Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет59/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   76
Арпалыс 1,2

 
 


368 
ӚЗІ НЕГЕ КЕЛДІ ЕКЕН? 
«Адасқанның айыбы жоқ, 
Қайтып үйірін тапқан соң», 
(Халық мақалы.) 

Келесі күні түстен кейін бізге күтпеген жерден генерал келді. 
Генералдың тапсыруы бойынша мен батальон жүргізген ұрыстардың 
тарихын жазуда едім. Рахимов пен Синченконың іждағаттылығы арқасында 
маған үй иелері тұратын жақтан менің жұмыс істеуіме ыңғайлы, жайлы да 
жылы орын әзірленген болатын. Қалам, қағазы мен сия сауыты бар, 
әлдеқайдан әкелінгін шағын стол терезе түбіне жайғастырылып қойылған-ды. 
Қонағын мазаламауға тырысқан ерлі-зайыпты үй иелерінің бар-жоғын мен де 
жӛнді елеген емеспін. Стол үстіндегі мен жазған қағаз дестесі күннен күнге 
қалындай берді. 
Осылайша жұмыс істеп отырғанымаа тағалы ат тұяғының қатқақ 
тұрған жерді дүрсілдеткені естілді. Бастырма алдында бұл дыбыс тына 
қалды. 
Сенек жақтан аяқ сықыры шығып, есік ашылды. Соның арасынша 
генералды кӛріп, қайран қалдым. Аяз қарыған қара торы жүзі қызара бӛртіп, 
мұртына қырау тұрыпты. Үстінде етегі тізесіне жететін, бойына шақ ұзын ақ 
тоны, белін белдікпен қынап буған. Тонның иықтары мен омырауындағы 
қатпарлары генерал кеудесінің еңкіштігін танытып тұрғандай. 
Қонақтың алдынан шығып, істің жайын мәлімдемек болып едім, 
Панфилов күлімсіреп маған қолын берді. 
- Жылынып алуыма рұқсат етесіз бе? 
Қалтасынан шығарған қол орамалымен мұртын сүртіп, тоны мен 
құлақшының шешті, үй иесі әйелмен амандасты. Әйел одан: 
- Шай ішетін боларсыз? Самауыр қойсам қайтеді? – деп сұрады. 
- Ішпегенде ше? Теріс кӛрмеймін. 
Әйел самаурынды сыртқа алып шықты.
- Жабдықтау қалай, жолдас Момышұлы? Батальонды жуындырдыңыз 
ба? Моншаны реттеттіңіз бе? 
- Иә, жолдас генерал. 
- Жабдықтау жағы қалай? Етік киіп жатырсыздар ма? Жаңа етік бар 
ма? Жылы фуфайка әкелінді ме? 
- Жоқ, жолдас генерал, фуфайканы әлі алған жоқпын. 
- Біздің интенданттардың осындай бір әдеті бар, кешеуілдете береді… 
Егер ертең бір жұмыспен Строковоға бара қалсаңыз, ӛздерін қатты 
шыжғарып алыңызшы. Қылышыңызды асынып барыңыз. 


369 
Менің білуімше, Строково деревнясында дивизияның әртүрлі тыл 
бӛлімдері орналасқан-ды. Панфилов солдаттың тұрмыс жағдайына 
байланысты тағы бірнеше мәселе қозғады. Бұдан кейін ол: 
- Ұрыс хикаясының барысы қалай? - деп сұрады. 
- Жаман емес, жолдас генерал. Нақ сонымен айналысып отырмын. 
- Кәне, жазғаныңызды оқыңызшы, тыңдап кӛрейік. 
Дәл осы сәтте ауладан бір құшақ отын кӛтерген үй иесі, сақал-мұрты 
ағарған, бірақ әлі де қайратты мосқал кісі келіп кірді. Әкелген отынын 
пештің жанына тастады да, ол генералға басын иді. 
Панфилов орнынан тұрып, оған қолын берді. Қарт ӛзінің қарамай 
дағы сіңіп, күс басқан қолына сезіктене қарады. 
- Былғаныштау еді, - деді ол. 
- Жұмыс дағы былғанышты болмайды. Ӛзіңіз ағаш кесуші емессіз бе? 
- Арашымын… Осы тӛңіректегі барлық үйлердің тақтайы менің 
қолымнан шыққан. Сұраушылар болса, қазір де тақтай тіліп беріп жүремін. 
- Жӛн-жӛн… Солдат та болып кӛргенсіз ғой? 
- Дәл солай. Қызмет еткенмін, жолдас… Аты-жӛніңді білмеймін… 
- Иван Васильевич. Сіз ше? 
- Аттас екенбіз… Мен Иван Петровичпін. 
- Мүмкін, бізбен бірге боларсыз, Иван Петрович? Мына батальон 
командирі ұрыс жайында жазғанын оқып береді. Ал біздер, қарт солдаттар, 
тыңдап кӛріп, пікірімізді айтайық. 
- Сӛйтсек болар еді… Бірақ келесі жолы реті келер. Әзірше ӛздеріңіз 
айналыса беріңіздер. Кейде біреудің дамылсыз жазып жатқанын кӛресің… 
Ал жазып жатқаны ақиқат па, жалған ба, - оны кім білсін. 
Кедір-бұдыр алақанын уқалап тұрып, үй иесі жақаурата сӛйледі: 
- Ақиқат - жусаң да кетпейді, - түк те етпейді. 
Әлгінде отын буып әкелген арқаның иығына асып, ол табалдырыққа 
қарай беттеді. 
- Бізбен шай ішуге келесіз бе? - деп сұрады генерал. 
- Шай ішемін ғой… Дыбыс берерсіз… 

Қарт арашы сыртқа шығып кеткен кезде Панфилов: 
- Қожайыныңыз қызық кісі сияқты, - деді ойлы пішінмен. Солай емес 
пе, ә? 
Мен жауап қайырған жоқпын. Ӛйткені үй иесі жайында ештеңе 
білмейтінімді, онымен сӛйлесіп те кӛрмегенімді мойындағым келмеді. 
Панфилов менің күмілжуімнің мәнісін анық түсінсе де, мұны маған 
сездірмеуге тырысты. 
- Оқысаңызшы, жолдас Момышұлы, жол бойындағы ұрыстар, 
ӛзіңіздің алғашқы серіппелеріңіз жайында… Бұлар туралы жазып бітірген 
боларсыз? 


370 
- Йә, жолдас генерал. Бұл тарауды жазып бітірдім. 
- Міне, міне, Нақ осыны оқыңыз. 
Менің қасыма отырып алып, Панфилов мен аударыстырған 
парақтарға діттене қараумен болды. Батальон шебінің маңында, жол бойында 
ат тӛбеліндей аз ғана жауынгерлер тобы - Брудныйдың взводы мен 
Донскихтың взводы - жүргізген ұрыстарды баяндайтын керекті қағаздарды 
іріктеп алып, мен естіртіп оқи бастадым. Мен бұл ұрыстарда қандай мақсат 
кӛзделгенін, Панфиловтың ерекше-серіппесінің сырын дәлірек сипаттап 
кӛрсетуге тырыстым. Мұның мәні аз күшпен кӛп күшке қарсы күресе білу 
еді. Бұдан соң мен осы ұрыстар кезінде қол жеткен табыстарымыз бен 
сәтсіздіктеріміз туралы жаздым. 
Панфилов бар ықыласымен тыңдады. Соғыстан менің қандай ғибрат 
алғанымды тексергісі келгендей, алда болатын жаңа шайқастар жӛніндегі 
ӛзінің кӛңілге түйгенін қайта-қайта сынақтан ӛткізгісі келгендей сыңай 
білдіреді ол. 
Әйел қайнаған самаурынды алып кірді. Панфилов орын: «Орнына 
қойыңыз!» дегендей бас изеп, ишарат білдірді де, тындай берді. 
Жазғанымның ақтық жолдарын оқып болып, басымды кӛтердім. Генерал 
күлімдеп отыр екен. Екі беті нұрланып, кӛздері жымың қағады. Мен бұдан 
Панфиловтың риза болғанын байқадым. 
- Новлянск селосының тұсында, - деп үн қатты ол, - серіппе әдісімен 
сізде взвод әрекет еткен еді, енді бүкіл батальонды серіппедей шебер 
қимылдайтын етуіңізге тура келеді. Әуелі артта боласыз да, одан соң барлық 
әскердің алдында болып шығасыз. Мұның қай жерде, қашан және қалай 
болатынын білмеймін. Бірақ біз үшін ең қажеттісі, жолдас Момышұлы, бір-
бірімізді түсіне білу. Бір ауыз сӛзден түсіну, кейде тіпті емеурімен-ақ түсіне 
білу… 
Генералдың кӛңілге түйгені маған аян. Оның діттеген ойының ӛзегі, 
арқауы болған нәрсеге жаңа қорғаныс шебін құру тәсіліне, жаңа жауынгерлік 
тәртіп орнатуға - қайта-қайта оралып отырды. Адамның мұңдай кӛніл күйін 
не деп атау керек? Бір кітаптан іждағаттана ойлау деген сӛзді оқығаным бар. 
Ӛте тауып айтылған сӛз сияқты. Жасампаз әскери бастық алдағы ұрыстың 
барлық нұсқасын, барлық мүмкіндігін іждағаттана ой таразысына салып, 
ӛлшейді, ұрыстың бағдары мынадай болса, қалай ету керек? Егер бұдан 
басқаша болса, не істеу керек, - деп ойланып-толғанады. Міне мұндай 
командир істің егжей-тегжейін, қыры мен сырын ӛзі тексереді, 
қарамағындағы адаммен талай рет қозғаған әңгімесіне ӛжеттене қайта-қайта 
орала береді. Саған дағдылы тапсырма болып кӛрінген нәрсе - оның 
әлдеқашан бастан кешіргені, зарығып, қиналып барып түйген шешімі. Міне 
осыны қандай білсең, оның қуанышы қойнына сыймайды. 



371 
Әйткенмен генерал ойының ұшығына жете алмай, арқауын жоғалтып 
алған кездерім де болды. 
Бірде ол мынадай сұрақ қойды: 
- Ползуновыңыздың халі қалай? Пулеметші болды дей ме? 
Мен Ползуновтың оғаш мінез кӛрсетіп, пулеметтен шеттетілгенін 
айттым.
- Оғаш мінез? Қандай? 
- Заевпен бірге қашқан, жолдас генерал. 
- Ә-ә… Заевпен бірге ме… - деп ыңылдады Панфилов. 
Бірақ одан әрі бұл жайында ештеңе айтқан жоқ. Мен жаңа ғана оқып 
шыққан парақтарды кӛзімен жүгіртіп ӛтті де, Брудныйдың фамилиясына 
жеткенде тоқтай қалды. 
- Ал Брудный қалай? Ротаны басқара ма? 
- Иә, жолдас генерал. 
- Жұмысы тәуір ме? 
- Менің таңдаулы офицерлерімнің бірі, жолдас генерал. 
- Жаңылмасам, сіз оны… Соның ӛзін… Есіңізде ме, жолдас 
Момышұлы? 
- Бұл туралы да жазу керек пе? - деп сұрадым мен. 
- Жоқ. Қажеті не? - Панфилов біраз үнсіз отырды. – Бәрін бірдей қағаз 
бетіне түсіре бермес болар, жолдас Момышұлы… 
Бұдан соң әңгімесін тағы да басқа жаққа аударды: 
- Айтпақшы, сол ұрыстардың схемалары дайын ба? 
- Бізде мұнымен Рахимов айналысады, жолдас генерал. Әлі де 
бітірмеген сияқты. Рұқсат етіңіз, мен барып, біліп келейін. 

Рахимов жасап жатқан схемалар әлі дайын емес-ті. Айналасын қара 
бояумен қоршап, түрлі түсті қарындашпен белгі соғу керек еді. 
Мен осыны тенералға мәлімдедім. Стол үстінде самаурын әндетіп 
тұрған, шайдың тәтті тағамы да әзірленген еді. Осының бәрін Синченко 
орны-орнына қойып жүр. Шай ішуге шақырылған үй иесі орындыққа келіп 
отырды. 
Панфилов былай деді: 
- Дегенмен Рахимов жолдас жұмысын бітірсін. Мен күте тұрайын. 
Әзірше үй иесімен екеуміз шай ішіп, біраз әңгімелесейік. 
Мен тағы да сыртқа шығып. Рахимовқа генералдың тапсырмасын 
айттым. Штаб бастығының бұдан басқа да шұғыл істері болатын: ол 
батальонның екінші эшелонға ауысуын әзірлеуде міндетті еді. Осыған 
байланысты бұйрық жазуы, колоннаның маршрутын, жүріс тәртібін 
белгілеуі, тағы басқа жұмыстарды атқаруы қажет. Рахимов тиісті 
жарлықтарды қол қоюға дер кезінде беріп үлгірмеспін деп қауіптенетінін 
білдірді. 


372 
- Жарайды, мұның бәрін ӛзім істейін. Сіз сызып бітіріңіз, -дедім мен. 
- Ӛзі неге келіпті, жолдас комбат? - деп сұрады Рахимов. 
- Түсінбей отырмын. Ешбір қисынын таппадым, Жылынғалы келдім 
дейді. 
Жұмыс істеуге керекті кейбір материалдарды алып, мен генералға 
қайта оралдым. Үй иесімен бірге генерал самаурын жанында отыр. 
Екеуі майдалап ұсатқан қантпен шай ішуде.
- Отырыңыз, жолдас Момышұлы, Бізбен бірге шай ішуге қалайсыз? 
- Рахмет, жолдас генерал. Рұқсат етсеңіз, біраз жұмыс істейін. 
- Кӛзіне кӛзім түсіп кетіп еді, Панфиловтың қулана жымыңдап 
отырғанын байқадым. Кӛздерінен қайсарлықтың белгісі білінеді: «Е, 
шырағым, айлаңды менен асыра алмайсың…» - дегісі келгендей. 
- Олай болса, жұмысыңызды істей беріңіз, - деп үн қатты ол. - Маған 
алаң болмаңыз… Батальонның ауысу тәртібін белгілеңіз. 
Мен еріксіз қолымдағы қағазға қарадым. Мұнда жазылған сӛздерді 
Панфилов алыстан оқып білді мекен? Әрине, олай емес, тек мұны қазір біздің 
қандай іспен айналысып жүргенімізді, біздің жай-жапсарымызды, барлық 
қимыл-әрекетімізді анық білетіндіктен айтып отыр ғой, Дегенмен, ӛзі неге 
келді екен? Не үшін отыр екен? Керегі схемалар ма? Бұларды қазір-ақ әзірлеп 
береміз. 
Ӛзіме де түсініксіз, кӛмескі күйініш сезімін әрең басып, мен терезе 
алдындағы шағын столға келіп отырдым да, батальон бойынша берілетін 
бұйрық жайын ойластыра бастадым. Генералдың үй иесімен жүргізген 
әңгімесін кейде құлағым шалып қалады. Екеуінің әңгімесі әбден жарасымды 
сияқты. Тіпті, үй иесі генералға «сен» деп сӛйлеуге дейін барыпты. 
- Мен саған, Иван Васильевич, шын сырымды айтайын… Сендердей 
партиялық адамдармен тіл табысу қалай да қиындау. 
- Қиын екені рас, - деп қостады Панфилов. Біздер, коммунистер, қиын 
адамдармыз. 
Мен генералға кӛзімнің қиығымен қарадым. Оның жанарынан да, 
шӛкімденген қара мұртынан да мысқылдауды. зәредей белгісі білінбейді. 
Ӛзгелерге мейлінше байыпты да ілтипатшыл, жайдары да сыпайы осы 
адамның: «Біз қиын адамдармыз» деуі ғажап-ақ. Бірақ мұның мәнісін ӛзі 
былайша түсіндірді: 
- Ленин бұл туралы азамат соғысы кезінде-ақ жазған болатын… 
Біздер, коммунистер, шаруалар үшін қиын адамдармыз деген еді. Сол 
жылдар есіңізде ме, Иван Петрович? 
Әңгіменің арнасы ӛткен шаққа қарай бұрылды. Оқта-текте әңгімеге 
тағы да құлағымды тігемін. 
Панфиловтың әнтек қарлыққан қоңыр даусы естіледі: 
- Мен әуелде коммунист болып туыппын ба? Е-е, бұған дейін бастан 
кешіргеніміз қанша десеңізші… Он жетінші жылы уыздай жас едім, ауытқу 
да, аласұру да аз болған жоқ. Қолымда винтовка. Мұны қайда кезеу керек? 
Қай жақты кӛздеп, кімді ату керек? 


373 
Үй иесі де сӛз қыстырып қояды: он жетінші жылды бұл да 
винтовкамен қарсы алыпты, қаруын кімге қарсы жұмсау керек екенің бұл да 
бірден түсіне қоймапты. Жұмысқа ден қойған-ақ келеді, бірақ Панфиловтың 
сӛздерін тыңдамауға мұршам жоқ. Енді ол ӛзінің солдаттық ӛмірінде болған 
бір оқиға жайында әңгіме шертіп отыр. 
- Жойылсын соғыс дегенге ұйыдық та қалдық! Винтовканы тастадым. 
Қарасы ӛшсін оның!… 
- Е, сұмдық қой бұл! Масқара, - деп жазғырады үй иесі. 
- Тастадым да, жӛніме тарттым. Кенет шерменде болғанымды 
түсіндім. Мұның не сұмдық, солдат? – дедім де, кері қайттым. Міне, менің 
ӛмірімде осындай да сәт болған, Иван Петрович. 
Генералға тағы да еріксіз жалт қарадым. «Менің ӛмірімде осындай да 
сәт болған" дейді. Мұны не үшін айтты екен? Бірақ Панфилов мені мүлде 
кӛзге ілмей отырған сияқты. Мен қағазымды жаза отырып, әңгімеге қайтадан 
құлағымды тігемін. 
- Мынадай да оқиға болған, - дейді Панфилов. - Ӛз адамдарымды таба 
алмай, түні бойы сергелдеңге түскенмін. Шынымды айтсам, жылағанмын да. 
Командир басыммен жұртқа қалай кӛрінем, халымды қалай түсіңдірем?! деп 
налығанмен. Бірақ "адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң» деген 
ғой… 
Ғажап: кімді айтып отыр ӛзі? Мені айтып отырған жоқ па? Ӛз 
батальонымды жоғалтып алып, менің түні бойы сергелдеңге түскен қасіретті 
шағымды жақауратқаны емес пе? 
Ыстық шайдан генералдың күнге күйіп, тарам-тарам әжім басқан 
мойны аздап тершіген. Тӛмен иілген күйінде бұл әлдебір себеппен маған 
тағы да қайсарланып тұрғандай кӛрінеді. Панфилов жалма-жан маған 
бұрылып қарады. 
- Сіз жұмысыңызды істей беріңіз, жолдас Момышұлы. Бізге алаң бола 
кӛрмеңіз. 

Ішімнен тағы да: «Ӛзі неге отыр мұнда? Не керек бұл кісіге?» деп 
кейідім де, күйінішімді әрең тежеп, қайтадан жұмысқа берілдім. 
Шәйнек сыңғыр етіп, самаурыннан ыстық су сылдырап ақты. 
Панфилов екі стақанға қайтадан толтыра қою шай құйды. 
Менің байқауымша, енді әңгіме үлкен тақырыптан кішігірім 
мәселелерге қарай ойысты. Панфилов ӛзінің «тақақшылдық қасиетіне сәйкес 
арашының табысын, бір погон метрге, тілінген тақтай басына қанша ақы 
алатынын сұрастырды. 
Ақырында, Рахимов схемаларды әкелді. Генерал бұларды бірден 
байыптап тексере бастады. Сыңайынан тағы да риза болғаны байқалады. 
- Бұларды ала кетуіме бола ма, жолдас Момышұлы? Батальонда штаб 
документтерінің қалай рәсімделетінін біреулерге кӛрсетсем бе деп едім. 


374 
- Жолдас, генерал, - деп үн қатты Рахимов, - бұлар әлі түгел біткен 
жоқ. 
- Бастықтарға жартылай біткен жұмысты кӛрсетпес болар деп 
ойлайсыз ба? 
- Жӛндеп берсем болар еді, жолдас генерал. 
- Ендеше, жӛндеңіз… 
Панфилов алғашқы ұрыстардың, алғашқы серіппелердің схемаларын 
біртінден тағы да қарап шықты. Ӛзінің әлденендей бір ішкі ойына беріліп, 
кенеттен: 
- Қырынан қарағанда ӛте ұқсас екен! - деп үн қатты ол. 
Менің таңданған пішінімді байқап, генерал күліп жіберді. 
- Сіз бен біздің суретке қалай түскенімізді ұмытып қалғансыз ба? 
Фототілшінің бізде ӛзара ұқсастық бар деп білгені қайда? Шынайы ұқсастық 
болмаса да, қырынан тұрғандарыңыз ұқсайды демеп пе еді… Былайша 
қарағанда, болмашы сӛз сияқты. Оның мұны кездейсоқ айта салғаны да рас. 
Ал сіз біздің совет адамы жайындағы пайымдамамызды ойластырғанымда 
осы сӛз менің есіме түсе кетті… 
- Ұқтыңыз ба? 
- Онша ұқпадым, жолдас генерал. 
- Ұқпағаны қалай? Революцияны ӛз қолымен жасаған аға ұрпақтың 
борышы жайындағы ұғымы сіздерге, қазіргі жас ұрпаққа қарағанда ӛзгеше 
жағдайда қалыптасқан. Аға ұрпақтың кіммен соғысу керек, не үшін соғысу 
керек деген мәселені шешуіне тура келді. Ал сіздер… Сіздер біздің қаны бір 
ұрпағымыз боларсыздар. Кейде жас жігітке түстеп қарайсың да: әкесіне қай 
жері ұқсас? - деп сұрайсың. Әкесіне ұқсас емес сияқты. Бірақ қырынан 
қарағанда дәл ӛзі. Солай емес пе, жолдас Момышұлы? 

Сенек жақтан біреудің дыбысы естілді, Соның артынша қақаған 
аяздан бӛлмеге Толстунов келіп кірді. 
- Сәлемәтсіз бе, жолдас генерал… Саяси бӛлім нұсқаушысы аға 
политрук Толстунов. 
- Ә, жолдас Толстунов, -- деді Панфилов. - Бүгін нақ сізді ауызға алған 
едік. Иә, иә, бүгін саяси бӛлім бастығы маған келіп кеткен-ді… 
Толстунов генералды тік тұрып тыңдады. 
- Ауызға алғанда, ұнамсыз сӛз айтылған жоқ, - деп әңгімесін 
жалғастырды Панфилов. - Жарайды, жарайды, жолдас Толстунов. Ӛзіңізді 
еркін сезінгейсіз. 
Генерал «Ӛзіңізді еркін сезінгейсіз» деген осынау жадағай сӛздерді 
бір түрлі ӛзге нәшпен айтқан сияқты кӛрінді маған. Бірақ соның артынша-ақ 
ол басқа мәселелерге кӛшіп, ертеңгі жорық туралы, жәй халық арасындағы 
жұмыс туралы, батальонның ұрысқа әзірленуі туралы әңгіме етті. 


375 
Батальон командиріне кӛмектесіңіз, жолдас Толстунов. Барлық 
жағынан кӛмектесіңіз. Оның беделін кӛтеріңіз. Ұқтыңыз ба? 
- Иә, жолдас генерал. 
- Кӛшіп алыңыздар, онан соң, ӛз уәдемді орындап, сіздерге жаңа 
қоныс тойын тойлауға барамын. Үй иелері қайда кеткен? Олармен қош 
айтысайын деп едім. 
Біз генералды ұзатып салдық. Толстунов менен: 
- Комбат, неге келді екен? - деп сұрады. 
Оның қарапайым жүзінен ешқандай айла-шарғы белгісі білінбейді. 
Сонда да ойыма келген бір күдікті абайсыз айтып салдым: 
- Мұны сен менен гӛрі жақсы білетін сияқтысың. 
- Ол не дегенің? Мен қайдан білуші едім? 
- Онда мен де білмеймін. Шай ішіп, жылынуға келдім деді. Бар 
айтқаны сол… 

Тек түнде ғана, ойланып-толғануға уақыт қалдырмайтын қауырт 
жұмыстан қол босап, штаб бӛлмесіндегілер де, үй иелері де түгел ұйқыға 
шомып ӛзім меңіреу тыныштық аясында стол үстіндегі керосин шамының 
жарығымен батальон тарихын одан әрі жалгастырып жазуға отыра берген 
кезде ғана генералдың келуі жайындағы пікір тағы да алаңдатып, қаламды 
жайына қоюыма тура келді. 
Шынында да, неге, не себепті келді екен? Бәлкім, менің 
батальонымды ӛзінің резерві етіп қалдыру-қалдырмау мәселесін біржола 
шешу үшін, кӛңілге түйген ой-ниетін менің қаншалықты ұғынып, қабыл 
алатынымды тағы бір рет тексеру үшін, бірден, тіпті емеуріннен-ақ түсінісе 
білу үшін келген болар?… Бүгін ол дәл осы пікірді екі рет қайталап айтқан 
сияқты. 
Ползунов туралы сұрады… Бірақ Заевтың фамилиясын атағанымда 
үндемей қалды. Брудный ауызға алды… «Жаңылмасам, сіз оны… Есіңізде 
ме, жолдас Момышұлы…» деген сӛздері тағы бар. Осыған орай ӛзінің 
винтовканы қалай тастағанын менің кӛзімше айтып берді… «Менің ӛмірімде 
осындай сәт те болған…» деді. Ӛз адамдарынан қалай адасып қалғанын да 
әңгіме етті. 
Түу, аңқау басым-ай! Заевқа бола келген ғой ол! Жоқ, олай болмас, 
Заев жӛнінде менің қалай шешкенімді қайдан білуші еді ол? Бірақ Толстунав 
арқылы білген шығар? Кеше Толстунов ұзақ отырып, саяси ақпарын жазып 
еді ғой. Соны түнделетіп жіберген де. Заев туралы жазбады ма екен ол. 
Әрине, Заев туралы. Генералдың бәрін білуіне қарағанда солай болуы керек. 
Панфилов менің бірде-бір бұйрығымды, бірде-бір жарлығымды бұзып 
кӛрген емес. Сондықтан да Толстуновқа ол: «Батальон командиріне 
кӛмектесіңіз, оның беделін кӛтерініз», - деді ғой. Менің білуімше 
трибуналдағы істі ӛз билігімен кідірте тұруға немесе мүлде тоқтатып 


376 
тастауға генералдың правосы бар. Оның үкімді бекітпей қоюына да, ату 
орнына дәрежесінен айыру жазасын қолдануына да әбден болады. Ал маған 
келген бетте ол: «Бірден, тіпті емеуріннен-ақ түсіне білу керек…» дегенді екі 
рет айтты. 
- Иә, енді түсіндім. 
Орындықтың арқалығына ілулі тұрған сумҡаның желімдеулі 
конвертті, Заевтың әйеліне жазған хатын алдым. «Мезгеулік үрей салдарынан 
абыройым айрандай тӛгіліп, ӛмірімді зая кетіргелі отырмын» деген сӛздері 
есімде… Конвертті айналдырып кӛрдім… Жо-жоқ, мұны ашпаймын да, 
Заевтың ӛлер алдында ашынып жазған ақтық сӛздерін оқымаймын да. 
Осыған бекіп, конвертті сумкаға қайта салдым. Жіппен айқыш-ұйқыш 
буылған сурет, онда ашуланып тұрған ұсқынсыз Заев пен ақжарқын 
Бозжановтың бейнелері кӛз алдыма келді. 
Кӛңілді елжіретіп, жүректі жібітетін жанашырлықтың беті аулақ! 
Қобалжу дегеннің беті аулақ! Ұрыс майданыннан қашқан екенсің, сӛзсіз 
атыласың! 
Не үшін келгеніңізді енді түсіндім, жолдас генерал. Бірақ, сіздің 
қалауыңызды істемеймін, қол қойып жіберген қағазымды қайырып 
алмаймын. Ұрыс кезінде бізге опасыздық жасаған адамның ӛмірін ӛз 
билігіңізбен сақтап қалуыңызға болады. Бірақ менен мұны күтпеңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет