Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет45/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   76
Арпалыс 1,2

ВОЛОКОЛАМСК ЖАУ ҚОЛЫНДА 
«Жігіт болсаң, жігеріңді жасытпа, 
қайратыңа қайта мін». 



275 
Сол жиырма жетінші октябрь күнгі оқиғалардың жеке елестері әлі 
есімде. 
Салт атпен жотаға шығып бара жатқанмын. Ат үстінде салым суға 
кетіп, зілдей болып отырмын. Күрең тӛбелдің де жүрісі сылбыр. Қырау 
шалған тайғанақ шӛптің үстімен аяғын кібіртіктей басып, бұл жануар да, мен 
сияқты, мүлгіп келеді. 
Долбармен атылған жау миналары әр жер-әр жерге түсіп жарылуда, 
Қапелімде арт жақтан бірдеңе гүрс ете қалды. Күрең тӛбел ыршып түсті, 
біздің ізімізбен келе жатқан атқосшымның Шабдары да жалт берді. 
- Синченко, гірімісің? - деп дауыстаймын. 
- Тірімін, - дейді ол. 
Тағы да үнсіз келе жатырмыз. Неміс әуеніне тағы да құлағымды 
тігемін. Япырмай, осынау тоқымдай жотада от-жалынның ортасында 
қалғанбыз ба, қалай?! 
Тӛменде қалың тұманның тасасында жатқан Волоколамск жақтан 
азын-аулақ емес, ондаған, бәлкім, жүздеген зеңбіректер гүрсілі естіледі. 
Ойпандағы Тимково жақтан да зеңбіректер атылып жатыр. 
Ал біздер - жотаға бекінген екі рота мен тылдағы Филимонов ротасы 
бізді құрсаудай орап алған отжалын ортасында жалғыз калыппыз. Ӛз 
дивизиямызбен байланысымыз да, одан хабар-ошарымыз да жоқ. 
Бірақ соның ізінше сап ете түскен басқа бір ой кӛңілге жұбаныш 
бергендей: жоқ, біз әсте хабар-ошарсыз емеспіз, мынау ұрыс дүрбелеңі - 
біздің адамдардың жаумен айқасып-арпалысуының, оққа оқпен жауап 
беруінің айғағы. 
Еңсеңді кӛтер, қайратыңа мін, Бауыржан! Әккі жау ұрысқа дейін-ақ 
сені жасқандырсам дейді, жігеріңді жасытсам дейді, ендеше, ақыл-
парасатыңды анық ұстап, амал-айламен, алғырлықпен қимылдауың шарт. 

Күрең тӛбелдің тұяғы тақтай кӛпіршені тасырлатып ӛтті. Соның 
ізінше Шабдар тағасының дүсірі естілді. Түнгі тасқыннан кейін бұлақ суы 
жуасыған, тек тіреу бӛренелерге түскен, кей жерлеріне мӛлдір қабыршақ 
қатқан қара қошқыл іздер ғана судың долдана буырқанғанын дәлелдейді. 
Бақшалар арасынан салынған сүрлеумен жүріп отырып поселкеге 
жеттім. Түнгі жорықтан соң бірнеше сағат ұйқтап алған рота дағдылы 
тіршілігіне кірісіпті. Бақша сыртындағы құдықтың қасында жуынып жатқан 
жауынгерлер. Жалаңаш біреудің арқасына қасындағысы шелектен су құйып 
жатыр. Жалаңаш жауынгер еңсесін кӛтергенде, құрыш кеудесінен су 
сорғалап ақты, ол Курбатов екен. 
Рота командирі орналасқан үйдің алдына келіп тоқтағанымда, қарсы 
алдымнан Филимонов жүгіріп шықты, Таяуда ғана қырынып алса керек, 
күнге күйген жүзі жылт-жылт етеді. 
Мен аттан түскенімде Филимонов: 


276 
- Жолдас комбат, үшінші рота… - дей беріп еді мен: 
- Жарайды… Үйге кіріп сӛйлесейік, Ефим Ефимыч, - деп үн қаттым. 
Үйдің іші ыстық екен, жайласып отыра қалып, дуалға арқамды сүйеп, 
сәл мызғып алсам, қандай рақат болар еді. Бірақ мұның жӛні жоқ. 
- Отыр, Филимонов, Картанды әкел. 
Картадан 
оған 
батальонның 
позициясын, 
ашып 
қалған 
флангілерімізді, ӛкпе тұсымыздағы кӛршілермен біздің аралығымызда бір-екі 
километрдей жерде пайда болған кетікті бітейтін жан жоқ екенін кӛрсеттім. 
Филимонов суық хабарды сұстана тыңдауда. Ӛзімнің кӛңілге түйген 
ой-ниетімді оған жеткізсем жӛн болар еді, бірақ белгілі бір жіп таққан ой 
менде әлі-әзір жоқ. 
- Ротаңды жотаға алып шық та, окоп қазып бекініс жаса, дедім мен. 
Нақ осы сәтте тау жақтан зеңбіректер жиі-жиі атыла бастады. Екеуміз 
де елеңдесе қалдық. Иә, бұл біздің зеңбіректердің гүрсілі, жеделдете атып 
жатыр. Пулеметтердің тақылдағаны да құлаққа келеді. Аңыра қараған 
Филимонов менен жауап күткендей. 
- Ротаңды жағалаудағы дӛңеске орналастыр, - дедім мен. – Ӛкпе 
тұсыңа да, жан-жағыңа да сақ бол. Зобалаң туа бастады. Немістер күтпеген 
жерден сап ете түсіп, абайсызда бас салуы мүмкін. 
- Түсінікті, жолдас комбат. 
Орнынан тұрған Филимонов біраз іркіліп қалды, 
- Тағы не айтпақшысың? 
- Басқа не айтушы едім… Жауынгерлер әлі нәр татқан жоқ. 
- Құрсақ қамын ойламау үшін адамдарың оқ ата берсін. Ротаңның 
қарсы алдындағы нысана біткенді белгілеп, оқ атып машықтан. 
Біздің жотадағы зеңбіректеріміз бұрынғысынша дамылсыз атқылауда. 
Ол жақта бірдеңе болып жатқан сияқты. Беймаза ой жаныңды жаралайды. 
- Барынша сақ бол… Түсінікті ме? 
- Түсінікті, жолдас комбат. Қашатын біз емес. 
- Бірақ қарбаласта ӛз адамдарымызды атқылап жүрмегейсің. 
Мана ӛзіме айтқан сӛздерді қайталаймын: - Ұстамды болу, ақылыңнан 
адаспа. Жауынгерлеріңе ұғындыр: командасыз оқ атпасын. Шүріппені 
басқанша асық болмай, анығын аңдасын. 
Біздің орудиелердің сарыны тынар емес. Ал енді аттың басын солай 
тарт! 
Қорада Синченконың жетегінде тұрған Күрең тӛбелге міне салып, 
құйғыта жӛнелгім келді. Жоқ, бұлайша солдаттарды дүрліктіруім жӛн емес. 
Сондықтан әдейі аттың басын тежеп, салмақты кісі сияқтанып, кӛшеде жай 
желіспен келемін. 
Ат тұяғы тағы да кӛпіршені дүсірлетіп ӛтті. Тек сонда ғана Күрең 
тәбелді еркімен кӛсілттім. Ызғыта шап, жануар! 
Жоғарыдағы тұман сейілген. Бірақ аспан әлемі әлі кірбіңденіп тұр, 
дегенмен тау беткейлері айқын кӛрінеді. 


277 
Саз балшықтан жасалған үйіндіге келіп жеттім. Артиллерияшылардың 
бақылау пункті осы жотаға орналасқан болатын. 
Қызуланып алған Кубаренко дала телефонын құлағына тосып, 
шылымын құныға соруда, Телефондағы сӛзін бӛліп, ол даурыға сӛйледі: 
- Әкесін таныттық, жолдас комбат, сыбағасын бердік! 
Еркінен тыс ербеңдей берген қолдарын тӛмен түсіріп, енді Кубаренко 
істің жайын мәлімдеді. Немістер Дордияның ротасына қарсы атакаға 
шығыпты. Жауынгерлер жауды оқтың астына алған. Сонда немістер ӛкпе 
тұстан орағытып ӛте бастаған екен, біздің зеңбіректеріміз олардың жолын 
бӛгепті. Немістер лажсыз, кейін шегінген. 
Мен қайыра сұрадым; 
- Жау біздің флангімізді байқаған ба? 
- Байқапты, жолдас комбат. 
Осы сәтте аспанды жауып тұрған қара қошқыл пердені әлдекім сырып 
тастағандай, қас қаққанша ауа мӛлдір тартты. Кӛз ұшында үйлердің сулы 
шатырлары, күмбездері кӛрінді. Қапелімде селт етіп, мұның Волоколамск 
екенін білдім. Осы арада біз жаудың қалаға барар жолын бӛгеудеміз. Бүгін 
сол үшін біз тағы да шайқаспақпыз. Ендеше, қайратыңды шыңда, ақылыңды 
айық ұста, комбат. 
Қаланы жарып ӛтетін сулы асфальт сүреңі жылтырайды. Бұл тіке 
Москваға апаратын Волоколамск тас жолы. 
…Аспанда пайда болған немістің бомбалағыш самолеттерінің 
бейнелері қараңдайды. Олар Волоколамскіге лек-легімен ұшып келуде. 
Қаланың тұс-тұсынан біздің зениткалардың тарсылдағаны естіледі. 
Жарылған бомбалардың аспанға шапшыған, кӛз ұялтатын күн сәулесімен 
шағылысқан қызыл-күрең жалындарын әрең ажыратасың. 
Қысымда тұрған Синченко самолеттерді естірте санауда. 
- Отыз тӛрт… отыз бес… отыз алты. 
Жер тітірете жарылған бомбалардың дүңкілі құлақты жарғандай. Әр 
жер-әр жерде үйлердің тӛбелерінен будақтап кӛтерілген қара қошқыл түтін 
кӛрінеді. Кӛшелерде жан баласы жоқ, тек қаланың арғы шетінде жӛңкіп бара 
жатқан арбалар кӛзге шалынады. Темір жол станциясының маңында 
артиллерия атысы саябырлап қалды. Бұл қалай? Не болды екен? 
…Қимылсыз жатқанында уақыттың тез ӛте қоймайтынын қайтерсің… 
Жамбастап жатқан бойы, байланысшылардың ақпарларын тыңдаудамын. 
Дұшпан біздің батальонның селдір тізбегін әлі де атқылауда, бірақ бізге атака 
жасайтын түрі кӛрінбейді. Дордиядан жүгіріп келген Мұратов аптыға 
былдырлауда. Қалшылдап жатқан күйімде оның сӛзін ажыратуға тырысамын, 
Кенет Мұратов жым болды. Бақсам, ол Волоколамск жаққа бақшия қарап тұр 
екен. Ұшып тұрып, мен де сол жаққа кӛз тіктім. 



278 
Қаланы жарып ӛтетін асфальтпен Панфиловтың штабы орналасқан 
жаққа қарай екі танк асықпастан, жайлап қана ілгері жылжуда… 
Орудиесінен шыққан түтінге қарағанда, танк қаланы атқылап келе 
жатқан сияқты. Шынымен немістер болғаны ма? Олардың Волоколамскіге 
шынымен басып кіргені ме бұл? 
Дүрбіні кӛзіме тосқанымда, танктердің қара сауытынан фашистердің 
ақ крестерін айқын ажыраттым. 
Менің кәміл білетінім, қалада біздің әскерлер жоқ. Ортадағы және 
оның отбасындағы окоптарда орналасқан менің батальоным Панфиловтың 
бірден-бір резерві болатын. Енді немістер бір кӛшеден соң екінші кошені 
басып алуда, ал біздер – пулеметтері мен зеңбіректері бар алты жүз жауынгер 
бір шетте қалып қойдық. 
Қимылсыз жатудан жалығып, ұшы-қиыры жоқ ойға щомамын. 
Дүниеде не үшін ӛмір сүріп, не үшін соғысып жүрмін осы? Москва 
түбіндегі жаңбыр суынан іркілдеп жатқан осынау ӛңірде шыбын жанымды 
шүберекке түйіп жүруімнің себебі не? Сонау қиыр шеттегі Қазақстан 
даласында туып-ӛскен мендей азиялықтың Москва үшін жан аямай 
арпалысқа түсуінің, әкесі де, ата-бабасы да ӛмірі аяқ баспаған осы жерді қас 
батырша қорғауының сыры неде? Бұрын бастан кешпеген, ешқандай 
махаббат күші тең түсе алмайтын осында шексіз құштарлықтың ӛшпес ӛршіл 
жігердің негізі қайсы? 
«Кімнің жерін жерлесең, соның жырын жырлардың» дейді қазақ. «Кісі 
елінде сұлтан болғанша, ӛз еліңде ұлтан бол» деген мақалда бар. Бірақ 
қазірде бұл мақалдар біздегі ӛмір шындығына сай келмейді. Ӛйткені Совет 
елі барлық ұлттар мен халықтардың, олардың ұл-қыздарының біртұтас 
атамекеніне, сүйікті Отанына айналды. Ұлты мен нәсіліне қарамай, бәрінің 
терезесі тең, бастарына қонған бақыт та, қолдарына тиген бостандық та - 
бәрінің ортақ игілігі. 
Мен - қазақпын, қырда ӛскен халқымды да, оныңаңыз-ертегісін де, 
шалқыған әні мен күйін де, ізгі дәстүрі мен тарихын да мақтаныш етемін, ал 
қазір Қызыл Армияның офицері деген асқақ абыроймен атқарып, совет 
солдаттарынан - орыстардан, украиндардан, қазақтардан құралған 
батальонды ұрысқа бастап жүрмін. 
Менің әрбір бұйрығымды бұлжытпай орындауға міндетті бола тұрса 
да, қарауымдағы солдаттар менің ӛзіммен тең адамдар. Мен олар үшін үстем 
таптың ӛкілі, яғни тегі басқа байпатша емеспін. Балаларымыз мектепке бірге 
барады, әкелеріміз ұжымдасып ӛмір сүреді, ел басына күн туғанда, қилы 
заманның тапшылығы мен жоқшылығын да, қайғысы мен қасіретін де бірге 
кӛреді. Бізде мырза деген атымен жоқ! Басқа біреу қалай әсем киінсе де, 
қандай әдемі машинаға мініп жүрсе де, мен ӛзім қара жаяу болсам да, 
тереземнің теңдігіне, қасиетім мен намысыма бұдан әсте нұқсан келмейді, 
Сондықтан мен үшін ешкім де мырза емес. 
Москва түбінде, менің әкем, ата-бабам аяқ баспаған осынау ӛңірде 
жаумен белдесіп жүрген себебім міне осы! Советтік Отанымды жанымдай 


279 
жақсы кӛретін себебім міне осы! Мен ғана емес, бәріміз еліміздің барша ұл, 
қыздары, бүкіл совет халқы - осылай ойлаймыз, осы оймен ӛмір сүріп, 
жарқын болашағымыз үшін жан аямай күресудеміз. 
Ал қазір біздің бір шетте қалып, қимылсыз жатуымыз қалай? Неткен 
азапты да ауыр сәт еді бұл? 

Кенеттен шыққан ащы дауыс менің ойымды бӛліп жіберді: 
- Атыс ұясы! Атыс ұясы! 
Қыратта жатқан Кубаренко, бейне телефон арқылы емес, жалаң 
даусымен-ақ зеңбіректерге әмірін жеткізгісі келгендей, ӛңешін кере 
айқайлауда: 
- Атыс ұясы! Лейтенант Обушковты шақыр! Тез! 
Мен ұшып тұрдым. 
- Не боп қалды, Кубаренко? 
- Немістер, жолдас комбат… Жүзге тарта. 
- Қайда? 
- Оң жақта, жолдас комбат, Сайда… Атыс ұясы! Не болған сендерге? 
Лейтенант қайда? Обушков, сенбісің? Немістер сайға түсіп барады. Иә, иә, 
дәл сол сай… 
Ол нысана бағдарын, аралық мӛлшерін аптыға хабарлап, тағы да 
айқайлады: 
- Атысқа әзірленісімен мәлімдеңдер! 
Мен дүрбіні кӛзіме тосып, қорғаусыз қалған ӛңірге сыналап ӛткен 
немістерді іздедім. Әне олар. Ӛздерінің жасыл-кіршең шинельдері күзгі 
солғын шӛптің реңіне ұқсас. Бейне серуенге шыққандай, күн- шуақ пен кетіп 
барады. Алда кительшең жас офицері. Фуражкасын қолына ұстаған, ақшыл 
шашын күнге тосып, жалаң бас қалпында адымдауда. Ол бір түп 
итмұрынның тұсынан ӛте беріп, оның бұтағын сындырып алды да, 
омырауына қадады. Масаттануын қарашы! Волоколамскіні алған немістердің 
есіргені ғой бұл… Офицерінің соңынан солдаттар да жұбын жазбастан, 
алшандай басуда. Олардың тӛмен түсуі оңай-ақ; автоматтары мен 
винтовкаларын асынып алған; бізді кӛзге де ілетін емес, ӛйткені біздің 
оғымыз жетпейтінін біледі ғой. 
Екі аралықтағы қорғансыз ӛңірге ендіркелей еніп, олар ешбір бӛгетсіз 
біздің тылымызға ӛтіп барады… Ал біздің зеңбіректеріміз әлі де үнсіз. 
- Тезірек! Тезірек! - деп айқайлады Кубаренко. Мен де ішімнен осыны 
тілеп тұрмын. 
Ақырында зеңбіректер құлақты жара, екі дүркін оқ атты. Сол мезетте 
сайда кетіп бара жатқан немістердің маңында екі жердің топырағы 
шапшыды. 
Енді лажсыз бас сауғаларсың, сұм дұшпан! Енді кідіртпей қоймаспыз, 
бәлем! Немістер жан-жаққа бытырай қашып, жата-жата қалысты. Әлгі 


280 
офицер жалма-жан ӛз солдаттарына қарай бұрылып, бірдеңе деп айқайлады 
да, фуражкасымен алдағы беткейді нұсқап. ӛзі жүгіре жӛнелді. Зеңбірек 
атысынан бұғып қалған солдаттар ере тұрып, соның соңынан зытты. 
Біз, қорғанушы жақ болғандықтан, ӛз позициямыздан мойын 
бұрмаймыз. Ал шабуыл жасаушы жақ ӛз қалауынша қимылдайды: барар 
бағытын белгілеп алып, қолайлы деп тапқан жерден соққы береді. 
Қорғанушы біздің де ӛз артықшылығымыз бар. Дұшпан жер жағдайын 
білмейді, менің алғы шебімнің сыртындағы ойпаңның терендігінде білмейді, 
оның бар сенері карта ғана. Ал ӛз позициямның алды-арты да, ой-шұқыры да 
маған әбден мәлім. Кӛп күшке қарсы аз күшпен қорғана отырып, мен жер 
бедерін ӛзіме одақтас етем ұрыста үстем болып шығуыма жердің де септігін 
тигіздірем. 
Ӛзім атысты басқарып, нысандарын мезгеймін. 
Біздің снарядтарымыз тағы да немістердің құтын қашыруда. Жау 
алыстан әзер кӛрінетін жыраға жасырынып, бас сауғалады да, кӛзден таса 
болды. 
Ал Филимонов, енді берік бол! Енді жар астынан шыға келген жаудың 
тіке саған тап беретіні сӛзсіз! Берік бол, Ефім Ефимыч! 
…Жер күңіренткен атыс жаңғырығы тұс-тұстан, жақыннан да, 
алыстан да естілуде. 
Құлаққа келген осынау түрліше ұрыс дүрбелеңін ойша ажыратып, 
сарапқа саламын, сонымен қатар, бір ғажап жері, айналадағының бәрі тына 
қалып, жым-жырт болғандай. Осынау алдамшы тыныштықта немістер 
бұрылып кеткен тӛменгі сай жақтан атыс үні естілуін тықыршып күтудемін. 
Филимонов қаннен-қаперсіз қалмаса жарар еді! Рота жазатайым болмаса 
жарар еді! 
Пулеметтің тырылы естілді. Жоқ, бұл тӛменнен емес, Заев ротасының 
ӛкпе тұсынан келген күн. Ол жақта да немістер біздің тұсымыздан орағытып 
ӛте бастаған сияқты. 
Ал ойпаң жақта жым-жырт… 
Сол арада кенеттен аспан қақ айрылғандай тарсыл естілді. Бұл 
винтовкалар залпының, бір мезгілде оқ атқан жүздеген винтовканың 
тарсылы. Мен манадан бері арманымдай аңсаған, ӛзге үннен ерекше, ӛзіме 
әбден таныс дыбыс бұл. 
Тӛменнен әлгі бірегей тарсыл тағы да естілді. Шын солай ма әлде 
менің ойымба, әйтеуір, нӛсерлете жауған оққа ұшыраған немістердің 
аласұрып, байбалам салғаны құлағыма келеді. Воловоламскіні алдым деп 
есіріп ең, соның қарымтасы бұл, зұлым жау! 
Жауынгерлерге ішімнен жалынды тілек білдіремін: «Жауды 
аямандар! Бірде-бірі тірі қалмайтын болсын! Волоколамск үшін сазайын 
тартсын!» 



281 
Тағы да дүрбіні кӛзіме тосып, тағы да Волоколамскіге кӛз жіберем. 
Біздегіге ұқсамайтын немістің ұзын жүк машиналары ой-шұңқырдан 
шайқала теңселіп, қала кӛшелерімен әрлі-берлі ӛтіп жатыр. Алыстан әрең 
ажыратуға болатын, кӛк ала жеңіл машиналар да сумаңдауда. 
Қала шетінде, Панфиловтың штабы орналасқан жақта әлі де ұрыс 
тоқтаған жоқ. Сол жақтан гитлершілдердің танктеріне орнатылған 
орудиелердің әупілдегені, біздің танкке қарсы ататын зеңбіректеріміздің 
тарсылдағаны, ірі калибрлі пулеметтеріміздің тақылдағаны әлсін-әлі келеді. 
Ішімнен: Волоколамскіні лажсыз қолдан берген Панфилов енді қала 
шетінде қорғана ұрыс жүргізіп, тас жолға жауды жібермеуте, сӛйтіп, қақ 
жарылып, қидаланған дивизияның қайтадан мықтап сап түзеуі үшін қажетті 
уақыт ұтуға бекіген екен ғой деп түйдім. 
Менің міндетім айқын: немістердің жолын бӛгеуден танбай, қаланың 
шыға берісінде тосқауыл жасаған біздің ат тӛбеліндей әскерлерімізге 
дұшпанның үдете күш жұмсауына ырық бермеу керек, жауды уақыт жағынан 
да ұтып, Панфилов ойының жүзеге асуына барынша кӛмектесу қажет. 
…Ӛз штабымда біраз болғаннан кейін енді сайға түсіп барамын. Бұлақ 
әлі тасада болса да, Күрең тӛбел басын бұлғақтатып, басқа жаққа бұрылып 
кетуге әрекеттеніп, тартына бастады. Шылбырды қаттырақ ұстап, атымды 
жуасытпақ боламын. Аттың сыры иесіне мәлім дегендей, Күрең тӛбел әрі 
жүрдек, әрі тӛзімді, әрі кӛнбіс, тіпті атысқа да бойы үйренген, бірақ қанның 
иісіне шыдамайды. Осындай иісті сезсе-ақ болғаны, қазіргісіндей тыпыршып, 
ала қашуға әзір тұрады. 
Тӛмен түсіп бара жатқан бетімде еріксіз аттың басын тежедім. 
Бұлақтың жағасына біткен қалың итмұрынның оқтан түте-түтесі шығыпты. 
Ана жер, мына жерде жүгіре басқан қалпында ажал аузына іліккен жасыл 
шинельдердің ӛліктері бықырт болып жатыр. Әр жер-әр жерде ирелеңдей 
ағып, бұлақ суына қосылған қан іздері кӛрінеді. 
Әдетте адамзаттың иісшілдігі шамалы бола тұрса да, қанның күлімсі 
иісін қазір мен де сезіп келемін. 
Синченко мінген жуан сирақ добал Шабдар қанның-қаперсіз арт 
жақта тұр, ал Күрең тӛбел әлі де тыпыршып, ауыздығымен алысу да. 
Ӛліктердің ортасында аяндап келемін. Ақшыл шашты жас неміс аспанға 
баққан қалпында шалқасынан жатыр. Күміспен зерлеп қадаған гербісі бар 
офицерлік фуражккасы тӛмен домалап түсіпті. Итмұрынның қызыл моншақ 
тәрізді бірнеше жемісі бар талы әлі де омырауында қадаулы. Ажалдан 
сұрланып кеткен жазық мандайынан оқтың таңбасы білінеді. 
Бұл кӛрініс менің жүрегімде зәредей де аяушылық сезім тудырған 
жоқ. Ӛйткені кімде-кім бізді күл ету үшін жерімізге баса-кӛктеп кірген болса, 
ол осылайша оққа ұшып, сазайын тартқан! Ендеше қан иісіне үйрене бер, 
үйрене бер, жануар! 
Ӛліктердің арасымен аяндап келе жатқан бетімде Күрең тӛбелдің 
тікірейген жалын сипап жатқыза түсіп, былайша ой қорыттым: бұл ұрыста біз 
кездейсоқ үстем болып шықтық, осынау шалшықты сай үшін ажал апанына 


282 
айналды. Ой-шұқырын, адыр-жыралы ӛңірді пайдаланып, бізге кенеттен 
соққы беруді ойлаған немістердің ӛздері біздің зеңбіректердің күн ілгері 
пайап алған жеріне тап болды, Филимонов ротасының екі жақтан бірдей 
дүркіндете атқан оғына ұшырады. 
Сонда батальон командирі ретінде осы орайда ӛз басым не бітірдім? 
Бітіргенім шамалы, тіпті түк бітірген жоқпын десем де болады. Бар 
болғаны Филимоновқа: «Ротаңның қарсы алдындағы нысана біткенді 
белгілеп, оқ атып машықтан. Құрсақ қамын ойламау үшін адамдарың оқ ата 
берсін», - дедім. 
Бұл жеңіске ақылмен жеттім деуім жӛн бе? Жоқ, тек сәті түсті… Ісіміз 
оңынан келіп, немістерге тӛбеден жай түскендей еттік. «Жай түскендей»… 
Бұл сӛздерді Панфилов Волоколамскінің шетіндегі уақытша мекен еткен 
үйінде менімен әңгімелескен кезінде қолданған болатын. Дұшпанның мұндай 
зауалға кезігіп, сазайын қанмен тартып жүргені бір бұл емес детен-ді 
генерал. Иә, Москва түбіне ӛктеп келген Гитлердің таңдаулы армиясы барған 
сайын қансырай түсуде. 
Біздің жол бойында жүргізген ұрыстарымыз, тосқауылдан залпымен 
оқ атқан сәттеріміз, немістің лек-лек автоколоннасының арасынан жаудың 
құтын қашыра жарып ӛткен жедел жорығымыз есіме түсті. Ал Москва 
түбінде жаумен арпалысып жүрген жалғыз біздің батальон емес. Немістің 
қаны судай аққан осындай сай-жырада толып жатыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет