Арпалыс (Волоколамск тас жолы)


КЕШҚҦРЫМ   «Таяқтан тайсалмасан



Pdf көрінісі
бет24/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   76
Арпалыс 1,2

КЕШҚҦРЫМ 
 «Таяқтан тайсалмасан
Семсерден сескенбесең, 
Жендім дей бер…» 
Пулемет ротасының командирі Заев менің келуімді күтіп штабта отыр 
екен. Самайы қан. Қолымен жалпақ бетін жағалдап қанша сүртсе де, қаны 
қайта ағады.
- Заев, саған не болған? - дедім. 
- Ит біле ме… бірдеме жырып кетсе керек. Қызулықпен байқамаппын. 
- Ендеше, дәрігерлік пунктке бар. Рахимов, жаралыларды шіркеуден 
кӛшірдіңдер ме? 


148 
- Кӛшіріп жатыр, жолдас комбат. Дәрігерлік пункт ағаш арасындағы 
орманшының үйіне орналасты. 
- Дұрыс. Заев, бар сонда! 
- Бармаймын, - деп ол күңк етті. 
Мен зекіп: 
- Бармайтыны несі! Мен сені жұртқа құқай етіп кӛрсетпекпін бе? 
Алдымен жуынып, тазарып, жарақатыңды тандырып, ӛзіңді жауынгерлік 
тәртіпке келтір. Сенімен сонан соң сӛйлесемін. Синченко, лейтенант Заявка 
екі кәтӛлек су әкел! - дедім. 
Ол тұнжыраңқы пішінде сыртқа шықты. Бірақ сол мезетте оның 
жарақатын таңдыруға болған жоқ, 
Полк командирі майор Юрасов мені телефонға шақырып, былай деді: 
- Момышүлы, сенбісің? Жау, Красная Гора маңында, алтыншы ротаға 
шабуыл жасап жатыр. Қазір блиндаждарына жетіпті. Қолыңда қандай күш 
бар? Барын жинап кӛмекке жібер. 
Майор Юрасов екі соғысты басынан кешіріп, ысылған кісі. Қандай 
жағдайда болса да, ол сабыр-тақаттан айрылмайды. Қазір де салмақты үнмен 
сӛйлеп тұр. 
Красная Гора Новлянский қыстағының оң жағында, екі жарым 
километрдей жерде еді. Менің қолымда штаб күзетінен басқа, шаруашылық 
взводы мен кезекті жұмысынан босаған телефоншылардан басқа, сол жаққа 
жіберерлік қандай күш болушы еді? Мен осыны айттым.
– Соларды дереу кӛмекке жібер. Жүгіріп жетсін, Есінде болсын, 
солтүстіктен лейтенант бастаған бір взвод алтыншы ротаға қарай кетіп 
барады. 
Адамдарына ескерт, абайсызда олармен атысып қалмасын. Орындаған 
замат хабарла. 
Рахимовқа: 
шаруашылық 
взводының 
адамдары 
мен 
штаб 
тӛңірегіндегілердің бәрін жалма-жан жина деп тапсырдым да, блиндаждан 
шықтым. Күн еңкейіп, ұясына қонуға жақындап, орман іші ала кӛлеңке 
тартқан. Анадай жерде Заев жуынып жатыр. Енді байқадым, бір шекесі 
білемденіп, домбыққан. Жалпақ беті қаннан тазарыпты, бірақ бетінен аққан 
су сәл қызғылттау.
- Заев! - деп дауыстадым мен. 
Ол бетін сүртпестен, қасыма жүгіріп келді. Самайынан тағы қан аға 
бастаған еді, оны алақанымен бір сылып тастады. Мен Заевты екінші 
ротаның командирі етіп белгілемек едім, ол ойымды ӛзгертіп, мұны Красная 
Гора селосына баратындарға бастық етуде ұйғардым. 
Сол арада блиндаждан телефоншы жүгіріп шығып: 
- Жолдас комбат, сізді телефонға шақырады, - деді. 
- Кім? 
- Полк командирі. Тез келсін, дейді. 
Бұл жолы майор Юрасов асығып-аптығып сӛйледі. 


149 
- Момышұлы, сенбісің? Жібермей-ақ қой! Болары болды! Жау 
сыналап алға ӛтіп, екі жаққа қанат жая бастады. Бір тобы бізге, полк штабына 
қарай келе жатыр. Мен жылысып барам. Жаудың екінші тобы, қанша екені 
мәлімсіз, сен жаққа, сенің ӛкпе тұсыңа бет түзеді. Оң жақ қанатыңды 
ықшамдап, жауға қарсы шеп құр. Етек-жеңінді түрініп, ұрысқа сайлан! 
Беріспе! Онан соң… - дей бергенінде сӛзі шорт бӛлінді. Онан арғысын есіте 
алмадым, телефон сымы үзілген еді. 
Демі біткен телефон трубкасын қойып, дел-сал боп тұрып қалдым, 
Тап осы мезгілде жау атысын тоқтатқан еді. Айналаның бәрі тым-тырыс 
болды. Бұл не? Атаканың басталар кезі ме? Екінші ротаның бекінісіне лап 
қояр алдындағы тыныс па? Олай болмас, жау оң жағымыздағы батальонның 
шебін бұзып ӛтіпті ғой. 

Сонымен немістер басқа жерден шепті бұзып, ӛзеннің бер жағына 
ӛтіпті, Енді олар бізді оң жағымыздан орап алмақ боп ілгерілеп келеді, 
Жауды қарсы беттен күтіп едік, шебімізді соған ыңғайлап жасап, окоптардың 
мылтық атар тесіктерін, зеңбіректер мен пулеметтердің, аузын арғы жағаға 
қаратып ек, жаудың басып ӛтер жерін күн бұрын атып пайлап алған едік. Бір 
бүйірден, арқа жақтан тиіссе, бұған істер амал қайсы? Ирина, бекер отыру 
жарамайды, амал таппай болмайды. 
Сағатыма қарап едім, тӛртке он бес минут қалған екен. Істің аңғарын 
ұққан Рахимов, қолында картасы, қасыма жетіп келіп; 
- Красная Гора маңында ма? - деп сұрады. 
Мен басымды изедім. 
Карта бетіне үңіліп қарап тұрмын. Жүректің дүрсілі мен сағаттың 
сыртылы құлаққа жарыса күбірлеп, бол, бол, бол! Уақыт жоқ, мезгіл тар, 
байлауыңды айт, қимылда дегендей болады. Бірақ мұндай тар кезеңде дұрыс 
байлау, орынды шешім айту онай емес.
Новлянский қыстағын тастап, бері шықсам, бұл жауға олжа. Қыстақ 
үстінен ӛтетін қара жол оның емін-еркін еншісіне тиеді. Онда тӛте жолмен 
машиналарын жӛңкітіп, жау біздің полктің бір бүйірінен барып тағы 
соқтығады. Бірақ бермеске де лаж жоқ. Бермеске бекінсем, батальон апатқа 
ұшырайды. Ал оны айламен аман сақтасам, жол үшін тағы таласа алам. 
Карта бетіне ойымдағы жаңа шептің бағдарын сыздым да, Рахимовқа 
ӛз байлауымды айттым. Зеңбіректің бәрін дереу жаңа шепке апарып орнату 
керек дедім. Екінші рота қайтадан шеп құрып, жаңа жерге орналасуы керек 
екенін түсіндірдім. Сӛйтіп ӛзім блиндаждан жүгіріп сыртқа шықтым. 
- Синченко! 
- Мен. 
- Әкел атты! Рахимовтың атын да келтір! Заев мінеді. Жүр, Заев! 
Аттарымызды манағы даламен кӛсілтіп, екінші ортаға қарай шаба жӛнелдік. 
Қазір атыс үні құлаққа шалынбайды. Аспанның жартысы ашылып, бұлттан 
тазарған. Батар күннің күрең сәулесі айналаны қызғылт түске бӛлеген. 


150 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет