Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет14/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   76
Арпалыс 1,2

 
СЫНАҚ ҤСТІНДЕ 
 
«Сұңқар ұшып жетіледі
Тұлпар шауып тӛселеді». 
(Халық мақалы). 
Ұрысқа қалай әзірлентенімізді, батальонға Папфиловтың неше рет 
келгенін, жауынгерлермен не жӛнінде әңгімелескенін «Жеңіске жетем десең, 
ұрысқа алдын ала әзірлен» деп бәрімізге әлденеше рет айтқан ақылын және 
басқа талай-талай жайларды әңгіме етсем бе деп едім, Бірақ мұның бәрінен 
аттап ӛтіп, тӛтесіне соғайын… 
Айтар сӛздің қысқасы, белді бекем буынып, ердің ӛнерін, қарудың 
күшін сынайтын күн туды. 
Москваның ӛкпе тұсына келгеннен кейін Волоколамскінің маңына 
шеп құрып орналастық. Немістің соғыс ӛнеріне кәніккен, талай елді талап 
дәніккен, аш бӛрідей жалындаған бау кеспе армиясы, басым күштің, мол 
техниканың кӛмегімен, сонау батыстағы майданымызды бұзып ӛтіп, 
октябрьдің он үші күні біздің шепке жақындады. 
Тап сол он үші күні, барлаушылар алдымызда неміс бар екенін алғаш 
рет хабарлағанда, батальонға Панфиловтың келгенін айтқанмын. 
Екі стақан қою шай ішкен соң, Панфилов сағатына қарап: 
- Рақмет, жолдас Момышұлы. Әбден қандым. Енді шепке барайық, - 
деді. 
Біз сыртқа шықтық. Анадай жерде, орман шетінде генералдың 
машинасы күтіп тұр екен. Артқы дӛңгелектерін шынжырмен мықтап ораған. 
Болат тізбектердің арасына қара қошқыл тартқан қар кептеліп қалыпты. 
Тӛңіректің бәрі аппақ қар. Шанамен ғана жүретін кез келген. Күн 
қабағы шытулы. Кӛк жүзін сұр бұлт торлап алыпты, күндіз қыландап белгі 


73 
берген күн кӛзі қазір ғайып болған. Тек кӛкжиек қана ақтаңылтақ тартып тұр. 
Мезгіл кешке таянса да, ақ қардың әсерімен айнала әлі де жарық сияқтанады. 
Бес минутта біз екінші ротаға барып жеттік. 
Панфилов траншеяларды аралап, неше қабат бӛренелермен жапқан 
атыс ұяларына кіріп, жәрегінен алдыңғы жақты кӛзімен шолды. Атуға 
ыңғайлы ма екен деп, жәректен мылтықты кӛздеп байқайды, жауынгерлерге: 
«Тамақтарың тоқ па?», «Темекілерің жете ме?" деген сияқты жай сұраулар 
береді. 
Менің байқағаным, генералдың сұрауына дәл жауап қайтарғанымен, 
оның айтқан әзіл-қалжыңына сырттан шырай бергенімен, жауынгерлердің 
ойында басқа бір діттегені бар: генералдың аузынан - ұрыста демеу 
боларлық, айқаста арқау боларлық – ӛзгеше бір сӛз естісек екен деп күткен 
сияқты. Жауынгерлердің қазіргі кӛңіл күйі маған мәлім: бүгін 
барлаушылардың әкелген хабары оларға түгел тараған. 
Бірнеше окопты аралаған соң, Панфилов әлі де суы қатпай қарауытып 
жатқан Руза ӛзенін жағалай үнсіз ілгері жүрді. Ойға шомған кезде оның 
тӛмен қарап жүретін әдеті еді, қазір де сол кейіпте кетіп барады. 
Жол-жӛнекей бӛркін түзеп, рота командирі Севрюков генералгға 
қарай жүгіріп келеді, бӛркінің астынан ақ кірген самай шашы жылтырап 
кӛрінеді. Оның соңынан үш-тӛрт адым жерде, бірнеше жауынгер ілесе 
жүгіруде. 
Панфилов оның рапортын тыңдап болған соң: 
- Мына нӛкерлеріңіз кімдер? - деп сұрады. 
- Менің хабаршыларым, жолдас генерал. 
- Ылғи ӛстіп соңыңыздан жүгіріп жүре ме? 
- Енді қалай, жолдас генерал, ойда жоқта бірдеме бола қалса… 
- Ӛте жақсы, ӛте жақсы. Сіздің окоптарыңыз да онда екен, жол- 
дас Севрюков. Бұрынғы бас бухгалтердің екі беті алдырып, жүзінде 
шаттық белгісі ойнады. 
- Егер де сіз ротаны жинап, әңгімелеспекші болсаңыз, қасымда тақ 
тұрған хабаршыларым бар, жібере қояйын деп ойлап едім, жолдас генерал, - 
деп үн қатты ол байсалды пішінмен, - Бұларды желаяқ деп атауға болады. 
Жина деп бұйрық етсеңіз, рота жиырма минутта осында жетіп келеді. 
Панфилов сағатын алып қарап, сәл ойланып тұрды. 
Жиырма минутта дейсіз бе? 
- Иә, жолдас генерал. 
- Ӛте жақсы, ӛте жақсы. Ал айтыңызшы, жолдас Севрюков, ротаны 
сонау жерге қанша минутта жинай алар едіңіз? 
Кілт бұрылып, Панфилов Рузаның арғы жағасын нұсқап кӛрсетті. 
- Сонау жерге ме? - деп сұрады Севрюков. 
- Иә. 
Севрюков генералдың сұқ қолына, сонан соң саусағымен нұсқаған 
жаққа қарады. Кеш батар мезгіл таянғанмен, айнала әлі жарық болатын. Қазір 
генерал ӛзеннің арғы бетіндегі орманды нұсқап тұрғаны айқын еді: 


74 
Сонда да Севрюков:
- Арғы жағаға ма? - деп қайыра сұрады. 
- Ия, арғы жағаға, жолдас Севрюков. 
Севрюков қарауытқан су бетіне қарады, онан соң мойнын бұрып 
дӛңестің тасасынан кӛрінбей тұрған, бір жарым километр жердегі кӛпір 
жаққа кӛз жіберді, Сӛйтті де, қалтасынан бет орамалын алып қатты бір 
сіңбіріп, тағы да су бетіне қадалды. 
Панфилов үндемей оның жауабын күтуде еді. 
- Мен білмей тұрмын… Кешіп ӛту керек пе, жолдас генерал? Орта 
шенінде су кеңірдектен келеді. Жұрттың үсті-басы су болады ғой. 
- Жоғ-а, суға салып не керек? Жаздың күні емес… Есебін тауып, кебу 
күйде соғысқанымыз жақсы… Ал неше минутта жинай аласыз, жолдас 
Севрюков? 
- Білмей тұрмын… Жолдас генерал, минутпен іс бітпес. 
Панфилов маған қарай бұрылды. Әр сӛзін салмақтап: 
- Нашар екен, жолдас Момышұлы! - деді ол. 
Генералдың аузынан «нашар» деген сӛзді алғаш есіткенім осы. Бұдан 
бұрын да, соңыра Москва түбінде болған ұрыстар кезінде де, мұндай сынға 
іліккен емеспін. 
- Нашар екен! - деді ол тағы да. - Неге ӛткел жасалмаған? 
Қайықтарың, салдарың неге жоқ? Жерден дұрыс окоптар қазып, ойдағыдай-
ақ бекініп алыпсыңдар. Енді неміс қашан тиісер екен деп күтіп 
отырмақшысыңдар. Бұларың келіспейді. Қарап отырғанша бетпебет ұрыс 
салғандарың пайдалы болса қайтпексіңдер? Жаудан бұрын ӛздерің қару 
жұмсауға жағдай туса ше? Бұған дайынсындар ма? Қазір жау, кӛзінің еті 
ӛсіп, есіріп кетті. Осыны пайдалану керек. Бірақ бұл шағын ойланбапсыз, 
жолдас Момышұлы! 
Генерал бұл жолы ежелгіден ерекше түсін суытып, шымбайыма 
батыра-батыра қатал сӛйледі. Бетімнен отым шығып, оның алғашқы сӛгісін 
тік тұрып тыңдадым, 

Панфилов тағы да Севрюжовқа қарап: 
- Сонымен, жолдас Севрюков, арғы жағаға тез ӛтіп үлгере алмаймын 
десеңізші! Оныңыз нашар екен! Бұлжағын ойланып кӛріңіз. Ал флангіден, 
ӛкпе тұстан шеп құрып орналасуыңызға қанша уақыт керек? 
- Флангіден бе? Қай жерден шеп құру керек, жолдас генерал? 
Панфилов батальонның басқару пункті орналасқан орман ағашын, 
әлгіде ғана біз машинамен ақ қар бетін айғыздап, тыңнан жол салып келген 
жақты нұсқады.
- Міне, жолдас Севрюков: шебіңіз сонау орманнан ӛзен жағасына 
дейінгі екі аралықта болады. Міндетініз – батальонды ӛкпе тұстан, флангіден 
қорғау. 


75 
Севрюков ойланып тұрып: 
- Он бес-жиырма минутта үлгерем, жолдас генерал, - деді. 
Панфилов елеңдеп: 
- Ойша соғып тұрған жоқсыз ба? Кәні, кәні, кӛрейік… Басқарыңыз, 
жолдас Севрюков. Уақытты белгілеймін, - деді. 
Севрюков қолын шекесіне апарып, кілт бұрылды да, анадайда тұрған 
хабаршыларына қарай аяндады. Айтулы жерді кӛзімен шолып жарты 
минуттай үнсіз тұрды, Мен оған кӛзіммен ишара етіп; «Ойбай-ау, сызылып 
тұрғаның не? Сылбыр болмасайшы! Тез, тез!, деп асықтырамын. Кенет менің 
құлағыма:
- Бәрекелді, ойланып тұр! - деген сыбыр естілді. 
Осыны айтып, Панфилов жылы шыраймен маған басын изеді. Оның 
жүзінде әлгі ызғар жоқ еді. Ол бар зейінімен Севрюковтың қимылын бақылап 
тұрды. 
Енді Севрюков хабаршыларына белгі нысаналарды кӛрсете бастады. 
Біз оның: 
- Пулемет взводы артқы жақтан қорғайды, ең соңында ӛзі барады. 
Мұратов, жүгір! - деген сӛздерін есіттік. 
Панфилов мақұлдап басын изеді. Алматы темекі фабрикасының 
бұрынғы бас бухгалтері, қырықтағы лейтенант қазір оған ұнап қалған еді. 
Аласа бойлы, мығым денелі татар жігіті Мұратов бұл мезгілде, соқта 
қарды етігінің ӛкшісімен лақтыра, құстай ұшып бара жатты. Оның артынан 
бір жаққа екіншісі, екінші жаққа үшіншісі жүгіре жӛнелді. Соғысқа дейін 
педагогика институтының студенті болған ұзын бойлы Белвицкий орманға 
қарай тартты. Айтулы аралыққа жетіп, Белвицкий маяк есебінде тұра қалды, 
«Қателесті-ау. Оқ атылып жатқан кезде ӛстіп түрегеп тұра ма екен?» деген ой 
басыма сап ете түсті. Бірақ осыны сезген Севрюков анаған бұқ дегендей, 
қолымен ишара ете бастаған еді. Белвицкий түсіне қоймады. Севрюков ӛзі 
бұғып отыра қалып еді, жігіт сонда ғана пайымдады, 
Ымырт жабылып, айнала күңгірт тарта бастаған еді, Ақырында 
орманға бет ала қараңдап жүгірген бірінші тізбек кӛріңді. Ауыр пулеметті 
артының, еңкейе ілгері ұмтылып бара жатса да, кӛп ішінде ірілігімен кӛзге 
түскен қақпақ жауырынды қапсағай Қалимолдинді айқын ажыраттым. 
Пулемет взводы тез жата қалды, 
Атқыштар алагеуімде кӛзге әрең түсетін винтовкаларын кезей ұстап, 
жүгіре басып пулеметшілерден әрі ӛтті. Олар да жер бауырлап жата қалысты. 
Лезде ақ қардың бетінде, бейне кӛп нүктелі сызықтай, жаңа қорғаныс шебі 
пайда болды. 
Панфилов қолындағы сағатына ауық-ауық қарайды. Сағаттың біркелкі 
сырт-сырт дыбысы менің құлағыма: «дұрыс, дұрыс, дұрыс! деп сыбыр қаққан 
сыншының үні тәрізденіп кетті. Мен сондағы бойды алған сезімімді қанша 
әсерлеп айтқанмен сізге жеткізе алармын ба? Қолдан келген ӛнерімді, бар 
еңбегімді жұмсаған батальоным ӛз баламдай, ӛз ӛренімдей ыстық кӛрінбей 
ме? Оның жақсылығы маған абырой, кемістігі бойыма мін емес пе? Солай 


76 
болғасын да устав бойынша ӛз батальонымды «мен» деп атауға хақым бар 
ғой. Осы күйде қуанбасқа не, сүйінбеске не? Бірақ бӛтен бір ой екінші 
жақтан килігіп мазалайды: «Жазық алаңда жаңбырша оқ жауғанда, айналаны 
жаңғырықтыра снаряд пен мина жарылып жатқанда, осылай шебер қимылдай 
алар ма екенбіз? Сондай жағдайда біреу: «Қоршап келеді!" деп байбалам сап, 
орманға қарай тура қашса, не болмақ? Оның артынша басқалары дүрлігіп, 
үрке жӛнелмесіне кім кепіл? «Жоқ, жоқ! Азғынды табанда командир жоқ 
қылады, үрейшілді жауынгердің ӛздері атып тастайды». Сырт-сырт соққан 
сағатқа жүрек үн қоса: «Сенемісің, сенемісің?» деп лүпіл қағады. 
Құшырланып: «Сенем, сенем, сенем!» деймін ішімнен. 
Жауынгерлер бірде оқтай зымырап, бірде жата қалысып, мезгеулі 
жерге жетіп те үлгерді. Жетісімен-ақ қол күректерімен қарды үңтіп, бекіне 
бастады. Севрюковтың жел аяқтары да қайтып келген еді. Ақтық күн 
шапағымен күрең тартқан дала бетінде пулеметті арқалай жүгірген 
Қалимолдиннің алып тұлғасы тағы да кӛрінді. Қайтадан шеп құрған ротаның 
абайшысы пулемет взводы да атқыштар қатарына барып орналасты. 
Кейіндеп қалған ең соңғы біреу қалбалақтан жүгіре, қарға етпеттей 
құлағанша күтіп тұрған Севрюков енді Панфиловқа келді. 
- Жолдас генерал! Сіздің бұйрығыңыз бойынша рота флангіне барып 
бекінді, сіз кӛрсеткен қорғаныс шебіне орналасты. 
Панфилов кӛзін сығырайта сағатына қарап, басын кӛтерді.
- Тамаша! - деді ол, масаттанып. - Оң сегіз жарым минут ӛтті. Ӛте 
жақсы, жолдас Севрюков! Ӛте жақсы, жолдас Момышұлы! Енді 
жауынгерлерге 
рақмет 
айтпай 
кетпеймін. 
Осындай 
ер 
жүрек 
қаһармандарымыз барда немісті соға білмесек, несіне тірі жан атанамыз, 
Бізге бұдан артық қандай жауынгерлер керек? Жолдас Севрюков, енді 
ротаны осында келтіріңіз. 
Хабаршылар тағы да жүгіріп кетті. Кӛп ұзамай, взвод-взводымен сап 
түзеген жауынгерлер генералдың айналасына тізіле бастады. Севрюков сапты 
реттеп: «Смирно!» деп команда берді де, генералға мәлімдеді. Қараңғыда 
жауынгерлердің жүздері кӛрінбегенмен, саптың бейнесін айқын ажыратуға 
боларлық еді. 
Панфилов кӛп сӛйлеуді ұнатпайтын, әмісе ол алқа-қотан отырған 
жауынгерлермен емін-еркін әңгімелесуші еді. Бұл жолы генерал 
жауынгерлер алдында қысқаша, айналасы екі-үш минут сӛз сӛйледі.
Тұла бойын кернеген қуаныштың әсерімен, ол жауынгерлерді бірден-
ақ мақтауға кірісті. 
- Мен кӛпті кӛрген қарт солдатпын. Қарт солдат есебінде турасың 
айтайын, жолдастар, - деді ол қоңыр дауыспен: - сендердей арқа сүйерлік 
айбынды жауынгерлері бар мендей генералға ешқандай жау қорқынышты 
емес! 
Қараңғыда жүзі кӛрінбегенмен, даусынан оның қуанышпен тебіреніп 
тұрғанын аңғаруға болатындай еді. Біраз үн қатпай тұрып, сонсоң ӛзімен-ӛзі 
сӛйлескендей, генерал тағы да сӛзге басты: 


77 
- Жауынгер дегеніміз кім? Жауынгер деген ӛзінен үлкендердің бәріне 
бағынады, әрбір командирдің алдында табанынан тік тұрады, бұйрықты сӛзге 
келмей орындайды. Ескіше айтқанда, жауынгер тӛменгі дәрежедегі адам. 
Бірақ жауынтерсіз бұйрық бұйрық бола ма? Ол нәтижесіз ниет, бәтуасыз ой, 
құр қиял болып шығады, Жауынгер ұрысқа жӛнді әзірленбеген болса, ең 
жақсы, ең дана бұйрықтың ӛзі нәтижесіз ниет, құр қиял күйінде қала береді. 
Тұтас армияның ұрысқа әзірлігі ең алдымен жеке солдаттың ұрысқа әзірлігі 
деген сӛз. Жауынгер - соғыста үлкенді-кішілі командирдің бұйрығын, 
халықтың, Отанның әмірін жүзеге асыратын, әр ұрыстың тағдырын шешетін 
негізгі тұлға. 
Панфиловтың сӛзін жауынгерлердің зор ықыласпен тыңдап 
тұрғандығы айқын еді. 
- Роталарымыз ұрыста да тап осылай, ӛздеріңдей қимылдаса, 
бұйрықты дәл осылай орындаса, онда неміс Москваның маңайына да жолай 
алмайды. Ұрысқа үздік әзірленгендерің үшін, адал қызметтерің үшін алғыс 
айтам, жолдастар! 
Генерал осыны айтқанда, жұрттың бәрі айналаны жаңғырықтыра бір 
дауыспен: 
- Совет Одағына қызмет етем! - деп жауап қайырды. 
Айнала тағы да жым-жырт бола қалды, 
- Рақмет, жолдас Севрюков, - деді генерал, рота командирінің қолын 
қысып. - Сендер тұлпар болсандар, мен де тұлпармын, сендер сұңқар 
болсаңдар, мен де сұңқармын! 
Кӛңілді тасытып, кісіні ұшпаққа шығаратын бұл сӛз жұртқа түгел 
жеткендей еді. Панфиловтың жылы лебізі, құлаққа жағымды үні тағы да 
оның қуанышты кейпін танытқандай. Ал жауынгерлердің сондағы кӛңіл күйі 
қандай болды дейсіз ғой? Генералмен қосыла олар да күндей жадырады ма, 
әлде іштегі күдік тарқамай, жай тұнжырап тұрды ма, - онысын байқай алған 
жоқ. Қараңғы түнек ішінде де тым-тырыс тұрған халде де адамның кӛңіл-
күйін, сыртқы шырайын айқын сезетін кезің болады ғой. Бірақ бүгінгі есіткен 
сӛгістен кейін, кӛңіліме орнаған дық кетпей, мен бұл кеште қуанарлық 
лебізге керенау тартып, ӛзгеден оқшау тұрғандай едім. 
Сӛйтіп, ротаның бұл жолғы кӛңіл-күйін сезінбедім, оның сыртқы 
бейнесі де кӛзіме әсерлі кӛрінбеді. Бұл да, есіткен сӛгіспен қатар, істелген бір 
үлкен қателікке орай менің тартқан жазам секілденді. 
Ол қателігім қайсы? 
Генералдың күндізгі айтқан ауыр сӛздерін тізбектеп есіме түсірдім. 
«Мұндай ойдың ұшқыны да кӛрінбейді», - деп ол, жауға соққы беруді 
ишаралап, жебе тарта жүргізді. Ой демекші, жете екшелмеген, кӛңілге 
тоқылмаған, тиянағын таппаған бір іс бар секілді. Әңгіме мина алаңдарында 
ғана емес, ӛткел жабдығында ғана емес, әңгіме жауынгердің жан жүйесінде. 
Ол не? Сұңқар ұшып жетіледі, тұлпар шауып тӛселеді дегендей, ұрысқа 
белсене кіріспей, тұңғыш жеңістің шаттығын сезбей, кісі шыңдалмайды, 


78 
жауынгердің жан дүниесінде ӛзгеріс тумайды, міне, бізге керегі сол жеңіс, 
жеңіс! 
Генералды машинаға дейін ұзатып салдым. 
Машина жиегіне бір аяғын қойшы маған бұрылды да: 
- Барлау жұмысын қадағалап жүргізіңіз, - деді ол. Жұртты әлсін-әлі 
алға жіберіп тұрыңыз. Олардың бір шұңқырға ертеден қара кешке дейін 
бүгіліп отыруынан келетін пайда аз, онан да ұрыс алдында жауға кезіге 
бергені мақұл. 
Қолымды алып қоштасып тұрып, ол: 
- Батальонның бір ғана кемістігі бар екенін сіз білемісіз, жолдас 
Момышұлы? Немістерді бір тӛмпештеп алсаңдар, ол кемістік жойылар еді, - 
деді. 
Мен елең ете түстім. Менің кӛңілге түйгенім де, қалағанымда осы еді. 
- Онда бұл жай батальон болмайды, жолдас Момышулы, ол нағыз тас 
кесер болат болады. Мұндай болаттың жүзін дүниеде еш нәрсе кетілте 
алмайды! Ұқтыңыз ба? 
- Ұқтым, ақсақал. 
«Ақсақал» деген сӛздің аузымнан қалай шыққанын байқамай да 
қалдым. Аталық ақылын айтқан даналық сӛзімен кӛңілдің кірін кетірген 
құрметті кісіге менің, ӛз еркімнен тыс, қайтарған жауабым осы болды. 
Менің қолымды қысып тұрып:
- Күтіп отырмай, қарманып қалыңыз, Ебін тауып, соға біліңіз? 
Соққанда ойлап соғыңыз. Осы жағын ойлаңыз, жолдас Момышұлы, деді ол. 
Қараңғыда мені түстеп кӛргісі келгендей, бетіме үңіліп, ол тағы да: 
- Ұқтыңыз ба? - деп сұрады. 
- Ұқтым, жолдас генерал. 
Панфилов менің қолымды екі қолымен қысып қоштасты. Бұл 
мәпелегені еді. 
Есігі тарс жабылып, кӛмескі сәулелі шамын жаққан машина қардың 
бетін жосадай тіліп, ілгері ұмтылды, Мен кӛз жазбай бір орнымнан 
тапжылмай, генералдың соңынан кӛпке дейін қарап тұрдым. 

Түн ішінде біз барлау кестесін жасадық. 
Сызуға шебер Рахимов кестені әдемілеп қағаз бетіне түсірді. Әр 
ротадан бӛлінген үш бӛлімше таң сәріде жауды барлауға үш тарапқа 
жіберілді. Осы ретпен әрбір сағатта белгілеген жоспар бойынша бӛлімшеден 
соң бӛлімше ӛзеннен ӛтіп, алдағы жау таянған жаққа кетіп жатты. Әзірше 
жауынгерлердің алдына қойылған міндет тірі немісті кӛзімен кӛріп қайту 
ғана. 
Бізге қастық ойлап келе жатқан жау, аузынан от шашқан айдаһар да 
емес, жалғыз кӛзді жалмауыз да емес, терісі сауыт жезтырнақ та емес, ол 
ӛзіміз сияқты екі аяқты адам. Бірақ, адам болғанда, басқаны құлданып, қанын 


79 
ұрттап, мал табуды мақсат еткен, құлқыны бұзық қарақшы адам. Оның етінен 
оқ та, найза да ӛтеді, оны ӛлтіруге әбден болады. Міне, осы жайды 
жауынгерлер білсін, қас жауын ӛз кӛзімен кӛрсін дедім. 
Барлауға шыққандар орман-орманды паналай, немістер жатқан 
қыстаққа жасырын жақын барады, жергілікті адамды кездестіріп, немістің не 
істеп, не қойып жатқанын, жау саны қанша екенін сұрастырады, сонан соң, 
қалқадан, тесіктен тал мен шӛп арасынан сығалап, ӛздері қарайды. Әрине, 
алғашында бұлай ету оңай соқпайды, жүрексіну де, батпаушылық та болады, 
бірақ бірте-бірте бойы үйреніп, қорқыныштың орнына әуестік туады. 
Бӛлімшеден соң бӛлімше қайтып келеді, барлауға қатысқан 
жауынгерлер кӛрген-білгенін, қыстақтағы немістердің не істегенін қалай 
жүретінін, бірдеме деп даңғырлап сӛйлесетінін, тауықты атып әйелдер мен 
балаларды шошытып, мәз-мейрам болып күлісетінін баяндайды. 
Рахимов әңгімені бастан-аяқ жазып алып, қосымша сұраулар арқылы 
жаудың санын, қаруының түрін, қай жаққа бет алып бара жатқанын 
анықтайды. Мен осы жұрттың мәліметіне құлағымды тігем, жүздеріне қарап, 
бейілдерін ажыратам. Кӛпшілігі леціріп қайтады, әңгімесін құлпыртып 
айтады, ал кейбіреулердің кӛзінен мұңның ізі білінеді, кібіртіктеп сӛйлейді. 
Бұлар әл-әзір қорқыныштан арылмаған, жүректің лоблуын, кӛңілдің 
қобалжуын басып үлгермеген адамдар. 
Курбатов басқарған бӛлімше ӛзгеше кӛңілденіп қайтты. 
Екі ӛкшесін сарт еткізіп, қолын шапшаң шекесіне апардыда, 
Курбатов, қара кӛздері күлімдеп, маған рапорт берді: 
- Баяндауға рұқсат етіңіз, жолдас комбат. Сіздің бұйрығыңыз 
орындалмады. 
- Қалайша? 
- Сіз атпа деп бұйырып едіңіз, менің қолым қышып кетті. Екі рет оқ 
аттым… Жауынгер Гаркуша да атты. 
- Сонымен қайттіңдер? 
Екеуін сұлаттық, жолдас комбат. Бір әйелдің шошқасын тартып 
алғалы жатыр екен, шыдай алмадық… Әйел біреуінің етегін… ұстап алыпты, 
жығылса да жібермей байбалам салып жатыр. Неміс оны бір-екі рет бастан 
теуіп қалды, Намысымыз келді, сосын кӛздеп тұрып, басып-басып қалдық. 
Сӛйтіп, екі неміс те жер қапты… 
Ӛзіңізге айтқан «темекі жорығы» кезінде гранат дорбасынан зәбір 
кӛрген Гаркуша да сӛз қыстырды: 
- Менің тағы бір себебім болды, жолдас комбат. 
- Қандай себеп? 
Гаркуша жолдастарына қарап, кӛзін бір қысып қойды: 
- Біз секілді пақырың қолымен байқамаса, кӛзімен кӛргеніне 
оңайлықпен нана қоймайды. 
- Ал сонымен, байқадың ба? Оқ ӛте ме екен немістен? 


80 
- Байқағанда қандай, жолдас комбат… Бірақ ол ол ма? Мен оның 
енесін - деп боғауызды былш еткізгенде, жұрт ду күлді. Мен де енесін… 
бұлардың лепіріп айтқан әңгімесін қызығып тыңдадым. 
Бір кезде менің қасыма пулеметшілер салмақты Блоха, қапсағай 
Қалимолдин, кӛзілдірікті Мурин келді, Жолдас комбат, сізге бір арыз айтуға 
рұқсат етіңіз, - деді Блоха. 
- Айтыңыз. 
Блоха Қалимолдинді шынтағымен түртіп қалды, Мурин оны арқадан 
бір нұқыды. Сонда қапсағай жылтыр қара жігіт мүдіріңкіреп сӛз бастады: 
- Жолдас комбат… 
- Не айтасың? 
- Бізге ұрыспайсыз ба? 
- Ұрыспаймын. 
- Жолдас комбат, жұрттың бәрі немісті кӛріп кеп жатқанда
пулеметшілердің бармайтын жазығы не? Бізді де жіберсеңіз қайтеді? Біз 
ошақ басында отырғанда, Гаркуша да немісті атып кепті. Біз одан кембіз бе? 
- Пулеметпен қалай жібермекпін сендерді? Пулемет осында болуы 
керек. 
- Аз уақытқа ғана рұқсат етіңіз, жолдас комбат. Кӛреміз де қайтамыз. 
Енді Мурин да қосарлана сӛйледі: 
- Түнделетіп қайта ораламыз, жолдас комбат. Түнде барсақ та кӛреміз 
ғой. Бір жерге ӛрт қойсақ, немістер үркіп далаға шығады. Бізге де оқ атуға 
рұқсат етіңіз, жолдас комбат. 
Бүгін батальонның бейнесі ӛзгеріп, жұртқа бір жігерлі сезім пайда 
болғаны байқалды.
Олай дейтінім, әлгі Мурин қызық адам. Кӛптен бері менің 
байқағаным, ол - батальонның айнасы секілді: жұрт сұйыла бастаса, ең 
алдымен мұның да еңсесі түседі, басқалардың кӛңілі кӛтеріңкі болуы, мұның 
да жігері тасиды. Әзірше суғаруы кем, шыңы жетпеген болат семсер 
секілденген батальонның қалпы осындай еді. Алдында ғана Панфиловтың 
дүниеде еш нәрсе де кетілте алмайтын болат семсер жӛнінде айтқанын 
білесіз. Оның айтқан кӛңіл-күйін, берген нұсқауларын тереңнен толғап, 
жауынгерлердің шырайын, барлаушылардың сӛзі мен емеурінін, әкелген 
мәліметтерін топшылап, зерттеген сайын кӛптен жадымда жүрген бір ой 
айқындала бастады. 
Сол ойдың ұшығында отырып, мен пулеметшілерге былай жауап 
қайырдым: 
- Жарайды, Қалимолдин. Айтқаныңның жарасы жеңіл. Күні ертең 
сендерге жұмыс табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет