Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет51/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   76
Арпалыс 1,2

ҤШЕУДІҢ ӘҢГІМЕСІ 
«Сабырлы жетер мұратқа
сабырсыз қалар ұятқа". 
(Халық мақалы.) 


296 
Портсигарын шығарып, шылымын тұтатқан Бауыржан келесі 
әңгімесін бастады; 
- Волоколамск жау қолына ӛтіп, біз жау тылында ұрыс жүргізе 
отырып, ӛз әскерлерімізге барып жеткенге дейінгі күндер маған қайғылы 
болып кӛрінген. Ӛте-мӛте мені ашу үстінде шектен шығарын жіберу 
жаздаған бір оқиға жанымды жегідей жеп жүрген-ді. Бірақ мен қызмет 
бабына сәйкес осыны мәлімдегенімде генерал Панфилов әңгіменің ең 
күйінішті жеріне келгенде күтпеген жерден сақ-сақ күле бастады. Күлкіден 
жасаурап кеткен кӛздерін сүртіп: 
- Шынымен-ақ «жоғары дәрігерлік білім» дедіңіз бе? – деп қайыра 
сұрады. 
- Иван Васильевич Панфиловпен кездескен кездегі әңгіменің бірде-бір 
егжей-тегжейін қалдырмай айтып бергім келеді, - деп шешіле сӛйледі 
Момышұлы. 
Генерал мені Волоколамскінің солтүстігінде біздің шебімізді бұзып 
ӛткен немістерге қарсы җібергеннен кейін бес күннен соң қайтып 
оралғанмын. 
Волоколамск тас жолынан шалғайдағы ӛңірді тӛрт тәулік бойы 
шарлап жүріп, талай-талай қиыншылықты бастан кешіріп, батальон 
ақырында қайтадан жаңа шепке бекінген және жаудың жолын бӛгеген ӛз 
бӛлімдерімізге келіп қосылған-ды. Мен генералға барып, батальонның 
қимылы жайында мәлімдеуте міндетті едім. 
Біз келгелі бері бір тәулік ӛткен. Шайдай ашық күн сал шытымырлау. 
Айнала жым-жырт, майданда тыныштық орнағандай. Тек оқта-текте кейде 
алыстан, кейде жақыннан атылған зеңбірек гүрсілі естіледі. Дивизия штабы 
Волоколамскіден он бес километрден жердегі Шишкино деревнясында 
орналасқан екен. Кӛптен таныс штаб командирлері мені ӛліп тірілген 
адамындай қарсы алды. Батальон бірнеше тәулік бойы дерексіз 
болғандықтан, бізді еріксіз жоққа балап, «тие берсін» де айтқан сияқты. 
Панфилов бӛренеден салынып, тӛбесін қаңылтырмен жапқан, дала 
телефонының тарамдалған сымдары келіп тоғысатын еңселі үйде тұрады 
екен. Мені есік алдындағы сақшы тоқтатты. Сақшының шақыруымен 
бастырмаға Панфиловтың адъютанты уыздай жас лейтенант Ушко жүгіріп 
шықты. 
Қуанышты түрмен күлімсіреген лейтенант лепіре сӛйледі: 
- Кӛреміз деп ойламап ек, жолдас аға лейтенант, сізден күдер үзе 
бастағанбыз. Сӛйтсек… Дуалы адамдай тағы да аман-сау келіпсіз. Жүріңіз, 
жүріңіз, жолдас аға лейтенант. Генерал сізді қазір қабылдайды. - Сенекте 
қарсы алдымнан кездескен подполковник Хрымовпен соқтығысып қала 
жаздадым. Ежелгісіндей тапалтақ, тұнжыраңқы. Оны корген заматта ішімде 
дық болып жатқан ашу-ыза қайта қоза бастады. Қарбалас оқиғаның 
барысында Панфиловтың бұйрығы бойынша менің батальоным осының 
қарамағына берілгенді. Міне, осынау қиын-қыстау күндері Хрымов ӛз 
бӛлімінің шегінетінін хабарламастан, батальонды екі рет айдалаға тастап 


297 
кетті. Кейін шегінерде біз осының командирлік пункті болған күркесіне 
кезігіп, әлі де жанып тұрған шамын кӛргенбіз. Хрымовтың орынбасары 
майор Белопегов кейін менің таққан кінәмды мойындап: «Сендерді ойлауға 
мұршамыз да болмады. Кешір бізді, Момышұлы», - деп бәйек дегенді. 
Мұның адалдығы мен шыншылдығына риза болғанмын. Ал енді Хрымовтың 
ӛзі маған не дер екен? Мен еңсемді кӛтеріп, қаздия қалдым. 
- Саулығыңызды тілеймін, жолдас подполковник! 
Аңтарыла қалған Хрымовтың сарғыштау жүзі лезде қызарып кетті. 
Бірақ абыржуын тез-ақ басты. 
- Ә-ә, Момышұлы… Кӛріскеніме қуаныштымын. Батальоның қалай? 
- Жолдас подполковник, мұның жайын бізге шебіңізден хабар айтпай 
кетіп қалмай тұрып сұрап білгеніңіз жӛн болар еді ғой. 
- Жолдас аға лейтенант, ең алдымен, сыпайылау сӛйлегеніңіз дұрыс… 
- Құп болады, жолдас подполковник. Бірақ сіздің жарлығыңызды ұрыс 
кезінде естігенді хош кӛрер едім. 
Хрымовтың қасқа маңдайы бірте-бірте ӛзінің қалыпты реңіне келді. 
Ызғарлы пішінде қабағын түйгенімен, менің бетіме тура қарауға дәті 
шыдамай тұр. Егер бастық ар-намыстан аттаған болса, қарамағындағы 
адамның алдында оның қипақтап қалатыны бар емес пе. 
- Екіншіден, маған ақыл үйретуші болмаңыз, - деп әкіреңдеді Хрымов. 
- Айтпақшы, бұл жерде не шаруаңыз бар? 
- Генералға барамын. 
- Генералға? Қарай кӛр… Батальон командирі тікелей генералға 
бармақ! 
Күтпеген жерден бӛлменің есігі ашылды. Біз босағада тұрған 
Панфиловты кӛрдік. 
- Иә, жолдас Хрымов, - деп үн қатты генерал әнтек қарлыққан 
дауыспен. - Жолдас Момышұлының маған келе жатқаны рас. Ол менің 
резервімнің командирі. Мұны біліп қойғаныңыз жӛн, жолдас Хрымов. Егер 
сіз жақсы соғысқан болсаңыз, мен сізге ӛз резервімді кӛмекке җібермеген 
болар едім. 
Панфилов ежелгісінше, ӛз пікірін айқайламай-ақ, жазғырмай-ақ, 
осылайша орағыта білдірді. Мен Хрымовқа қояр кінәмді генералдың кӛзінше 
қайталап айтуды жӛн кӛрдім. 
- Шегінерде подполковник мені айдалада қалдырды, жолдас генерал. 
Маған хабар айтпай, ӛзі жылысып кетті. 
Хрымов шамданған сыңай танытпақ болды.
- Жолдас генерал, неге ырық бересіз бұған? 
Панфиловтың подполковникке қадалған мағыналы кӛздері сығырайып 
кетті. 
- Мен сізбен оңашада сӛйлесемін, жолдас Хрымов, Сіз де осыны 
мақұл кӛресіз ғой деп ойлаймын… Солай емес пе? 
Хрымов үндемей қалды.
- Енді бара беріңіз, - деді Панфилов. - Жолдас Момышұлы, жүріңіз. 


298 

Бӛлмеге барғасын Панфилов маған жылы шыраймен тағы бір қарап, 
қолымды қысты. 
Біздің қораштау, дембелше генерал шашын күзетіп, мұнтаздай болып 
құрылған. Немістер Волоколамскіні тұс-тұстан қыспаққа ала бастаған кезде 
ұнамсыз едірейіп тұрған мұрты бұрынғысындай қап-қара, әрі екі бірдей 
шаршы шӛкім түрінде ӛте жарасымды кӛрінеді. 
Үстінде арнайы тіктірген жаңа кителі. Осы түрінде оның еңкіштігі де 
онша кӛзге түспейді: он шақты жылды шегеріп тастағандай жасаңғыраған 
генералдың еңсесі де кӛтеріңкі. 
Панфилов бӛлмесінің менің есімде қалған кӛріністері қандай дейсіз 
ғой? Кӛптен бері сыланбаған бӛрене дуалдар қарайып кеткен. Тӛбеде ілулі 
тұрған электр шамы тоқсыз болғандықтан, әрине, жарық бермейді, ал оның 
қатарындағы ӛрмелі қара бауы бар кішкентай шам аккумулятордан қуат 
алатын сияқты. Бір мүйісте әскери сұр кӛрпе жабылған кереует тұр. Оның 
қасындағы айнаның тұғырына дала телефоны қойылған. Ортада екі стол - 
бірі үлкен, екіншісі кішілеу. Үлкенінің үстінде түрлі-түсті қарындаштармен 
белгі соғылған топографиялық карта жаюлы. Кішілеуінің үстінде -самаурын, 
ақ фаянс шәйнек, қант сауыты, шаппасы ашылған бәкі, суып қалған қою 
шайы бар стақан. 
Панфилов адъютантын шақырып алды. 
- Жолдас Ушко, барып айтыңыз… Бізге самаурын қоятын 
болсын…Қазір бізде уақыт кӛп, жолдас Момышұлы… Самаурын қасында 
отырып әңгімелесуімізге әбден болады. Ұтып алған уақытымыз бар. 
Панфилов бӛлме ішінде ерсілі-қарсылы жүріп, күңгірт айнаның 
алдына барып кідірді де, одан ӛз бейнесін бір шолып ӛтті, сонсын саусағын 
сарт еткізіп, жасқа біткен жігермен ӛкшесінен кілт бұрылды. Байқауымша, 
ӛзінің кӛңілі ӛте кӛтеріңкі, жүріс-тұрысы тым ширақ. 
Телефонға келіп, ол дивизия штабының бастығы полковник 
Серебряковпен сӛйлесті. 
- Иван Иванович, мен біраз жұмыс істемекпін… Онымен айналысар 
амалым жоқ, мұның бәрін ӛз міндетіңізге алыңыз. Кешке жақын кездесіп, 
әңгімелесеміз. Ал қазір мен ӛзімнің тікелей міндетіме кіріспекшімін: шай іше 
отырып, болашақ жайында ойланып-толғануым керек. Жо-жоқ, жалғыз 
емеспін қасымда менің резервімнің командирі отыр… Оны білмеймін, 
бәлкім, самаурынды бір-екі рет қайтадан қайнатуға тура келер… Осыны 
ескергейсіз, Иван Иванович… 
Бұдан кейін телефон сӛзінің сипаты ӛзтеріп, әңгіме атқарылатын істер 
жағына ауысты. Әңгімесін бітіріп, трубканы ілген Панфилов былай деді: 
- Бүгін бізге ешкім бӛгет жасамайды, жолдас Момышұлы. 
Үшеуміз жайбарақат әңгімелесеміз. Жайласып отырыңыз. Біз 
әңгімеңізді тыңдаймыз. 


299 
Мен еріксіз жан-жағыма қарадым. «Үшеуміз әңгімелесеміз. Біз 
әңгімеңізді тыңдаймыз», дейді. Біз дегені кімдер? Бӛлмеде Панфиловтан ӛзге 
ешкім жоқ болатын. 
- Біз, біз, деп қайталады Панфилов. - Мен және мына карта. 
Мұның да тыңдағаны пайдалы. Бұған назар аударып, тәжім етіңіз. 
Мен стол үстіндегі жаюлы картаға жақындадым. Кӛз салдым да, еріксіз 
шошып кеттім. Менің картадан кӛріп-білгенім генералдың кӛтеріңкі кӛңіл 
күйімен әсер үйлеспейді. 
Бұдан бірнеше күн бұрын Панфиловта болғанымдағыдай, картадан 
белшектеулі, ойдым-ойдым майдан шебін кӛріп, қатты таңдандым. Әр жер-әр 
жерден біздің жауынгерлік бӛлімдерімізді бейнелейтін қызыл түсті айбарлы 
доғаларды, қиықшаларды, дӛнгелектерді кӛрдім. Бұлардың арасындағы ашық 
алаң, саңылау дегендеріңіз бір километр. тіпті одан да астам. Бұл саңылаудан 
дұшпанның ӛтіп кетуі оп-оңай сияқты. 
Мен мазасызданып Панфиловқа бұрылып қарадым. Ол күлімсіреп тұр, 
қысықтау кӛздері сәулелену җымың қағады. 
- Мен түсінбей тұрмын, жолдас генерал… Біздің майданымыз қайсы? 
- Біздің майданымыз міне осы, жолдас Момышұлы. 
- Бірақ мұның ӛзі… Біздің шебіміз қайсы? 
Ескерте кетейін, ол кезде майдан шебін мен тұтас сызық деп 
білетінмін. 
- Шеп деймісіз? - Панфилов күліп жіберді. Москва түбіндегі шайқас 
күндерінде оның күлгенін бірінші рет естуім осы болар деймін. - Бізге шептің 
қажеті не? Дұшпан үшін ойлап кӛріңізші, жолдас Момышұлы. Байыптап 
қараңызшы: мыналар біздің қорғанысымыздың тірек бекіністері, түйінді 
тораптары. Екі аралық кӛздеулі нысанамыз. Бұл жерге жау аттап баса 
алмайды. Атгап басады екен - сазайын тартады! Машиналары да, орудиелері 
де ӛте алмайды. 
Маған орындық ұсынған Панфиловтың ӛзі ентелей келіп, картаға 
тамашалай қарады. 
- Кеше бізге келіп кеткен Рокоссовский осының бәрін ұнатты. 
Білемісіз, жолдас Момышұлы, ол менімен санасады… 
Біздің генералдың аңғырттықпен бір мақтанған жері осы болды. 
Бӛлмеде телефон сыңғыры естілді. Панфилов трубканы құлағына тосты… 
- Амансыз ба… Иә, иә, біліп тұрмын. Білмегенде ше? 
Енді Панфилов жылы лебіз есіткен тәрізді. 
- Рахмет сізге… Совет Одағына қызмет етемін! 
Кенет Панфиловтың қоңырқай жүзінде қутыңдаған шырай пайда 
болды, бейне әңгімеге қатысуға шақырғандай, маған кӛзін бір қысып қойды 
да, аңқаусыған пішінде трубка арқылы үн қатты:
- Ал мен сізді тәртіпсіздігіміз үшін бізге тағы да ұрсады ғой деп ойлап 
едім. 
Оның кіммен сӛйлесіп жатқанын біле қойдым! Дәу де болса - Звягин. 
Волоколамск жағдайы, дивизия штабының бӛлмелеріндегі әбігерлік, денесі 


300 
ауырлау, ӛктем кӛкшіл кӛздері домбыққан, армия қолбасшысының 
орынбасары осы кісінің таптап айтқан сӛздері, тәртіпсіздік үшін Панфиловты 
жазғырғаны есіме түсті. Панфиловтың тұнжыраған жүзі де, қатпарланған 
мойнын кежірлене тӛмен игені де есімде. 
Қазір бәрі де ӛзгеше. Сырылдаған мембранадан Звягиннің шадыман 
күлкісі естілді. Панфилов та күлді. 
Бұдан кейін бір аңғарғаным, Звягин дивизия учаскесіндегі орман 
ішінде жасыл желекті театрды тезірек салып бітіру үшін тағы бірнеше 
саперлер бӛлуді тапсырып тұрған сияқты. Сонан соң диви- зиялык оркестр 
мен Қызыл Армия ӛнерпаздары ансамблі жайында әңгіме қозғалды. 
- Құп болады, бәрін де істейміз, - деді Панфилов. 
Әңгімелесіп болғаннан кейін ол телефоннан кетті. Панфилов 
қобалжулы сияқты кӛрінді маған, тамағының қырылы да бұрынғыдан күшейе 
түскен тәрізденді. 
- Қазір біздің не туралы ойлап жүргенімізді байқадыңыз ғой, жолдас 
Момышұлы… Біздің діттегеніміз ансамбль, театр! Осының бәрі соғыс үшін 
керек. Жауды тоқтатып тастағанымызды әркім жүрегімен сезінуі қажет! 
Москва түбіндегі ұрыс майдандарының бәрінде де немісті тоқтатып 
тастадық. 
- Мен бұған сене алмай жүр едім, жолдас генерал. 
- Тоқтатқанда қандай! - деді Панфилов. - Жаңадан шабуылға ӛзірлену 
үшін, оған екі аптадай уақыт керек. Бірақ сіз бен біз де қарап жатпаймыз ғой. 
Әңгімені кілт бӛлгеніне ғапу ӛтінген генерал инженерлік бӛлімнің 
бастығына телефон соғып, оған театр салуға бір взвод саперлер жіберуді 
тапсырды да, онан соң саяси бӛлім бастығымен байланыс жасап, одан 
ансамбль жайын сұрастырды. Ақырында трубканы іліп, Панфилов картаға 
қайта оралды да, тігілген моншақтай шашырап жатқан түрлі түсті белгілерге 
қарап тұрды. 
- Бейберекетсіздік! - деп үн қатты ол. – Бейберекетсіздіктің жаңа 
тәртіпке айналатын кезі де болады, жолдас Момышулы. 
Панфиловтің бұл сӛздерін Волоколамскіде де есіткенмін. Бірақ ол 
кезде бұл пікірін кесіп айтпай, әлі де күмәні бардай, ӛзінен ӛзі жӛн 
сұрағандай кейіпте білдірген еді. Енді бұл әбден кӛңілге тоқылған, ойланып 
шешілген кӛмір сенім ретінде естілді. Әйткенмен оның пікірі маған әлі де 
айқын емес-ті. 
- Бұл жӛнінде сіз бен біз тағы да пікір алысамыз, - деді ол. Бұдан 
Панфиловтың ӛзін толғандырып жүрген мәселелер жӛнінде мендей орта 
дәрежелі командирмен де пікір алысуға құштар екенін аңдадым. – Ал 
әзірінше ӛз әңгімеңізді айтыңыз, жолдас Момышұлы. Батальон туралы 
айтыңыз. 
Сол арада қайнап тұрған самаурын әкелінді. Шайды ӛзі демдеген 
Панфилов буфеттен Алматының қош иісті қызыл алмаларын, қақтаған балық 
пен бір банкі мұраппа алды. Кесек қантты бәкісімен ұсатқаннан кейін шай 
ішуге кірісті. 


301 
Мен Тимково түбіндегі сұмпайы түн туралы, қаруымыздың от 
алмайқалуына, атака жасауымызға балшықтың кесір келтіргені жайында 
айтып бердім. Сол мезетте ӛзімнің қатты науқастанып, ештеңе істеуге шамам 
келмей, сұлап жатқанымды да айттым, Панфилов батальон туралы, сол түні 
командирсіз қалған жауынгерлер туралы сұрастырумен болды. Генерал 
болған оқиғаның мән-жайын асықпастан, бүкпесіз баяндауға дем беріп 
отырды, сонымен қатар ол, мені әбден емдеп жазғысы келгендей, ылғи қою 
ыстық шай ішкізумен болды.
- Ішіңіз… Шай сізге ӛте пайдалы. Ұялмаңыз, шылым да тарта беріңіз. 
Волоколамскіге жарып ӛткен неміс танктері мен жаяу әскерлеріне 
дүрбімен қарағанымды айтқанымда, Панфилов:
- Мұны сіз қай сағатта кӛрдіңіз, жолдас Момышұлы? – деп сұрады. 
- Күндізгі сағат бір шамасында. 
Панфилов күліп жіберді.
- Мен дәл осы мезгілде қырынып алмақшы едім. Шынымды айтсам
халіміз мүшкілдеу болатын, жолдас Момышұлы… - Келтелеп күзеткен 
бурыл шашты басын жалма-жан жоғары кӛтере, белгісіз бір жақты иегімен 
нұсқап, Панфилов маған кӛзін қысты: - Бұлайша ұйғарғаным штабтағы 
адамдарды тыныштандыратын дегенім ғой. Шаштаразды шақырттым. 
Кӛшеде тарс-тұрс атыс… Шаштараз ұстарасы мен сүйкеуішін тастай 
қашты… Мен дауыстап: «Дорфман жолдас, шаштараз қашып кетті, рақым 
етіп, сақалымды қырып беріңізші…», - дедім. Әйтеуір, сол орнымызда тағы 
да үш сағаттай табан тіреп тұрдық. 
- Сақтанғаныңыз мақұл ғой, жолдас генерал. 
- Оқасы жоқ… «Сабырлы жетер мұратқа, асыққан қалар ұятқа» деген. 
Неміске күлкі болмауымыз керек қой… Ал әңгімеңізді айта беріңіз, жолдас 
Момышұлы. 
Мен ойда жоқта немістердің тұс-тұстан жауған оқтын ажалды 
тұзағына қалай тап болғанын айтып бердім. Панфилов менің әңгімемді бар 
ықыласымен тыңдап, батальонның бекінген жерлерін, немістердің жүрген 
жолын, олар қырғынға ұшыраған сайды картадан кӛрсетіп беруді ӛтінді. 
Онан соң ӛзіміздің қалай шегінгенімізді де баяндадым. 
- Батальонның ең соңында Дордияның ротасы жүрді. Бәрінің 
демеушісі Дордия болды, жолдас генерал. 
Мен әңгіме үстінде генералға Дордияның есімін бірнеше рет атадым. 
- Дордия деймісіз? - деп қайыра сұрады Панфилов. - Әне бір бидай 
ӛңді, бадырақ кӛз жігіт пе? 
- Иә, жолдас генерал. 
- Қазір қандай ӛзі? Тәуір командир ме? 
- Жараланған болатын… Жаралы күйінде қалды. 
- Қалғаны қалай? 
Панфиловтың қара қасты қабағы қарсы жабылып, түксиіп кетті. 
- Ол былай болды, жолдас генерал… - деп мен батальонның сұрапыл 
сергелдеңін тағы да кӛз алдымнан ӛткізіп, Панфиловқа баяндап бердім. 


302 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет