Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет42/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76
Арпалыс 1,2

 

Роталар балшық кешіп, қара жолмен жүріп келеді. Арт жақта күрең 
сәуле арасынан шіркеулердің күмбездері, қоңыраухана мұнаралары 
қарауытып кӛрінеді. Кӛп ұзамай бұларды да қара түнек қаптап алды. 
Жел күшейе түскен. Бірақ жаңбыр саябырлай бастады. Атыс үні де 
басылды. Жақыннан да, алыстан да, тіпті, жеке-дара мылтық даусы да 
естілмейді. Волоколамск түбінде нәрсе біткеннің бәрі тына қалған сияқты. 
Әйтеуір, қараңғыны қармалап, жаққа беталып бара жатқан біздің бір 
ғана білетініміз, алда біздің қорғаныс шебіміздің бұзылғаны хақ; біз 
солтүстіктен Волоколамскіге келіп түйісетін қара жолдардың бірімен кетіп 
барамыз, қазір бұл атырапта жаудың жолын бӛгейтін бізден басқа совет 
әскерлері жоқ. 
Астымдағы жануар, жабысқақ балшықтың барын елемей, аяғын 
ширақ басады. Ер үстінде ойға шомып, зілдей болып отырмын. Кенеттен арт 
жақтан шапқан аттың дүбірі естілді. Соның артынша-ақ аптыққан дауыс сап 
ете қалды: 
- Батальон командирі қайда? 
- Алда, - деп біреу жауап берді. 
Бір минуттан кейін мені қасына екі жауынгер ерткен, дивизия 
тобының майоры қуып жетті. 
- Түу… Тіпті алыстап кетіпсіздер ғой, - деді ол маған қарап. Кейін 
қайтуға тура келеді. Жолдас аға лейтенант, сізге жаңа бұйрық әкелдім. 
Батальонды тоқтатыңыз, 
- Не боп қалды? Себебі не? 


251 
Екеуміз бір шетке оңаша шыққанда, майор маған мынаны айтты: 
қорғаныс шебін немістер бұзып ӛткен полктің штабымен екі арада байланыс 
қайта орнатылыпты. Менің батальоным дивизия командирінің бұйрығы 
бойынша осы полктің командирі подполковник Хрымовтың қарамағына 
беріліпті. Жаңа бұйрыққа сәйкес менің батальоным бағдарын ӛзгертіп, 
Иванковоға емес, Тимковоға баруға тиіс. Міндет: Тимковоны, Тимково 
жотасын алып, сонда мықтап бекіну. 
- Неге бұлай, жолдас майор? - деп сұрадым мен. 
- Білмеймін… Менің жұмысым сізге жарлықты жеткізу. 
- Ӛзіңіз Хрымовпен сӛйлестіңіз бе? 
- Жоқ. Штаб бастығы сӛйлесті. 
- Сұрауыңызға болатын еді ғой. 
Майор шамданып қалды. 
- Үлкен бастықтарға сұрау беріп жататын әдет жоқ менде. Еруліге 
қарулы: 
- Оныңыз жақсы әдет екен, - дедім де, майорға бір ізет етіп, кілт 
бұрылдым. 
- Синченко! 
- Мен, жолдас комбат! 
- Рахимовқа айт, батальонды тоқтатсын! 
Майорға қарап, тағы да ізет еттім. 
- Қош болыңыз, жолдас майор. 
Ол селқос үн қатты: 
- Қош… Тезірек бұрылыңыздар. 

Батальон тыныстасын деп бұйрық бердім де, командирлерді ӛзіме 
шақырттым. 
Солдаттар жол бойындағы қатқақ ұрған ылғал шӛпке отырды. 
Темекілерінің отын қалқалап, түтінін құныға соруда. Күн суыта бастады. 
Себелеген ұсақ Жаңбыр тыйылар емес. Ӛңменіңе шаншудай қадалатын 
солтүстіктің ӛкпек желі үйіре ұшырған осы ақ жауын шинелінді, плащ-
палатканды тынымсыз сабалайды. 
Рахимов, Волоколамск кӛшесінің бойындағыдай, тағы да қалта 
фонарының сәулесін планшеттің җылтыр қабыршағынан кӛрініп тұрған 
картаға түсірді. Командирлерге жаңа бұйрықты жеткіздім: 
Тимковоға қарай бұрылып, осы деревняны алу керек, Волоколамскіні 
солтүстіктен қорғауға қолайлы жағдай жасайтын Тимково жотасына бекіту 
керек дедім. Міндетті түсіндіргеннен кейін мен бұйрық бердім:
- Рахимов, Бозжановқа атыңды бер. Бозжанов, Филимоновқа шауып 
барып айт, тез кері қайтсын. 
Жоғарыда ӛзіңізге айтқан шығармын деймін, Бозжанов қазақтың 
қырда ӛскен барша ұл-қызы сияқты, атқа мініп жүруге әуес еді. Ал соғыс 


252 
кезінде тізгін ұстап, үзеңгіге аяқ салудың ылғи сәті түсе бермейді ғой. Содан 
болу керек, осынау қиын-қыстау сәтте де жауынгерлік тапсырмаға 
ризалығын Бозжанов жасыра алған жоқ. Оның жаңбыр суына малынған 
дӛңгелекше, балғын жүзінен байыптылықтың нышаны білінеді. Жауабы 
жайдары да шапшаң болды: 
- Құп болады, жолдас комбат! 
Бозжановтың лебізіне еріксіз езу тартасың. Фонарьдың кӛмескі 
сәулесі арасынан жаңбырдан мойнын жағасына жасыра бүріскен Дордияның 
жымыңдағанын, тіпті байсалды Рахимовтың да жылы шырайын байқаймын. 
- Бұйрықты орындаңыз! - деп бұйырдым мен. 
Маған ізет етіп, кілт бұрылған Бозжанов қараңғы түнекке қадам 
басты, оның алға ұмсынған кеудесінен, жұмыр біткен жауырынынан 
қайсарлықтың, кәміл сенімнің лебі еседі, «Нағыз сұңқар!»… деймін ішімнен. 
Менің ендігі бұйрығым мынау болды:
- Панюков! 
Бірінші ротаның командирі Панюков - мана біз дәмін татып 
үлгермеген тамақтың үстінде достық үшін тост кӛтерген жігіт – алға қарай 
бір адым жасады да, ӛкшесін ӛкшесіне тигізе сартылдатып, қалт тұра қалды, 
Бойына шақ дымқыл шинелін белдігімен мықтап қынап алған. Қиырдағы ӛрт 
жалынының кӛмескі күрең сәулесі оның ашаң жүзіне әр беріп тұрғандай. 
- Панюков! - деймін мен. - Адамдарыңды тамақтандыр. Он бес 
минуттан кейін алға жортуылшы тосқауыл ретінде жолға шығасың. Мына 
тұрған Тимково. Кӛрдің бе? - деп нүктеден белгіні картадан кӛрсеттім. 
Панюков ӛз картасына белгі соғып алды. - Соған барып бекін. Кӛп ұзамай 
барлық күшпен мен де барып жетемін. 
- Жолдас комбат, жау қайда? 
- Ит біле ме оны… Әйтеуір, бір жерден кезігетін шығар. 
Осы арада Дордия әңгімеге араласты: 
- Комбат жолдас, рұқсат етіңізші. 
- Ал сӛйле… 
- Жолдас комбат, - деп күмілжіп қалды ол. - Таң атқанша күте тұрсақ 
қайтеді? 
Политрукті кӛрнеу қолдауға батылы бармай, Панюков менің бетіме 
жаутаңдап қарайды, кӛзқарасынан менің дұрыс сыңай білдіруімді ішкен 
тілеп тұрғанын байқаймын. Ал менің жауабым катаң: 
- Бұл не сӛз? Тимковоға бүрылсын деген бұйрық бар, ендеше, 
әңгімені доғару керек, Тимковоға бар. Деревняны ал! Түсіндің бе, 
Панюков? 
- Иә, жолдас комбат. 
- Қолда бар артиллерияны түгел саған берем… Дереу адамдарыңды 
тамақтандыр. Қазір Пономарев ӛзінің асханасын осында келтіреді. 
Пономарев, мұнда кел! 
Пономарев менің қарсы алдымда бойын түзеп тұра қалды. 
- Құлағым сізде, жолдас комбат. 


253 
- Пономарев, асхананды осында келтір. 
Бет әлпетінен байқаймын. Пономарев абыржып тұрған сияқты. 
Жауабына қарағанда, шынында да, солай болуы керек: 
- Асхана жоқ, жолдас комбат. 
- Жоғы қалай? Қайда құрыды? 
- Дивизия штабынан келген майор барлық ат-арбаны қалаға қайырып 
жібер деп бұйырды. 
- Барлығын ба? Қайырып жібердің ғой? 
- Иә, җолдас комбат. Дереу орындадым. 
Мен қатты күйіп-пістім: 
- Оңбаған неме-ау, жұрттың тамақтанбағанын білетін едің ғой. Маған 
неге айтпадың? 
Пономарев үнсіз. 
- Шайтан алсын сені! Дереу Волоколамскіге тарт! Тым болмаса 
кепкен нан әкел! Құр қол қайтушы болма! 

Түлкі құрсақ күйінде жол жүруге тура келеді, Панюков… деп үн 
қаттым мен. - Мүмкін, немістерден бірдеңе түсірерміз… Ротонды сапқа 
тұрғыз, баста. 
Панюков қараңғыны қақ жара, ӛктем дауыспен айқай салды: 
- Шабарман, мұнда кел! 
Сол заматта бәкене Мұратов жетіп келді. 
- Мен! 
- Жүр! 
Панюков сылпылдақ батпақты кешіп, ӛз ортасына қарай адымдады. 
Мен соңынан қарап тұрмын. Бар іс тындырылған сияқты бұйрық берілді; 
қарауындағы адамың "құп болады» деп, соны орындауға жӛнелді. Бірақ 
жауырынына, жон арқасына қарашы, не дер екен? Кенеттен кӛз алдыма 
ғажап емес пайда болды: әрқашан да еңсесі биік, сымбатты Панюковтың бұл 
жолы иығы салыңқы, жон арқасы жабыңқы кӛрінді. Осы мезгеулік әсер 
маған жай оғындай әсер етті. Қапелімде: «Қайт кейін, бармайсың!» - деп 
айқайлағың келеді. Бірақ олай дейтін амал қайсы. Жүйкең құрып, 
қайратыңның қажығаны ғой бұл. Берекесіздік, қараңғыдағы қарбалас
тылсым жағдай адамға әсер етпей қойсын ба. 
Екінші аңдағаным - шабарман Мұратовтың жон арқасы. Ол 
қасындағы командиріне шын берілген, әр сӛзін қағып алуға әзір. Үшіншісі - 
қараңғыда кӛзі жӛнді кӛрмейтін, сондықтан да аяғын әлтек-тәлтек басатын 
политрук Дордияның жон арқасы.
Иә, жүйке құрғыр жұқарған болар. Оның үстіне, аздап қалтырап 
тұрсын ба, қалай. Қырсық шалғанда, ауырып қалмасам етті! Жоқ, оған дес 
бермеймін, қарысып қайрат кӛрсетем! 


254 
Команда берген дауыстар, сапқа тұра бастаған ротаның дабырлаған 
үні, соның ізінше салмақпен, біркелкі балшық таптаған аяқтардың дүбірі 
құлағыма келеді. Панюҡовтің ротасы жүріп кетті. 
Мен Заевтың ротасымен әлгі жерде қалдым. 

Менің қасыма Заев келді. Шинелінің омырауынан парабеллумының 
сабы бұрынғыша сорайып шығып тұр.
- Жолдас комбат, бешпентіңіз су болған кӛрінеді. Шинель кигеніңіз 
дұрыс. 
- Шыдап бағайық, Әйтпесе басқалар да божырап кетер. 
- Божырап жүрген ешкім жоқ, - деп қырылдай күңк етті Заев. 
- Біздің комбат оған ырық бермейді. 
- Ырық бермейді… - деп қайталадым мен мысқылдап. - Қошеметінді 
кейінге қалдыра тұр. Одан да біраз жүріп құрысымызды жазайық. 
Заев екеуміз арықтың шетінде арқаларын желге тӛсеп отырған 
жауынгерлерден алыстап, жол бойымен біраз жерге дейін үнсіз аяндап 
бардық. Заев қарлыққан жуан дауыспен тұнжырап сӛйледі: 
- Астан-кестең бірдеңе! Бір ілгері, бір кейін айдайды… Батальонда үш 
бӛліп жіберді… Нағыз былық! 
Заевтың бейне жаңғырықтай сампылдаған сӛздерінен ӛзімнің ішке 
түйген ойларымды танимын. Сондықтан да оны қатаң тойтарып тастадым: 
- Бұл туралы сіздің пікіріңізді сұраған жоқпын, жолдас лейтенант. 
Заев түнерген түрмен қысқаша жауап қайырды: 
- Құп! 
Біз кейін қайтып, жауынгерлерге жақындадық. Қарсы алдымнан тағы 
да Гаркуша тап болды. 
От жағып жылынайық деп едік, рұқсат етіңіз, жолдас комбат. 
- От жағуға болмайды, Шылым тартып жылынамыз. 
- Шылымым жоқ, жолдас комбат. 
- Онда менен ал… 
Қалтамнан бір қорап «Беломор» шығарып, Гаркушаға шылым бердім. 
Лезде айналама жауынгерлер жинала қалды. Мурин Гаркушаның сырт 
жағынан ұзын мойнын созады. Ол да менен шылым алып жатыр. 
- Божырап кеткен жоқсың ба, Мурин? - деп сұраймын одан… 
- Илеуіміз қанған… Ондай елтірі ылжырай қоймайды… 
Қарашы, консерваторияның бұрынғы аспирантының сӛзі мірдің 
оғындай! Елтірі дейді… Армиядан бұрып бұл сӛзді біле қойды ма екен ол? 
Екінші рота… Әнеукүні қолма-қол ұрыста жаудың зәресін кетіре, оны 
ӛкшелеп қуған, ең мықты, ең сүйікті ротам бұл… Екінші рота… Естен кетпес 
алғашқы атака кезінде менің мерейімді ӛсіріп, тӛбемді кӛкке жеткізген рота 
бұл. 


255 
Қарамағындағы жауынгерлерімен командир үнемі қарым-қатынас 
жасап тұруға тиіс деген устав тармағын мен, әлбетте, жатқа білемін. Бірақ 
мұндай қарым-қатынас жасау ылғи оңайға түсе бермейді. Бірақ қазір 
жауынгерлермен іштей жақындасуыма оларға жылы шырай білдіруіме дем 
беріп тұрған устав тармағы ғана емес. 
- Мен бүгін генералмен кездестім, жолдастар, - дедім баяу үнмен. 
Менің сӛзімді тыңдаушылар елендесіп, қасыма жақындай түсті. 
Жауынгерлер ылғал жерден лып кӛтеріліп, топ-тобымен келіп жатыр.
- Генерал Панфилов лейтенант Брудныйға сәлем айт деп тапсырды 
маған… Брудный, қайдасың? 
- Осындамын, Жолдас комбат. 
Екі жарылып, жол берген жауынгерлердің арасынан аяғы жеңіл, жүзі 
ашаң Брудныйды қарандаған сұлбасынан ажыратам, Қазір ол қалт тұра 
қалған, қимылсыз. Таяуда мен мұны сап алдында жазалағанмын, оқпен емес, 
арсыздығын бетіне басып, тірідей ӛлтіргенмін. 
Қазір Брудныйдың тағы бірер сӛз күтіп менің аузымды бағып тұрғаны 
анық. Сонымен бірге ӛз жайында айтылар сӛзден қаймығып. ұялатыны да 
аян. 
- Сені наградаға тапсырмақшы едім, Брудный, бірақ кӛріп тұрсың 
ғой… Алаңсыз жазу үшін немісті тағы бір рет тӛмпештеп алу керек. 
Брудныйда үн жоқ. Кӛзбен кӛрмесем де, оның тегіреніп тұрғанын 
білемін. Қобалжуын басқаннан кейін: 
- Тӛмпештейміз, жолдас комбат, - деп саңқылдады ол. 
Жауабы ұнаса керек, жауынгерлер ду күлді. Жә, сенің сыйың осымен 
бітті, Брудный. Басқа да айтарым бар менің. 
- Генерал саған да сәлем айтты, Ползунов, - деймін. Есітіп тұрмысың? 
- Совет Одағына қызмет етем, жолдас комбат! - деп қараңғыда әскери 
салтпен жауап қайырды ол. 
- Мен мұны пулеметші етіп алдым, жолдас комбат, - деп Заев 
кӛлденеңнен әңгімеге араласады. - Жаман емес, қабілетті жігіт. Ӛзім үйретіп 
жүрмін. 
Осы сәтте әлдекімді жазғыру жӛн емес сияқты, бірақ командирдің 
бұлжымас заңы, айнымас салты бар: бейпіл сӛзге ерік берме деген! 
- Лейтенант жолдас, ең алдымен: «Сӛз айтуыма рұқсат етіңіз", - деп 
маған жүгінуіңіз жӛн емес пе… - деймін Заевқа. 
- Кешіріңіз, - деп күң етті Заев. 
Командирің сені мақтап жатыр, Ползунов. Бекер сӛйлемейді ол. Бірақ 
даңдайсып кетпегейсің, Әйтпесе қалақай жұлып аламын да… 
Осынау зәрлі шӛптің жалаңаш тәнді удй ашытатынын әркім біледі. 
Сондықтан да жауынгерлер майданда жиі қолданылатын осы қалжыңды ду 
күлкімен қарсы алды. 
Солдат күлкісі қашан да қуанышты. Шаршап-шалдыққан кӛптен бері 
нәр татпаған, жиіркенішті жаңбыр астыңда мәлімсіз бір қараңғы ӛңірге кез 


256 
болған осынау жауынгерлер қапелімде менің қам кӛңілімді жебеп, бойыма 
рухани қуат бітіргендей. 
10 
Жауынгерлер арасында біраз уақыт болғаннан кейін іркілдеген 
жабысқақ батпақты кешіп, аздаған ат-арбаны шолып шықтым. 
Тӛбесін брезентпен жапқан кең санитарлық арба анадайдан 
қарауытып кӛрінеді. Біздің батальон дәрігері, медицина қызметінің капитаны 
Беленков та қазір осы маңда болуға тиіс. Қысталаң кездегі әбігерлігі, 
қорқақтығы үшін ӛзін ет қызумен, жанталасқан ұрыстың желігімен талай рет 
жазғырып, сыбап алғаным рас, кейде тым қатты кеткенім, әділетсіз болғаным 
рас. Енді осы кісіге ӛзім келтірген ренішті ептеп жуып-шайсам, кӛңілін 
ауласам, сӛйтіп сопақша, қуаң жүзінен жылы шырайдың нышанын кӛрсем 
деймін. 
Арбаның артқы жиегі тӛмен түсірілген. Ағаш тақта шетінде аяқтарын 
салбыратып бірнеше санитарлар және егде тартқан, қиыншылық пен 
жоқшылыққа қарамастан, әлі қомақты қоңын алдыра қоймаған фельдшер 
Киреев отыр. 
- Киреев сенбісің? 
Санитарлар ұшып-ұшып тұрды. Тамағын кенеп, Киреев те тақтадан 
түсті. 
- Отыра бер, отыра бер, - деймін мен. 
Бірақ қарт фельдшер қайта отырар емес. Ол баптап сӛйлейді. 
- Қалғып-мүлгіп отырмыз… Ғапу етіңіз, жолдас комбат. 
- Ғапу ӛтінетін не бар? Дәл қазір мызғымаса, басқа уақыт бар ма? 
Доктор қайда? 
- Ұйықтап жатыр, - деп баяулап сӛйледі Киреев, дәрігердің ұйқысын 
бӛлгісі келмегенін сездіріп. - Арбаның ішіне тӛсек салып бердік, жолдас 
комбат. Жатысымен ұйқыға шомды, Оятайын ба? 
- Керегі жоқ… Бізсіз де айтады. 
Нақ осы сәтте, бейне менің сӛзімді қостағандай, алыстан Панюковтың 
ротасы кеткен жақтан - тарсылдаған мылтық даусы, соның артынша 
пулеметтің тақылдағаны естілді. 
Қап, ұрыс басталып кетіпті ғой! Ал Филимоновтын ротасы әлі жоқ, 
Бозжанов қайда құрыды екен?! 
Санитарлық арбадан дереу ротаға қарай адымдадым. Алдымнан 
аттарын жетелеп Синченко шықты. Бірден атқа қондым да, желе жортып жол 
бойында тұрған Рахимов пен Заевқа бардым.
- Заев! Ротанды сайла! Рахимов, колоннаны Тимковоға қарай баста. 
Жүр, Синченко! 
Енді бір минут та кетірместен, ешқайда аландамастан, Күрең 
тӛбелмен Панюковтың ротасы ұрыс жүргізген, атыс үні естіліп жатқан жаққа 
қарай құйғыта жӛнелдім. 


257 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет