Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет40/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   76
Арпалыс 1,2

ДИВИЗИЯ ШТАБЫНДА 
«Жау жоқ деме - жар астында». 
(Халық мақалы.) 
Дивизия штабы орналасқан тас үйдің жанында жаңбырдың астында 
бірнеше ерттеулі ат тұр. Мен Күрең тӛбелдің басын тежедім. Оның дымқыл 
жонынан бу бұрқырайды. Тас тӛселмеген кӛшелердегі шалшықты, батпақты 
кешіп, жануар бірнеше минуттың ішінде мені осы жерге, қаланы қақ жарып 
ӛтетін Волоколамск тас жолына жеткізді. 
Тынымсыз себелеген ақ жауыннан, аспанды торлаған қоңырқай- 
сұрғылт бұлттан күн қараңғы тартып тұр. Әлі де пердесі ұсталмаған 
терезеден электр шамының жарығы кӛрінеді. Нақ сол кӛшенің бойындағы бір 
кішкене үйде генерал Панфилов тұрады. Қақпағы ашық терезелердің 
әйнектері әнтек жылтырайды, сірә, Панфилов штабқа кетсе керек. 
Бүгін мен осы үйде генералдың алдында болғанмын. Соны қысқаша 
есіңізге салып ӛтейін. Дивизиядан қол үзіп қалып, бірнеше тәулік бойы 
хабар-ошарсыз кеткен менің батальоным түйдектете атқан оқтың кӛмегімен 
немістер орналасқан ӛңірден ӛзіне жол салып Волоколамскіге жеткен. 
Терезеден біздің батальон колоннасын кӛрген генерал дереу салтанатын 
жіберіп, мені ӛзіне шақыртып алған. Ӛткен оқиғаны баяндап отырып, 
генералдың картасына тиісті белгілер соққанмын. Бұл карта дивизия 


236 
жүргізген ұрыс тарихының сипаттамасы еді. Жау Волоколамскіге қарай 
тӛмендеп келеді. Немістердің тегеурінін, шабуылын бейнелейтін кӛкшіл 
стрелка- жебеліктер Волоколамск станциясының үй-жайлары мен жолдарына 
тақап келген. 
- Біздің жолымыз мынау. Неміс колоннасын біз осы жерде жамсаттық, 
жолдас генерал. 
- Сабыр етіңіз… Ол қашан болды? Қай сағатта? Енді кейбір жайттер 
маған ашық бола бастады. 
Сонда генерал маған ӛз ойларын айтқан.
- Сіз немістерге жай оғындай тигенсіз, деген Панфилов. 
Мұңдай тұтқиыл соққыға олардың кезігіп жүргені бір бұл емес. 
Мұндайда жау қырғынға ұшырап, қатты қансырайды, шабуыл жасайтын күші 
әлсірейді. Ал сіздің соққыңыз тек қана кездейсоқ нәрсе екенін немістер, 
бәлкім, білмейді де… 
Тағы да біраз уақыт менен әңгіменің анық-қанығын сұрап, генерал 
ақырында былай деген: 
Ал сіздің батальон жӛнінде айтарым мынау… Ӛз резервімді мен 
қысталаң жерге жібергенмін. Оның орнына сіздің батальон менің резервім 
болады. Сіздерге ертеңге дейін тыным беруіме болады ғой деймін. Ұқтыңыз 
ба? 
- Ұқтым, жолдас генерал. 
Ал енді барып дем алыңыз. 

«Сіздерге ертеңге дейін тыным беруіме болады ғой деймін», деген 
сӛздерін есітіп, генералдың үйінен кеткеніме не бәрі екі жарым сағат болған. 
Міне енді шақыртуымен тағы да келіп отырмын. Не машақат болды екен? 
Балшық пен суды шашырата, бір офицер менің тұсымнан штабқа 
қарай жүгіріп ӛтті. Панфиловтың штабында ӛзім бұрын кӛрмеген бұл 
қарбаластан қысылтаяң кезеңнің тап болғаны сезіледі. 
Зеңбіректердің гүрсілі әлденеден тына қалды. Қаланы тыныштық 
баурап алғандай. Елу қадамдай артта қалып қойған Синченко да шабандау 
кӛк биесімен келіп жетті. Аттан түсіп, тізгінді Синченкоға ұсындым да, 
салмақты кӛрінуге тырысып, осынау жануарды сонымен қатар ӛзімді де 
тыншықтырғым келгендей, Күрең тӛбелдің бусанған кеңсірігін жайлап 
сипадым. Ілтипатыма риза болғандай, жануар жасаураған кӛздерімен маған 
оқырана қарады. 
Кіре берісте сақшы жолымды бӛгеді. Штабтың нәубетші офицері 
келді. 
- Мәлім етіңіз, - дедім мен. - Аға лейтенант Момышұлы. 
Шақыртумен…
Нәубетші сӛзімді бӛліп жіберді: 
- Білем, білем… Генерал күтіп отыр сізді. Жүріңіз. 


237 

Алдыңғы екі бӛлмеде штаб командирлері орналасқан, кейбіреулері 
тиісті тапсырма алып, дереу аттану үшін шинельдерін киіп, қару-жарағын 
асынып алған. 
Бұлардың бәрін дерлік Алматыдан, дивизия құрылған кезден білемін. 
Стол үстінде үш-тӛрт телефон тұр; екі аппаратта біреулер сӛйлесіп 
жатыр. Пешке от жағылған. Пештің қарсы алдыңда отқа қарай аяғын кӛсіліп, 
дивизия артиллериясының бастығы, ұзыңтұра полковник Арсеньев отыр. 
Мен таяуда ғана мұны шегінген орудиелермен бірге кетіп бара жатқанын 
дүрбіден кӛргенмін. Адамдар мен зеңбіректердің тӛбесінен, кейде осылардың 
арасынан жүздеген сәулелі оқ ұшып жатқанда осынау қарт полковник, 
айтулы әскери адам, тоқтай қалып, кейін бұрылып қараған. Қалтасынан 
портсигарын шығарып, ішінен бір шылым алған да, оны тұтатып, тарта 
бастаған-ды, бұл қимылдың бәрін ол әдейі жайбарақат, салмақпен істеген, 
онымен қоймай, бір зеңбіректі тоқтатып, оған жауды атқылатқан. 
Қазір ол пештің алдында тоқыма креслода отыр, шалқайған бойы 
аяғын еркін кӛсіліп, бунақ-бунақ, ұзын саусақты, қызыл-күрең қолдарын отқа 
жылытуда. Анадай жерде, артиллериялық байланыс телефонының маңында 
штаб артиллеристері орналасқан. 
Полковник мені кӛріп: 
- Момышұлы?! Батальоныңмен келдің бе? - деп сұрады. 
- Иә, жолдас полковник. 
- Дұрыс-ақ… Жарайды, бар, бар… 
Екінші бӛлмеде капитан Дорфман телефон арқылы сӛйлесіп отыр. 
Реңі жасаң, әмісе жайдары да сергек капитан маған қазір де кӛздерімен 
күлімдеді, Оның қарсы алдында қызыл және кӛкшіл белгілермен 
шұбарланған карта жатыр. 
- Ал ормандағы біздің адамдар ше? - деп қазбалап сұрайды Дорфман. 
- Иә, иә, шаршы орманды айтамын? Пулеметшілер бекінді дейміз! 
Солай шығары қалай? Ендеше, барлаушылар жіберіп, орнатыңыз… Жол 
бойындағы күрке аман ба? 
Әңгімесін бӛлместен, Дорфман маған келесі есікті нұсқады. Бұл 
"кіріңіз" деген ишараты еді. Дегенмен генералға бірден кіруге батпастан, 
біраз бӛгеліп тұрдым. 
Дивизия саяси бӛлімінің бастығы, полкомиссары Голушко біреуді 
күткендей сол есікке қарап қойып, бӛлме ішінде ерсілі-қарсылы жүр, бӛркін, 
шинелін киіп, буынып-түйініп алған. Әдетте жайдары-жарқын аңқылдақ кісі, 
бұл жолы мені үйреншікті әзілмен қарсы алған жоқ. 
- Батальонмен бе? Генералдың резерві ғой? - деп үздік-создық сұрады 
ол. 
- Иә, жолдас комиссар. 
- Кіріңіз, ендеше! 


238 

Есікті аша бергенімде, әсте менің есітуіме болмайтын бір суық сӛзді 
құлағым шалып қалды: 
- Масқара! Сізге сенгендегіміз осы ма… 
Нақ сол сәтте Панфиловты кӛрдім. Түсі тұнжыраңқы. Мен есіткен 
ауыр сӛздер осы кісіге айтылған екен. 
Анадай жерде әскери елтірі бӛрік, қара былғары пальто киген, 
ешқандай айырым белгісі жоқ толықша келген бір кісі тұр. 
Панфиловқа қарап: 
- Жолдас генерал… - дей беріп едім, ол мені жалма-жан тоқтатып 
тастады. 
- Жолдас Момышұлы. Мына кісі генерал-лейтенант Звягин, армия 
қолбасшысының орынбасары. 
Мен былғары пальто киген кісіге қарай кілт бұрылдым. 
- Жолдас генерал-лейтенант! Дивизия командиріне жүгінуіме рұқсат 
етіңіз. Батальон командирі аға лейтенант Момышұлы. 
- Неткен партизаншылдық! - деп тыжырынды ол. – Мына қылышы 
несі? 
- Мен артиллериспін, әскери мамандығым ресми ӛзгертілген жоқ. 
Қылышты устав бойынша тағып жүрмін, - деп жауап қайырдым. 
Звягин ұнатпаған пішінмен басын шайқап, Панфиловқа жазғыра 
қарады. 
- Қайдан шыққан тәртіп бұл? Батальон командирінің сізге, дивизия 
командиріне тікелей келетіні қалай? 
Панфилов қызарып кетті. Әжімі мол қоңырқай жүзінде қарадақтар 
пайда болды. Панфиловтың бұл мінезін біз білетінбіз - күйінгенде осылай 
қызарып, тарғылданып кетуші еді. Дегенмен бұл күйі тез-ақ басылатын. 
Звягиннің кінә тағуы әбден орынды еді. Шынында да, Панфиловтың 
бойында бір мін болатын: әдетте оның бастыққа тән мінез кӛрсетпейтіні, 
дәреже-шен талғауды жаратпайтыны соншалық кейде батальон командирлері 
тұрсын, взвод командирлері де, тіпті солдаттар да устав ережесінен тысқары 
оған тікелей бара беретін, ал біздің генерал бұған тыйым сала білмейтін, 
керек десе ӛзі мұны ерсі кӛрмейтін де. 
Қазір ол менің резервтегі батальон командирі екенімді айтты. 
Панфиловтың сәл қарлыққан даусы баяу естіледі. Сыңайына қарағанда, ӛзін 
әлденеге айыпты санап, бастықтың алдында тайсалып отырған кісі сияқты. 
- Ә, резерв командирі… - деді Звягин. - Қарулы әскерің қанша? 
- Алты жүз жауынгер, станокті тӛрт пулемет, сегіз орудие, деп 
мәлімдедім мен. 
Звягиннің сәл домбыққан сарғыштау жүзі жіби бастады. Алғашында 
жымырулы кӛрінген кӛнтек еріндері енді кенеттен кӛзіме түсті. 
- Оқ астында, ұрыста болып кӛрдіңіз бе? 


239 
- Иә, - деп қысқаша жауап қайырдым. 
Әңгімеге Панфилов араласты. Оның күнге күйген жүзінен тартыл 
дақтар ғайып болды. Ол бірнеше ауыз сӛзбен батальон туралы, немістер 
жолымызды кесіп тастағанда біздің де қарап қалмай, жау тылындағы жол 
торабын басып алғанымыз жайында сӛйтіп, Волокаламскіге, Москваға қарай 
ұмтылған гитлершілдерді сол манда бір тәуліктей әурелегеніміз жайында 
айтып берді. 
- Сонда бұл бұйрықсыз қимылдаған, - деп түсіндірді Панфилов мені 
иегімен нұсқап. 
Оның кішкене кӛздерінен уайымның, шошынудың белгісімен қатар 
діттенген ойдың нышанын байқадым мен. Тәрізі әлденені түйіп алуға, ӛзін 
ақыл таразысына салуға талпынғандай. Машинкамен тықырлап алғызған, 
бурыл тартқан қара шашын сипады ол -қиналғанда Панфиловтың осылайша 
шашын сипайтын, желкесін ұқалайтын әдеті бар, - бірақ жалма-жан серпіліп, 
қолын тӛмен түсірді. 
- Бұйрықсыз қимылдарын бұл, - деп қайталады Панфилов. 
- Ашығын айтқанда, оған басқа бұйрық берілген: кері шегініп, 
дивизияға қосыл дегенбіз. Оның орнына бұл сол жерде аялдап, жол торабын 
басып алған. Тәртіпсіздік қой? Әрине, тәртіпсіздік… Бірақ дегенмен… 
Қылыш асынған партизаныңыздың сиқы, міне, осындай. 
Ӛзіне 
жарасымды 
шыраймен 
жымыңдап, 
Панфилов 
мені 
таныстырғандай ишара етті. Ӛзінің дағдылы, қарапайым қалпына, әзіл-шыны 
аралас келетін әңгіме желісіне қайта түскісі келетіні кӛрініп-ақ тұр. Бірақ 
қүлімсіреген шырайы лезде басылып, бет ажарынан қапалық пен қамығудың, 
шаршап-шалдығудың белгісі қайтадан білінді. Қарап біткен қап-қара қасы 
мен қалың қабағы тағы да түксие қалды. 
Звягин сәл жібіген сияқты. 
Ә, солай деңіз! Қазақпысың? 
- Иә. 
- Жарайды. 
Звягин: "Батальонды қазақтың бастап жүргені жақсылық екен», жер 
деп ойладым қапелімде. Мұндай лебізді мен бұрын да талай есіткем. Ә 
дегенде мақтау сияқты кӛрінгенімен, мұның ӛзі біздің ер жетіп, есейгенімізді 
елемеушіліктен туған ескілікті кӛзқарас еді, сондықтан, шынымды айтсам, 
мұндай лебіз намысыма тиіп, шаншудай қадалатын. Бірақ, обалы не керек, 
Звягин бұлай деген жоқ.
- Жарайды, -- деді ол қайталап. - Қазір генерал сізге міндет жүктейді. 
Менің айтарым қысқаша. Жау дивизияның оң жақ шебін бұзып ӛткен. Сіздің 
міндетіңіз: қараңғыда қарсы шабуыл жасап, немістерді кейін ығыстыру 
бұрынғы шепті қайта алып, соған бекіну. Бекінгенде шегінбейтін болу. 
Түсінікті ме, батальон командирі? 
- Түсінікті, жолдас генерал-лейтенант, - дедім мен. 
- Бүгін, ертең Москва үшін шешуші айқасқа түспекшіміз, - деді Звягин 
тағы да. - Жау қалжырап, титықтап қалды, ол ақтық күшін жұмсауда, 


240 
сондықтан біз осы арада оны тоқтата аламыз, тоқтатуға тиіспіз де. Тіпті 
біздер, командирлер мен саяси қызметкерлер, қолымызға қару алып, ұрысқа 
тікелей араласпасақ та, әйтеуір осылай етуге міндеттіміз. Біздің әлі де шегіне 
бергеніміз масқарашылық! Дивизияның шебін бұзуға тағы да жол бергеніміз 
масқарашылық, 
Панфилов еңсесі түсіп, үнсіз мұңайып тұр. 
Октябрьдің он алтысынан бері жүргізіліп келе жатқан, табан тірескен, 
шиеленіскен ұрыстарда немістер дивизияның қорғаныс шебін екі-үш рет 
бұзып ӛткен-ді. Алғашында майдан шебі бӛлшектеніп кеткен сияқты кӛрінсе 
де, біздің жауынгерлік бӛлімдеріміз, жеке-дара, оқшау күйінде де ұрыс 
жүргізуден, жауға табан астынан тиісуден, алға жарып ӛткен немістердің 
жолын кесуден әсте танған емес; қысқасы, роталар, батареялар, батальондар 
жау алдынан тағы да тап болып, қайтадан біртұтас шеп құратын. 
- Міне, біздің шебіміз тағы да бұзылыпты, соған орай: «Дивизияның 
шебін бұзуға тағы да жол бергеніміз масқарашылық», деген сияқты ащы 
сӛздерді есітіп отырмыз. Мұндай суық сӛз кісінің еңсесін түсірмей қойсын 
ба, дәл осы сәтте майдан шебі ғана емес, Панфиловтың ойы да бӛлшектеніп 
кеткендей, 

- Міндетін айтыңыз, генерал, - деп үн қатты Звягин. – Бӛгет 
жасамайын сіздерге. 
Екі қолын артына ұстап, бӛлме ішінде ерсілі-қарсылы жүре бастады 
ол. Панфилов есік алдында тұрып дауыстады: 
- Дорфман жолдас, картаңызбен келуіңізді ӛтінем. 
Звягин баяу ғана күңк етті: 
- «Ӛтінем»… "Ӛтінем" емес, "картаны әкеліңіз мұнда» - демес пе. 
Панфилов үндеген жоқ. Ажарында тағы да қызыл күрең теңбіл пайда 
болды. Діттене, қайтадан басын әнтек тӛмен салды. Бұл қимылынан енді 
қайсарлықтың белгісін байқадым. 
Кезінде мен Панфиловтың әскери адамның салтымен үйлеспейтін, 
жұмсақ мінезіне, ӛктем сӛйлеу орнына кісімен ақылдасуды ӛз ойын ортаға 
салуды жӛн кӛретініне таңданатынмын. Сондықтан бағынышты адамдарына 
әскери салттан тыс: "жолдас Момышұлы", жолдас Дорфман» деп үн қатуы да 
ерсілеу кӛрінетін. Оның аздап қарлыққан қоңыр даусы баяу естілетін еді, 
бейне ӛктем сӛйлеуді білмейтін жандай түзеп, қаздиып тұруын жаратпайтын. 
Ұзамай бәріміз де бұған үйреніп кеткен едік. Ал енді Панфиловқа бейне 
Звягиннің кӛзімен қарағандаймын. 
Ия, дәл осы сәтте біздің генералымыз кӛрер кӛзге қораштау еді. Аласа 
бойлы, еңкіштеу, кеудесі ашан, жіңішке мойнын айғыз-айтыз әжім басқан 
Панфиловта адуындылық дейтіннен дәнеңе жоқ еді, бірде ӛзінің әзілдеп 
айтқанындай, «қарапайым генерал» болатын. Осылай болғасын, сырттан 


241 
қарағандар оның дивизияны қалай басқарып жүргенін, сан мың адамды ӛз 
әміріне, ӛз еркіне қалай бағындыратынын, әрине, түсіне бермеуші еді… 
Үлкен қара папкасын құшақтап, аяғын жедел баса Дорфман келіп 
кірді. 
- Жарыққа таман, столға кеп отыруыңызды ӛтінем, шақырды 
Панфилов. - Жолдас Момышұлы, сіздің де келуіңізді ӛтінем. 
Ол "ӛтінім" деген сӛзін қасарыса қайталаудан танбады. Бірақ Звягин 
бұл жолы үн қатқан жоқ. Олда столға келді. Дорфман папкасын ашқанда 
дивизия штабының операциялық картасы кӛзімізге түсті. 
Бұл картаны ӛмірі ұмыта қоймаспын деймін. Резеңке карта бетін 
айғыздап, қарындашпен жүргізілген кӛк сызық пен қызыл сызықты сан рет 
ӛшірген. Кей жерінде, әсіресе немістер тегеурінді күш жұмсаған бағытта, 
оңтүстіктен Волоколамскіге баратын тас жол бойында тіпті картаның тасқа 
басылған атаулары да кӛмескі тартқан. Табан тірескен ұрыстар нәтижесінде 
осы бағыттағы жағдай кейде күніне екі-үш рет ӛзгеретін. Волоколамскінің 
тӛңірегіндегі дивизияның қорғаныс шебін бейнелейтін, доғаша иілген қазірге 
қызыл сызық оңтүстік пен солтүстікте бірнеше жерден бұзылғанды. 
Оңтүстіктегі жағдай күндіз маған Панфилов кӛрсеткен картада бейнеленген 
кезінен бері онша ӛзгере қоймаған-ды. Желісі бұзылып, бӛлшектелген қызыл 
тізбектер, яки, дұрысын айтқанда, кішігірім бунақшалар, әредікте кездесетін 
пулеметтер мен зеңбіректер белгілері әлі де ӛмір сүріп, біздің тылымызға 
баса-кӛктеп ұмтылған немістерге қарсы күш кӛрсетуде еді. 
Бірақ дивизияның солтүстік жағында, яғни оң қанатында күтпеген 
жерден бір сұмдық болған сияқты. Ол жақтағы шебіміз бірнеше километр 
жерде ойсырап қалған. Осы кетіктен жүргізілген екі жарық кең кӛк жебе 
араның ашалға ұмтылған жауды ишаралайды. Жебенің екі айрық сүйір ұшы 
пунктірмен белгіленген. Мұның мәнісі жаудың беталыс бағдары дал 
анықталмаған, жорамалмен кӛрсетілген деген сӛз. Қаланың солтүстік 
жағында қорғаныс шебін бұзып ӛткен немістер мен қаланың арасында енді 
ешқандай бӛгет, ешқандай тосқауыл жоқ, тек қала шетіндегі бақтың екі-үш 
жерінде зенит-зеңбіректердің белгілері бар. 
Шынымды айтайын, тұла бойымды қорқыныш билеп кетті. Бәлкім, 
бет алдынан ешқандай қарсылық кӛрмеген жаудың нақ осы сәтте 
Панфиловтың штабына қарай келе жатпағанына кім кепіл? Панфилов осы 
кетікті иегімен нұсқап: 
- Кәне, Дорфман жолдас, әкелген жаңа ақпарыңыз қандай? - деп 
сұрады. 
- Байланыс орната алмай жатырмыз, жолдас генерал, - деген жайсыз 
жауап естілді. 
Нақ осы сәтте штабтың нәубетшісі келіп кірді. 
6   


242 
- Жолдас генерал-лейтенант, - деді нәубетші, - мәлімдеуіме рұқсат 
етіңіз.  
Звягин басын изеді. Нәубетші Звягиннің шақыруы бойынша құрама 
полктің командирі майор Кондратьевтің келгенін хабарлады. Волоколамскіде 
осындай полктің жасақталғанын және біздің дивизиямен іргелес жерде 
қорғаныс участкесіне орналасқанын таяуда есіткенмін. 
- Кондратьев? Қайда ол? - деп сұрады Звягин. 
- Осында. Анау бӛлмеде. 
Аяғын салмақпен нық баса Звягин есікті айқара ашып, ілгері жүрді. 
Панфилов оның соңына ерді. 
Алғашында мен онда басталған әңгімеге құлақ тіккен жоқпын. Тек 
күңгірлеген ғана еміс-еміс естіліп жатты. Байқауымша, әлгі келген адам 
ӛзінің бар кінәсін жуып-шайып жатқан тәрізді. Сӛйткенше болған жоқ, 
Звягиннің даусы саңқ ете түсті.
- Зәрең қалмаған ғой? 
Мен ашық тұрған есікке жақындадым. Звягиннің қарсы алдындағы 
ашаң, қызыл-күрең майор қатты абыржулы, үстіндегі шинелі суға малынып, 
балшыққа батқан. Бетіндегі самайына дейін тартылған айғыз таңба 
білеуленіп кеткен, Екі қолын санына жапсыра, сіресіп тұрған Кондратьевте 
үн жоқ. Тек айғыз таңба түбіндегі жақ еті бүлкіл қағады. 
Звягин бұрынғыша саңқылдаған дауыспен жауап ала берді; 
- Бұйрықсыз шегінуге кім рұқсат етті? 
Бӛлме іші тым-тырыс. Жұмыстарын доғарған штаб командирлері де 
аяқтарынан тік тұр. Қарсыдағы есіктен штабтағы артиллеристер сығалап 
қарайды. Осынау тыныштықта әр сӛз анық естіледі. 
Звягин жауап күтуде. Қондратьевте үн жоқ, Звягиннің иығынан дем 
ала, ентіккені естіледі. 
- Жауабыңды айт! - деп ақырды ол. - Бекінген шебіңнен ӛз бетіңмен 
шегінуте үзілді-кесілді тыйым салған бұйрық барын білмейсің бе?! 
Жұтқыншағы бір кӛтеріліп, бір тӛмен түскен Кондратыев: Басқа 
амалым қалмады, - деп булыға үн қатты. 
- Қашудан басқа ма? 
Тағы да біраз тым-тырыс. 
Звягин жалғыз Кондратьевке емес, басқаларға да тӛндіргісі келгендей, 
қайтадан әр сӛзін нықтап сӛйледі: 
- Бәрімізге берілген бұйрық бар: қазір, Москва үшін болып жатқан 
шешуші шайқас күндерінде, бекінген шебіңнен ӛз бетіңмен кету Отанға 
опасыздық жасағанмен бірдей! Сіз опасыздық жасадыңыз… 
- Мен не істейін… 
- Сӛйлеме! - деп саңқ етті Звягин. - Қаруыңды тапсыр! 
Майор сұрланып кетті, Қызғылт реңінде қарауытқан таңбасы кенет 
қызыл күрең білеуге айналып, енді бадырайып кӛрінді. Бейне бетке тиген 
қамшының дағы сияқты. Жанашыр адам іздегендей, майор жалтақтап қарады 
да, пистолет қабы ілінген белдігін шешіп, стол үстіне қойды. 


243 
Жұлдыз алынсын! 
Сәл ғана кідіріп тұрды да, Кондратьев ылғал бӛркін қолына алып, 
қызыл жұлдызды жұлды. 
Звягин рақымсыз райынан қайтар емес: 
- Қамауға алынсын! Сотқа берілсін! Дәл бүгін сотталсын… Ертең 
армия бойынша бұйрықпен жариялаймыз… Әкетіңдер! 
Дивизия штабының коменданты, жас лейтенанттүнерген түрмен: 
- Кеттік… - деп үн қатты, 
Кондратьев алға түсті, комендант соңына ерді. Тыныштықта 
Звягиннің ентіге дем алғаны әлі де айқын естіледі. Ол Панфиловқа бұрылды. 
- Генерал, сізден уақытша саяси қызметкерлер мен штаб 
командирлерін алмақшымын. Әлгі полкке барамыз. Қашып кеткендерді 
жинап, басын қосамыз, сонсын қарсы атакаға шығамыз. 
- Ӛз адамдарыңызға телефон соғыңыз, - деп бұйырды Звягин саяси 
бӛлім бастығына. - Қызметкерлеріңіз атқа қонсын. Қазір жолға шығамыз, 
Майдан шебіндегі жағдайды аңғартатын белгілер түсірілген жаңа 
картаны алып, Звягин бірнеше минуттан кейін дивизия штабынан жүріп те 
кетті. 

Манадан бері мен тұрған бӛлмеге Панфилов қайта оралды. Соның 
ізінше ұзын тұра артиллерия полковнигі келіп кірді. Ӛз үйіндегідей еркінсіп, 
тіпті буына нан піскендей панданып, тыжырына сӛйледі: 
- Қарсы атакашылын… Қарсы атака емес, күйік десеңші… 
Панфилов кілт бұрылды. 
- Сізге орамал керек болар? - деп сұрады ол. 
Панфиловтың бір әдеті осындай. Шамырқанған да жоқ, «Әдеп 
сақтаңыз!», яки: «Сораңызды ағызбаңыз!» деп жекірген де жоқ, ашу үстінде 
қатты сӛз айту орнына кекесінді сұрау берумен ғана тынды. 
Полковник Арсеньев кекесінді түсіне қойып, екі қолын жалма-жан тік 
тӛмен түҫіре, бойын түзеді. 
- Кетуіме рұқсат па? - деді ол. 
- Барыңыз, - деп жауап қайырды Панфилов. 
Енді Панфилов, екеуміз оңаша қалдық. Панфилов стол үстінде жатқан 
картаға бір қарап, бӛлме ішінде ерсілі-қарсылы жүрді. Сонсын күтпеген 
жерден маған үн қатты: 
- Тәрізі, бейберекетсіздікке таңданып тұрған боларсыз? Иә, 
бейберекетсіздік кӛп-ақ, жолдас Момышұлы. 
Онан соң, ӛзінің әлденендей бір ойына үңіліп тұрды да: 
- Жолдас Момышұлы, Энгельстің әскери еңбектерін оқығаныңыз бар 
ма? - деп сұрады ол. 
- Жоқ, жолдас генерал. 


244 
- Оқығайсыз… Жаңылмасам, Энгельстің бір нақыл сӛзі бар "Әскер 
ӛнерінде бола беретін бір жайт: бейберекетсіздік дегеннің ӛзі жаңа тәртіп» 
деген ол. 
Тәрізі, біраз жүріп, ӛз ойын ортаға салуға құштар сияқты. Бірақ оған 
уақыт қайда: генерал қалтасынан сағатын шығарып, бауын ағытты да, стол 
үстіне қойды. 
- Мұнда келіңіз, жолдас Момышұлы… Картаға. 

Бір-екі минут Панфилов картаға үнсіз қарап отырды. Солтүстіктен 
қалаға қарай бағытталған кӛк жебеше бұрынғыша жеңіл пунктирмен 
белгіленген. Дорфманның хабарлауынша, немістер шебін бұзып ӛткен 
полкпен екі арада үзілген байланыс әлі қалпына келтірілген жоқ-ты. Сол 
жақтан дұшпанның келе жатқаны рас па? Тӛнген қауіп күшті ме? Әлде бұл 
біздің резервімізді алаңдату амалын кӛздеген айлакер жаудың алдамшы 
әрекеті ме? Онда Панфиловтың ӛзіне қарасты ақтық резерв батальонын түн 
ішінде белгісіз жаққа жіберуі жӛн бе? Ал егер қорғаныс шебінің бұзылғаны 
шын болса, жаудың қалаға келер жолы ашылған болса, жібермей қалай 
отырмақ? 
Стол үстіндегі сағат сыртылдайды. Уақыт ӛтіп барады. Бір шешімге 
келу керек. 
- Мінеки, жолдас Момышұлы, Волоколамск түбіндегі бекініс шебі 
мынау, - деп үн қатты Панфилов. 
Ол біздің дивизия келгенге дейін, күн ілгері әзірленген Волоколамск 
бекініс ауданындағы солтүстік ӛңірді, Лама және Гродна ӛзендерінің 
бойында салынған қорғаныс шебін қарындашының доғал жағымен нұсқап 
кӛрсетгі. 
- Бірақ бұл жерге бекінбеңіз, - деді тағы да Панфилов. - Кӛрдіңіз бе, 
арғы жаға биік… Шеп деңгейі үйреншікті әдет бойынша белгіленген: ӛзен 
болса - сӛз қысқа, қарындашты алып, сызық жүргізе береді ғой… 
Жаңылмасам, бұрынырақ сізге Панфиловтың бір дағдылы ишаратын 
айтқан шығармын деймін: қаптаған ойдың ұшығына жете алмай, әрі-сәрі 
болып отырған сәтте саусақтары еріксіз әнтек тарбиып кетеді. Міне қазірде 
де ол тарамдалған саусақтарын ербеңдетеді, сірә, ишаратын ӛзі де 
байқамайтын сияқты. 
- Сіздің міндетіңіз, - деді ол, арғы жағаға ӛтіп, жотаны, Иваново 
деревнясын алу, сӛйтіп, жаудың жолын бӛгеу. Егер жаумен ертерек кездесіп 
қалсаңыз, қарсы ұрыс ашыңыз. Түсінікті ме? 
- Түсінікті, жолдас генерал. 
- Барыңыз… Штабтан карта ала кетіңіз. 
- Құп, жолдас генерал. 
Панфиловтың бетіне тура қарап тұрып, "құп!" деп жауап қатсам да, 
мен ішімнен: "Кәміл сенімің жоқ, дүдамал екенсің, не істерімді білмейді 


245 
екенсің, онда мені неге жұмсайсың?» - деймін. Панфиловпен дидарласып, 
пікірлесіп жүрген уақыттың ӛн бойында кӛңілімде бірінші рет реніш пайда 
болды. 
Жаңа ғана айтқанымдай, генералдың бетіне тура менің ойымды 
андағандай, қарап тұрғанмын. Бейне Панфилов кенеттен былай деді: 
- Мен күмәнданып, әрі-сәрі боп тұрсың, жолдас Момышұлы. Менің 
жіп таққан шешімім де, оған деген уақытым да жоқ. 
Панфиловқа деген ренішім қас қаққанша аялау сезіміне, 
сүйіспеншілікке айналды. Неткен адал, шыншыл жан, ӛзін күнәдан пәк етіп 
кӛрсеткісі келмейді! 
Шынымды айтсам, - деді ол тағы да, - сізге қалада ұрыс жүргізуді 
тапсырсам ба деп едім. Мына жердегі дұшпанды, - Панфилов немістердің 
негізгі күшімен жүргізіліп жатқан ұрыс шебін қарындашымен нұсқап 
кӛрсетті, - титықтатқаннан кейін сізге қаланы қорғауды тапсырармын деп 
едім. Бәлкім, сізді жібермей, шыдап бақсам қайтеді? 
Панфилов серпіле маған қарады, тіпті менің сӛзімді, ақыл-кеңесімді 
есіткісі келгендей, маған қарай ұмсынды. Бірақ мен генералға қандай ақыл-
кеңес айтпақпын? 
Солтүстіктегі кетікті қарындашымен нұқып, ол тапты да сӛйледі: 
- Мына жақта не боп жатқанын мен білмеймін. Білкім, сіздің ӛзіңіздің 
шешім қабылдауыңызға тура келер. Мұндайда батыл қимылдаңыз, сізге 
сенемін. Бәлкім, соңыңыздан тағы бірер хабар жеткізерміз. Ал жолдас 
Момышұлы… - Маған қолын беріп, менің қолымды қатты қысты. - Сенем 
сізге, жолдас Момышұлы. Сіз ешқашан да намысты қолдан бермейсіз. 
- Ешқашан да! - дедім мен қатуланып. 
Мен кілт бұрылып, кете бастағанымда Панфилов мені тағы да 
тоқтатты. 
- Тағы бір айтарым: сақ болғайсыз. Алдымен ивангардыңыз ұрыс 
бастасын. Аңысын аңдап тұрып, негізгі күніңізбен қиыстап барып соғыңыз… 
Сәті түссе, кӛп шығынсыз-ақ тықсырып тастайсыз, ұқтыңыз ба? 
- Ұқтым, жолдас генерал. 
- Онда барыңыз, барыңыз… Қош. 
Кӛзінің жанарынан жанашырлық пен уайымның белгісін байқадым 
мен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет