Арпалыс (Волоколамск тас жолы)


ДИВИЗИЯ КОМАНДИРІНІҢ ЛҦҒАТТЫ



Pdf көрінісі
бет57/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   76
Арпалыс 1,2

ДИВИЗИЯ КОМАНДИРІНІҢ ЛҦҒАТТЫ 
СӚЗДЕРІ МЕН ӚНЕГЕЛІ ІСТЕРІ 
 


346 
«Адамның кӛтеріңкі кӛңіл-күйі 
ұрыста ең айбарлы қару». 
Осының бәрін Панфиловқа, әрине, сізге айтқандағыдай жайылыңқы 
түрде емес, ықшамдап баяндадым. Генерал сұрақтар беріп, әлденеше рет 
сӛзімді бӛлді, сӛйтіп, әңгіменің егжей-тегжейін анықтап отырды. 
- Ұрыстарда айрықша кӛзге түскендердің тізімін жасап үлгермедіңіз 
бе, жолдас Момышұлы? 
- Жасалған, жолдас генерал. Бүгін таңертеңнен бастап осымен 
айналыстық. 
- Қайда ол? Әкеліңіз. 
Мен наградтауға лайық деп санаған командирлер мен жауынгерлердің 
мінездемелерін сумкамнан шығарған едім, Панфилов, қағаздарды дереу 
қолына алып, қарай бастады. 
Политрук Дордия туралы жазылған қағазды кӛзімен жедел шолып 
ӛтіп, бірнеше рет басын изеді де, мынадай сӛздерді естірте оқыды: 
«Рота командирінен айырылып, байланыссыз қала тұрса да, ӛз 
білігінше басқару тізгінін қолына алып, қараңғыда ыдырап кеткен ротаны 
жинай білді". 
Қағазды тӛмен түсірген Панфилов менің бетіме қарады. Кӛздері 
қулана күлімдеп тұрған сияқты кӛрінді. 
- Командирінен айырылып, - деп қайталады ол, - байланыссыз қала 
тұрса да, ӛз білігінше басқару тізгінін қолына алып… Мәселенің түп қазығы, 
қаласаңыз, мәні міне осында, жолдас Момышұлы. 
«Мәселенің мәні» деген сӛздердің мағынасын білетінмін. Бірақ 
Панфиловтың не жайында айтып отырғанын пайымдай алмадым. 
Сондықтан: 
- Ненің мәні? - деп сұрадым, 
- Мынаны айтам! - деп кілт бұрылған Панфилов екінші столдың 
үстінде жаюлы жатқан картаны иегімен нұсқады. Түрлі түсті 
қарындаштармен соғылған белгілерден шұбарланып кеткен осынау картаға 
бүгін бірінше рет үңіліп қарағанымда үрейім ұшқан. - Мынаны айтам, - деп 
қайталаған Панфилов енді картаны күнге күйіп, шымқай күрең тартқан 
қолыман нұсқап кӛрсеті. - Біздің жаңа тактикамыздың мәні… Жаңаша 
қорғануымыздың мәні… Ұқтыңыз ба? 
- Жоқ, ұқпадым, жолдас генерал. 
- Ұқпадыңыз ба? Бірақ бәрін ӛзіңіз түсіндіріп бердіңіз ғой, жолдас 
Момышұлы. 
- Нені түсіндірдім? Мынаны ма? 
Картаға жақындап, кӛптеген жерінен бұзылған майданды, ӛз ойымша, 
бейберекет бӛлшектеліп кеткен, бытыраңқы буындарды тағы да 
кӛргендеймін. Дивизияның шебін қақыратып, бӛлшектеген немістер біздің 
қудаланып, бұзылған қорғанысымызды талай рет нақ осындай күйге 
ұшыратқан. Бірақ бұл жӛнінде дұшпанға ӛзіміздің кӛмектесетініміз қалай? 


347 
Оның үстіне қазір маған мысқылдай қарап отырған Панфиловтың бұлай етуі 
қалай? Шынымды айтсам, оның мысқылдауы менің намысыма тиді. 
- Ендеше, талдап кӛрейік, - деді ол. - Отырыңыз. Тағы бір стақан шай 
ішерсіз? 
Дала телефонының тағы да сыңғырлағаны естілді. Панфилов 
трубканы тосты. 
- Иә, тыңдап тұрмын, Иван Иванович… Ә-ә, капитан Дорфманның 
жазғанын айтамысыз. Бүгін жіберу керек дейсіз бе? Ым-м… ым-м… Ӛте 
сәтті ме? Оқып кӛрермін. Тек бір сағаттан кейін ғана қолым босайды, Иван 
Иванович. Дорфман жолдасқа айтыңыз, бір сағаттан кейін келсін. 
Осынау қысқаша сӛзін бітіргеннен кейін Панфилов менің қасыма 
қайта оралды. 
- Сізден жасырарым жоқ, жолдас Момышұлы. Мендей пақырыңды бір 
құдайдың ӛзі жебесін: Волоколамскіден неге айрылдың? деп тергеп жатыр. 
Арнаулы комиссия құрылған. Түсінік жазып жатырмыз: бір қатерден 
әупіріммен аман дейміз. Жауап күткендей, маған аңыра қарап, біраз үндемей 
отырды ол. Сіз қалай ойлайсыз, жолдас Момышұлы? Аман құтылар ма 
екенбіз? 
Бұған сенімім кәміл, жолдас генерал. 
- Ымм… «Жақсы лебіз - жарым ырыс» - деген, рақмет. 
Генералдың әуезінен маған тағы да мысқылдау сарыны естілгендей 
болды. Алайда Панфилов байсалды қалыпқа түсті. 
- Осы бірнеше күннің ішінде сіздің қандай тәлім алғаныңызды талдап 
кӛрейік, жолдас Момышұлы. 

Бір жолы Панфиловтың: «Соғыс та талдауды керек етеді. Менің 
әскерім - менің ақадемиям. Сіздің батальоныңыз - сіздің академияңыз», - 
деген лұғатты сӛздерін есіткенмін. 
Қазір батальонның қимылын тағы да талдағалы отырмыз. Неге екенін 
кім білсін мен қатты күрсіндім. «Неге екенін» дейтінім, дәл осы сәтте неге 
күрсінгенімді ӛзім де түсіне қойған жоқ едім. Панфилов маған сын кӛзімен 
бір қарап, күтпеген жерден былай деді:
- Дәу де болса сіз: «Мен бұл кісіге бар сырымды ашып, жанымды 
жаралаған ойларымды бүкпей айтып едім, ал ӛзі екі-үш ұрысты аздап 
талдаумен ғана тынбақ», - деп отырған шығарсыз. Солай емес пе? 
Ӛзім әлі де мойындай қоймаған кӛңілімдегі түйткілді Панфилов дәл 
тапты ғойд еймін. Менің үндемеуім оның жорамалын растағандай еді. 
Генерал әңгімесін жалғастыра берді:
- Сіз: «Ӛзі жауап беріп кӛрсінші - біз неге шегініп барамыз? Немістер 
бізді қашанға дейін қуа бермек? Оларды Москваға неге жақындатып алдық? 
Кәне, жауап беріп кӛрсінші!» - дейтін боларсыз. Солай емес пе? 


348 
Панфилов орнынан тұрып, маған қарай еңкейді, оның қулана 
миығынан күлгенін тағы да байқап қалдым. 
- Сізге айтсам, җолдас Момышұлы… - Оның сӛзінде бір құпия сыр 
бардай кӛрініп, жаңалық есітермін деп күттім. - Сізге айтсам, мұны мен де 
білмеймін. 
Менің бет-пішінімнің құбылысын байқап отырған Панфилов сақ-сақ 
күлді. 
Ӛзіңізге айтқан болармын деймін, Панфиловтың мұндай кӛңілді 
кейпін мен бұдан бұрын ешқашан да кӛрген емеспін. 
- Тегінде бәрі бірдей мен айтқандай емес, - деп енді Панфилов ӛзгеше 
жӛнге кӛшті. - Сіз бен біз кейбір аса елеулі нәрсені де білеміз. 
Ол соғыста біздің сәтсіздікке ұшырауымыздың бірқатар себептерін 
атап ӛтті. Әрине, бұл себептер маған да мәлім болатын: неміс армиясы 
соғысқа сақадай сайланып алып кірісті; Европа жірлеріндегі шайқастарда 
оның ӛз күшіне сенімі күшейді, ұрыс тәжірибесін үйренді; танктері мен 
авиациясы жағынан бізден басым болды. 
- Тағы не? Тұтқиылдан тиіскені ме? - деп сұрақ қойды ол. 
- Иә, тұтқиылдан тиісті. Бірақ бұған біз неге жол бердік? Аңғырттық 
жасауымыздың себебі не? Шындықпен неге санаспадық? 
Маған қарамастан, менен жауап та күтпестен, бұл сұрақтарды ӛзіне-
ӛзі қойды ол. Жәй ғана ішкі сырын маған ептеп ашып, еруліге қарулы, 
шыншылдықтың қарымтасын қайтарды. Бәлкім, бұдан да кӛп жайттерді 
айтар-ақ еді, бірақ ӛзін тежеп қалды. Біраз үнсіз отырғаннан кейін маған 
қарап былай деді: 
- Менің білуімше, біздің кінәміз осында, жолдас Момышұлы, біз 
шындықпен санаса білмедік. Ал ӛмір шындығы мұндай аңғырттықтың 
сазайын тартқызбай қоймайтыны мәлім! Мұны ұқтыңыз ба? 
Әлдеқашан ыңылдауын қойған самаурынды саусағымен шертіп, ол 
сенекке шығатын есікті ашты. 
- Жолдас Ушко! Айтыңызшы, бізге самаурын қойып берсін. Бұдан соң 
тағы да маған қарап үн қатты: 
- Сонымен, шартымыз былай болсын, жолдас Момышұлы… Сіз бен 
біздің білмейтініміздің де кӛп екені рас. Әйтеуір, бір кезде тарих мұның бәрін 
зерттеп, ашып берер… Ал дивизияның қимылы бізге мәлім. Бұл жайында біз 
пікір қорытуға міндеттіміз бе. 
Бӛлмеге лейтенант Ушко кіріп келді. 
- Жолдас генерал, сізді Москвадан келген тілшілер күтіп тұр. 
Қабылдауыңызды сұрайды. 
- Қазір мүмкіндігім жоқ. Қолым тимейді… Әсте мүмкін емес. Әзірше 
әскери бӛлімдерге барсын. Кешкісін марқабат етулерін сұраймын. 
- Әскери бӛлімдерде болып қайтышты, жолдас генерал. 
- Онда тынықсын. Осыған жағдай жасаңыз. 
- Жолдас генерал, ішінде фототілші де бар екен. Күтіп тұруына 
болмайтын кӛрінеді. Дереу жүріп кетпекші. Қатты ӛтініп сұрайды. 


349 
Панфилов миығынан күлді. 
- Менің айбынды адъютантымды суретке түсіріп үлгерген екен ғой. 
Ара түсуін қарашы. Жарайды, шақырыңыз. Сізді ұятқа қалдырмайын, жолдас 
Ушко… 
Картаға жақындаған Панфилов қарындашпен белгіленген дивизия 
шебін кӛзден тасалау үшін оны екі бүктеді. 

Күлгін түсті шашын қалай болса солай тарай салған, бірақ әскери 
гимнастеркасы бойына әбден қонымды, москвалықтардың мәнерімен баптап 
сӛйлейтін фототілші Панфиловтың бӛлмесіне кіріп келді.
- Капитан Нефедов, - деп таныстырды ол ӛзін. - «Фронтовая 
иллюстрация» журналынанмын. 
Ӛзінің кәсібіне сай Нефедов бӛлмені, терезелерді, этажерканы, 
айнаны, далалық телефонды, столды кӛзімен бір шолып ӛтіп, маған да назар 
аударды. 
- Айтпақшы, танысып қойыңыз, жолдас Нефедов, - деп үн қатты 
Панфилов. 
- Бұл менің резервімнің командирі аға лейтенант Момышұлы. 
Мен орнымнан тұрдым. 
- Резерв командирі? - деп қуанды Неферов, - тамаша бір сюжет 
болғалы тұр. 
Ӛзіне сап ете түскен бір ойға Нефедовтың қуанғаны айқын сезіледі. 
Ӛзі аздап қызарып та кетті, тіпті, бес саусағымен сабырсыздана шашын 
тарамдады. 
- Сюжетсіз-ақ түсірсеңіз болмай ма? - деді Панфилов. – Мені осы 
тұрған қалпымда жәй түсіре салсаңыз болғаны да… Сонан соң бір суретті 
менің ӛзіме берсеңіз. Үйдегілерге жіберер едім. 
- Сӛйтемін… Дәл айтқаныңыздай істеймін, жолдас генерал. Енді 
терезеге жақынырақ келіңіз. 
Панфилов бойын түзеп, басын аздап жоғары кӛтерді. Дәл осы сәтте 
фотоаппарат та сырт ете қалды. 
- Ал енді, жолдас генерал, сізді журнал үшін түсірейін, - деді Нефедов. 
- Әлгі түсіргеніңіз жарамай ма? 
- Жарамайды, - деп кесіп айтты Нефедов. - Жиі кездесе бермейтін, 
жауынгерлік, соны сюжет керек, жолдас генерал. 
- Ә-ә… Сонда сюжетіңіз қандай? 
- Қазіргі орныңызда тұра беріңіз, жолдас генерал. Ал аға лейтенант 
мына жерде тұрсын. Сіз, жолдас генерал, қолыңызбен терезе жақта нұсқап 
кӛрсетіңіз! Суретке түсіндірме сӛздер жазамыз. 
Жоғары жағында: «Дивизия командирі ұрыс жағдайында» дейміз. Ал 
тӛменгі жағында: «Генерал Панфилов қарсы шабуыл жасап, дұшпанды қуып 
тастауға бұйрық беріп тұр», - деген сӛздер болады. 


350 
- Бірақ мен ешқашан да мұндай бұйрық бермеймін, жолдас Нефедов. 
- Жолдас генерал, ӛтініп сұраймын сізден… Осыған кӛне қойыңызшы. 
Үзілді-кесілді бас тартса, тілшіні қатты ренжітетіні анық еді.
- Уһ… - деп күрсінді Панфилов. - Амал не, түссек түсейік, жолдас 
Момышұлы. 
Мен тілшінің кӛрсеткен жеріне барыш тұрдым. Панфилов бір 
жӛткірініп, саусақтарын сәл тарбитып, қолын кӛтерді. Оның осындай 
ишараты жайында сізге айтқан болармын деймін. Кӛңіліне бір күдік 
ұялағанда ол ылғи осылай ететін. 
- Бұдан ештеңе шықпайды, жолдас генерал, - деп мәлімдеді Нефедов. 
Ойлап қараңызшы: немістер киіп-жарып келіп қалды. Осы сәтте сіз: "Алға, 
қарсы шабуыл жасандар!» - деп бұйрық бересіз. Мұндайда қыранға біткен 
айбат керек, жолдас генерал! Панфилов дереу қолын қалтасына салып, 
қайсарлана басын тұқыртты. Енді оның бүкшигені, кеудесінің еңкіштігі 
айқын білініп тұрды. 
- Қалай түсірсеңіз де қалауыңыз білсін, - деді ол тұнжырап. 
Бірақ қолымды сермемеймін. 
- Онда қалай болады? Тым болмаса терезеге қарай мойныңызды 
бұрып тұрыңыз, жолдас генерал. Бірақ маған ашулана кӛрмеңіз… Сіз де 
солай қарай мойныңызды бұрыңыз, жолдас аға лейтенант. Міне-міне… 
Жақсы! 
Нефедов сыншыл кӛзімен бізді тағы бір шолып ӛтті де, кенеттен 
ӛзінің кәсібіне сай келмейтін сарынмен лепіре сӛйледі: 
- Жолдас генерал, аға лейтенант екеуіңіз бір-біріңізге ұқсайды 
екенсіз… Әрине, дағдылы мағынадағы ұқсастық аз. Бірақ қырынан 
қарағандағы пішіндеріңіз бірдей. 
Аппаратына үңілген тілші бізді екі қайтара түсірді. Дегенмен бұған 
ӛзінің кӛңілі кӛншімегенін жасырған жоқ: 
- Әттең, не керек, мен айтқандай, бұйрық беріп тұрғаныңызда қандай 
жақсы болар еді, жолдас генерал! 
- Жақсы боларын ӛзім де білемін, - деп үн қатты генерал. 
Оның жалт ете түскен кӛзқарасынан мен мысқылдау ұшқынын байқап 
қалдым. Ал Нефедов мұны аңдаған жоқ. 
- Тым болмаса жұдырығыңызды бір сермесеңіз етті! – деп ӛтініш 
білдірді тілші. 
- Қазақта бір мәтел бар, - деді Панфилов мені иегімен нұсқап. 
- «Білекпен бірді жығасың, ақылмен мыңды жығасың» деген. 
- Бірақ мұны қандай сюжетпен бейнелеу керек? – деп сұрады Нефедов 
елеңдеп. - Карта қасында тұрғандарыңызды түсірем бе? Бұл сан рет, жүз рет 
болған! Жаңалық емес! Жӛн сілтеңізші, жолдас генерал. 
- Ӛзгешелеу бірдеңе керек пе? 
- Иә. Бұрын баспасӛзде болмаған, дәл ӛмірдің ӛзінен алынған кӛріністі 
түсірсем деймін. 
- Дәл ӛмірдің ӛзінен де? Болады. Жолдас Момышұлы, отырыңыз. 


351 
Қолымен ишаралап, мені шай ішетін столға шақырды. Стол үстінде 
бұрыннан самаурын, бірнеше стақан, ақ шәйнек, қант сауыты, аузы ашылған 
шарап шӛлмегі тұрған-ды. Менің қасыма келіп отырған Панфилов маған 
мынадай сұрақ қойды: 
- Шегіну жӛнінде Лениннің не деп жазғанын білесіз бе, жолдас 
Момышұлы? 
- Жоқ, жолдас генерал, білмеймін. 
Панфилов тілшіге қарай бұрылды. 
- Мінеки!… Дәл ӛмірдің ӛзінен. Қапы қалмаңыз! Түсіріп алыңыз! 
Аңырып қалған Нефедов: 
- Мұны не үшін түсірмекшін, жолдас генерал? 
- Не үшіні қалай? Батальон командирі екеуміз шай ішіп, ойланып-
толғанып отырмыз да. 
- Білмеймін… Жарайды, ендеше… солай-ақ болсын!… 
Ол аппаратын бірнеше рет сыртылдатты. 
- Ал мұны не деп атау керек? «Халықтар достығы» дейміз бе? 
- Олай демеңіз, - деді Панфилов кӛңілденіп. - «Дивизия командирі 
ұрыс жағдайында» деп атаңыз. 
Бұдан былайғы жерде генерал ешбір мысқылдамастан, қонағын 
ренжітпестен, онымен жылы шыраймен қош айтысты. 

Біз тағы да оңаша қалдық. 
Жақындап барып картаға кӛз салған Панфилов желкесін қасыды да, 
жоғары кӛтерген саусақтарын біраз ербеңдетін тұрды. 
- Мүмкін, кей жерлерде иін тіресе түскеніміз жӛн болар? – деп ойлана 
үн қатты ол. - Алғы шебімізді тығыздата түссек? Сіз қалай ойлайсыз, жолдас 
Момышұлы? 
Қойған сұрағының сыпайы да табиғи екенін, шын ықыласымен менің 
пікірімді білмек болғанын түсініп, мен де іркілмей батыл жауап қайырдым; 
- Әрине, иін тіресіп тұрған жӛн! Кӛңілге үлкен медеу болады… 
Бұл сӛздердің аузымнан шығуы-ақ мұң екен, айтқанымның бәрі ӛзіме 
оғаш та ерсі болып кӛрінді. Бірақ Панфилов бұған күлген жоқ. 
- Кӛңілге деймісіз? Мұнымен, әрине, санасқан жӛн, жолдас 
Момышұлы. Кӛңіл дегеннің не екенін білесіз бе? 
Бұрынғыша әңгіменің еркін ағысына елігіп кеткенім ғой, мен 
қалжыңмен жауап қайыруға дейін бардым: 
- Мұқаметтің жүз шақты нақылының бірде-бірінен, қасиетті тӛрт 
кітаптың бірде-бірінен сіздің сұрағыңызға жауап таба алмаймыз, жолдас 
генерал. Мен не айтпақпын? 
- Жо-жоқ, жолдас Момышұлы. Сіз мұны ӛте жақсы білесіз… Әскери 
бастық ретінде, командир ретінде білесіз. Адамның кӛтеріңкі кӛңіл күйі - 
ұрыста ең айбарлы қару. Солай емес пе? 


352 
Мен қостайтынымды білдіріп, басымды идім. Панфилов ӛз картасына 
тағы бір қарап, миығынан күлді. Ол дивизия құрылымын жанадан ӛрнектей 
бастаған тәрізді, ӛрнегі мен қалауы әлі бітпесе де, оның ісмер саусақтарының 
илеуіне, әрлеп-ӛрнектеуіне кӛнімді еді. Әрлеп- ӛрнектеу… Дәл осы сәтте бұл 
сӛз ӛзіне ұнап, кӛңіліме ұялағандай. 
Ӛзінің діттеген ойының ұшығына жеткісі келгендій, Панфилов былай 
деді: 
- Міне, біз енді мәселенің тетігіне қайта оралдық. 
Отырған заматта орындығымен бірге маған қарай жылжыды ол. 
Ӛзінің шешіле сыр шерткісі келіп отырғанын, әңгімесін менің байыптап 
тыңдауымды, айтқан ақыл-кеңесін, лұғатты сӛздерін зердеме тоқып, жан 
жүрегіммен қабылдауымды кӛргісі келетінін аңдадым. 
- Сол тетікке оралып келдік, - деп қайталады ол. - Енді мұны басқа 
қырынан алып қарамақшымыз… Совет адамы жайында немістердің - тіпті 
ӛзгелердің де - түйген ойы қандай еді? Олар былайша ойлады: совет адамы 
дегеніміз - зорлықтың қыспағындағы адам, ӛзінің еркінен тыс бұйрыққа, 
зорлыққа бағынушы адам десті. Ал соғыс нені кӛрсетті? 
Панфиловтың бұл мәселені талай рет ой елегінен ӛткізіп, сарапқа 
салғаны байқалады. Бүгін генералға істің жайын баяндағанда совет 
адамының сипатын дәл анықтайтын, оның сыр-сипатын танытатын, ішімнен 
жарып шыққан лайықты баламалар, соны сӛздер мен тенеулер таба алмай 
қиналғанымды, бұған налып, күйінгенімді ашық айтқанмын. Панфилов 
әңгімесін айта берді: 
- Соғыс нені кӛрсетті? Немістер біздің шебімізді бір емес, сан рет 
бұзып ӛтті. Оның бір жағында біздің бӛлімдеріміз, жеке роталарымыз, тіпті 
взводтарымыз байланыссыз, басқарусыз оқшау қалып отырды. Әрине, 
қаруын тастағандар да болды, бірақ басқалары қарсыласудан танбады! Ал 
бейберекет кӛрінген осындай қарсыласудан дұшланның ойсырай шығынға 
ұшырағаны тіпті есептеуге келе қоймас деймін. Ӛзінің әскер бӛлімінен, 
басшыларынан қол үзіп қалған совет адамы партия аялап ӛсірген, тәлім-
тәрбие берген адам ӛз білігінше шешім қабылдап отырды. Қолыңда бұйрық 
болмаса да, ішкі сезім күшінің ықпалымен, ӛзінің кәміл сенімі бойынша 
әрекет істеді. Тіпті, ӛз батальоныңызды алыңызшы. Политрук Дордияға кім 
бұйрық берді? 
Панфилов алдында жатқан бір парақ қағазға қолын созды, мұнда 
наградқа ұсынылған Дордия жӛнінде менің ӛз қолыммен мінездеме 
жазылған-ды. Генерал мына сӛздерді екінші қайтара баяу үнмен оқып 
шықты: 
- «Рота командирінен айырылып, байланыссыз қала тұрса да, ӛз 
білігінен…». 
Панфилов қағазын айналдыра, саусағын кӛтерді. 
Мұнда тұрған не бар деушілердің де болуы мүмкін, - деді ол тағы да. - 
Иә, осындай мыңдаған, он мыңдаған оқиғаның болғаны рас. Бірақ мәселенің 
тетігі, міне, осында! Жалғыз ӛзі немістермен айқасқан ӛзіңіздің Тимошинді 


353 
алып қараңызшы! Орта жолда қалып кеткен жаралылардың қасында болған 
фельдшер ше! Бұларға бұйрық берген кім? Бұларды осылайша қимылдауға 
жігерлендірген қандай күш? Әрқайсысы ӛз бойындағы рухани күштің 
жетегімен, ар-намысының әмірімен ғана осылай қимылдады. Ал сіздің ӛзіңіз 
ше, жолдас Момышұлы? 
Панфилов басын шайқап, күлімдеді. 
- Сіз, әрине, түрлі атақты үйіп-тӛгіп ӛзіңізге ала бергенсіз, тіпті 
генералиссимус та бола жаздағансыз… 
Санамалап айтылған бұл пікір менің шымбайыма бата қойған жоқ. 
Панфилов ӛте сыпайы сӛзімен-ақ, былайша айтқанда, шына-шағының 
мезгеуімен-ақ мені түзете білді. 

Генералдың кӛңілі әлі жай тапқан жоқ-ты. Ол тағы да картаның 
жанына келді. Мен де түрегелдім. 
Бұл жолы Панфилов: «Отыра беріңіз, отыра беріңіз» деген жоқ, қайта 
қасына келіп тұруға шақырғандай, ептеп орнынан жылысты. 
- Міне осыдан келіп бейберекетсіздік дегеніміз тәртіпке айналды… 
Дұрысырақ айтқанда, айнала бастап отыр. Ұқтыңыз ба? 
- Ұқтым, жолдас генерал. 
Менің «ұқтым» деген қысқаша жауабыма қанағаттанбай, Панфилов 
ӛзінің сұрақтарын жаудыра берді:
- Біздің жаңа жауынгерлік тәртіптің ӛмірлік күші неде? Оның іргетасы 
болып отырған нәрсе не? 
Мен жауап беріп үлгергенше болған жоқ, адъютант капитан 
Дорфманның келгенін мәлімдеді. 
- Жоқ, жоқ, жолдас Момышұлы, кетпеңіз. Мен қазір Дорфман 
жолдаспен айналысамын, сіз әңгіменің басы-қасында болыңыз. 
Ӛйткені оның сізге де аздап қатысы бар. 
- Маған ба? 
- Иә. Волоколамск үшін жауап беруіміз керек қой. Ӛз резервімді 
дұрыс пайдаланған-пайдаланбағанымды да айтуым қажет… Бұл жайында сіз 
қалай ойлайсыз? Ә? 
- Бұл жайында менің пікір айтуым қиын, жолдас генерал. 
- Қиын деймісіз? - Менің жауабында бейне бір астарлы сыр 
жатқандай-ақ Панфилов мені құптау сӛйледі: - Иә, иә… Қиын екені рас! 
Ол бӛлмеге кірген Дорфманға қарай бұрылды.
- Келіңіз, келіңіз, жолдас Дорфман. 
Аяғын нәшпен, сыбдырсыз басқан Дорфман столдың жанына барды. 
Хром етігі жалт-жұлт етеді, Екі айыра тараған сарғыш шашы да жылтырап 
тұр. Су жаңа жағалығының аппақ жиегі әлі де кӛнермеген мәуіті 
гимнастеркасының қайырма жағасына әр бергендей Волоколамск түбіндегі 
дүрбелең сәтте де ӛз міндетін сарқылмас жігермен орындаушы дивизия 


354 
штабы оперативтік бӛлімінің бастығы Дорфманды нақ осындай - жасаңдар, 
ойнақы қара кӛз, сәл кербездеу қалпында кӛргенмін. Нақ сол кештегі сияқты, 
бұл жолы да ол маған кӛзімен жымыңдады. Қолтығында ӛзінің кәдімгі қара 
папкасы. 
- Отырыңыз, отырыңыз, - деп үн қатты Панфилов. - Кәне, 
шығармаңызды беріңіз. 
- Жолдас генерал, мен мұны ӛзімдікі дей алмаймын, - деді Дорфман 
әдептілікпен. - Менің бар бітіргенім, сіздің ой-пікіріңізді қағаз бетіне 
түсірдім, жолдас генерал. Оның үстіне, штаб бастығы да… 
- Солай, солай, - деп оның сӛзін бӛлді Панфилов. Инабат сақтадық… 
Ал енді іске кірісейік. 
Дорфман папкасын ашып, машинкаға басылған бірнеше бет қағазды 
алды да, генералға ұсынды. Панфилов Дорфманға ишаратнен тағы да 
орындықты нұсқап, ӛзі терезе жарығына жақындады да, қағазды байыптап 
оқи бастады. 
Оқылған беттер бірінен соң бірі стол үстіне түсіп жатты. Бір мезетте 
Панфилов басын кӛтерместен, стол үстіндегі қарындашты қолымен қармалап 
тапты да, қағаздың шетіне белгі соқты. Қарындаштың сүйір ұшы қағаз бетін 
тағы бір жанап ӛтті. Тағы бір парақ аударылды. Бұған да белгі соғуға 
оңтайланған Панфилов қарындашының ӛткір ұшымен желкесін қасып біраз 
отырды да, бұл беттегі сӛздерді ӛзгеріссіз қалдырды. Бұдан соң қарындашын 
да тастады. 
Соңғы бетте бірнеше жол ғана сӛз жазылған-ды. Оқығанын ой 
елегінен ӛткізгісі келген болуы керек, Панфилов соңғы беттен кӛз айырмай 
ұзақ отырды, 
Ақырында ол: 
- Ӛте нанымды! - деп үн қатты. - Сӛз жоқ, ӛте нанымды! Тәп-тәуір 
еңбек сіңіріпсіз, жолдас Дорфман. 
- Қолымнан келгенін істедім, жолдас генерал. 
Панфилов терезеден қарап тұрды. 
- Шынында да, бізді жауапты етудің ешбір қисыны жоқ сияқты болып 
шығады, - деді ол тағы да. - Волоколамск түбінде ерлікпен дұрыс жүргіздік… 
Асқан табандылық кӛрсеткеніміз сондай, гіпті. Ол Дорфманга қарай 
бұрылды. - Бұл жерін әбден келістіре жазғансыз, жолдас Дорфман, 
Шеберлігіңізге тәнтімін. 
Алайда генералдың бұрынғыдан да қиғаштанып кеткен қалың қара 
қасы айтқан сӛздеріне үйлес емес еді. Дорфман мұны, әрине, аңғара қойды. 
- Кеше ӛзіңіз нақ осындай пікір айтқансыз, жолдас генерал… 
Панфилов бұған жауап қайырған жоқ; бұрынғыша діттентен қалпында 
кӛңілге түйген ойын ӛрістете берді: 
- Қаладан айрылғаннан кейін де табандылық сақтадық, немістерді тас 
жолға жібермедік, Волоколамскіден бірнеше километр жерде майдан шебін 
қайта құрдық. Бұл туралы да келістіре, айқын жазыпсыз. Сонда қорытынды 
қандай болмақ, жолдас Дорфман? 


355 
- Қорытынды ӛзінен-ӛзі келіп шығады ғой, жолдас генерал. 
Қорытынды: іс аяқсыз қалдырылып, архивке ӛткізілсін деу. Солай 
емес пе? 
Дорфман басын иіп осыған қосылытынын білдірді. 
- Сонда не болып шығады? Анау жақта, Панфилов Волоколамск 
тұсын нұсқады, - анау жақта біз, тайсақтаймыз деп, қаладан айрылдық… Ал 
енді бұл жерде де тайсақтап отырмыз… 
- Қалай? Қай жерде, жолдас генерал? 
- Мына жерде… - Панфилов оқылған беттерді нұқыды. – Бұл жерде де 
сондай тұрлаусыздық, сондай батылсыздық… 
- Жолдас генерал, менің айтайын дегенім… 
- Білемін, жолдас Дорфман, түсінемін. Сізді кінәлап отырған жоқпын 
мен. Бірақ айтыңызшы: тек қана бас сауғалап қалу үшін жалтарудың қажеті 
не бізге? Зобалаңнан неге тайсаламыз? Туса туа берсін! 
- Басымызға бәле тілеудің керегі не, жолдас генерал… 
- Жіберген қателерім үшін орнымнан алынсам немесе жазаға 
ұшырасам, бұл маған, әрине, жайсыз тиеді, жолдас Дорфман. Әйткенмен бел 
байлап, бәрін ашық айтайық. «Аяқсыз қалдырылсын. Архивке ӛткізілсін" 
деген бұрыштама жазылмайтындай етіп айтайық. Тәуекел етейік, жолдас 
Дорфман. Жарай ма? 
- Мен әзірмін, жолдас генерал. 
- Бұл жӛнінде мен әсте күмәнданған емеспін. 

Панфилов ойға шомып, бӛлмеде ерсілі-қарсылы жүрді. 
- Волоколамск үшін болған ұрыста біздің жіберген қатеміз қайсы? -- 
деп үн қатты ол. Жинақталған тәжірибеге қарамастан, мен уставтағы 
линиялық тактиканы қолданумен болдым. 
- Ылғи солай бола берген жоқ қой, жолдас генерал, - деп түзетті 
Дорфман. 
- Иә, сіздікі дұрыс. Ылғи емес… Біздің оны әдейі бұза бастаған 
қездеріміз де болды. Мұның мысалы аз емес. Тіпті резервті пайдалану 
жӛніндегі шешімді алсақ та болды. 
Генерал енді маған қарай бұрылды. 
- Кӛрдіңіз бе, жолдас Момышұлы, сізге де келіп жеттік…Мен сіздің 
батальонды жібергенде сол маңдағы ең биік жотаны алуға бұйрық бергенмін. 
Міне осының ӛзі-ақ линиялық тактикадан, линиялық шеп құрудан 
шегінгендік еді. Бірақ бұл батыр, толық жүзеге асырылмады, тұрлаусыз 
болды… Ӛйткені шебіміздің бұзылғанына қарамастан, сіздің батальонды 
қалада қалдырып, сізге қаланы қорғауды тапсыру керек еді. Сіз қазірде де 
қалада ұрыс жүргізу берер едіңіз деп ойлаймын… Міне осыны жазу керек, 
жолдас Дорфман. 
- Құп болады, жолдас генерал. 


356 
Жазғаныңыз мейлінше ӛткір болуы керек, бұл сіздің қолыңыздан 
келеді, жолдас Дорфман. Қате жіберілді деп айқын-ашық жазу керек. Мұның 
мәні қорғаныс ұрысында әскерлердің шеп құруы жайында уставта жазылған, 
бірақ ескіріп қалған ережені жеткілікті дәрежеде үзілді-кесілді бұза 
білмегендігімізде. Жазғанда былайша… іс аяқсыз қалмайтыңдай етіп 
жазыңыз.. Әлбетте, шектен шықпау, асыра сілтемей жазған жӛн. Ал табан 
тірескен, Қаһармандық ұрыстар жӛнінде ақпарды - мұның бәрін сақтаңыз. 
Бұлар орны-орнында қала берсін. Ұқтыңыз ба? 
- Ұқтым. Тәуекел етеміз. 
- Міне-міне… Қалаларды қолдан беру жетеді енді! Қолдан берген 
екенсің - қалайша және неге бергеніңді ашық айт. Жалтарма жауап жазар 
жӛніміз жоқ қой, жолдас Дорфман. 
Менің батальоным жӛніндегі мысалды місе тұтпай, Панфилов 
Волоколамск үшін болған ұрыстағы сәтсіздік жайында капитанмен біразға 
дейін әңгімелесіп отырды. 
- Ұқтым, жолдас генерал, - деді Дорфман. - Кешке таман жазып 
бітіремін. 
- Жоқ, асыққанның ісі шала деген… Түнделетіп те отырғаныңыз 
жақсы. Таңертең маған айта келіңіз, Азар болса қағаз бір күн кешігіп… Ол 
үшін басымыз кете қоймас деймін. Ал енді, жолдас Дорфман, ісіңіз сәтті 
болсын. 

Дорфманға рұқсат бергеннен кейін Панфилов маған қарап былай деді: 
- Кӛрдіңіз бе, жолдас Момышұлы, ӛз уставымызға қарсы шыға бастап 
отырмыз. Қазіргі уставта ӛткен соғыстардың тәжірибесі кӛрсетілген. Жаңа 
соғыс мұны бұзуда. Мұны қатты опық жеп, жанынан түңілген командирлер 
ұрыстың барысында бұзып жүр. Мұны сіздің ӛзіңіз де бұзғансыз, жолдас 
Момышұлы… 
Менің сӛз қосуыма, қарсы пікір айтуыма мүмкіндік беру үшін 
Панфилов маған қарап біраз кідіріп тұрды, бірақ мен бұрынғыша тыңдаумен 
ғана болдым. 
- Бұзғансыз да, содан кейін барып мұны маған мәлімдегенсіз. Мен 
армия қолбасшысына мәлімдегенмін. Ол жоғарғыларға мәлімдеген… Сӛйтіп, 
жаңа устав әбден қалыпқа түспей жатып, оған қол қойылмау жатып
мыңдаған командирлер қазірдің ӛзінде-ақ ұрыстың барысында осы жаңа 
уставты жасауда. 
Бүгін мені қатты мендеткен картаның қасына келіп, Панфилов оған 
тағы да кӛз жүгірте бастады. 
- Дым… Ымм… Иә, аз күшпен қарсыласудамыз. Енді бұл күшті 
нығайтарлық шамам бар. Құдайға шүкір, сіздің батальоныңыз қайта тірілді. 
Сіз тағы да менің резервім боласыз. Екінші ӛңірде қорғаныс шебін құрасыз. 


357 
Мен таңданғанымды жасырмадым: 
- Екінші ӛңірде? Жалғыз менің батальоным ба? 
- Сізге біраз қосымша күш беруге тырысамын. Бәлкім, қуатты 
құралды да қоса берермін. Бірақ мұндай құрал менде кӛп емес. Санаулы ғана, 
болмашы ғана… 
- Сонда не болганы, жолдас генерал?…Біз қалай тӛтеп бермекпіз? 
Егер тұтас полктер ӛңмендеп киліксе, жалғыз батальон, винтовкалы бірнеше 
жүз адам не істей алады?! Біздің армиямыз қайда? Біздің техникамыс қайда? 
Жанымды жегідей жеп, кӛніліме түйткіл болып жүрген ойларымның 
бәрін Панфиловқа тағы да айтып шықтым. Бәлкім, басқа бір дивизия 
командирі алдында мұндай ашық әңгімеге бара қоймас та едім. Бірақ 
Панфиловтың бар мінезі, ӛзінің қарамағындағылармен пікір алысуға, 
олардың кӛзінше ойланып-толғануға, ақыл-кеңесін сұрауға бейім 
тұратындығы осындай сыршылдыққа дем беруші еді. Бұл жолы да зәредей 
кінә тақпастан, керісінше менің айтқанымды бар ықыласымен тыңдады. 
- Сӛйлеңіз, сӛйлеңіз, жолдас Момышұлы. Сіз менің резервімнің 
командирісіз. Сіз бен біз ӛзара түсінісіп алуға тиіспіз… 
Мен қайыра сұрадым: 
- Шынымен-ақ бүкіл екінші линияны қорғамақпын ба? 
Панфилов менің сӛзімді бӛлді: 
- Линияны емес, жолдас Момышұлы… Бұл сӛзден тезірек жерігеніңіз 
мақұл. Бұрынғы линиялық тактиканың шырмауынан тезірек құтылғайсыз. 
- Сол екінші линияның орнында сізде жалғыз менің батальоным 
болмақ па? Мұның қисыны бар ма, жолдас генерал? 
- Қисыны бар… Тек дер кезінде керекті жерде болып шыққан жӛн. 
Бұл ретте Волоколамск бізге сабақ болуға тиіс. Егер сіз мына ӛңірді түгел 
зерттеп шықсаңыз, - деп Панфилов дивизия шебімен жапсарлас кең алқапты 
картадан кӛрсетті, - ендігі жерде сіздің генерал жаза баспайтын болса, онда 
бір батальонның ӛзі-ақ дұшпанды бірнеше күн әурелейді. Біздің ирек 
сызығымызды-серіппемізді еске түсіріңіз. Дұшпанның қанат жайып, 
қайтадан сап құруына тура келеді. Ал бұған уақыт керек. Енді жолды 
бӛгейтін шағын взвод емес, тұтас батальон болады. Кәне, дұшпан үшін 
қимылдап кӛріңізші. Рақым етіңіз, мырза, неміс әскерлері тобының 
қолбасшысы, егер тас жолда, негізгі соққы берілетін тарапта, батальонға 
келіп киліксеңіз, сіз қандай амал қолданбақсыз? 
Бірнеше минут мен неміс қолбасшыңының рӛлін атқардым. Онан соң: 
- Әрине, батальон олардың екі-үш күнін алады, - деп мойындадым. 
- Бәлкім, одан кӛбірек те болар, жолдас Момышұлы… 
- Ал содан кейін ше, жолдас генерал? 
- Содан кейін бе?… Қажет болған күнде. Истраға дейін бір шептен 
екінші шепке ӛтіп, лек-легімізбен жылыса береміз. Мұны сізге менің айтатын 
жӛнім жоқ еді, жолдас Момышұлы. Мен мұны сізге резерв командирі деп 
сенгендіктен айтармын. Шегіне ұрыс жүргіземіз, тағы да ерекше серіппені 
қолданып бағамыз. Шегіну дегеніміз – қашу деген сӛз емес, ұрыстың ең 


358 
күрделі түрлерінің бірі, жолдас Момышұлы. Шегіну тәсілін екінің бірі біле 
бермейді. Бізге жүктелген міндет: дұшпанның жедел ілгері басуына 
мүмкіндік бермеу, оны титықтатып, жаудың механикаландырылған 
күштерінің алға ұмтыларлық жолдарын бӛгеп отыру. Ал мұндай жолдар – 
ӛзіңіз әбден байыптап қараңызшы! кӛп емес. Егер білгірлікпен шегінер 
болсақ, дұшпан Истра ӛңіріне барып жеткенше бір ай-бір жарым ай уақытын 
жоғалтады. Ӛзіңіз қалай ойлайсыз, мұның қисыны жоқ па? 
Картаға қарап, мен генералдың қолындағы қарындаштың бағдарына, 
кейбір басты нұсқалары ғана анықталған, әлі де кӛмескілеу ұрыс жоспарына, 
маған Панфилов ашып кӛрсеткен жоспардың келешектегі ӛрісіне зер салумен 
болдым. Кездесер қиыншылықты жасырмастан, ол менің кӛңіліме сенім 
ұялатты… Жолды бӛгеп отыру… Немістерді бір ай-бір жарым ай әурелеу… 
Енді бұл мені түңілткен жоқ, қайта әбден ойластырылған ӛрелі міндет 
ретінде кӛкейіме қона бастады. 
- Менің ойымша, - деді Панфилов тағы да, - айқасқа түсер күштердің 
арақатынасы тӛртеуге қарсы, тіпті бесеуге қарсы біреу болатын шығар. 
Оқасы жоқ, жолдас Момышұлы, сіз бен біздің кӛріп жүрген құқайымыз бір 
бұл емес қой… Ал бір ай-бір жарым айдан кейін біздің негізгі резервтеріміз 
келіп жетеді. Қазір оларды кішігірім ұрысқа салудың жӛні жоқ. Мезгілі 
жеткенде армиямыздың қайда, техникамыздың қайда екенін кӛреміз ғой деп 
ойлаймын. 

- Жә, бүгінгі осы жетер, - деп түйді генерал. - Егжей-тегжейін келесі 
жолы әңгіме етеміз. Жуық арада сіздің батальонды ӛзіме жақынырақ жерге, 
екінші эшелонға кӛшіремін. Соңда жаңа қоныс тойына барармын. 
Шақыратын боларсыз? 
Мен бас иіп, тәжім еттім. 
- Рақым етіңіз… Сізге қазақша қонақасы береміз. Палау әзірлейміз. 
Тек күні бұрын хабардар еткейсіз. 
- Жарайды. Аспазды ренжіте қоймаспын. Ал енді әңгіме былай, 
жолдас Момышұлы. Сізге бір шұғыл жұмыс тапсырғалы отырмын. Ӛзіңіз 
жүргізген ұрыстың бәрін, батальонның қалай қимылдағанын суреттеп 
жазыңыз. Схемаларыңызды тіркеңіз… 
- Құп болады, жолдас генерал. 
- Қиыншылықты бүркемелемеңіз. Ашы-тұщыны түгел татқан жақсы. 
Ұқтыңыз ба? Бұл үшін сізге қанша күн керек? 
- Үш күнде үлгіремін деп ойлаймын. 
- Жоқ, үш күнде үлгірмейсіз. Бір апта алыңыз. Әулие-әнбие мұрсат 
берер бізге. 
«Бұл қайдағы әулие-әнбие?» дегендей, оған таңдана қарадым. 
Панфилов мұның мәнісін түсіндірді: 


359 
- Қорғанушының әулие-әнбиесі - уақыт! Мұны кімнің айтқанын 
білесіз бе? Неміс халқының аса кӛрнекті адамдарының бірі Клаузевиц 
айтқан. - Панфилов біраз ойланып отырып, қайталады: - Неміс халқының… 
Сіз, жолдас Момышұлы, ұлт ретіндегі, халық ретіндегі немістерді ешқашанда 
жек кӛрген емессіз бе? 
- Ешқашан да! - деп кесіп айттым мен. Егер менің қандас бауырым 
езушілердің, свастика туының астында жүрер болса, мен оны да жек кӛрер 
едім. 
Панфилов кенет есіне түскен бір жайды аңғартты: 
- Иә, шегіну жӛнінде Лениннің не деп жазғанын сізге айтуды ұмытып 
кетіппін ғой. «Біздің күресімізде жан аямай, батыл, тоқтаусыз шабуыл жасай 
білу қандай қажет болса, шегіну ӛнері де сондай қажет» деген ол… Шегіну 
тәжірибесін үйрену керек деп жазған. Ұқтыңыз ба, жолдас Момышұлы? 
Осыдан соң ол менімен қол қусырып, қош айтысты. 
Сыртқа шыға сағатыма қарап едім, үшке жуықтаған екен.
Бұдан бірнеше тәулік бұрын дал осы сағатта мен Панфиловтың 
Волоколамскідегі үйінен аттанып кеткен едім; сонда зеңбіректер гүрсілдеп, 
жаңбыр сабалап тұрған-ды, күйік иісі мұрынды жарып, айнала тӛңіректі 
лайсаң мұнар бүркеп алған еді. Ал қазір алтын күз қайта оралып келгендей. 
Жел үрлеп жыбырлаған, күнде шағылысқан қақ сулары мыңдаған жылтыр 
ұшқынға, айнымалы сәулеге айналып, кӛзді ұялтады. 
Үнсіз әндеткен кӛңілім алып ұшып, атқа қондым. Күрең тӛбел де, мені 
үйреншікті үйіме, яғни батальонға жеткізгенше асық болғандай, сар желіспен 
заулап келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет