат, дұрыс айтасыз! - деп қостаған 
дауыстар естілді. 
Арадағы суысқандық басылып, кӛңіл жадырады. Түсіністік, 
ұғыныстық. Мұндайда жүзін жадырап, қабағың шайдай ашылмай ма! 


69 

Біз енді кейін қарай тарттық. 
Талғардағы біздің лагерьге баратын тамаша даңғыл жол бар. 
Мұндай жолмен жүргенінде кӛп қиналмайсың? 
Ендеше, жеңіл жолда не бар? Іздегеніміз қиын емес пе? Соғыста 
даңғыл жолмен жүрмекпіз бе? Арпалыс кезінде оңай жолтандаудың орайы 
келе ме? Алдыңнан қиын асулар, тар жол, тайғақ кешулер кӛп кездеспей ме? 
Жұртты қайыршақ жолдан екі жүз - үш жүз метр шетке шығарып 
жүргіздім. Алдыңнан тас кездессе таптап ӛт, арық кездессе аттап ӛт, құм 
кездессе басып ӛт, су кездессе кешіп ӛт!… Жауынгердің салты осындай. 
Желсіз қапырық кез еді. Шаншыла түскен күн кӛзі дегенді күйдіріп, 
сүйегіңді балқытқандай. Тамыз шілденің белгісі – кӛз ұшында тынымсыз 
сағым бұлдырайды. 
Мұндай ыстыққа арқалаған ауыр жүкпен жол жүру қиын-ақ! Ол 
ақиқат. Бірақ тағы бір ақиқат нәрсе, соғыс талабына сай, жеңіс мақсаты үшін 
осылай етпей болмайды. 
Күн кӛзіне шыжыған беткейдегі тұтас ӛңірде темекі егісі кездесті. 
Жауынгерлер соқпақ жолмен егінді қақ жарып, ілгері басты. Салалы темекі 
ӛсімдігі сондай биік, адамның бойынан келеді. Күн кӛзі балқытып ашқылтым 
иісі әлемді алған темекі жапырақтары бір де селт етпейді. Қандай қапырық 
десеңші! 
Жауынгерлер жүріп барады. Егістің жарым ортасынан ӛткенде 
жалғыз аяқ жол таусылып, батальон бітік темекінің ішіне еніп кетті. Сонда 
кенеттен, жұрт баудай түсіп құлай бастады. 
Мен қатты шошыдым. Мұнысы несі! Адамды әп-сәтте алып ұратын, 
сұмдық індет аралағандай, үн-түн жоқ құлағандар, кірпік қақпай, сұлық 
жатыр. 
Дереу ауыр құралдарды, ұрыс жабдықтарын арбалардың түсіріп, 
елтіп қалғандарды темекі егісінен аулақ, жотаға, арықтың бойына алып 
шықтық. Талықсығандар есін жинады. Бірақ батальон тәртіпті түрден 
тобырға айналып, роталар араласып кетті. Елтігендердің бірі сулы орамалмен 
басын таңып, бүк түсіп отыр, екінші біреулері, шалқасынан жатқан күйі, 
ыңырсып қояды. Кейбіреулер құсып жатыр. 
Осы жапа шеккендерге ем жасап, әбігерленіп жүрген кӛк кӛз 
Киреевті кӛрдім. Бұл батальонның дәрігері. Мейірімді, ақ пейіл адам. 
Политрук Бозжанов Киреевке жәрдемдесіп, арықтан шелекпен су тасуда. 
Осы топқа барғанымда мені елеп, ешкім орнынан тұрмады. 
- Тұрыңдар! - деп бұйырдым мен. 
Бұл бұйрықты бірен-сараңы ғана орындады. Ыңырсып Курбатов 
түрегелді. 
- Курбатовпысың? 
- Ох, мен ғой, жолдас комбат… 


70 
Басқаларға үлгі етіп, мақтап жүрген жігітім шынымен-ақ осы күйге 
түскені ме? Қос бүктеліп қалғанын қарашы!
- Немене, жүнжіп кеткенің? Командирдің алдында қалай тұрсың 
ӛзің? 
Курбатов шірене еңсесін кӛтеріп, кеудесін керіп, нағыз солдатша 
қалпына келді.
Бұдан соң екінші жауынгердің қасына бардым: 
Неге орныңнан тұрмайсың? Тұр! Винтовкаң қайда? 
- Ох, жолдас комбат… Білмеймін, қайда қалғанын… 
- Қалай тұрсың ӛзің? Табанда винтовканды тауып, маған кел! 
- Қалай табам? Менің жүруге де… 
- Орында бұйрықты! 
- Қазір жолдас комбат… кӛзілдірігім бір жерде түсіп қалыпты 
- Па, шіркін, Мурин! Қызық жігітсің-ау! деймін ішімнен мұрнының 
кеңсірігіне қосалқы кӛзілдірік қона қалды. Мурин әлтер тәлтек басып, 
винтовкасын іздеп кетті. 
Командирлерге: роталарды жол үстіне сапқа тұрғызыңдар, ілгері 
жүреміз дегенді айттым. 
Он бес минут ӛткенде жұрт сапқа тұрып болды. Мен батальонды 
жағалай алға шықтым. Жауынгерлердің ұнжырғасы түсіп кеткен. 
Кӛздері мӛлиіп, бастарын тӛмен салып, кӛбі мылтықтарына 
шалдарша сүйеніп тұр. 
- Батальон, смирно! На пле-чо! Шагом марш!! 
Роталар ілгері қозғалды. Жұрт ілгерілі-кейінді ілбіп барады 
Кейбіреулері аяғын сылтып басады. Бұлайша, сүйретіліп жүрсек, кӛш жерге 
қалай жетпекпіз! 
Колоннаның алдына шыққаннан кейін, жұртты тоқтаттым да 
жауынгерлерге былай дедім: 
- Осы арадан сонау талға дейін аршындай басып барыңдар. 
Ойдағыдай адымдамайынша, осы арадан кетпейміз. Первая рота ровняйс!? 
Аршындай адымдау - строевой шаг - дегеннің не екенін білесіз бе? 
Қызыл алаңдағы парадты кӛргеніңіз бар ма? Кӛрсеңіз, бәрі бірдей аяғын 
кӛтеріп, бүкіл табанын жерге тигізе сарт еткізеді. Салтанатпен аршындай 
адымдау осындай. 
Талға дейінгі екі аралық екі жүз метрдей бар еді. 
Бірінші рота ілгері адымдай жӛнелді. 
- Жарамайды! Қайта жүріңдер! 
Рота алғашқы орнына келіп, тағы да ілгері басты, 
- Бұда жарамайды! Қайта істеңдер! 
Қӛңілдегім болмай, мен кіжінсем, менің тақақшылдығыма олар 
ызаланды. 
Үшінші рет адымдап, аяқтарын, сарт-сұрт еткізе жер тепкенде, тас 
жолды ойып жіберер ме екен деп ойладым. 


71 
Бұдан бірер минут бұрын ғана жүнжіп тұрғанын кӛріп, бұл жұртты 
жек кӛріп едім, олардың да жаны кейіп күйініп еді, енді бірден ішім жылып 
кетті… 
- Бәрекелді! Бәрекелді! -- деген сӛзді қалай айтып салғанымды 
ӛзім де байқамай қалдым. 
- Совет Одағына қызмет етеміз! - деп рота бір адамдай саңқ етті. 
Ер мүсінді, қайратты, ӛңі қатулы жігіттер тап Қызыл Аландағыдай 
адымдады. 
Салмақты солдат бәтеңкелері тақыр жерге біркелкі нәшпен 
бұрынғыдан да қатты соғылды. 
Осылайша басқа роталарды да алдымнан ӛткіздім. Екі жүз метр 
аралықты ойдағыдай адымдап ӛткенше екінші, үшінші роталарды да қайта 
жүргіздім. 
Бірінен соң пулемет ротасы ӛтті, Шу дегенде-ақ жауынгерлер 
аршындай адымдап жӛнелді. Алдыңғы сапта ұзын тұра Мурин келеді. 
Басқалармен бірге, екі табанымен кезек-кезек жер сабалайды, бейне әсерлі 
күйдің әніне нәш қосқандай, оң қолын ербең-ербең еткізеді. Жалтылдаған 
кӛзілдірігі, жадыраған жүзі оның шын насаттанып келе жатқанын 
сездіргендей. 

Талғарға жақындағанымызда, мәстек атқа мінген Панфилов 
алдымыздан шықты. Ол жорықтан қайтқан батальондарды қарсы алып жүр 
екен. 
Генералды кӛріп, бәрі еңсесін кӛтере түсті. Команда бойынша орталар 
тағы да аршындап басты. Ауыр жорық қажытқан, бірақ қайратқа қайта 
мінген жауынгерлердің бастары кӛтеріңкі еді. Жүздерінен: «Жаман-жұманың 
біз емес. Жігіт десең жігітпіз!» деген мақтаныштың лебі ескендей. 
Панфилов жымың қақты. Кішкене кӛздері күлімдеп, күнге күйген 
қоңырқай, әжімді ӛңінде жылылық пайда болды. Екі аяғын үзеңгіге тіреп, ер 
үстінде сәл кӛтерілді де: 
- Жүрістерің жақсы екен! Адал қызметтеріңе рақмет, жолдастар! - деп 
айқайлады ол. 
Совет Одағына қызмет етеміз! - деп батальон саңқ ете түскенде, 
мәстек жалт берді. Үріккен аттың тізгінінен ірке тартқан Панфилов, басын 
шайқап, күліп жіберді. 
Бұл жолы осы сӛздерді барша жауынгерлермен бірге мен де дауыстап 
айттым. Бұл менің генералға ғана қайырған жауабым емес. Жай жауынгер 
болсын, ӛзімдей командир болсын, кімде-кім ашық лебізбен я үнсіз 
ишаратпен; "Неге мұнша қаталсың?» деп сұрар болса, әркімге де, ӛз арыма да 
айтар жауабым: «Совет Одағына қызмет етем!» деген сӛздер болар еді. 
Біз мекенімізге айтулы мерзімде оралдық. 


72 
Менің айналама тӛрт бұрыштанып тізілген роталарды кӛзбен шолып 
ӛттім. Винтовкаларын аяқтарының түбіне қойып, қаз-қатар тұрған, 
гимнастеркалары мен пилоткалары терге малынған, ауыр бәтеңкелерін шаң 
топырақ басқан қызыл әскерлердің қабақтары қатып, жүздері солғын тартқан, 
шетінен суытқан аттай жарау. Жүдеп, қажығандары айтпаса да белгілі. 
Олардың қазіргі бар тілегі жатып дем алу; бірақ қақсаған аяқтан тік тұру 
қаншама қиын болса да, шыдамдылықпен бұйрықты күтіп тұр. Әдепкідей, 
шалдарша мылтығына сүйеніп тұрған бұлар жоқ. Командирдің кӛзқарасын 
сезіп, кеуделерін кӛтере ұстайды. 
Қазіргілер бұдан апта бұрын ала-құла киіммен, кепкішең я жалаң бас, 
майкішең я пиджакпен сапқа тізілгендерге бір де ұқсамайды: алғашқы алыс 
жорыққа әзірленіп, алдыңғы күні елең-аланда олпы-солпы жаңа киіммен 
сӛлекеттене сап құрғандар да бұлар емес. Енді бұлар бірінші әскерлік 
сынақтан абыроймен ӛткен нағыз солдаттар еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет