Бекітілген қазақ тілі



жүктеу 2.29 Mb.
бет1/12
Дата16.06.2016
өлшемі2.29 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бекітілген

қазақ тілі

2–сыныпта – аптасына 4 сағат

Жылына - 136 сағат

Авторлары: Ж.Қ.Балтабаева, М.Қ.Солтанғазина, Ф.С.Лекерова
(Алматыкітап баспасы 2011)

I. ТҮСІНІК ХАТ

«Қазақ тілі» – бастауыш мектептегі негізі де маңызды пән. «Қазақ тілі» пәні арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. Бұған қоса тілді оқып-үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, олардың ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетіледі.

Қазақ тілі пәнінде қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі қарастырылады.

Пәнді оқытудың мақсатыоқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, алғашқы тілдік мағлұматтарды, сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін меңгерген, алған тілдік білімдерін өмір жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

Қазақ тілі пәнінің міндеттері:


  • дұрыс, түсініп және мәнерлеп оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру;

  • тілдік қарапайым түсінік, орфографиялық, пунктуациялық біліктілік қалыптастыру;

  • сөйлеу әрекетінің түрлерін (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) меңгерту және сөйлеу жанрларын әр түрлі жағдайларда қолдана білуге үйрету;

  • алғашқы тілдік фактілерді танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру, топтау және жинақтау дағдыларын қалыптастыру;

  • тілдік материалдар негізінде теориялық білім беру арқылы оқушылардың теориялық ойлауы мен тілін дамыту;

  • оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;

  • диалогтық және монологтық сөйлеу дағдыларын жетілдіру;

  • өздігінен мәтін құру, өз ойларын ауызша және жазбаша еркін жеткізе білу дағдыларын жетілдіру;

  • оқушының бойында адами құндылықтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті, елжандылықты, имандылықты дамыту;

  • қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Бастауыш мектепте оқу пәні мазмұнын іріктеуді реттейтін дидактикалық негіздер боынша оқытылатын тілдік материалдар мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай ғылымилық, сабақтастық, жүйелілік, түсініктілік дидактикалық ұстанымдары негізінде сұрыпталды. Бағдарлама құруда басты ұстаным ретінде коммуникативтік ұстаным алынды. Бұл ұстаным тілдің сөйлеу және таным құралы екенін терең ұғынуға мүмкіндік береді.

Қазақ тілі оқу пәнінің мазмұнын түзу мен іріктеудің басты функционалдық және коммуникативтік ұстанымдары пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталады. Ал қолжетерлік ұстаным оқу мазмұнын сызықтық-концентрлік жүйемен орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Материалды концентрлі оқыту тілдік ақпаратты сыныптан сыныпқа (2,3,4) өткен сайын біртіндеп күрделендіре түсуге мүмкіндік береді.



Пән бойынша оқу жүктемесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес 2-4 сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылады.

Оқу жылындағы барлық сағат саны:

2-сыныпта – аптасына 4 сағат, жылына - 136 сағат;

Пән бойынша оқу жүктемесі

Барлығы

136 сағат


1 сыныпта өткенді қайталау

10

Тіл және сөйлеу

2

Фонетика

28

Мәтін

8

Синтаксис

8

Лексика

12

Сөзжасам

14

Морфология

34

Сөйлеу мәдениеті

4

Жыл бойы өткенді қайталау

16

Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі



Пәнді оқытудың вариативті бөлігі оқушылардың білімдерін одан әрі жетілдіре түсу мақсатында пайдаланылады. Білім алушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың өз ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіру мақсатында сынып оқушыларының сұранысына орай арнайы сабақтар ұйымдастыру қажет. Мәселен:

2-сынып «Сөздер сыры», «Сауаттылық елінде».

ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

2-сынып оқушылары:

  • тіл және сөйлеудің мәні мен қажеттігін;

  • өтілген дыбыс түрлерін;

  • мәтіннің жеке сөйлемдерден өзгешелігін;

  • сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлерін,

  • түбір мен қосымшаны, қосымшаның түрлерін;

  • өтілген сөз таптарын;

  • мәтінге ат қоюды біледі.

  • Дыбыс түрлерін ажыратады;

  • белгілері бойынша дыбыстық талдау жасайды;

  • сөз құрамына талдау жасайды;

  • өтілген сөз таптарын талдайды;

  • мәтіннің әр бөлігін азат жолдан бастап жазады;

  • сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қоюға дағдыланған.

  • Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлерін (хабарлы,

сұраулы, лепті) ажыратады және оларды сөйлеу тәжірибесінде

пайдаланады;



  • тірек сөздер, жоспар бойынша мәтін құра алады;

  • қоршаған орта мен мақсатқа сәйкес диалог құра алады;

  • өтілген орфографиялық нормаларға сай қатесіз жазады.


оқытудың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктері

Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың өзіндік әдістемелік ерекшеліктері бар. Әсіресе, 2 сыныптың әдістемелік ерекшеліктерін білудің маңызы зор. Өйткені бұл сыныпта алғашқы тілдік грамматикалық ұғымдар қоса меңгертіледі.

Сондықтан оқыту үдерісінің өзіндік ерекшеліктері болуы шарт. Білім мазмұнының көлемі шағын, құрылысы қарапайым болумен қатар, білім беру мен тәрбиелеу баланың жеке тұлға ретінде дамуына бағдарлануы тиіс. Сондай-ақ, оқыту үдерісіндегі түрлі әрекеттер ойынға негізделіп құрылуы қажет. Дамыта оқыту жүйесі бойынша ұйымдастырылған сабақ құрылымында да өзгешеліктер болады. Оқушының оқу-танымдық әрекетінің психологиялық ерекшеліктеріне байланысты сабақ үш кезеңге сай ұйымдастырылады:


  • мотивациялық-бағдарлау кезең;

  • операционалдық-орындаушылық кезең;

  • рефлексиялық-бағалау кезең.

Мотивациялық-бағдарлау кезеңде оқу міндеттері қойылып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятатындай тапсырмалар мен жұмыс түрлері ұйымдастырылады.

Операционалдық-орындаушылық кезеңде нақты оқу тапсырмаларын орындау арқылы оқушылар жаңа теориялық ұғымды өзара талқылайды, соның негізінде теориялық білімін бекітеді, оны қолдануға үйренеді.

Ал рефлексиялық-бағалау кезеңінде оқушының теориялық түсініктерді меңгеруі тексеріледі, түзетулер енгізіліп, қайта қорытындыланады.

Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда жаттығулардың алатын орны ерекше. Қазіргі талапқа орай тілдік-грамматикалық жаттығулар, ойын жаттығулары, сөйлеу жаттығулары, рефлексиялық жаттығулар орындатылады.

Ойын жаттығулары оқушылардың оқу-танымдық қызметін ойын (пәндік, пәнаралық, сюжеттік, рөлдік ойындар) арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Білім алушының өзін көрсетуіне, жолдасының пікірін ескеруіне, қарым-қатынас жасауына, стандартты емес жағдайда өз білімін қолдана білуіне ықпал етеді. Ойын және сөйлеу жаттығулары арқылы қатысымдық және ақпараттық дағдыларды қалыптастыру міндеті шешіледі. Сонымен бірге мақсат қою, технологияларды қолдану, іс-әрекеттің нәтижесін бағалау аспектілерін сабақта жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Тірек сызбалардың проблемаларды шешу дағдыларын қалыптастыруда үлкен рөлі бар. Өйткені мұндай сызбалар арқылы тілдік категориялардың ұқсастығын, айырмашылығын, өзіндік ерекшеліктерін салыстырып көрсетуге болады. Сызбаларда көбінесе дерексіз байланыстар мен қатынастар көрсетіледі. Мәселен, тірек сызба бойынша сөйлем құратуға, сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсетуге болады. Сонымен қатар тірек сызбалар дербестікті дамыту үшін де қолданылады.

Мұғалім дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.



Қазақ тілі сабақтарындағы жазба жұмыстары:

Оқушылардың каллиграфиялық дағдыларын жетілдіру үшін көркем жазуға 2-3-4 сыныптарда әрбір грамматика сабақтарында шамамен 3-5 минут уақыт бөлінеді.

2 сыныптарда жазылуы қиын сөздерді, сейлемдерді, шағын мәтіндерді қатесіз әрі каллиграфиялық талапқа сай жазу дағдыларын жетілдіруге бағытталған жаттығулар орындалады.

Қазақ тілінен жүргізілетін негізгі жазба жұмыстары -көшіріп жазу, жатқа жазу, диктант, мазмұндама, шығарма.



Диктант

Есту диктанты, көру диктанты, сөздік диктант, шығармашылық диктанттары күнделікті сабақта ыңғайына қарай мұғалімнің қалауы бойынша жүргізіліп отырылады. Ал оқушылардың сауаттылығын тексеруге арналған диктант әр сыныпта шамамен 4 рет (әр оқу тоқсаны сайын 1 рет) алынады.



Бақылау диктанты әр сыныпта шамамен 5 рет (әр оқу тоқсаны сайын - 1 рет, оқу жылының қорытындысы бойынша - 1 рет) алынады.

Диктантқа арналған сөз саны төмендегі мөлшерде белгілеңді.

Сөздік диктанты:

2-сыныпта 8-12 сөз.

Бақылау диктанты:

2-сынып - I жартыжылдықта 30-35 сөз, жыл аяғында 35-40 сөз.

Мазмұндама және шығарма.

Оқушылардың өз ойын жазба тілде тиянақты түрде жеткізуге үйрету мазмұндама, шығарма жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Ауызекі және жазба тілде мазмүндау, шығарма жүмыстары берілген тақырып, тірек сөздер, суреттер, саяхатта көргендері жөне т.б. бойынша жүргізіледі.

Үйрету мақсатындағы мазмұндама жұмысы 2 сыныптарда жыл бойына барлығы шамамен 4 рет (әр оқу тоқсаны сайын 1 рет) алынады.

Мазмұңдамаға арналған сөз саны: 2-сыныпта 30-50 сөз.

Үйрету мақсатындағы шығарма жұмысы 2 сыныптарда шамамен 3 рет (әрбір сынып сайын I жартыжылдықта - 1 рет, II жартыжылдықта - 2 реттен) алынады.

Қазақ тілі пәнінен бақылау жұмыстарының нормасы

Сыныптар

I тоқсан

II тоқсан

III тоқсан

IV тоқсан

Қорытынды бақылау диктант

Бақылау диктанты




2

1


1

1

1

1

Сауаттылығын тексеруге арналған диктант




1

1

1

1




Мазмұндама







Үйрету мақсатымен

Үйрету мақсатымен

Үйрету мақсатымен

2

1

1

1

1

Шығарма










Үйрету мақсатымен

Үйрету мақсатымен

2




1




2


оқу пәнінің базалық мазмұны

2-сынып

1-сыныпта өткенді қайталау – 10 сағат.

Тіл және сөйлеу – 2 сағат.

Сөйлеудің күнделікті өмірдегі мәні мен қажеттілігі.

Ауызекі және жазба тілде сөйлеу туралы түсінік. Ауызекі сөйлеу ерекшеліктері. Дауыс күші, сазы - ауызекі сөйлеудің мәнерлеуші құралдары. Ауызекі сөйлеу кезіндегі дене қимылы және ым. Жазба тілде сөйлеудің ауызекі сөйлеуден өзгешілігі.

Фонетика – 28 сағат.

«У» дыбысы. «У» дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болатыны, кейде жуан, кейде жіңішке болып келуі. «У» әрпінің емлесі: дауыссыз дыбыстан кейін келген «у»-дың алдында ү,ұ дыбыстары естілгенмен, жазылғанда олардың орнына «У»-дың өзі ғана жазылуы; дауысты ы,і әріптеріне аяқталған сөздерге у әрпі қосылғанда, ы,і әріптерінің түсіп қалатыны.

«И, й» дыбыстары. И, й әріптерінің емлесі. «И» дыбысының алдында ы,і дыбыстары естілгенмен, олардың жазылмайтындығы. «И» - дауысты дыбыс, «й» - дауыссыз дыбыс. «Сый», «тый» сөздерінің жазылуы.

«Я» дыбысы. «Я»-ның дауысты дыбыс екені; бірде жуан, бірде жіңішке болатыны. «Я» -ны дауыссыз «й» дыбысымен салыстыру. Я әрпінің жазылуы.



Ю әрпінің жазылуы.

Дауыссыз дыбыстардың қатаң, үяң, үнді болып бөлінетіні.



Б, п дыбыстары. Б және п әріптерінің емлесі.

Қ-г, к-г дыбыстары. Қ-г, к-г әріптерінің емлесі.

Л, р дыбыстары. Л, р дыбыстарының үнді дауыссыз екені.

Л, р әріптерінің емлесі.

Н,ң дыбысы. Н,ң дыбыстарының үнді дауыссыз екені.

Мәтін – 8 сағат.

Жеке сөйлемдер мен мәтінді бір-бірінен ажырату. Мәтіннің тақырыбы және ондағы негізгі ойды анықтау. Мәтіннің мазмұнына сай ат қою. Мәтінге, сюжетті суреттерге ат қою.

Мәтіннің құрылымын байқату: негізгі ойды беру формасы сөйлем екені, мәтіннің басқы, ортаңғы (негізгі), соңғы (қорытыңды) бөліктері болатыны. Мәтіндегі абзацтың рөлін аңғарту.

Мәтіндегі сөйлемдердің байланысы. Дұрыс құрылмаған мәтінді қайта қүру.

Әр алуан мәтін түрлерін аңғарту: әңгімелеу, сипаттау, пайымдау.

Естіген немесе оқыған мәтінге байланысты сұрақтарға жауап беру; жоспар бойынша мазмұндама жазу.

Берілген тақырып, тірек сөздер, суреттер бойынша өз беттерінше әңгіме құру.

Заттардың негізгі бөліктерін байқату: таныс заттарды көрсетіп, олардың басты белгілері жайлы әңгімелету, сипаттап айтқызу.



Синтаксис – 8 сағат.

Сөйлемнің анықтамасы. Мәтіннен сөйлемдерді ажырату.

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері: хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем, лепті сөйлем. Сөйлем түрлерінің айтылу интонациясын байқату. Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері (нүкте, сүрау, леп белгісі).

Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Сұрақ бойынша сөйлемді кеңейтіп жазу (екі сөзден тұратын сөйлемді үш сөзді етіп құру).

Үлгі, сызба, сюжетті суреттер бойынша сөйлем құрап жазу. Дұрыс құрылмаған сөйлемді түзеп, қайта жазу.

Лексика – 12 сағат.

Сөз туралы берілген білімді еске түсіру. Сөздердің лексикалық мағыналарын байқату. Мәндес сөздермен, қарама-қарсы мағыналы сөздермен, омонимдермен (термин аталмайды) жұмыс.



Сөзжасам – 14 сағат.

Түбір мен қосымшаның бір-бірінен айырмашылығы. Қосымшаның жұрнақ, жалғау болып екіге бөлінетіндігі. Олардың әрқайсысының өзіндік белгілері.



Морфология – 34 сағат.

Сөз таптары жайлы ұғым: сөздердің негізгі мағыналарына қарай топтастырылуы, әр топтың өзіне тән сұрақтары.

Зат есім, оның мағынасы, сұрақтары.

Жалқы есім және жалпы есім. Жалқы есімнің жазылу емлесі.

Зат есімнің жекеше және көпше түрлері, олардың анықтамасы.

Зат есімнің көпше түрін сөз құрамына талдау, көптік жалғаулары.

Етістік жөне оның анықтамасы, сұрақтары.

Дара жөне күрделі етістіктер.

Сын есім және оның анықтамасы, сұрақтары.

Сан есім және оның анықтамасы, сұрақтары.

Сан есімнің зат есіммен байланысып айтылуы.

Сөйлеу мәдениеті – 4 сағат.

Алғыс айту. Танысу кезінде қолданылатын сөздер. Пікірталас кезіндегі сыпайылық: «меніңше, менің ойымша, солай деп ойлаймын» және т.б. сөздерді қоддану. Телефонмен әңгімелесу.



Жыл бойы өтілген материалдарды қайталау – 16 сағат.



Пән

Оқулықтың

авторы

1 тоқсан


2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

Жылдық

Жоспар бойынша


Жоспар бойынша

Жоспар бойынша

Жоспар бойынша

Жоспар бойынша

Математика

Ә.Б.Ақпаева,

Л.А.Лебедева,

В.В.Буровова

(Алматыкітап)



36

28

40

32

136
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет