Арпалыс (Волоколамск тас жолы)


ТҦҢҒИЫҚ ОЙ, ТИЯНАҚТЫ ШЕШІМ



Pdf көрінісі
бет26/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   76
Арпалыс 1,2

ТҦҢҒИЫҚ ОЙ, ТИЯНАҚТЫ ШЕШІМ 
«Сергекой - cepiri". 
(Халық мақалы). 


161 
Жауынгерлердің соңынан қыстаққа мен де бардым. Тарс-тұрс атыс
ерсілі-қарсылы жүгіріс. Қызыл әскерлер немістерді қыстақтың ар жақ шетіне 
ығыстырып барады. 
Қолында полуавтоматы бар, ашаң жүзді Әбіл Шилібаев, мені 
байқамастан, қарсы алдымнан жүгіріп ӛтті. Шинелінің етегін түріп алған, 
ағытылған құлақшыны үріккен тананың құлағындай елпең-елпең етеді. 
Шилібаев ентігіп, жолдасының қасына жүгіріп барды да, оған 
саусағымен бір жақты нұсқады. 
- Әне жерде бір неміс… атып жатыр, иттің баласы… жүр… 
Бір-екі ауыз сӛз қатысып, екеуі кейін жүгірді. Әбіл сәл еңкейе, 
полуавтоматын кезей ұстап, екпіндеп ілгері ұмтылды, Қасындағы жігіт, 
ойқастап бір шетке тартты. Бұлар немісті екі жақтап құртуға бел буған 
тәрізді. 
Жүгірген бетінде Әбіл кілттоқтай қалып. Қапелімде: «Қорқақтық 
істеді-ау, шіркін!» деген бір ой маған шаншудай қадалды. Бірақ сәл аңырап 
тұрды да, ӛзінің жолдасынан дауыстап сұрады: 
- Әй, Манарбек! Әлгі «тоқта» дегенді немісше не деуші еді? 
Ұмытып қалдым… 
- Хульт! - дейтін шығар… 
Мен еріксіз күліп жібердім. Бұдан бірнеше күн бұрын немістің, тоқта, 
қолыңды кӛтер, қаруыңды таста, алдыма түс деген сияқты он шақты сӛзін 
жауынгерлер түгел үйренсін деп, батальон бойынша бұйрық бергенмін. Бірақ 
жұрттың қаншалықты үйренгенін әлі тексере алған жоқ едік. 
Әлгі екеуі анадайдан тілдесіп біраз тұрды. 
- Не дедің, хульт па? 
- Дұрыс, солай. 
Бұлар тағы да жүгіре жӛнелді, Мен артынан дауыстап: 
- Олай емес, Шилібаев! Тоқта дегенді немісше халит дейді, дедім. 
Әбіл жалт қарап, мені кӛрді де, құлақшыны елпендеп, тағы да ілгері 
тартты. 
Қызу ұрыс кезінде жауынгерлердің ынтасы, қарапайым кескіні, 
қалбалақтап жүгіргендегі бейнесі шытымыр кӛнілді жадыратып еріксіз күліп 
келемін. 
Кенеттен біреу: 
- Бауыржан! - деп дауыстады. 
Кӛптен бері ешкім де менің ӛз атымды атамаушы еді. Бұл кім деп 
жалт қарасам, лейтенант Мұхаметқұл Ысламқұлов екен. Күлімсіреп маған 
қарай келеді. Мен де аяғымды жеделдете басып, оған қарсы жүрдім. 
- Ӛзің қуанып келесің ғой? - деді ол, жақындай беріп. Соның 
артынша-ақ, қолын шекесіне апарып, әскерше тәжім етті: 
- Жолдас аға лейтенант! Ұрыс жағдайы бойынша ӛз взводыммен 
сіздің қарауыңызға келдім. Взводтың шығыны: бір адам ӛліп, тӛртеуі жаралы 
болды. Взвод командирі: лейтенант Ысламқұлов! 


162 
Мен үндеместен оның қолын қысып амандастым. Бірімізді біріміз 
кӛптен білетінбіз. Бір кездері Мұхаметқұл Алматыда, "Социалистік 
Қазақстан» газетінде істейтін. Қазір оның сұлуша қара торы жүзіне, 
сымбатты, батыр тұлғалы пішініне ерекше сүйсіне қарадым. 
Бұл бүгінгі қатал сынақ кезінде нағыз қаһармандық істеді, алғашқы 
ұрыста ер жүрек әрі айлакер жігіт екенін кӛрсетті. Жаудың тусыртынан ӛтіп, 
қапысы келгенде, оны тарпа бас салу айтута ғана оңай, екінің бірі мұндай 
жұмыстың үдесінен шыға бермейді. 
Мен оған: 
- Взводыңды тәртіпке келтір. Сонан соң штабқа кел. Сӛйлесейік, - 
дедім, 
Ұрыс саябырси бастады. Сау қалған немістер белуардан, кеңірдектен 
келетін суық суды жан тәсілімде кешіп ӛтіп, ӛзеннің аржағына жылысып 
кетті. Ар жақтағылары Красная Гора деревнясына жалт берді. Біздің 
жауынгерлер қашқан жауды түре қуып барады. Ымырт қараңғысында үсті-
үстіне атылған оқ желді түнгі ұшқындай жарқ-жұрқ етеді. 

Ұрыстың бітер алдындағы осы кӛрінісіне кӛз салып тұрғанымда, 
кенеттен, немістердің бір бӛлек тобы ығысып кеткен жақтан әуеге сигнал 
ракеталары атылды. Ӛзен жағасына жарығы түспесе де ракеталардың 
жылтылдаған сан түсті сәулесі су бетінде ойнады. 
Екі жасыл, күрең, ақ, сонсоң тағы да екі жасыл ракета. Біраз тыныстан 
кейін, қараңғы түнекті жара, әлгі ретпен тағы да әуеге алты ракета атылды. 
Немістердің осы арқылы ӛзара тілдесіп жатқандығы күмәнсіз еді. 
Бірақ не жайында десеңші? Бұл қазіргі болған оқиғаның жайын білдіргені 
ме? Әлде кӛмек сұрап, хабар бергені ме, немесе қайтарма шабуылдың белгісі 
ме? 
Әр тараптан бұған жауап берген осы секілді белгілер пайда болды. 
Оттан жасалған батпырауық секілденіп кӛкке бойлап барып, қайтадан тӛмен 
сорғалай сӛніп жатқан ракеталардан кӛз айырмай, тӛңіректі шолып шықтым, 
Япырмау, дұшпаны құрғыр ендіркелеп қалай еніп кеткен? Біз тап қазір 
арыстанның аузында тұрғандай екенбіз? 
Әлгіндей белгілер біздің жаңа ғана екі километр бойында қалдырып 
кеткен окоптарымыздың тұсындағы Цветки, Житаха секілді деревнялардан 
да кӛрінеді. Ал ӛзеннің бер жағында Рузаның жоғарғы жағына таман 
ракеталар Красная Граждан да атылды. Әріректе, одан бірсыпыра қиғаштау 
манда күндіз полк штабы орналасқан Новошурино селосының үстінде де 
қызылды-жасылды оттар ойнады. Онан соң Емельяново, Лазарево 
тұстарында да осы кӛрініс… Бұдан кейін, тағы да қап-қараңғы, мүлгіген іңір, 
біразға дейін жылт еткен от кӛрінбеді. Красная Гораға бұрылып, таңырқап, 
қарап қалдым. Сипуново үстінен де ракета атылғандай боп кӛрінді. Бұл не 
ғажап? Онда капитан Шиловтың батальоны бар емес пе еді? 


163 
Атылған оқтар ұшқындары шашырап барып, қайта сӛнді. Түн белгісі 
тағы тӛнді. 
Жоқ, Сипуново болмас. Ӛткен уақытты, ентелей алға ұмтылған 
жаудың қарқынын есепке алған күнде де, немістер қазір ол араға да жетті 
деген ақыл иланбайды. Бұл, дәу де болса, жаудың тағы бір айла-шарғысы, 
Тусыртымызға жасырын ӛтіп алған бірер неміс бізді үрейлендіру үшін ракета 
атып отырған ғой деймін. Неде болса, енді бір минут та аялдамай, тез штабқа 
жету керек, капитанға хабарласып, оның тылында атылған ракетаның сырын 
ашу керек. 
Жаман айтпай жақсы жоқ, егер Сипуново жау қолына іліксе, онда 
нетпекпіз? Біздің халіміз онсыз да мүшкіл емес пе… Новлянский қыстағына 
кеп түйісетін жолдардың бәрін дұшпан қармап алды. Егер де неміс осы жерге 
әр тұстан машиналармен әскерін тӛксе немесе анталап жаяу жетсе, 
мұндағының бәрі бір сәтте астан-кестен болмай ма? Кенет, арқа жақтан 
тұрған қандай жаман: шабуылдың қызығына беріліп, қазір айдалада 
шашырап жүрген жауынгерлерді бұл секілді тосын бәледен алып қалудың 
амалы бар ма? 
Заевты тауып, оған: ротаны селодан шығар да, біз шабуылға 
кӛтерілген жерге келіп, шеп құрып бекін, деп бұйырдым. Ӛзім штабқа 
жӛнелдім. 
Орман шетінде, тал арасында менің сегіз зеңбірегім тұр. Одан 
әріректе, тал ішінде, батальон штабы орналасқан. 
Менің бұйрығым бойынша бұл зеңбіректер осында келтірілген еді. 
Зеңбіректердің үңірейген ауыздары Новошуринодан шығатын жолға 
кезелген. Мен командирін шақырып алдым. 
- Жолды байқап алдың ба? 
- Иә, жолдас комбат. 
- Немістер кӛріне қалса, Новлянский қыстағына жібере бер. 
- Жібере бер деймісіз? 
- Иә. Қыстақты кӛріп тұрсың ба? 
Қарсы алдымызда, жеті жүз метрдей жерде, қыстақтың кең кӛшелері, 
үйлері қарауытып әрең кӛрінеді. Қараңғыда үн қатысып, отделениелерін, 
взводтарын іздеген жауынгерлер сол қыстақтан кетісіп жатыр.
- Кӛріп тұрмын, - деді зеңбіректер қомандирі. 
- Кӛрсең, зеңбіректеріңмен сол кӛше бойын кӛзде. Жау қыстаққа кіре 
берсін. Тап сол кезде тӛтелеп, картечьпен атамыз. 
- Құп болады, жолдас комбат. 
Тағыда түн ерген кӛк жиекті жарып ракеталар атылды. Алғашқысы 
Новошуриноның тӛбесінен, басқалары айнала тӛңіректен кӛрінді. Бұл жолы 
да алуан түсті оттар орманның сонау ту сыртында, Сипуново маңында, кӛкте 
ойнады. 
- Бұл не ғажап? - деп, тез штабқа жӛнелдім. 



164 
Мен блиндажға кіріп барғанымда, жұрттың бәрі ізетпен орындарынан 
ұшып тұрысты. Басқалардың арасынан Сламкұловты кӛзім шалды. 
Бірақ блиндаждың түкпірінде, әлсіз шамның ала кӛлеңкесі түсіп 
тұрған бұрышта, мойнын тӛмен тұқыртып, біреу отыр. Айналада не болып, 
не қойып жатқанымен оның ісі жоқ сияқты. Құлақшын киіп жүрген жұрттан 
ала бӛтен, оның басында қызыл жиек фуражка. 
- Капитан Шилов? Сізбісіз? 
Столға қолымен таянып, орнынан тұрды да, қолын шекесіне апарды. 
Шу дегенде-ақ байқағаным, ол сыр бермейін десе де, қатты қиналып, азап 
шегіп тұрғандай, Бұған не болған? Жараланған ба? 
Мұнда отырғаны несс? 
- Сізге не болған, капитан? 
Ол жауап қайтармады. Мен тағы да: 
- Сізге не болған? Батальоныңыз қалай? - деп сұрадым. 
- Батальон… - ерні жыбырлап, одан арғы сӛзді айтуға аузы икемге 
келмегендей. Шилов әнтек күбір ете қалды. Сонан соң: - батальон қирады, - 
деп салды. 
Тағы да сұрақ беруімді күтіп, ол менің бетіме қарады. Столға 
сүйенген бойда, ол менен кӛзін алған жоқ. 
Бірақ мен одан не сұрамақпын? «Батальон қирады… «Ал сен ӛзің ше? 
Батальон басшысы, жұртқа басалқылығың қайда? Бұтаны паналаған 
торгайдай, осы араға келіп отырғаның ба? демекпін бе? Жоқ, қазір мұндай 
сұрақтар берудің орны жоқ. 
Батальон қираған болса, Шиловтың ӛзі менің блиндажымда отырса, 
бұдан не үміт, не қайыр… Демек, жаудың сол жақты да бұзып ӛткені ғой. 
Шилов орнына отырып, қайтадан тӛмен үңілді.
- Мәлімдеуте рұқсат етіңіз? - деді Рахимов. 
- Мәлімдеңіз. 

Рахимов картасын жайды. Үшкір қарындашымен топография 
белгілерін нұсқап, баяндай бастады. Біркелкі қоңыр дауыспен ол ұрыстың 
қай сағат, қай минутта болғанын айтты, 
Мең-зең халде, ақпа құлақтай отырыш қалыппын, Айтқандарын 
жӛндеп аңғаруға мұршам болмады,.Тек әлде қайдан суық сӛздер еміс-еміс 
құлағыма келгендей: «Жау артиллерия дайындығын жасамай-ақ, тұтқиылдан 
капитан Шиловтың батальонына бас салыпты. Сонан кейін, Сипуновоның 
тұсында шекті жарып ӛтіп…» 
Онан әрі не болғаны айтпаса да белгілі еді. Сұмдық оқиғаның кӛрінісі 
кӛз алдыма келді. Окоптағы жауынгерлер, екеу-үшеуден жиналып, артқа, 
сытырлап автомат атылған жаққа үрпиісіп қарайды. Әуеде қызылды-
жасылды із салып, сәулелі оқтар ұшады. Алда да, артта да немістер. Қайда 


165 
барып жан сақтарсың? Жұртты үрей басады, бас сауғалау сезімі оларды 
ақылдан айырады. Әне-міне дегенше батальон бытырап бітеді… 
Рахимов есіткен-білгенін айта берді. Кешке жақын біздің батальонды 
екі жағынан орап, алға жарып ӛткен немістер әлі бірімен-бірі қосылмаған 
сияқты. Тылға жіберген шолғыншыларымызға немістер бірнеше рет оқ 
атыпты. Бірақ кейбір деревняларда салт атты шолғыншыларға ешкім 
кездеспепті, бұған қарағанда, немістер екі жақтан сыналап ілгері ӛткен 
тәрізді. Жау қолына ілікпеген осындай қыстақтардың ара-арасымен сытылып 
шығуға болады дегенді айтып, Рахимов картадан бірнеше пункттерді нұсқап 
кӛрсетті. 
Москваға баратын жолдарды бӛгей жүргізілген қорғаныс шебінің 
бұрынғы сызығы картадан ӛшіргішпен ӛшірілген еді. Енді соның кӛмескі ізі 
ғана кӛрінеді. 
Карта бетіне жаңадан түсірілген батальон шебі доғаша июлі. Бұл 
доғаның екі шетінде дәнеңе жоқ. Турасын айтқанда жоқ емес, бар. Оң 
жақтағы кӛршіміз де, сол жақтағы кӛршіміз де - немістер. Қорғансыз қалған 
сырт жағымызда да немістер бар. Рахимов жоқтан барды құрастырып, бұл 
жаққа екі пулемет қойыпты, күзет жіберіпті. 
Рахимовтың ұйғаруынша, қараңғы түсісімен немістер ӛз қимылын 
тоқтатқан болуға тиіс. Ӛйткені олардың ұрысты күндіз жүргізіп, түнде дем 
алатыны бізге мәлім еді. Ендеше, таң атқанша олардың қозғала қоюы 
екіталай. Ӛзіміздің әскерге барып қосылуға мүмкіндік беретін қысаң 
аралықта таң атқанша жаудан аман болмақ. 
Рахимов істің жайын салмақпен, білгірлікпен баяндады. Оның бір 
қасиеті аз сӛзбен кӛп сырды ұғындырып, нақ сӛйлейді. Мұнысы маған ӛте 
қонушы еді. Ол ӛзі білмейтін нәрсесіне де нақшыл. Кӛп сӛзді бұлталаққа 
салмай, «білмеймін» деп шынын айтады. Ол екі жерден жарып ӛткен жаудың 
күшін де, біздің полк штабының қайда екенін де, аман-сауын да, біздің 
бӛлімдердің қайда жылысып кеткенін де білмейтіндігін айтты. Бірақ ӛз 
әскерлерімізге апаратын саңылау бар екенін анықтапты. 
Керекті әмір-жарлықты мен жоқта беріп қойыпты, жабдығы, азық-
түлік, (инженерлік) саймандары, дәрігерлік жабдықтар түгел арбаларға 
тиеліп, аттар жегілулі екен. 
Қысылтаяң кезде ол ақылмен жедел іс қылатын. Баян еткен сӛзінен 
әбігерліктің де, күйгелектіктің де ешқандай белгісі сезілмейді. 
Мен үн қатпай отыра бердім. 

Мен: «Мақұл, кетейік" деп бас изесем-ақ, әзір тұрған батальон шұғыл 
қозғалып, ажал аузынан сытылып шығар еді. Бірақ үндемедім. 
Қаншалық мүшкіл халге түскенімді сізге айтып жеткізе алармын ба? 
Бұдан екі сағат бұрын полк командирі майор Юрасов менімен телефон 
арқылы сӛйлескен, Аптығып айтқан сӛздерінің бәрі есімде: «Момышұлы, 


166 
сенбісің? Жібермей-ақ қой, болары болды! Жау сытылып алға ӛтіп, екі жаққа 
қанат жая бастады. Бір тобы бізге, полк штабына қарай келе жатыр. Мен 
жылысып барамын. Жаудың екінші тобы, қанша екені мәлімсіз, сен жаққа
сенің ӛкпе тұсына бет түзеді… Етек-жеңіңді түрініп, ұрысқа сайлан! Беріспе? 
Онан соң…» дей бергенінде, қысқашпен кескендей, сӛзі шорт үзіліп кетті. 
"Онан соң…» не етем? Шегінем бе? 
Мойындауға арлансам да, шынымды айтсам, алғашқы сәтте пасық 
жорамалдың құлы бола жаздадым. «Сен оның соңғы сӛзін де есіттің ғой, 
тұтас болмағанымен, алғашқы буынын - ше… дегенін шалды ғой, ол «шегін» 
дегені де!» деп ӛзімді-ӛзім сендіруге ниеттенгендей едім. 
- О, сұм ниет! Ӛшір үніңді, арға дақ салма! Есіткенің шын ба, жалған 
ба? Үлкен бастығың Шегін деп бұйырды ма, жоқ па? Расыңды айт! 
Майор Юрасовтын «шегін» деуі мүмкін бе? Әрине. «Мен жылысып 
барамын" деген жоқ па ӛзі? Бірақ "шегін" демеуі де мүмкін. Одан екі сағат 
бұрын жағдай ӛзгеше еді. Біздің сол жағымыздағы қорғаныс шебі аман еді, 
бұзылмаған еді. 
Ал енді ше? Қазір полк командирі қайда екен? «Жылысып барамын» 
деді. Қайда десеңші? Қай тарапқа, қай жаққа, қай жолмен яки ешбір 
жолсызбен шегінгенін айтып үлгергенше, телефон сымы үзіліп кетті. Полк 
командирінде резерв қалған жоқ. Штабының қасыңда бір ғана пулемет. Штаб 
командирімен қоса есептегенде, онда не бары отыз-қырық адам бар. Олар 
неге тұлға бола алады? Аман ба екен ӛздері? Әлде бір жерде қоршауға түсіп 
жаумен атысы жатыр ма екен? Немесе бір орманның арасындағы жалғыз аяқ 
жолмен шұбап, асқан сақтықпен ілгері ӛтіп барады ма екен? Болмаса оңға 
жалтарып. Красная Гораның ар жағында қалған батальондарға қарай сызды 
ма екен? 
Сол ӛзіміздің полк командирі біздің батальонның қыл тұзақта 
қалғанын біле ме екен? Егер біліп, шамасы келсе: «Қараңғыны жамылып 
шегініңдер де, жаңа шепке орналасып, таң атқасын жаудың алдынан кесе-
кӛлденең тұра қалыңдар!» деп, бір емес, жиырма рет әмір еткен болар еді. 
Бірақ байланыс жоқ, біз қол үзіп қалдық. Рахимов күтіп отыр. 
Блиндаж сыртында, доғаша иіліп орналасқан батальон күтіп жатыр. Бірақ 
менде үн жоқ. Қолымда бұйрық жоқ. Телефоншы: 
- Жолдас комбат, сізді… 
- Кім? 
- Лейтенант Заев. 
Трубканы алдым. Ешкіммен де сӛйлескім жоқ: денем дел-сал, басым 
мең-зең, жігерім құм. 
Заев жаңа ғана біз қалдырып кеткен Новлянский қыстағына қайтадан 
жау келіп кіргенін хабарлады. Бақылаушылардың ақпары бойынша қыстаққа 
жаяу әскерлер тиелген он тӛрт автомашина кіріпті. 
- Қайдан, қай жолмен келді? 
- Новошуринодан. 


167 
Шамада, Новошурино жаудың ту тіккен жері болу керек. Жау 
соларадан бізге қарсы мотопехотасын жіберуде. 
Біреу блиндажға кірді. Басқа уақытта мен бұрылып қараған болар 
едім… Қазір мойын бұруға да, әлдекімді кӛруге де, тыңдауға да, жауап 
қатуға да зауқым жоқ еді. Трубканы ұстаған бойым:
- Рахимовқа… - деп сілтедім. 
Заев әңгіменің егжей-тегжейін айтып жатыр. 
- Қыстаққа тарап орналасты. Үйлерге де от жағыла бастады. 
Терезелерде бүркеу жоқ. Бірнеше машиналарын ӛзен бойына келтірді. 
Артқаны понтон болу керек. 
Ендеше, немістер бүгінгі бұзылған кӛпірдің орнына жаңа кӛпір салып 
алмақ болғаны ғой. Жаудың түнде де тыным алмай, уақытты ұтуға 
әрекеттенгені ғой. 
- Бізді байқамады ма? - деп сұрадым Заевтан. 
- Жоқ… Тек біз жаққа тосқауыл күзет қойды, Бір жерлерге пулемет 
орнатқан болу керек. Таң атқанша тұмсығын суға қоймас деймін, жолдас 
комбат. 
Заев ежелгісіндей аптығып сӛйледі. Сӛзін бітіргенде де трубкадан 
демі естіліп тұрды. Заев та қазір менен бірдеңе күткендей, жауап естуте 
ынтыққандай. 
Бірақ оған мен не демекпін? 
- Дұрыс, - деп телефон трубкасын іліп қойдым. 
Бұрышта, манағы қалпынан аумай, тым-тырыс, Шилов отыр. Шамға 
таяу байсалды пішінмен Ысламқұлов тұр. 
- Рахимов қайда? - деп сұрадым мен. 
- Барлаушылар біраз жерді шолып қайтқан екен, солардан ақпар алуға 
кетті… 
- Тағы неғылған ақпар? 
- Білмеймін… Байқауымша, айтарлық ештеңе кӛрінбейді. 
Мен Ысламқұловтың жүзіне ұзақ уақыт тұнжырап қарадым. Отан: 
«Менің халімді түсініп тұрсың ба, достым?» - деп сұрағым келді. Мағыналы, 
пайымшыл қара кӛздері: "Түсінем" дегендей. 
Ысламкұлов: 
- Шығып кете алармыз деп ойлаймын, Бауыржан, - деп үн қатты. 
Күлімсірейді: Жоқ, менің ішкі ойыма түсінбеген сияқты. 
Мен тіксініп: 
- Ӛз ойыңыз ӛзіңізге, жолдас лейтенант. Мен мұнда соғыс кеңесін 
шақырған жоқпын, шақырмақшы да емеспін, - дедім. 
Ол жалма-жан бойын түзеп: 
- Ғапу етіңіз, жолдас аға лейтенант. Кетуге рұқсат па? - деді. 
Бірақ ғапу етерліктей жазықты ол емес, ӛзім едім. 
Енжарлыққа берілдім, кӛзқарасыммен сасқандығымды білдірдім, 
кӛзқарасыммен «жәрдем ет!» деп сыр бердім. 
Мен ӛз айыбымды ӛзім сезіп, жуасыған түрмен оған: 


168 
- Отыр, - деп бас изедім. 

Қазақтың «Ӛлімнен ұят күшті», деген ескі мақалы бар. Бұдан үш ай 
бұрын, Алматы маңындағы Талғар станицасында июльдің ыстық күнінде 
бірнеше жүз әскерге шақырылғандардың алдында, қазір Москва маңындағы 
тоң жерге бауырларын тӛсеп жатқан жауынгерлердің алдында алғаш рет сӛз 
сӛйлеген едім. Сонда осы мақалды жауынгерлердің есіне салып едім, 
Сол Алматыда, бір күні түн ортасында менімен Панфилов та 
сӛйлескен. Әйдік тас үйде, дивизия штабында кезектегілерден басқаның бәрі 
ұйқыда еді. Тек Панфилов қана ояу болатын. Осы беймезгіл уақытта 
жұмыстан қажыған генерал кительсіз, кӛйлекшең, сүлгісін ұстап дәлізге 
шыққанда, есіктен мен отырған бӛлмеге қараған еді. Кезекші мен едім. 
«Отырыңыз, жолдас Момышұлы, отырыңыз…» деп, ӛзі де кеп отырған. 
Сондағы сӛзі әлі есімде. Бірнеше сұрау бергеннен кейін, Панфилов ойлы 
пішінмен: «Иә, жолдас Момышұлы, батальонды басқару сізге оңай бола 
қоймас» деп еді. Осы сӛзіне шамданып, мен: «Бірақ абыроймен ӛлу 
қолымнан келеді, жолдас генерал», - деп айтып салып едім. - «Батальонмен 
бірге ме?" - "Әрине", Сонда ол күліп жіберген: «Бәлі, командир болғаныңа! 
Батальонмен бірге ӛлем деп оп-оңай айта саласыз-ау. Батальонда жеті жүз 
адам бар, жолдас Момышұлы. Онан да, он, жиырма, отыз ұрысты бастан 
ӛткеріп, батальонды сақтап қала біліңіз. Сонда бұл үшін солдат сізге алғыс 
айтады», - деген.
Бұдан бірнеше күн бұрын, қоштасарда оның ӛсиет етіп айтқан соңғы 
сӛздері де есімде. Сонда ол: Солдатты аман сақтаңыз. Бұл манда артық басты 
әскеріміз, артып жатқан солдатымыз жоқ. Бұлардан айрылсақ, немістің 
жолын кім бӛгейді?» - деп еді. 
Ендеше, азаптанатын не бар? Рахимов жолға бәрін әзірлепті. Жүк 
тиеулі, бел буулы. Тек: «Солай болсын» десем-ақ, батальон жүргелі тұр, 
сӛйтіп батальон сау қалады. 
Қолымда жылжы деген бұйрық жоқ, хабарласатын радио жоқ. Бірақ 
тап осындай кезінде майдан шебі бұзылып, немістер жолымызды кесіп, 
қатынасты үзіп, екі жақтан орағыта Волоколамскіге қарай ат қойғанда, - 
хабаршы офицер кіріп келіп, маған бұйрық тапсырар деп мен үміт ете алам 
ба? 
Кім біледі, әлде жолшыбай немістерге кезігіп, жол таба алмай жүрген 
болар? Әде жолда мерт болды ма? Әлде жолсызбен жүрем деп, адасып 
кеткен шығар? Қараңғы түнді қақ жарып, алыстан Панфиловтың үні 
құлағыма жеткендей болады. Бейнесі кӛзіме елестеп, ол: "Бері кел! 
Батальоніңді алып шық! Сендер Москваны қорғауға керексіңдер, тез жет!» 
дегендей. 
Ойланам, ойланам да толғанам… кӛз алдыма мынадай сурет келеді: 
батальонмен болжаулы жерге жетеміз. Панфилов алдымыздан шығып, менің 


169 
қолымды қысады, «Батальоның аман ба?" деп сұрайды. «Аман, жолдас 
генерал!» деймін, «Зеңбіректерің, пулеметтерің түгел ме?» - «Түгел, жолдас 
генерал…"…" 
Бос ниет, құр қиял! Жә, елесі құрсын! Мен бұлдыр елестен, жалған 
кӛріністен айығып, шын халге, болмысқа қайтып оралуға тырысам. Қиялы 
құрысын! Командир бос қиялдың бұлдыр елестің жетегіне еруге тиісті емес! 
Онда ақыл-ес бар емес пе? 
Панфилов: «Ақыл-айламен соғысу керек», - деген еді ғой. 

Соңғы кездескен жолы Панфиловтың айтқан әр сӛзі есіме түсті. 
«…Біз жауды селдір күшпен тоқтата алмаймыз». 
«…Тез жиналып, қоныс ӛзгертуге ӛзін тұрыңыз", 
«…Егер де неміс бұзып ӛтсе, оның алдынан тағы да жолдың үстінде 
біздің әскерлер кесе-кӛлденең кездесуге тиіс». 
Панфиловтың серіппе жайында айтқаны да есіме түсті. 
Сол капитан Шиловтың блиндажында әңгіме үстінде Панфилов мені 
ӛз пікірімен осылай таныстырып еді, ӛзінің ұрыс жүргізу жоспарын маған 
ұрыңдырғысы келіп еді. Қысылтаяң ұрыс кезінде, аласапыран айқас арасында 
ақылмен іс қыл, айламен қимылда, ұрыс басқарушының ойын, сенен не талап 
ететінін айтқызбай тап деп еді. Қазіргі кезең тап сол айтқандай емес пе? 
Ендеше, бос қиялдың, бұлдыр елестің, болымсыз кӛріністің мұнда не орны 
бар? 
Онда несіне әрі-сәрі боламын? Құр күйзелуден не пайда? Қарғыс 
атқан бой күйездіктен тез арылу керек. Менің аузыма қараған кӛптеген жан 
бар. Істің байлауын айтып, жұртты басқаруым керек. 

Рахимов қайтып келді. 
- Не айтады? Жай ма? 
- Кішкене ұнамсыз хабар бар. Долгоруковканы жау алыпты. 
- Долгоруковканы? 
- Ия… мына ашық ғұрған жолдағы ақырғы қыстақ. Барып кірген 
жаудың саны қырық шақты адам, бір взводтай, - дейді. 
Рахимов Долгоруковканы картадан кӛрсетті. Доғаша иілген батальон 
шебін белгілеген сызықтың ортасындағы ашық жерді ол кӛк қарындашпен 
созып, доғаның екі ұшын түйістірді. Енді доға дегеніміз дӛңгелек шеңберге 
айналды. 
Сонымен қалған саңылау бітелді. Сұм жау уақыт оздырар емес. Түн 
ішінде ол тыным алмай, қол жетер жерді ӛртше шарпып, індетше жайлаудан 
танбай отыр. 
- Мен барлаушылардың анығын сұрап білдім, - деді Рахимов, 
- Ӛз ойымды айтайын, рұқсат етіңіз… 


170 
- Айтыңыз. 
- Менің ойымша, жер жағдайына қарап екі түрлі амал қолдануға 
болады. Оның бірі, Долгоруковкаға бір жарым километр жақындағанда, 
шетке бұрылып, екі орман арасындағы ашық жермен деревняны айналып ӛту 
керек. Онда сай-сала да, ағаш түбірі де жоқ, арбалар мен зеңбіректердің 
етуіне қолайлы. Осылай ойқастап барып, тағы да жолға шығамыз. Екінші 
амал, Долгоруковкадағы жау тобын жою. Бірақ мұны тым-тырыс іске асыра 
қою қиын. Жау да қарап қалмайды… 
- Ол жерді барлаған кім? Шақыр мұнда! - дедім. Есікті ашып, Рахимов 
біреуді шақырды. Соның арасынша блиндажга лейтенант Брудный жетіп 
келді. 

Лейтенант Брудный! Әнеу күні ғана: "Сен Москваны саттың! Су 
жүрек!» - деп мен мұны жазғырып едім. Сонда бұл, батальоннан қуылып, жау 
жаққа жӛнелген еді. Ертеңіне жоғалтқан арын қайта тапқандай, ӛзі түнде 
түйреп ӛлтірген екі немістің қаруы мен документтерін алдыма әкеп тастап 
еді. Ұмытпасаңыз, содан кейін мен мұны барлау взводының командиріне 
орынбасар етіп тағайындағанмын. 
- Жолдас комбат, сіздің шақыруыңызбен келіп тұрмын. 
Ойнақы кӛз, ажар пішінді бұл жігіт маған тесіле қарайды. Мен де 
оның бетіне қарай қалдым. Сонда бұйрықсыз шегінгені үшін жазғырып 
жазалаған жігітім енді қарсы алдымда тұр. Дәл қазіргі Брудныйды 
кӛргенімде кенеттен сап ете түскен ой жүрегіме таншудай қадалды. 
Бұйрықсыз шегінем деп Брудныйдың сол кездегі күйіне ұшыра жаздаппын 
ғой! Мұндайда кӛз алдыңа келген елес те, ӛзіңе жӛн кӛрінген қиял да, аңғырт 
амалды мақұлдаған санаңдағы еліктіргіш үн де, қарауындағы солдаттардың 
тағдыры туралы ой да, бәрі де сені әкеліп: шегін! - деген ойға тӛндіреді екен. 
Білдім, білдім! Демек, мендегі манадан бергі ой-қиялдың бәрі қор- 
қынышқа дем берген екен, менің ӛзімді жалған жолға сүйреген екен? Шегін 
деген бұйрық жоқ, ендеше, ой-қиялдан аулақ! Бірақ мұның дұрыс па? 
Панфилов: әрқашанда, қандай жағдайда болса да, командир ойлануға, 
ақылмен іс істеуге міндетті деген пікірді талай рет айтпап па еді. 
Мен тағы да немістер шепті бұзып ӛткеннен кейінгі жердегі 
дивизияның халін кӛз алдыма келтіруге тырыстым, Панфиловтың қимылын, 
қорғаныс жоспарын ойластырдым. «Шептен гӛрі жол маңызды» деп еді 
маған таяуда. Новлянский деревнясының үстінен ӛтетін жолды қорғау менің 
батальоныма жүктелген. Панфилов бізді біледі. Мүмкін, тапосы минутта ол: 
"Момышұлының батальоны жолды жауға бермейді, бұйрықсыз кетпейді деп 
сеніп отырған шығар. Кейінгі жақта жаңадан шеп құруға жағдай жасайтын, 
жаудың жолын бӛгей тұратын күш деп, бізді де есепке алар, арқа сүйер. 
Ал егер басқаша боп жүрсе ше? Панфиловтың қарауында тесікке бітеу 
боларлық әскер күші жетімсіз болса ше? Тап қазір оның біздің батальонға ӛте 


171 
зӛру боп отырмағанына кім кепіл? Шегіну жӛнінде бұйрық жібергенімен, 
хабаршы офицері бізге жете алмаған болса ше? Білмеймін, бұл 
жорамалдардың ешқайсысына да жіп таққым келмейді Бұйрық жоқ - сӛз 
қысқа… 
Бұдан бір минут бұрын ӛзімді жегідей жеген бұлталақ ойды ешкімге 
сездірген жоқпын. Комбаттың ӛз сыры ӛзіне ғана аян. Батальонда жалғыз 
әмірші сол. Ол істің түйінін шешіп, әмірін айтады, Мен шештім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет