Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет56/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   76
Арпалыс 1,2

 
ГОРКИ ДЕРЕВНЯСЫ 
«Ӛткен іске ӛкінбес болар». 
(Халық мәтелі.) 
Сапта тұрған командирлердің кӛзалдында Беленков жағасындағы 
айырым белгілерін сыпырып, асынған планшетін, медициналық сумкасын 
алды да, мұның бәрін Киреевке тапсырды, сонан соң винтовкасын қарына 
іліп, қатардағы санитар ретінде алаңның шетінде тұрған арбаға қарай ілбіп 
жӛнелді. 
Мен командирлерге қазіргі халіміздің мүшкіл екенін түсіндіріп, тәртіп 
бұзушылықтың қандайына болса да тек қана ӛлім жазасын қолдануға 
бұйырдым. Ӛз әскерлерімізге барып қосылғанша бұдан басқа жаза түрлерінің 
қолданылмайтынын айттым. 
Бұдан соң бүкіл батальон сапқа тұрғызылды. Аланда қатарын түзеген 
жауынгерлер тұр. Бұрын талай рет басымнан кешіргенімдей, бұл жолы 
осынау айбарлы сап бойыма жаңа қуат бітіргендей сезіндім. 
Мен жауынгерлерге былай дедім: 
- Біз, тӛрт жүз елу қарулы совет жауынгері, жау басып алған 
территорияда тұрмыз. Біздің міндетіміз - ӛз әскерлерімізге барып қосылу. 
Онда да жәй қосылып қоймай, жауды қыра беру, оның ілгері басуына бӛгет 
жасау. Оның үстіне, аштыққа тӛтеп беруіміз керек болады. Ӛйткені біздің 
жігерімізді жасытып, қатарымызға іріткі саларлық қатерлі жауымыз осы 
аштық болып отыр. Жалақтаған бӛрідей, бізге тап бергелі тұрған бұл аштық 
біздің әскери борыш пен антқа адалдығымызды мақұрым етпек, совет 
халқының: қандай сұрапыл қиыншылықты болса да жеңе біл деген ұлы 
аманатын орындауға кеселін келтірмек. Сондықтан біздің ең мықты тірегіміз 
болаттай берік тәртіп болуға тиіс. 
Бұдан кейін мен Беленковты қатардағы жауынгер дәрежесіне 
түсіргенімді хабарладым да, былай дедім: 
- Жолдастар, жауынгерлер мен командирлер! Міне осындай жағдайда 
мен тәртіп бұзушылықтың қандайына болса да тек қана ӛлім жазасы 
қолданылсын деп бұйрық бердім. Командирге бағынбағандар, қорқақтық, 
табансыздық кӛрсеткендер ӛлім жазасына кесіледі. 


336 
Сӛзімді аяқтағаннан кейін тӛрт адамнан колонна құрып, сапқа 
тұрғыздым да, жарлық бердім: 
- Направо! За мной шагом… марш! 

Сонымен, тағы бір күнді бастан кешірдік. Дабыл бойынша 
аяғымыздан тік тұрып, Волоколамскіден жүріп кеткелі бері тӛрт тәулік 
болды. Осы тӛрт тәулік ішінде бір жапырақ еттен басқа біз нәр татқан 
жоқпыз. 
Орман ішінде түнеп шыққан отызыншы октябрьдеде сергелдеңмен 
жүрдік. Ал отыз бірі күні таңертең, ақырында, ӛз адамдарымызға барып 
қосылдық. Рахимовпен қатар жүріп бара жатқанымда маған Брудный жүгіріп 
келді - мен мұны басқы жортуылшы ретінде ылғи алға жіберіп тұратынмын. 
Брудный маған тәжім етіп, мынаны мәлім деді: 
Жолдас комбат, бұйрықты жеткізуіме рұқсат етіңіз. 
- Қандай бұйрық? Кімнен? 
- Подполковник Хрымовтан. 
Брудныйдан спирт иісі мүңкіп тұрғандай сезілді маған. 
- Сен ӛзің спирттің дәмін татқаннан саумысың? 
- Не бәрі бір жұтым ғана, жолдас комбат. Бұдан асырған жоқпын. Біз 
дивизия орналасқан ӛңірге келіп шығыппыз, жолдас комбат. Бір жарым 
километрден - Горки деревнясы. Біздің тосқауылшы отрядымыз сонда екен. 
Сол жерде татқан екенсің ғой? 
- Сӛйтпегенде ше? Сол арадан подполковник Хрымовтың штабына 
телефон соқтым. Бізге әлгі деревняға барсын деп бұйырыпты. 
Мен Рахимовқа батальонды Горкиге бастап апаруды тапсырдым да, 
ӛзім Бозжановпен бірге подполковник Хрымовтың штабын іздеп кеттім. 
Іркілдек батпақ жолмен тағы да бірнеше километр жүріп, ақырында 
бір шағын деревняда орналасқан штабқа барып жеттік. Ӛткен жолы 
тығыршықтай капитанмен бірге түнделетіп біздің күркеге барған жап-жас 
лейтенант шұғыл нәубетші екен, бізді таңданған пішінмен қарсы алды. 
Батальонның оралғанын білмесе керек, екеумізді ғана аман деп ойлаған 
сияқты. 
Хрымов жоқ екен. Бастырма алдында күтіп тұрған бізге полк 
штабының бастығы, қызыл шырайлы, жайдары майор Белопегов жүгіріп 
шықты. 
- Момышұлы! Сені кӛрем деп ойламап едім. Маған телефонмен 
мәлімдеген-ді, бірақ нана қоймадым. Жүріңдер, жүріндер… 
Мен тұнжырап: 
- Бізге тамақ беріңдер, - дедім. 
Қазір тамақтандырамыз сені. Кәне, жүріңдер… 
- Мені емес. Батальонды тамақтандырыңдар. Бізді жабдықтайтын 
сендерсіндер ғой. 


337 
-Алып шыққаның қанша адам? 
- Тӛрт жүз елу. Ӛздерің бізді марқұмға балағансыңдар ғой, тәрізі? 
- Солай ойлағанымыз рас, Момышұлы, Береріміз де жоқ. Екі күн 
болды, сендерді есептен шығарып тастағанбыз. 
- Неткен сұмдық!… Әуелі бізді тастап кеттіңдер… Ал енді есептен де 
шығарыпсыңдар. 
Штаб бастығы үндемей қалды. Бірақ мен омыраулай бердім: 
- Айтар жауабың жоқ болар? 
- Сендерді ойлайтын мұршамыз болған да жоқ. - Кінәсін жуып-
шаймай-ақ, мұны ол шын ниетімен айтты. Иә, шамын да ӛшірместен, зыта 
жӛнелсе бізді ойлауға мұршасы қайдан келсін. Шыншылдығына кӛңілім 
жібігендей еді. Енді салғыласып жатуға зауқым болған жоқ. 
Сәл үндемей түрған Белопегов: 
- Момышұлы, жүр, тамақ ішейік, - деп ол ӛз ұсынысын Бозжановқа 
мақұлдатпақ болды: Жолдас политрук, жүріңіз… 
Мен барудан бас тартып: 
- Ең алдымен батальонды тамақтандырыңыз, - деп қайталадым. 
- Түгіміз жоқ, Момышұлы. 
Бозжанов маған жалынышты түрмен қарады. Бірақ мен кӛнбедім: 
- Кеттік! Мұнда бізге істейтін дәнеңе жоқ. 
Біз қош айтыспастан, шығып кеттік. 

Горки деревнясына үздігіп әрең жеттім. Бозжанов та әбден титықтаған 
еді, жиырма қадамдай артта қалып, ілбіп келеді. 
Деревня шетінде маған бір шелек су кӛтерген Мурин кездесті. Ол 
шелектің бауын сол қолына жӛнді іліктіре алмай, суын тӛгіп алды. 
Мурин ізет етіп, кӛңілдене үн қатты: 
- Жолымыз болады екен, жолдас комбат! Кӛңіліміз осылай шалқи 
берсін… 
- Қайда апарасың? 
- Жуынып жатырмыз, жолдас комбат, моншадағыдай. – Мурин 
таяудағы үйді иегімен нұсқады. - Бар күнәмыздан арылмақшымыз. 
Мен оның қалжыңын қостай қойған жоқпын. 
- Батальон штабы қайда? 
Оны Мурин білмейді екен. Күтпеген жерден ол шелегін жерге қойды 
да, айтулы жігіт қалпында кӛрінуге тырысып, мойнын созды. Мен андай 
қойдым: енді мұның тамақ жайын сұрастыратыны анық 
Айтқаным дәл келді. 
- Жолдас комбат, ішегіміз шұрылдап барады. 
- Тамақтанамыз, - деп тұжырдым мен. - Бар. 
Деревняның кең кӛшесінде тағы да бірнеше солдатты кездестірдім, 
бірақ батальон штабының қайда екенін ешқайсысы білмейтін болып шықты. 


338 
Жұрттың бәрі үйді-үйге орналасқан. Қай жерлерде қоршаулы шарбақтың 
сыртында солдаттардың жаюлы тұрған іш киімдері, тіпті ара-тұра 
гимнастеркалары мен шалбарлары жел ӛтінде желпілдейді. Әнебір сарайдың 
қасында шинельсіз, жалаң бас біреу отын жарып жатыр: қасындағы үюлі 
ағаш жаңқалары едәуір бар, сонда да жауынгер балтасын қайта- қайта 
сілтеуден танар емес. 
Жалаңаш етіне таза іш кӛйлек киген, жалаңаяқ біреу бастырмаға 
шықты. Оның үй иесімен тіл қатысқаны есітілді: 
- Апай, тағы біраз картоп берсеңіз қайтеді? 
- Берейін, қарағым, берейін. 
Не сұмдық бұл! Мұнда майдан да, алдымызда тұрған дұшшан жоқтай-
ақ бәрі жайбарақат. 
Кетіп барамын. Қадам сайын қатты қиналудамын. Ақырында 
Рахимовты кӛрдім, 
- Рахимов! 
- Мен, жолдас комбат. 
- Неге күзет қойылмаған? Жұрт неге бетімен жүр? Жауынгерлер неге 
окоптарға орналаспаған? 
- Ғапу етіңіз, жолдас комбат. Штабты жайғастырам деп жүріп, 
байқамаппын. 
- Мұнда алғы шеп екенің байқамадың ба? Мұны бізге дұшпанның 
танытуын күтіп жүрсің бе? 

Бойымды ыза кернеп, ашыққан, шаршап-шалдыққан қалпымда 
Рахимовпен бірге штаб орналасқан үйге кірдім. Үлкен үйдің сенекпен 
бӛлінген кең бӛлмесінде, терезе алдына жылжытылған әйдік стол үстінде 
ӛткір ұшталған қарындаш, сия сауыты мен қалам, ақ қағаз, карта жатыр. Кең 
тӛсек үстінде ұқыптап жайған плащ-палатка. Еденге кілем орнына шырша 
бұтақтарын қалыңдап тӛсеген. Біздің әскери сүлгілеріміз қабырғадағы 
шегелерде ілулі тұр. Осының бәрін ұқыпты Рахимовтың реттеп қойғаны 
анық. 
Бастырма алдында аяғымды тазалап сүртуге де шамам келген жоқ. 
Етігіме баттасып жабысқан лайды әрең қырнап, мен штабқа сүйретіле кірдім 
де, шинелімді де шепшестен, тӛсекке сұлқ түсіп отыра кеттім. Іргедегі еден 
үстінде әнеугүні ӛлген Шабдардың ертоқымы жатыр - бұл да бізбен бірге 
саяхат жасап, санитарлық арбамен осында әкелінген. Ер-тоқымның қасыңда 
племхоздан Киреев ала шыққан, ауыздары сүргішпен бекітілген алты бірдей 
әйдік шыны ыдыстар тізіліп тұр. Беріректе - мал дәрігерлік аптеканың бір 
үйме пакеттері. Тәрізі, санитарлық взвод басы артық мүлкін осында 
қалдырып, жаралыларды тылға әкетсе керек. 


339 
Мен Рахимовтың мәлімдемесінен деревнядағы тосқауылшы отрядтың 
кеткенін, оның орнын біздің басқанымызды, батальонда ешқандай тӛтенше 
оқиғаның болмағанын білдім. 
- Колхоз председателін шақыр! – дедім мен. - Онан соң рота 
омандирлерін осында жина. 
Колхоз председателі, тақыр бас, қатпа шалмен арамыздағы әңгіме 
қысқаша болды. Мен оған жау басып алған территориядан сытылып 
шыққанымызды, бірнеше күн нәр татпағанымызды айттым. 
- Адамдарды тамақтандыру керек. Не бере аласыз? 
Председатель колхоз малының түгел әкетілгенін, колхозда жалғыз 
ғана тайынша қалғанын білдірді. 
- Соны сойыңыз! - дедім мен. - Сойыңыз да, етін әйелдерге үлестіріп 
беріңіз. Жауынгерлерге сорпа істеп беретін болсын. 
Председатель күмілжіп қалды. 
- Жолдас бастық, ақтық тайыншамыз еді. 
- «Орындаңыз!» - деп зекіргім келіп еді, бірақ сабырлық сақтап, былай 
дедім: 
- Ақтығыңды да аямау керек. Отан соғысы ғой бұл, Отан соғысы! 
- Түсінемісіз? 
Шал таңданған пішінде маған кӛзінің қиығымен қарады. Қырда ӛскен 
мендей қазақ баласының «Отан соғысы» деген екі ауыз сӛзбен білдірген 
сезімін, бұл сӛздердің мән-мағынасын қарт түсінді ғой деп ойлаймын, 
әйтеуір: 
- Соямын, - ден келісімін берді. 

Рота командирлері жинала бастады. Бірінші болып Филимонов келді. 
Ӛзі қырынып та үлгерген. Соқпақ жолдарда тізеден батпақ кешіп, 
сергелдеңге түскен кезімізде талай рет баттасып былғанған шинелі әбден 
тазартылған. 
Байырғы офицер Филимонов ежелгі әдетінше ҡірген бетте ӛкшесін 
тақылдата: 
- Сіздің жарлығыңыз бойынша келдім, - деп мәлімдеді. 
- Отыр, - дедім мен. 
Ӛзімнің баттасқан етіктеріме кӛзім түсті. Етегіне айғыз-айғыз батпақ 
жабысқан шинелімді де шешпеппін, етігімді де тазартпаппын, жуынып-
тазалануды да ойламаппын, ӛзім кірпідей жиырылып, ашу-ызаға мінгенмін, - 
міне осындай қалпымда ӛзіме бағынышты адамдармен қалай сӛйлеспекпін? 
«Комбатқа келеді екенсің, ғашық болған қызыңмен кездесетіндей сыланып-
сипанып!» - деп Муринге, командирлер мен солдаттарға ақыл үйреткенім 
қайда? Сондағы кейпім мынау ма? 
Білгір де зерек Рахимов менің ойымды аңдаған сияқты. 
- Жолдас комбат, жуынатын боларсыз? Аулада қол жуғыш тұр. 


340 
- Рақмет, - дедім. - Табамын ғой. 
Сүлгі мен сабын алып, аулаға шықтым. Онда ызғарлы жел азынауда. 
Аспанды бүркеп алған аласа сұрғылт бұлттың үскірік лебі: қары аралас 
жауған жаңбыр денеңді түршіктіреді. Иш-шай-ай… Сүреңсіз күн жылы 
жерге, үйдің ішіне қайтадан айдағысы келгендей. Қазір бәрін жинастырып 
тастап, басыңды жастыққа қойып, үстіңе тон жамылып, осы қалпыңда 
бірнеше сағат ұйқтап алсаң, қандай рақат болар еді. 
Жоқ, Бауыржан, оның жӛн емес! Мен дереу белуарыма дейін 
шешіндім де, жалаңаш тәнімді ызғарлы жел ӛтіне тӛсеп тұра қалдым. 
Теріме инедей қадалған ызғар тұла бойымды түршіктіріп жіберді. 
Қалшылымды әрең басып, алақаныммен денемді сипап кӛрдім. Ырсиып 
кеткен қабырғаларымды саусақпен санап шығарлықтай, жүдеу тартқандығым 
соншалық, қарным қабысып қалғандай. Сүлгіні беліме байлап алып, ілулі 
қаңылтыр қол жуғышқа қарай бара жатқан едім, дәл осы сәтте сенектен үй 
иесі - басына жылы орамал салған егде әйел шыға келді. Күс басқан қолында 
бақыраш пен бір шелек суы бар. 
- Тоқтай тұр… Үстіңе ӛзім су құйып жіберейін. 
Мен құлақшынымды алып, қадаға іліп қойдым. 
- Ал, құя бер… Тура басыма, арқама құй. 
- Суық тиер. Үйге барайық та. 
- Құй деймін! 
Етті қаритын, мұздай су бақырашшен басыма, арқама құйыла берді. 
Шаршап-шалдығуым сүметілген сумен бірге кетіп, тынысым кеңіп, денем 
жеңіл тартқандай, былайша айтқанда, қайтадан әлденген деймін. 
Әйелге алғысымды айтып, үсті-басымды сүлгімен құрғата сүрттім. 
- Ӛзің әбден жүдепсің, жігітім… Қарныңды тойғызар-ақ едім, бірақ 
ӛзімнің бар қорегім сұйық сорпа ғана. Сұйық сорпа ішесің бе? 
- Рақмет, ішіп кӛрейін… Бірақ сәл кідіре тұр. Алдымен ісімді 
бітірейін. 
Сырмалы бешпентімнің үстінен белдігімді буып, тарағыммен сулы 
шашымды тарадым. Әйел жӛнімді сұрады: 
- Ӛзің қай жердікісің? Қырғызсың ба? 
- Қазақпын… Алматыдан. 

Енді жуынып-таранып алғанмын, үстімде белдікпен шарт буып алған 
сырмалы бешпентім, аяғымда балшықтан тазартылған етігім - міне осы 
қалпымда рота командирлері отырған бӛлмеге қайта оралдым. Бәрі бірден 
орындарынан тұрып, мені ізетпен қарсы алды. 
Мен стол үстінде жаюлы жатқан картаға жақындадым.
- Бері келіңдер! 
Командирлер столды айнала қоршап алды. 


341 
- Менің бұйрығымды тыңдаңдар. Жауынгерлер үйлерден шығарылып, 
күзет қойылсын. 
Картадан әркімнің қорғаныс шебін кӛрсетіп бердім. Сенек жақтан 
есіктің тарсылдағаны, біреудің етігін сүртіп, еденді түсірлеткені естілді. Мен 
сӛйлей бердім: 
- Колхоз председателі бізге арнап тайынша сойды. Жауынгерлерге 
тамақ пісіріп беру үшін ет үй иелеріне үлестіріліп берілді. Тамақ піскенше 
жұрт окоп қазатын болсын. Белуарына дейін окоп қазып үлгергендерге ғана 
тамақ беріледі, 
Сол заматта есік жайлап ашылып, тұрпайылау таныс дауыс есітілді: 
- Комбат, сенің қонақасыңа аздап кешігіп келдім. 
Жұрттың бәрі жалт қарады. Есік алдында саяси Толстунов тұр 
бӛлімнің нұсқаушысы, аға политруҡ екен. 
- Сенен бір сағатқа қетіпедім, - деді ол тағы да, - бақсам, содан бері 
тӛрт тәулік ӛтіпті. 
Командирлерді кӛзімен шолып шығып, олардың ішінен Заевты да, 
Панюковты да кӛре алмаған Толстуновтың үніне сайма-сай тұрпайылау 
жүзінен ешқандай таңдану белгісі білінген жоқ. Тәрізі, маған келе жатқан 
бетінде батальонның жай-мәнісін әбден сұрастырып білген болу керек. 
Асықпастан шинелін шешіп, шегеге ілдіде, тӛсекке келіп отырып, шешулі 
етігін қайта кие бастады. 
- Үйің суықтау екен, комбат. От жақса болар еді. 
Сыңайына қарағанда, батальоннан мүлде кетпеген немесе аз ғана 
уақыт кӛзден таса болған адам сияқты. 
Мен командирлердің кетуіне рұқсат еткен едім, осы арада Толстунов 
қиліге кетті. 
- Сабыр ет, комбат. Менің ала келген темекім бар. Ӛзіңді де бас 
тартпаймын деймін. 
Ол асықпастан қапшығын шешті де, бірнеше қорап темекі шығарып, 
командирлерге үлестіріп берді, сонан соң стол үстіне бір қорап «Қазбек» 
қойып, шылым тартуды ӛтінді. Ащы түтін соруды аңсап қалған басымыз, 
шылымнан темекіні мақұл кӛрдік. Молынан оралған темекінің кӛкшіл түтіні 
үйдің ішін қаптап алды. Темекі уыты басына шауып, кетіп қалған жұртқа 
бӛлме шайқалып, кӛшіп бара жатқандай кӛрінді, сонда да үнсіз жұрт темекіні 
рақаттанып сора берді. 
Тағы да есік ашылып, бӛлмеге Бозжанов кіріп келді: шинелін шешіп, 
жуынып алған, ӛзі ӛте кӛңілді, танауын шүйіріп, темекінің ашқылтым иісін 
құныға ішіне тартады. Бозжановтың қолында салтанатпен ұстаған қаңылтыр 
табағы бар, оның іші толған ашытылған ақшыл-сарғыш капуста, бұған қызыл 
моншақ тӛрізді жидек қосылған. 
- Жолдас комбат, рұқсат етіңіз, бәрі де дәмін татсаң. 



342 
Менің әлденуім ұзаққа бармады. Үй иесі ұсынған қара сорпаны ішіп, 
Толстуновтың құрғақ тамағынан тояттап алып, біраз тынықсам деген едім. 
Ұйқылы-ояу күйімде Бозжановтың сенекте самаурын қойып жүргенін, 
Толстуновтың бір құшақ ағаш отын әкеліп, әр ағашты жұқалап жарғанын, 
пешке от жаққанын есітіп жаттым. Рахимов қаламын сырылдатып, 
жауынгерлік ақпар жазуда. Кейде оны бір жаққа шақырғанда бӛлмеден 
шығып кетеді де, біраздан соң ақырын ғана қайта оралады. 
Тағы да есіктің тарсылдағаны естілді. Тӛсектің жанына келген 
Бозжанов қалшия қалған. Бірдеңе айтқысы келсе де, батылы бармай 
тұрғанын сеземін. 
- Саған не керек? 
- Жолдас комбат… Күреңше табылыпты… 
Басымды кӛтеріп: 
- Қайда ол? Қайдан табылыпты? - деп сұрадым. 
Бозжанов әлденеден мүдіріп қалды. 
- Синченко экелді… 
Синченко? 
Аласұра шапқан Күрең тӛбелдің ақсиган сарғыш тісі, ер-тоқымы 
үстінде аттың жалынан мықшия ұстап алған Синченко, жұрттың топалан 
тигендей, тым-тырағай қаша жӛнелгені кӛзіме елестіді. Басымды кӛтеріп 
отырдым. Ішім тастай.
- Кірсін бері! 

Синченко табалдырықтан аттады. Екі беті сүреңсізденіп сұрланып 
кеткен. Маған кӛзінің қиығымен бір қарап, мұңая қалды. 
Неге келдің? - деп сұрадым мен. 
- Әлгі… 
- Тынысы тарылғандай, кенет жым болды. - Әлгі Күреңшені әкелдім. 
- Неге ӛлтірмедің оны? 
- Қалайша? Не үшін? 
- Неге қаштың? 
- Мен қашқан жоқпын… Ӛзі құтырып кетті, жолдас комбат. 
Шылбырды үзіп алдым… Бой бермей ала қашты. 
- Неге ӛлтірмедің? Пистолетің бар еді ғой? 
- Бар болатын, жолдас комбат. 
- Құлақ-шекеден неге атпадың? Табанда неге жайратпадың? 
Синченко үндемей қалды. 
- Неге секіріп түспедің? Неге қайтып оралмадың? 
- Мен, жолдас комбат… Мен ойладым… 
- Не деп ойладың? Мені ӛлді деп пе? Неге қарамайсың маған? 
Синченко әзер басын кӛтерді. 


343 
- Айтшы: мені ӛлді деп ойладың ғой, ә? Ӛлген болсам, сүйегімді неге 
алып шықпадың? 
Осынау қатыгез сұрақтар оның бетіне қамшымен осқандай тиіп 
жатты. Үнсіздіктен басқа жауап болған жоқ. 
- Жоғал! - дедім мен. - Батальоннан қараңды ӛшір! 
- Қайда кетпекпін, жолдас комбат? 
- Қалаған жағыңа кет! Ұрыста бізді тастап кеттің ғой, ендеше бізге 
қайта оралушы болма! Тайып тұр! 
Синченко үнсіз бұрылып, бӛлмеден шығып кетті. Штабта тыныштық 
орнады. Тек пештегі отын сытырлап, лаулап жануда. Пештің алдында 
жүресінен отырған Бозжанов отқа қадала қалыпты. Толстунов сіріңкесін 
жағып, саусағына қыстырған шылымын тұтатып, сора бастады. 
Ақырын ғана пештің қалқанын жауып орнынан тұрған Бозжанов 
далаға шыққан еді. Сәлден соң қайта оралды. 
- Аулада отыр, - деп хабарлады ол. 
Мен үн қатпадым. Бозжанов тағы да далаға шығып, қайтып келді. 
- Күреңше де байлаулы тұр. Пішен беруге бола ма оған, жолдас 
комбат? 
- Бер. 
Бозжанов сенекке сығалап қарады. Сенектен аулаға шығатын есік 
ашық тұрған болуы керек, ол енді дауыстап сӛйледі: 
- Синченко! Күреңшеге жем-шӛп бер! 
Мен үндемедім. Маған қарсы бір ауыз сӛз айтпастан, Бозжанов 
атқосшыны сақтап қалуға барынша тырысып бақты. 
- Биенің жем жеуі қалай екен, кӛріп келейін, - деп бәйектеді Бозжанов. 
Тағы да бір-екі минут сыртта жүріп қайтқан Бозжанов мынаны айтты: 
- Қатты арықтаған… Мені бірден таныды… - Маған қарамастан ол 
әңгімесін жалғастыра берді: - Биені одан талай рет алып қоймақшы болған 
екен, әйтеуір ептеп-септеп осында әкеліпті. 
Сол екі арада Толстунов столға шыны-аяқтар қойып, қапшығынан 
қанты мен бір шӛкім шайын алды. Бозжанов тағы да сенекке шықты. 
- Самаурын дайын. Әкелуге бола ма, жолдас комбат? 
- Болады. 
Толстунов менің қасыма келді. 
- Комбат, ӛзің бір түрлі жабыңқысың ғой? Кәне, етігінді шешуге 
кӛмектесемін. 
Менің жауабымды күтпестен, епті де күшті қолдарымен тартып, 
етігімді сыпырып алды. Бойым бірден жеңілдегендей. Етігімді шешпегеніме 
қанша тәулік болғаны есімде жоқ. Дәл осы сәтте Сипченко қайнаған 
самаурынды алып кірді. 
- Мына жерге қой, - деді Толстунов. Сонан соң атқосшыны шақырды: 
- Николаша, комбаттың шұлғауын алып, кептір. Етігін тазалап жу… 


344 
Аяқтың қара қошқыл дағы түсіп ылғалданған шұлғауды Синченконың 
әкеткенін, бұдан соң етіктерімді алып шыққанын үнсіз қӛріп жаттым. 
Бозжанов енді оның соңынан батылырақ дауыстады: 
- Николаша, отын ала кел! 

Отын әкелген Синченко пештегі отты кӛсіп жатқанды. Жалынның 
аптабынан оның беті аздап қызара бастады. 
Соларада Толстунов айтты: 
- Синченко, немене, кӛрмеймісің? Комбат жалаң аяқ отыр ғой. 
Оның жылы ұйығы бар ма еді? 
- Табамын! 
Бір минуттан кейін Синченко маған бір пар ұйық әкелді. Мен 
қолымды созбадым. Оны тӛсектің үстіне қойды да, ӛзі қайтадан пешпен 
айналысты. 
Ұзамай Брудный келді, мен мұны барлаушылар взводының міндетін 
түсіндіру үшін шақыртқанмын. Брудный нәшпен ӛкшелерін тықылдатып, 
маған ізет етті. 
Дәл осы сәтте ӛткендегі бір елес кӛз алдыма келді… Мен бірнеше 
қабат бӛренемен жабылған блиндажда отырғанмын, сонда Синченконың 
маған қарап еңкейіп, сыбырлағаны есітілген. 
«Жолдас комбат… Ана жақта лейтенант Брудный… Сізді күтіп 
отыр…» 
Қорқақтық кӛрсеткен Брудныйды сапта тұрған жауынгерлер алдында 
соттап, батальоннан қуып жібергенімді менің атқосшым білетін. 
- Кірсін, - дегенмін мен. 
Содан бері он күн ӛткен - не бәрі он күн! Қазірменің жарлығымды 
күтіп тұрған осынау ойнақы кӛз, жылтыр қара, ажар лейтенант сонда ұрыста 
масқара болғаны үшін осылай жазаланған-ды. 
- Отыр, Брудный, - дедім мен. - Үлесі тиген темекіңді ал… Синченко, 
лентенантқа шай құйып бір… 
Бозжановтың кӛңілін демдеп құлағыма шалынды. Сонымен, 
атқосшының кінәсына кешірім жасалды. Бұл жайында енді ешкім әңгіме 
қозғаған жоқ. Ӛйткені ӛткен іске ӛкінбес болар деген нақыл бар ғой. 
10 
Нақ сол күні ойламаған жерден батальонға тағы бір қырсық тап 
болды. 
Бәріміз тӛрт күн ұдайы аш жүргеннен кейінгі жерде тамақты тарта 
жемей, қомағайланудың сазайын тарттық. Жұрт іш ауруына шалдығып, 
тӛңбекшумен болды. Батальон жауынгерлік қабілетінен айрылды. Сақшылар, 


345 
жауынгерлік күзеттегілер, окоптағы адамдар, командирлер қирай ауырып 
қалды. 
Не істеу керек? Сорымызға қарай, маңайымыз,а медицинадан 
мағлұматы бар бірде-бір адам болмай шықты. Санитарлық взвод 
жаралыларды тылға әкетумен айналысып, Киреевпен, дәрежесінен айрылған 
Беленковпен бірге кеткен болатын. 
Маған кенеттен бір ой түсе кетті. Апиын ерітіндісі құйылған, еденде 
тізіліп тұрған әйдік ыдыстар кӛзіме түскен-ді. Алақай, іш ауруының 
таптырмайтын емі ғой бұл! 
Осындай бір шыны ыдысты стол үстіне қойып, аузын аштық. Шипалы 
ерітіндіні стақанға құйып, дәмін татып кӛрдім. Спирт қосылған дәрі ӛзегімді 
ӛртеп, ұнамды әсер еткендей. Бұдан соң ерітіндіні Бозжанов татып кӛрді. 
Мұны бір-екі жұтқаннан кейін олда рақаттанып қалды. Дәріні Рахимов та 
ішті. Шынында да, мұның ӛзі шипалы болып шықты - іштің ауырғаны 
басылды. 
Мен ерітінді құйылған ыдыстарды бӛлімше командирлеріне үлестіріп 
бергіздім.
- Жауынгерлер дәріні ішетін болсын. Алаламай, әрқайсысына ӛз үлесі 
- ширек стақаннан ерітінді берілсін! - дедім. 
Осындай ем жасап болып, жантайып жатқан едім, ұйқтап кетіппін. 
Түн ортасында біреу түрткілеп оятты. Не болып қалды? Мені жұлқылап 
тұрғызған сапарынан қайтып оралған Киреев екен. 
- Жолдас комбат, не істегенсіз ӛзіңіз? 
Есеңгіреткен ұйқыдан бірден айыға қоймадым. Ақырында 
фельдшердің не айтып тұрғанын түсіне бастадым. Бақсам, менің істегенім 
барып тұрған сорақылық екен. Ерітіндіні әркімге он бес тамшыдан берудің 
орнына мен алыптың сыбағасын ішкізіппін, былайша айтқанда, батальонды 
апиынмен уландырыппын. Сондықтан қирай ұйқтап жатқан жұртты дереу 
жұлқылап ояту керек, әйтпесе мәңгі-бақи оянбауы да кәдік. 
Бұл түні қандай қасірет шеккенімді баяндан жатпаймын. Біз бірнеше 
командир, фельдшер, санитарлар - солдаттарды оятып, аяғынан тік 
тұрғызумен болдық, қайтадан сұлап түсіп, ұйқыға шомғандарын да әбден 
айықтырғанша тыным кӛрмедік… Әйтеуір, таң ата, бір қатерден әупіріммен 
аман қалған солдаттар, түгел мәңгіріп қалыпты. Мәңгірсе де, солдаттың 
асқазаны ғажайып емге шыдап бақты. 
Біздің сергелдеңіміздің аяқталуымен тынған, алыптың сыбағасы 
жайындағы оқиға, міне, осындай болатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет