Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет22/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   76
Арпалыс 1,2

ТАҒЫ БІР ҦРЫС 
 «Білекпен бірді жығасың. 
Біліммен мыңды жығасың». 
(Халық мақалы) 
Ӛз штабыма қайтып келген соң, Курбатовты шақырттым. 
Қайратты, қажырлы, ӛжет деп санайтын жігіттің бірі осы еді. Ойлаған 
жерімнен шықпай, басқалармен бірге бұда жаудан қашыпты. Мұның себебін 
ӛз аузынан сұрап білуім керек еді. 
Ол тұнжырап блиндажға кірді. 
- Кәне, әңгімеңді айт, неге қаштыңдар? - деп сұрадым мен. 
Курбатов бұрын да сӛзге сараң еді, бұл жолы одан бетер 
тартыншақтап сӛйледі. Оның айтуынша, екі жақ атысып жатқан кезде, кенет 
арттарынан сатырлап автомат даусы естіліпті. Қызылды-жасылды сәулелі оқ 
тӛбелерінен жауыпты. Брудный: «За мной!» - деп айқай сала, орманнан 
шыға, таяудағы талға қарай жүгіріпті. Барлық жауынгерлер винтовкаларын 
кезей ұстап, оның соңынан ілесіпті. Бірақ талға жете бергендерінде, 
алдарынан тағы да атылыпты. Оққа ұшып құлағандары, жан тәсіліммен 
шыңғырғандары болыпты. Сол сол екен, взвод жалт беріп, бір шетке қарай 
қиыстапты да, содан кейін-ақ берекеден айрылыпты. Ӛйткені немістер 
бұларды ӛкшелей қаруын, оқ ата беріпті. 
- Сендерді қуған автоматшылардың саны қанша, еді, білесің бе? - деп 
сұрадым. 
- Білмеймін, жолдас комбат, - деп тұнжырай жауап берді Курбатов. 
- Он, он бес, мүмкін, одан да аз шығар? 
Курбатов тұнжырай тӛмен қарады. 


124 
- Бар, - деп рұқсат еттім оған. 

Курбатов кеткен соң, ойланып біраз отырдым. 
Оған зекіріп ұрыссам, жер-жебіріне жете сӛксем, ең арғысы 
сабасамда, мұның бәрі онымен қазіргідей бетпе-бет жай сӛйлескеннен ауыр 
тимес еді. "Ӛлімнен ұят күшті» дегендей, ол менің алдымда, бетінен оты 
шығып, кірерге тесік таппады. 
Майданда ар-ұяттан күшті нәрсе жоқ. Егер де солдаттың ар-ұяты 
жоғалса, ешқандай шеберлік те, ешқандай қатал тәртіп те армияға арқау бола 
алмайды. Қапелімде қауіп тӛніп, қысылтаяң кез келгенде, кісіні кенет 
қорқыныш билейтіні мәлім, ондайда жаның қыл ұшында тұрғандай болады. 
Бірақ соның артынша, ақыл-естен біржола адаспаған баланың, ар-намысың 
да қозады. Екі сезім арпалысқа түседі. 
Басқалармен бірге, жауған оқтан қашқанда, Курбатов та осы екі 
сезімді бастан кешірді. Қорқыныш сезімі: «Қаш бәледен, қорғала, панала, 
әйтпесе, құрыдың, жастай жайрадың, - ӛлесің, не майып боласың!» десе, 
намыстан туған басқа сезім: «Қайт, тоқта. Қашып қара бет болғанша, қайрат 
кӛрсетіп ӛлген артық!» дейді. 
Кісінің осындай екі жақты сезімі таласып, бірін-бірі жыға алмай, 
ерегісі шегіне жеткенде, командирдің ӛктем әмірі естілсе, қандай жақсы 
болар еді! Солдаттың біресе жасып, біресе тасып тұрған қайраты қалпына 
түсіп бекір еді, намысы үстем болар еді. Елі-жұрты алдындағы ер-азаматтық 
борышы есіне түсіп, ақылмен іс қылар еді. Бірақ Брудныйдың ӛзі ақыл 
тоқтатпады, әмір-жарлық, ӛктем команда берерлік кезеңді ӛткізіп алды. 
Осының салдарынан взвод ұрыста жеңілді, қирады. Ендеше, жігерлі жігіт 
ӛткен іске опық жеп, қынжылмас па, бетінен оты шығып, ұялмас па? 

Әрине, взвод командирі сазайын тартты. 
Бірақ бұған менің жетісер, мәз болар жайым жоқ. Ӛйткені 
батальондағы жақсылық пен жамандыққа, әрбір командирдің, жауынгердің 
қылығына, ұрыстағы сәтсіздікке жауап беретін менмін. Менің взводым 
айбынды бұйрықты орындамады, демек, менің де бұйрықты орындамағаным. 
Бұл оқиғаны телефонмен полк штабына хабарлап, мән-жайды 
түсіндіргеннен кейін, трубканы қойып, тағы да ойландым, Ӛз ойымды ақыл-
парасаттың талғауына салып, ар-намысым алдында аяусыз сынап, мінедім. 
Шынында, менің айыбым не? Неден жаздым? Жазығым взводқа 
жарамсыз командир тағайындағаным ба, әлде оның жігерсіз, қорқақ екенін 
күн бұрын аңғармағаным ба? Бұлай деп ұйғаруға, ол жаудан қашып, қара бет 
болғаннан кейін де, сап алдында жазаға ұшыраған күйінде, ӛзінің намысы, 


125 
ұяты ӛз бойында екенін кӛрсетіп, мені жібітпеді ме, қату байлауын айтып, 
сүйсіндірмеді ме? 
Онда, Брудныйдың оқ астында алжасып, командирлік борышын, 
ұжданын ұмытқанын не деу керек? Мүмкін, басқалардың үрейін басуға 
дәрмені жетпей, солардың әуеніне тӛңкерілген болар? Бар кінә 
солдаттарымның қайрауы жетпегендігінен туран шығар? Бірақ ӛз 
жігіттерімді табансыз еді деп жалпылама айыптауға да, шыңдауы жетіп 
тӛселмеген еді деп ӛзімді кінәлауға да аузым бармайды. 
Ой жүгіртіп, істің ақиқатын табуға талпындым. Бірте-бірте істің бүге-
шігесі кӛмескі, тұрпайы түрде болса да, ақылыма аян бола бастады. 
Бұдан бірнеше күн бұрын, лейтенант Брудныйды ұрысқа жӛнелткен 
кезімде, ішімнен: істің сәті түсіп, жауды алғашында қырармыз да. Бірақ 
немістер біздің қарша бораған оғымызға қайта-қайта кеудесін тоса берер ме 
екен? - деп шүбәлансам да, ой тоқтатып, бір жерге тиянақтамаған едім. 
Жаудың қолданарлық амалын, айла-шарғысын жете бағаламап едім. 
Жол бойындағы алғашқы қапылыс ұрыста таяқ жеген соң, жаудың 
келесі жолға сақтықпен қамданғаны, алдын ала ойлап-пішіп, еруліге қарулы, 
о да тұтқимыл әрекет істегені айқын еді. Мен жаудың осы амалын күн бұрын 
ұқпадым, оны кӛзсіз ақымаққа баладым. Ол айласын асырып, менің 
взводымды тайдырды, біз ӛзіміз қолданған амалмен, - табан астынан атқан 
оқпен, - менің солдаттарыма үрей тудырды. 
Сӛйтіп, жау бүгінше үстем болды. Бізді жеңді. Жеңген себебі, 
офицерлері мен солдаттарының бізден гӛрі жүректілеу, бізден гӛрі ұрысқа 
дайын болғандығынан емес. Кӛптігімен алды деу де орынсыз. Ӛйткені аз 
күштің ӛзімен де кӛп күшті ұзақ әурелеудің жӛні бар еді. Жау бізді 
жүректілігімен де, кӛптігімен де жеңген жоқ, ӛзінше қолданған амалымен, 
тәсілімен, ұрыс әдісімен жеңді. 
Кешегі күні мен осы жағын терең ойладым: содан барып алдырдым. 
Айыбым сол. 

Картаға үңіліп кешегі ұрыстың егжей-тегжейін, жауынгерлердің қалай 
қашқанын ойша кӛз алдыма келтіруге, менің қас дұшпаным, немістің әскер 
бастығы, ӛзінің осы әрекетін қалай іске асырғанын болжап білуге тырыстым. 
Ойымда қызылды-жасылды сәулелі оқтың айдауымен, ентігіп, жан 
ұшырып қашып келе жатқан ӛз жауынгерлерімді кӛрем. Олардың ізіне түсіп, 
жол-жӛнекей оқ жаудырып, қашқандарды желіге, есіне қуған немістерді 
кӛрем. Сонымен қатар, карта бетін шұбарлаған ой-шұқырды, шеңгел-бұтаны, 
сай-жыраны ажыратам. Паналайтын жер қанша! Осы паналардың біріне 
қайрылып жата қалып, қару біткеннің аузын жауға қаратса, сӛйтіп, кӛзінің еті 
ӛсіп, лепірген жауды табан астынан, қос ӛкпеден оқ атып қарсы алса, оның 
желігі су сепкендей басылар еді, беті қайтар еді. 


126 
Бірақ Брудный ақыл тоқтатпады, есін жимады, солдаттардың 
қорқынышын тежеп, әмірін жүргізе білмеді. Оның қылмысы сол.
Мен - батальон командирімін. Брудныйдың әміршісі болсам, 
ақылшысы болатын да орным бар еді. Кешегі күні-ақ, ұрыс алдында, істің 
болашағын болжап, ақыл айтуым, ықтимал қауіпті ескертуім жӛн еді.
Екі жолдың бірін жау осылай басып алды, Бірақ екінші жол әзірше 
аман. Ол жолдың бойын аңдып, алғашқы ұрыстан кейін орнын ӛзгертіп, 
Донскихтың взводы тосқауылда жатыр. Күні ертең немістер бір айламен бұл 
взводты да үркітіп, осы жолды тағы да басып алуға әрекет істемек. 

Телефоншы арқылы Донскихты штабқа шақырдым. Қасына 
сақшыларын ертіп, ол бір жарым сағаттан соң бізге келіп те жетті. 
Сырт пішіні бұрынғыдан ӛзгермеген сияқты. Кәдімгі баяғы қалпы, 
қыздың бетіндей ақша жүзі үлбіреп түр. Кіріп келгенінде, бетіне аздап қан 
жүгірді. Бірақ бастапқы ишаратынан, алғашқы қату үнінен Донскихтың 
ӛзгергенін байқадым. Менің кӛзіме кӛзі түскенде ол езу тартып, күлімсіреді. 
Бұл шырайынан да бір жаңалық сезіліп, оның іштей бекігенін, анағұрлым 
салмақты әрі пайымшыл қалышқа түскенін аңғардым. Оның қазіргі ұқыпты 
әрі шапшаң қимылы да осыны аңғартқандай еді. Ол әскери салт бойынша 
сәлем беріп, келгенін мәлімдеген соң, мен: 
- Отыр, Донских. Қортынды әкел, - дедім. 
Донских әкеп жайған карта бетіне ешқандай белгі соғылмаған еді. 
Мұндайда ішке түйген сырды карта бетіне түсіруге болмайды. Ӛйткені 
абайсызда бұл сырлы қағаз жау қолына іліксе, бар құпиямыз жария болар еді. 
Бірақ ӛткен ұрыстың орнын Донских есте сақтау үшін, қызыл қарындашпен 
сызып қоршапты, енді мұны жасырудың жӛні жоқ. Екеуміз де сол орынға кӛз 
салдық. Бұл ұлы сынақтың, зор қуаныштың, жеңіс шаттығының айғағы еді. 
Осыны біле тұрсақ та, бірде-біріміз бұл жӛнінде үн қатқан жоқпыз. 
Мен сӛз бастадым: 
- Мәселе былай, Донских. Ӛткен жолы біз тосқауыл жайын сӛз 
қылғанда: жау екі жақтан ораса, орай берсін, мейлі. Бірақ қоршауға түсіп 
қалмау керек, - деп едік. 
Донских түсінген шыраймен басын изеді. Мен тағы да сӛйледім:
- Әйткенмен жау білдірмей қоршап алуы мүмкін. Мәселен, 
былайша… мына жағыңнан орағытып ӛтеді, - деп қарындаштың доғал 
шетімен мұны картадан нұсқап кӛрсеттім. - Сенің шығар жерің мынау 
болады. Сытылып кетем дегеніңде, күн бұрын барып, жолыңды тосып 
жатқан жау қарсы алдыңнан оқ жаудырады. Сонда қайтпексің? 
- Онда ма? Тура ұмтылып, штыкпен түйрейміз! 
- Ол болмайды, Донских… Жетіп, штыкпен түйрегеніңше атып 
ӛлтіреді. Қапелімде, аласұрып, қашып жүрмейсің бе? 
Басын кӛтеріп алып, ол: 


127 
- Жоқ, мен қашпаймын, жолдас комбат, - деді. 
- Мен сенің ӛз басыңды айтып отырған жоқпын. Адамдарынды айтам. 
Олардың қашпасына кепіл бола аласың ба? 
Донских бұл сұрауға адал жауап іздеп, картаға қадалған бойы, 
ойланып қалды. 
- Әрине, Донских, жан түңілерлік кезеңде де қарысып қайрат кӛрсету 
керек. Бірақ қысылтаяң жағдайға кезігіп неміз бар? Қайта немістер кезіксін 
бәлеге. Айласыз - алдырар, әдіссіз - шалдырар. Онан соң, білекпен бірді, 
ақылмен мыңды жығасың. Бұл, Донских, қазақ мақалдары. Штыкпен түйреп 
бірін ӛлтіргенше ақылмен аңысын тауып, жаудың мыңын ӛлтіру керек. 
- Қалайша, жолдас комбат, айтыңызшы? - деп, Донских кӛгілдір 
кӛздерін тігіп, бетіме ашық жүзбен аңыра қарады. 
- Ол былай. Алғашында он, он бес минуттай ұрыс салып, жаудың 
делебесін қоздыр, ӛшіксін. Онан соң ӛңмендей бергенінде, қорқып, 
үрейленген боп, адамдарыңмен бірге тұра қаш. Сонда жау, айламен 
қашқаныңды сезбей, қуа жӛнеледі. Қашқанда, жол бойын ала қаш. Сӛйтте, 
мына жыраға (тағы да қарындаштың доғал ұшымен оны картадан нұқып 
кӛрсеттім) жетіп, елеусіз жата қал. Немесе басқа бір қолайлы жерге бекін. 
Жауынгерлердің бір тобы соған жасырынсын, екінші тобы - ілгерірек барып 
паналасын. Алғашқы топ қуғыншы немістерді ілгері ӛткізіп жіберсін. Ал 
екінші топ, жау жақындай бергенінде, оны пулемет, мылтық оғымен, 
залпымен атып қарсы алсын. Немістер сонда жалт беріп, кейін серпіледі. Тап 
осы мезгілде біздің әлгі алғашқы топ та оның бет алдынан оқ боратсын. 
Сӛйтіп, қуғыншы жауды екі оттың ортасына түсіріп, бірін қалдырмай, қырып 
салыңдар. Ұқтың ба? 
Осы амал-тәсілдің қызығына беріліп, масайраған пішінде Донскихқа 
қарадым. Бірақ ол ешқандай шырай білдірмеді. Ойлы кӛздерінен оның бұл 
тәсілге түсінгенін білдік, бірақ сазарған сыңайында, кӛзінің қарашығында 
шіміркенудің, сескенудің белгісі бар секілді еді. 
Мұның себебін бірден айыра алмадым. Мүмкін, Донских болашақ 
қанды қырғынды кӛзіне елестетіп, содан сәл тітіркенген де шығар. 
Бірақ ол қату пішінмен: 
- Ұқтым, жолдас комбат, - деп жауап қатты. 
Әңгіменің егжей-тегжейін сӛз қылып болған соң, мен оған: 
- Осы маневрді жауынгерлерге түсіндір, - дедім. 
- Маневрді дейсіз бе? - деп ол қайыра сұрады. 
Әлде неліктен бұл сӛз оған жат кӛрінді. Тәрізі, оның ойында, 
«маневр» деген сӛз жауды қыру ұғымымен ұштаспайтын секілді еді. 
Әйткенмен ол, әдеттегіше: 
- Құп болады, жолдас комбат, - деп жауап қайырды. 
- Әңгіме осы, Донских, - дегенімде ол орнынан тұрды. 
Тал шыбықтай бұралған, ақша бет, сезімі нәзік осынау жігітке аса 
қиын міндет жүктедім. Ауыр болса да, ӛз міндетін абыроймен орындар деген 
сенімім қүшті еді. 


128 

Жамандық арты жақсылыққа айналып, бүгінгі сәтсіздіктен алған 
сабақтан кейін ертең ісіміздің сәті түсер деп кәміл сенгендей едім.
Осыдан кейін қам кӛңілім жадырап, кірбің ой шайдай ашылған еді. 
Донских кеткен соң, біраз ұйқтап тынығайын деп, шинелімді жамылып 
жаттым. Тӛсегімде дӛңбекшіп, кӛпке дейін кӛз іліндіре алмадым. Ойыма 
әлденелер түсіп, мазалады. Біраздан соң діңкелеп, ендігі ой, тізбектелген елес 
күңгірт тарта бастады. 
Кӛзіме ойлы Донских, столүстінде жаюлы жатқан топографиялық 
карта елестейді. Қарындаштың доғал ұшымен карта бетін нұсқап, мен оған: 
«Олар жалт беріп, мына жерге қашады, сонда біз тағы да қарсы алдынан оқ 
боратып қарсы аламыз!» деймін. 
Сӛйткенімше болмай, кӛз алдымда жат кӛрініс пайда болады. Карта 
бетін түрткілеген басқа қарындашты кӛрем. Менікі жай қара қарындаш еді, 
мұның қолындағысы қызыл қырлы, кӛк сиялы үшкір қарындаш, Сары түкті 
қолынан бастап бет-әлпетіне кӛз жүтіртем. Бұл менің дұшпанымның бейнесі. 
Картаға оқты кӛзінің сұғын қадап, қасындағы біреуге ӛз тілінде бірдемелерді 
айтып былдырлайды. Тіліне түсінбесем де, ойын танимын. Ол сӛзбе-сӛз 
менің айтқанымды қайталап: «Олар жалт беріп, мына жерге қашады, сонда 
біз тағы да қарсы алдынан оқ боратып қарсы аламыз!» деген секілді. Карта 
бетіне жүгірткен сүйір қарындашына кӛз ілестіре, кеше ӛзім белгілеген 
жыраның, жауды қапыда соғатын каналы жердің орнына батальон шебін 
кӛремін. Қарындаштың дәл нұсқаған бағытын анықтап ажыратқым келіп, 
ілгері ұмтыла берем дегенде, қайтадан ойым сергіп, кӛзім ашылып кетті… 
Блиндаж ішінде үйреншікті шам жанып тұр. Бұрыштағы қәдімгі 
орнында құлағына трубканы тосып телефоншы отыр. 
Мен тағы да ірге жаққа бұрылып, кӛзімді жұмдым. Бұлдыраған ойлар 
қайта ӛрбіді. Енді кӛз алдымда, қол шамының бір сәтке түскен жарығымен 
Брудныйдың солғын жүзін, шытынаған қабағын, ежірейген кӛздерін кӛремін, 
Оның ақтық минутта: «Жолдас комбат, мен қорықпаймын, ӛзіңіз кӛресіз…» 
деп ашынып айтқан сӛздері есіме түсті. Кӛзіме тағы бірдемелер елестейді. 
Бар елес, бар кӛрініс шым-шытырық араласып, еңсеңді басатын ауыр ұйқыға 
батам… 

Келесі күні таңертең, орнымнан тұрғаным да сол еді, менің атқосшым 
Синченко жетіп келіп, құпия сырлы пішінмен: 
- Жолдас комбат, сыртта әлгі лейтенант Брудный келіп тұр… деп 
сыбырлады. 
- Брудный деймісің? Қайдан келіпті? - деп сұрадым елеңдеп. 
Синченко асығыс жауап қайырды: 


129 
- Ол немістерге барып қайтыпты, жолдас комбат. Автоматтар әкеліпті. 
Ӛзі ешкіммен сӛйлеспейді. Тура сіздің ӛзіңізге жолығам, - дейді. 
- Шақыр, келсін, - дедім мен. 
Синченко шығып кетті. Бір минуттан соң есік ашылып, тұнжырап 
Брудный кірді. Еріндерін тістеніп, бір ауыз үн қатпастан, ол мен отырған 
столдың қасына келді де, немістің екі автоматын, екі неміс солдатының 
книжкасын, бірнеше хаттарды, бір дәптерді, бір буда герман ақшаларын 
алдыма қойды. Шүңірек қара кӛздерінің астымен маған, бір түрлі айбат 
шеккендей, сүзе қарайды. 
Отыр дейін деп едім, бірақ тамағыма бірдеме тығылғандай, сӛйлеуге 
мұршам келмеді. Портсигардан шылым алып, орнымнан тұрдым да, сіріңке 
іздеп ілулі шинелімнің қалтасын ақтардым, тұтатып, блиндаждың кішкене 
соқыр әйнегінен сыртқа, самсаған қарағайға, жер бетін жапқан қырбақ қарға 
кӛз тігіп, біраз тұрдым. 
Сонан соң, қайтадан бұрылып: 
- Отыр, Брудный… - дедім, - Тамақтандың ба? 
Брудный үн қатпады. Тап осы минутта оныңда сӛйлеуге мұршасы 
келмеген сияқты еді. Соның арасында, жылт беріп енген Синченко, қасыма 
жетіл келіп, құлағыма сыбырлады: 
Жолдас комбат, тамақ дайын. Арақ әкелейін бе? 
- Әкел. Лейтенантқа бір стақан құй. 
Сӛйтіп, тамақ ішуге кірістік. Брудный ӛзінің түнгі жортуылын, екі 
немісті қалай ӛлтіргенін баяндады. Арақтың қызуымен ол бұрынғы қалпына 
түсіп, ежелгідей қутыңдап, кӛздері күлімдеп сӛйлейді. 
Әңгімесін аяқтай бергенінде, мен: 
- Брудный, айтшы осы, кеше қалай қапы қалдың? Бұйрықты 
орындамаған себебің не? - деп сұрадым. 
Бұл сұрау ӛзіне тікенектей қадалды білем, Брудный кенет тұнжырап 
тӛмен қарады. 
- Ӛзіңіз білесіз ғой оны… 
- Білмеймін. 
Ол бұрынғыдан бетер жайсызданып: 
- Ӛзіңіз айтқаныңыз қайда… - деді. 
- Қорқақтық істедің дегенім бе? 
Брудный басын шұлғыды, Кешегі суық сӛз ақырын айтылып сынған 
соң, ол қайтадан еңсесін кӛтеріп, емін-еркін сӛйлей бастады. 
- Қалай екенін ӛзім де ұқпаймын, жолдас комбат… Әйтеуір… бұл 
ӛзі… бір, тӛбеме қолдап қойып қалғандай әсер етті. Не болғанымды, ес-
түсімді білмеймін… Ақылдан адастым да қалдым…
Кӛптен бергі кӛкейімді тескен кӛмескі ой бірден айқындалды. Тап осы 
минутта ұрыстың құпия сырын, жеңіске жетудің кілтін тапқандай, сол кілттің 
тілін ұққандай едім. 
Мұның аты – естен тандыратын, ақылдан адастыратын, рухыңды 
түсіретін күш. 


130 
Соғыс адамды қыруға арналған қарудың күшімен жүргізіледі, ол қару 
адамның тәнін тесіп, тірліктен айырады деуші едік. Бірақ ол ебін тауып 
жұмсаса, ең алдымен, кісінің психикасына, мінез- құлқына әсер етеді екен. 
Күтпеген жерден бәлеге ұшыратып, қашырсаң, үрейін ұшырсаң, 
рухын түсірсең, жауды қойдай айдап, шӛптей жапырып, қыруға да, тұтқын 
қылуға да болады екен. Осы ежелден белгілі шындықты мен тап қазір ғана 
айқын танығандай едім. 
Жау осы әдіспен алмақшы. Кешегі күні ол осы әдісімен бізді 
қаймықтырды, менің взводымды тайдырды. Бірақ бұл бізге үлкен сабақ, 
тәлім болды. Күпінген жаудың ендігі тауқыметін тосып алармыз, бізге қазған 
орына ӛзін жығармыз! 
Әңгімеміз біткен соң, мен Брудныйға: 
- Енді немістерден қорықпайтын болған шығарсың? Сӛйтсе де, әзірше 
саған взводты тапсырмаймын. Сені барлаушылар взводының командиріне 
орынбасар етем, - дедім. 
- Құп, жолдас комбат! - деп қуанышты түрмен ұшып тұрды ол. 
Ол кеткен соң, тағы да әлгі ойға шомып, оның ұшығына жетуге 
тырыстым. Ішімнен: табан астынан әрекет істеп, жаудың есін кетірсең, құтын 
қашырсаң, сонымен қатар ӛз адамдарыңды осындай тосын қатерден аман 
сақтап, психикасын, рухын, җан дүниесін берік ұстасаң, мерейің үстем 
болады екен, ұрыс тәсілі, жеңіс кілті міне осы деп пікір қорыттым. 
Әрине, бұл пікір жаңалық емес-ті. Бұл айла-тәсіл ерте заманнан 
белгілі, мұны кітаптардан да табуға болады. Бірақ бұл пікір соғыс қияпатына 
кезіккенге дейін ӛзіме кӛмескі, бұлдыр кӛрінсе, енді талай күндер азаптана 
ойланып-толғанғаннан кейін ақыл-санаңа ұшқырланып, айқындалып ұялаған 
сияқты еді. 
Бірақ тап сол күні, бірнеше сағаттан кейін, жау маған ұрыстың бұдан 
басқа да заңдары, әлі де мен жеті түсінбеген кілтипандары, қалтарыс-
бүрпелері бар екенін дәлелдеп берді. Ал майданда қимылыңның әбестігі, 
кӛңілге тоқыған ойынның шалалығы ӛткір де ұтымды сӛзбен емес, іспен 
дәлелденеді! 

Донскихтың ұрыстан қайтып келген жауынгерлері мынадай әңгіме 
айтты. 
Сол октябрьдің жиырма екісі күні батальонның қарсы алдындағы жау 
ӛзі басып алған жолмен артиллериясын және басқа да жүктерін ілгері 
тасыпты, Онымен қоймай, алдыңғы күні Донскихтың взводының соққы жеп, 
маңдайы тасқа тиген жолмен де қайтадан алға жылжыпты. 
Бұл жолы немістер ӛте сақ қимылдайды. Автоматтарынан кездескен 
ағаш пен бұталарды атқылап, бытыраңқы күйде жаяу жүріп келе жатады, 
Машиналары солдаттардың арасымен ілгері жылжиды. 


131 
Донскихтың взводы бұл арада да немістерді залпымен оқ атып қарсы 
алады, Бірақ әккі болған дұшпан табанда жата қалысады. Сонан соң, 
біртіндеп алға шоршып, взводты орай бастайды. 
Тап осы мезгілде, айтулы амалды қолданып, взвод жауынгерлері 
үрейленгенсіп, бейберекет зыта жӛнеледі. 
Мұны кӛрген немістердің тасымасы бар ма; «Алақай, алақай орыстар 
қашып барады! Айда, қуыңдар!» деп алға ұмтылады. Біздің жауынгерлер 
әдейі жол бойын жағалай, екі жарыла қашқан. Сонда неміс шоферлері, 
солдаттарын мінгізіп алып, машиналарын зырғытады. Немістер машина 
үстінде түрегеп тұрған бойы, тоқтаусыз оқ атумен болады. 
Взвод жалма-жан жыраға барып паналайды. Жауынгерлер жолдың екі 
бойына кӛрінбестен орналасып, мылтықтарын кезеп, жаудың жақындауын 
күтіп жатады. Немістер бет алды оқ атып, біздің адамдардың жасырынғанын 
байқамай ажал аузына аңдаусыз жетіп барады. 
Тап сол кезде винтовкалардың залпысы, қол пулеметтердің табан 
астынан жайнап атуы жауды шӛпше жапырады. Әуелгі келгендерінің кӛбі 
жан тапсырып, жараланғандары байбалам салып, саулары кейін зытады. 
Шоферлерінің де бірсыпырасы оққа ұшады, оқ тимегендері машиналарын 
тоқтатуға да тақат қылмастан, түсе-түсе қашады. Осыдан барып машиналары 
бірімен-бірі соқтығысады. 
Табан астынан қатерге кезіккен дұшпан, үріккен қойдай ұйлығысып, 
ақыры кейін толқиды. Арқаларынан дүркін-дүркін атылған оқтан жандарын 
қоярға жер таппай, ізінше қашқан бетінде тағы да винтовкалардың, қол 
пулеметтердің ажалды орына ұшырайды. 
Тап осы арада мен күтпеген оқиға болады. Тосын кездескен екінші 
соққы, екінші тажал дұшпанды айықтырып, есін кіргізді ме, әлде қиын-
қыстау кезеңде командирі тәртіпке салды ма, жан тәсілімі кезіндегі ақтық 
әрекеті ме, әйтеуір, сол бетінде немістер жындана ақырысып автоматтарынан 
жалпылама атқылап, біздің жігіттерге қарай лап қояды. 
Кенеттен жағдай шұғыл ӛзгереді. Ат тӛбеліндей азғана жауынгер, 
айналасы жиырма бес қадам, екі жүздей, құтырынған, шабынған, ӛршеленген 
немістерге не әрекет істей алады. Сан жағынан сегіз есе басым, бізден гӛрі 
қаруы сай дұшпаннан қоян-қолтық алысуды қазіргі соғыс тәсілі кӛтермейді. 
Кейіннен андап байқасам, біздің сол жолғы қолданған амалымызда 
үлкен қателік, зор қатер бар екен. Кӛпке қарсы аз күшпен ұрыс жүргізгенде, 
дүшпанды екі жақтан орап алуға болмайды. Шындығында, бұл ӛз күшіңді 
бӛлшектеп, әлсіреткендік болады. Сӛйтіп, бұл зор ӛкініш, үлкен қапы іс 
болды. 
Сонымен Донских қайтіпті дейсіз ғой? Мұндай қатерлі кезеңде не 
адамның бойындағы ерлік қасиеті біржолата жоғалып, ол жай ӛлімші пендеге 
айналады немесе бар қайраты асып-тасып, қарысып қайрат кӛрсетеді. 
Донских жауынгерлеріне таяудағы орманға барып паналауға 
бұйырады да, ӛзі бірнеше жауынгерлермен бірге, басқалардың аман 
құтылуын кӛздеп, пулеметпен жаудың жолын бӛгейді. 


132 
Немістер оқ жаудырған бетте жақындай береді. Оларды Донских те 
атқылап, келгенін келгенше пулемет оғымен жамсатады. Донскихтің денесіне 
бірнеше оқ тиіп, жарадар болады, қызу үстінде қансырай бастағанын да 
елемей, оқ атудан танбайды. 
Сол мезгілде Донскихтің сырт жағынан құрылған біздің басқа 
пулеметіміз оқ жаудыруға кіріседі. Бұл жолы, ӛз лейтенантының аман кетуін 
кӛздеп, оқ жаудырған тұйық мінез, томырық Волков еді. Донских ӛз 
адамдарына қарап жүгіре басқан бетінде тағы да оқ тиіп, қалпақтай ұшады. 
Ал взвод командирінің жәрдемшісі Волков, пулеметтен дүркін-дүркін оқ 
атып, жауды жаралы лейтенантқа жолатпайды. Жауынгерлер еңбектеп 
барып, ӛз командирлерін оқ астынан алып шығып, орманға әкетеді. Сонда 
барғасын оның денесіндегі жеті бірдей, бірақ қатерсіз жарақатын таңып 
байлайды. 
Жұмыстада, ұрыста да ӛгіз қара күші бар, әрі шебер, «дұрыс жігіт» 
атанған сержант Волков пулеметінің түбінде жау оғынан қаза табады. 

Біздің алдымыздағы бейтарап ашық ӛңірді жау осылай басып алды. 
Әрине, Москва түбіндегі, тым болмағанда Волоколамск бағытындағы 
жалпы ұрыс жағдайын баяндау батальон командирі менің міндетіме 
жатпайды. Әйткенмен, бұл жерде белгілі ережеден шығып, ӛзім білген азғана 
ақпарымды қысқаша айтып ӛтейін. 
Кейіннен, панфиловшылардың жауынгерлік қимылдары жайындағы 
музейге арнап алынған документтерді қарастырып отырып, Волоколамск 
ауданын қорғаған Рокоссовский армиясы штабының бірнеше ұрыс 
мәліметтерін оқыдым. Жиырма екінші октябрь күнгі мәліметте; "Бүтін кешке 
жау біздің армияның сол жақ флангісіне қарсы негізгі әскер күштерін, ал 
армиямыздың орталық шеніне қарсы қосалқы күштерін топтап болды» 
делінген. 
Армияның орталық шеніндегісі біз едік. Былайша айтқанда, сол 
күндері бұл аралықта біздің батальон, бізбен жапсарлас екі батальон және 
оларға телінген бірнеше артиллерия бӛлімшелері бар еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет