Арпалыс (Волоколамск тас жолы)


ШАШТАРАЗ ШЕБЕРЛІГІНІҢ СЫРЫ



Pdf көрінісі
бет63/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   76
Арпалыс 1,2

ШАШТАРАЗ ШЕБЕРЛІГІНІҢ СЫРЫ 
«Жеңіс шайқасқа дейін шыңдалады». 
Біз үш-тӛрт күн бойы міндетімізді пысықтадық. Взводтар барлық бес 
маршрутпен жүріп ӛтіп, бұларды солдаттық қадамдарымен ӛлшеп шықты. 
Ӛзіміз жасаған документте аралық мӛлшерін, жиналуға, жүруге, қанат жаюға 
қанша уақыт кететінін кӛрсеттік. 


409 
Ноябрьдің кеш ататын шытымыр таңы қылан бере бастағанда мен бұл 
қағазды дивизия штабына апарғалы Күрең тӛбелге мініп жүріп кеттім. Жол 
үстіндегі мұздақ қар аттың тұяғына тиіп, шақыр-шұқыр етеді. 
Міне, Панфилов штабы орналасқан Шишкино деревнясына да келіп 
жеттім. Сол жерде маған Панфиловтың жарлығын айтты: документті ӛз 
қолыма тапсырсын депті. Мен Панфилов тұратын үйге қарай беттедім. 
Жайшылықтағыдай ақ халат киіп жасанған егде шаштараз дивизия 
командирінің сақал-мұртын алып жатыр екен. 
- Кіріңіз, қазір босаймын, - деді Панфилов, - Жолдас Зайчикко, 
тездетіңіз. 
- Машинканы айналдыра тағы бір жүргізіп ӛтейін… Сізді желке 
жағыңыздан да жасартайын. 
- Жо-жоқ. Келесі жолы сӛйтерсіз. 
Шаштараз наразы үнмен тамағын келеді, Панфиловтың тарам-тарам 
әжім түскен, күнге күйіп, қарауытқан мойнын шынында да бозғылт түк 
басып кеткен екен. Ал маған бұл кісінің желкесі күні кеше, алғашқы толас 
сәттерінде ғана айнадай таза кӛрінген еді. Бақсам, осы тыныс басталғалы бері 
екі аптадан кӛбірек уақыт ӛтіпті. 
Генералдың бетіндегі ақ кӛбікті қырнаған ұстараның тысыры болар-
болмас естіледі. Тік біткен, қату мүсінді, кежір иегі де қатпарланған бұғағыда 
бірте-бірте кӛбіктен тазарды - қазір иегінің орта шеніндегі шұңқыры да 
айқын білінеді. 
- Енді қашан мықтап айналысар екенііз, жолдас генерал? – деп сұрады 
шаштараз. 
- Гвардия атағын аларлық ерлік іс кӛрсетейікші, сонда жасарамын. Бар 
билік сізге беріледі. Сертім сол. 
Әрине, бұл айтқаны әзіл еді. Бірақ ойнап айтса да ойлап айтқаны 
ашық. Ӛйткені таяуда Қызыл Армияның айрықша кӛзге түскен бірнеше 
дивизиясы гвардия атағына ие болған-ды. Ендеше, бұл мәртебелі атаққа 
жетуді кім кӛксемесін.
- Бірақ сіз де маған сергетіңіз, - дейді Панфилов, - егер осындай күн 
туар болса, мені ұмыт қалдырмаңыз. Тіпті, дүние астан-кестен болса да… 
Генерал қулана жымыңдады. Оның таяуда айтқан бір әңгімесі есіме 
түсті. Волоколамскіге жарып ӛткен неміс танктері дивизия штабына 
жақындап қалады. Сонда Панфилов штабтағыларды тыныштандыру үшін 
шаштаразды шақыртып, қырынуға кіріседі. Ал сыртта жер тітір еткен сарын, 
тарс-тұрс атыс… Шаштараз ұстарасын, сабын жаққышын тастай қашқан… 
Әйтеуір, штабтағылар тағы да үш сағаттай шыдап бағыпты.
- Ал сіз, Зайченко жолдас, ӛз фамилияңызды ақтауға тиіссіз. 
Шаштараз мұны кӛңіліне ауыр алып, сұлқ бола қалды. Ӛйткені оның 
фамилиясы қоян атаулыға байланысты шыққан, ал бұл тектес жануардың 
батыр болмағаны аян. 
- Жолдас генерал, сіз тағы да… менің фамилиямды қазбалай 
бастадыңыз ғой… 


410 
- Жоқ, сіз мұның мәнісін түсінбедіңіз. Мен: ӛз фамилияңызды ақтаңыз 
дедім ғой. Қоян жӛніндегі аңыздың мәз емес екенін білемін, бірақ шынына 
келгенде… 
Панфилов мойнына салынған орамалдан қолын босатып алып, 
бірдеңені шеңгелдеп қармағысы қелгендей, саусақтарын шӛкімдеді. 
- Қоян шындығында жүректі жануар. Үстінен шүйілген қыранға ор 
қоянның тайсалмай қарайтынын есіткеніңіз бар ма, жолдас Момышұлы? 
- Иә, қырда ӛскен адаммын ғой. Есіткенмін. 
- Ойша қиыстырылмағанын кӛрдіңіз ғой… Айтушылардың сӛзіне 
қарағанда, қоянды нысанаға алған құс кӛктен құйылады екен. Сонда қоян 
тажалынан кӛз айырмай тұра қалып, зулаған жыртқыш ӛз бағытын ӛзгерте 
алмайтын кезде ғана зыта жӛнелетін кӛрінеді. Орыс қояныңыз міне сондай! 
Ренжитін не бар? 
Сақал-мұрт алынды. Генералдың иіс су себілген мұнтаздай қара торы 
жүзі жылт-жылт етеді. 
Шаштараз ӛз аспабын жинастыра бастады. Панфилов айнаға қарап, 
саусағымен иегін, жағын сипап кӛрді. 
- Бір мін жоқ. Тап-таза, - деп ол маған былай деді: 
- Шаштараз ӛнерінің сырын білесіз бе, жолдас Момышұлы? 
Оны тек ұстараның ӛткір жүзінде деп ойлайсыз ба? Кәне, шебердің 
ӛзінен сұрайықшы. 
Шаштараз тамағын кенеді. 
- Кӛбікті жағуда кӛп мән бар. 
- Біліп қойыңыз: кӛбік жағуда. Мұның мәнісін бірінші соғыс кезінде-
ақ қарт солдаттар түсіндірген; кӛбікті жаға бер, жаға бар дейтін. 
- Ал Литвада былай етеді, жолдас генерал, - деді шаштараз. - Шебер 
кӛбік жағады да, онан соң саусағымен сылайды. 
- Сылай ма? - деп күлді Панфилов. - Естіттіңіз бе, жолдас 
Момышұлы? 
Генерал иегін тағы бір сипап, кителінің жағасын салды да, орнынан 
тұрды. Мен де түрегелдім. 
- Қысқасы, жеңіс… - деп кӛздерін сығырайтты генерал, қырынғанға 
дейін, ұстараның жүзі тигенге дейін шыңдалады. Ұқтыңыз ба? 
Ұққанда қандай: не жайында әңгіме етсе де, оның ойы алдағы 
шайқасқа қайта-қайта орала беретін. Үдеріс тәсілін тынымсыз ой елегінен 
ӛткізу, оның ең бір ӛзекті түйінін кӛңілге тоқу - Панфиловтың айнымас бір 
қасиеті, оның үнемі діттейтіні, міне, осы еді. Қысқасы, жеңістің кескілескен 
ұрысқа дейін, ұлан-асыр шайқасқа дейін шыңдалатынын тәжірибеден кӛріп-
біліп жүрміз ғой. 
Генерал шаштаразға бұрылды.
- Сонымен, уәдеңізде тұрасыз ғой? Нар тәуекел! Рақмет! Барыңыз. 



411 
Енді екеуміз оңаша қалдық. Панфилов менің үсті-басымды бір шолып 
ӛтті. 
- Киіміңіз жаңарған ба, қалай? 
Шынында да, мен жеңі әнтек бүрмеленіп, белі қыналған сырмалы 
жаңа бешпент киіп келген едім. Сыртынан белдікпен буылған бұл жылы 
бешпент, әрине, кәдімгі қорбиған мақталы бешпенттен ӛзгеше болатын. 
- Байқайсыз ба, - деді Панфилов, - соңғы кезде біздің командирлеріміз 
әсемпаз бола бастады ғой? Жақсы ырым бұл! Кәне, жазғаныңызды әкелдіңіз 
бе? 
Мен генералға документті бердім. Панфилов жаюлы қағазға ұзақ 
үңіле қарап отырды. 
Стол үстінде бір қорап шылым жатқан-ды. Генерал қолын созып, бір 
шылым алды да, оны саусақтарымен ұқалай бастады, соның артынша селт 
етіп, қорапты маған ұсынды. 
- Шылым шегіңіз, жолдас Момышұлы. 
Генерал қалтасынан жылтырақ әсем оттығын шығарды. 
- Енді бензині де мақтаулы, - деді ол, бірақ кейде ептеп қырсығып 
қалады. Бір кілтипаны бар ӛзінің. 
Оттықты алақанымен қыса ұстаған Панфилов схеманы оқи берді. 
Содан соң оттық шағылды, біз шылымымызды түтіндете бастадық. 
- Түпкі пункттерде жер жағдайын барладыңыздар ма? 
- Иә, жолдас генерал. 
- Барлаған кім? 
- Рота командирлері. Ал тӛртінші бағыт пен бесінші бағытта ӛзім 
болып қайттым. 
Генерал тағы да бірнеше сұрақ берді де, содан соң жылы шыраймен 
мені арқамнан қақты. Документ ӛзіне ұнатып қалған сияқты. Тіпті, қатты 
риза болды десемде артық емес. Ӛйткені қарамағындағы адам сенің ойыңды 
дәл түсініп, ӛзіңнің күткенінді, қалағанынды бұлжытпай істеген болса, бұған 
қалай қуанбассың.
- Документті штабқа тапсыруға рұқсат па? - деп сұрадым мен. 
- Жоқ, басқаша істейік, - деді де, Панфилов далалық телефонның 
трубкасын алып, дивизия штабының оперативтік бӛлімін шақырды… Маған 
келіңіз, - деді ол біреуге. - Батальонда документті қалай жасайтынын 
кӛрсетпекпін сізге. 
Генералдың бізді мақтағаны еді бұл. Содан соң: 
- Ал сізде танк қиратушылар командасы құрылды ма? – деп сұрады 
ол. 
Бұл сұрақты оның бұрын да бірнеше рет қойғаны сіздің есіңізде 
болар. 
- Иә. Бір взвод бӛлдік. 
- Взвод? Түгелдей ме? Онда адамдарды іріктеп алмаған болдыңыз 
ғой? 
- Взводтағы адамдар әбден үйренісіп кеткен, жолдас генерал. 


412 
- Бәлкім осылай еткен де дұрыс болар… Командирі кім? 
- Лейтенант Шакоев. 
- Дағыстандық па? Мотоциклші, сайып-қыран жігіт пе? 
Мен қысқаша жауап қайырдым. Соғыстан бұрын Алматыдағы 
физкультура институтының оқытушысы болған Шакоевтың ат бәйгесі мен 
мотоцикл жарысына қатыспай қалмайтыны, шынында да, дүйім жұртқа 
мәлім еді. 
- Бәлкім, дӛп келер, - деді генерал. - Әскери адамның ожарлау 
болғаны да жақсы. Иә, деп келеді. Осында танк қиратушыларда мықты отряд 
құрған қомандир бар, соны оған бір күнге кӛмекке жіберермін. - Панфилов 
біраз ойланып отырды. - Иә, бір күнге ғана. Менің ӛкілімді күткейсіз, жолдас 
Момышұлы. 
- Құп. 
- Енді бір айтарым мынау, - деді генерал. - Ертең сіздерге қосымша 
күш барады. Шағын ғана күш. Елу шақты жауынгер, ӛңшең балауыз, жас 
түлектер. - Панфилов желкесін қасыды. – Олармен жұмыс істеп үлгере 
қоймассыз деп қорқамын. - Бірақ оларды жақсылап қарсы алғайсыз. Осыны 
ойластырыңыз. Батальон дәстүрлерін бірден сезінетін болсын, Ал сіз бен 
бізде қалыптасқан дәстүр бар ғой. Солай емес пе, жолдас Момышұлы? 
Ұқтыңыз ба? 
Кӛріп отырсыз әңгіме ұзаққа барған жоқ. 
- Ұқтым, жолдас генерал. Кетуіме рұқсат па? 
- Иә, иә! Барыңыз, барыңыз. Жұмыс деген менде де, сізде де әлі кӛп-
ақ. 

Қосымша күш соның ертеңіне келді. Мұны маған Рахимов мәлімдеді. 
Мен батальонды бір қалтарыс жерде, қысқы үскіріктен талдары сидам 
тартқан шағын орман тасасында сапқа тұрғызу, жаңа келгендерді де сол 
жерге апару жӛнінде бұйрық бердім. 
Елеулі оқиғаны сезгендей, елеңдеп, қайшылаған Күреңге міндім де, 
батальон сап құрған алаңға бардым. 
Түн ішінде аяз едәуір әлсірепті. Кейбір ӛңірдің қары қарауытып, 
кейбірінде мүлде еріп кеткен де, жер беті жалаңаштанып қалған. Қайың мен 
үйеңкінің сидам бұтақтарынан, еменнің азынаған боран мен үскірік аяз 
ӛтінде бүріссе де, кӛбесі сӛгілмеген сұрғылт жапырақтарынан тамшы ағуда. 
Роталар орман шетіне тығыз таянып тұр. Рахимов! 
«Смирно!» деп жарлық етті де, адамдар келіп, рапорт берді. Мен 
сымдай тартылған сапқа, жауынгерлердің жүздеріне, жалт- жұлт еткен 
қырлы найзаларға қараудамын. Бұрын талай рет бастан кешіргенімдей, бұл 
жолыда қуаныштан кӛңілім толқып, жүрегім алып ұшты. Менің батальоным 
бұл! Іштен жарып шыққан перзентімдей жан-тәніммен жақсы кӛретін әскерім 
бұл! Бұйрық берілді дегенше-ақ шешуші шайқастың ең ұрымтал жеріне 


413 
ұмтылуға әзір тұрган, Панфиловтың резерві бұл! Қатары сиреп қалсада, қан 
майданда талай рет ажалмен бетпе-бет кездессе де, мерт болған боздақтарын 
талай рет азалап жерлесе де, карта бетіндегі жай белгі де, ұрыс 
документіндегі жай сызықша да емес, бұл, қаһарлы қаруларын кезенген, 
әрқайсысы жүз жиырма оқтық оқшантайын асынған айбарлы жауынгерлер 
жасағы бұл… Қатары сиресе де, шығынға ұшыраса да, батальон бұрынғыдан 
да тығыз топтасып, анағұрлым шыңдала түскен. 
Бір шетте сапқа тұрғызылған қосымша күште бірден кӛзіме түсті. 
Кілең уыздай жастар, оқоптың балшығына әлі жанасып кӛрмеген шинельдері 
де су жаңа. Осы тізбектің бір жағында жасы қырықтар шамасында егделеу 
адам тұр. Жеңіне әлі де тозбаған, соғыстың ыс-тозаңы шалмаған мәуітіден 
қызыл жұлдыз саяси қызметкерлердің белгісі тағылған. Саптан бӛлініп 
шығып, ол маған қарай адымдады. Келе жатқан бетінде, милығына түскен 
бӛркін түзеп кие бергенінде мандайының қасқасы кӛрініп қалды. Үстіндегі 
солдаттың шинелі де, қалың кенептен сырып тіккен белдігі де, қысқа 
қонышты кӛн етігі де түгел тұрпайы. Оның есесіне бет ажары ұяң. Ӛмірі қан 
жүгіріп кӛрмеген дерлік реңі ашық ауада тұрған қазіргі қалпында да 
сарғыштау. Қой кӛздерін менен айырмай, кібіртіктеп келеді. Жақындай беріп 
тоқтады да, елу екі адамнан құралған қосымша күшпен менің қарамағыма 
келгенін мәлімдеді ол. Аты-жӛні политрук Кузьминич екен. Мен оның 
сәлеміне орай қолымды шекеме тосып, сӛзін тыңдадым. 
- Армияға келгеніңізге кӛп болды ма? 
- Екінші ай. 
- Бұрын қайда жұмыс істедіңіз? 
- Экономика институтында. Ғылыми қызметкермін. 
- Сізден басқа офицер бар ма? 
Сол кезде жаңадан құлағымыз үйрене бастаған «офицер» деген сӛз 
Кузьминичке жат кӛрінді білем, ол қайыра сұрады. 
- Орта командирлер мен политруктерден бе? 
- Иә. 
- Басқа ешкім жоқ. Жалғыз мен. 
Ішімнен бір күрсіндім де, тағы да батальон қатарына кӛз жібердім. 
Әттең, шығынымыздың орны ойдағыдай толып жатқан жоқ. Әне, бірі 
домалақ Брудный тұр. Бір кезде бұл орын епті де сылқымдау Панюковтікі, 
кейін боз кірпік Дордиянікі еді. Енді олар арамызда жоқ. Донских те, 
Севрюков та, Кубаренко да кеткен… Ӛртенген шӛп маяларының алаулаған 
жалыны, қызыл күрең ымыртта қираған зеңбіректер тұсынан, біздің 
күрегімізбен жасалған туысқан мола тӛмпешіктерінің тұсынан ӛткен 
шағымыз бүгінгідей жадымызда сақтаулы. 
Брудныйдың маңынан бойшаң, әсем кавказдық, танк қиратушылар 
взводының 
командирі 
лейтенант 
Шакоев 
кӛрінеді. 
Осы 
взвод 
жауынгерлерінің ішінде сарғыш мұрты салбыраган, елу жастағы 
Березанский, палуан Прохоров, аласа бойлы Әбіл Шилібаев маған кӛптен 
таныс. Арнаулы қапшыққа салынған, танкке қарсы лақтыратын ұзын сапты, 


414 
әйдік гранаталар белдеріне қыстырулы. Басқа роталарда осындай бірнеше 
граната бар. 
Саптың қақ ортасында екі жақтанда жігі ажыратылған екінші рота. 
Мұнда сексенге жуық адам қалған, шамасы қанша адам ұрыстарда қатардан 
шықты. Бір шетте ұзын тұра Заев тұр. Содан Ползановқа кӛзім түсті. Ескірсе 
де шинелі бойына шақ, солдаттық әбзелі де майталман жауынгердікіндей 
жинақы. Солдаттар тізбегінің ӛн бойында қарауытқан болат затворлар 
біркелкі жылтырап кӛрінеді. 
Біз азбыз. Осынау қиын-қыстау кезеңде бізге жіберілген қосымша күш 
те шамалы. Солай бола тұрса да - айбарлы күшпіз! Бұл күштің аты - 
батальон! 
- Жолдас политрук, адамдарыңызды осында келтіріңіз! – деп 
бұйырдым мен. 

Екі-екіден сап құрған бұдан былай біздің тағдырымызға ортақ 
болатын адамдар жақындап келді. 
Жел ӛтінде жүздері қызғылт тартқан жас ұландар байыпты еді. 
Осынау жаңа солдаттардың кӛңіл күйі маған мәлім. Тылда азғана 
машықтанғаннан кейін майданға, алдыңғы шепке тап болып отыр. Бірақ бұл 
жерде құлаққа ұрған танадай жым-жырт, жайбарақат болуы қалай? Ұрыс 
қашан болар екен? Ал осынау «ұрыс» деген қысқаша сӛздің астарлы сыры 
қандай? Иә, алғашында бұлардың қорқынышқа берілетіні, тіпті үрейленетіні, 
содан кейін барып, отжалында есейетіні аян. Ертеңгі ұрыс қарсаңында, 
бәлкім, батальон бұрын-соңды бастан кешіріп кӛрмеген ең сұрапыл шайқас 
алдында бұл боздақтардың еңсесін қалай кӛтеру керек, күш-жігерін қалай 
тасыту керек? Бірақ ұрысқа дейінгі санаулы күн ішінде мен не істей 
алмақпын. Жаңа келгендерге қарап, мен дауыстап сӛйледім:
- Жолдастар, сендер бүгіп мен басқаратын батальонның жауынгерлері 
болмақсыңдар. Сендер қандай айбынды семьяға алынғалы отырғандарыңды 
білуге міндеттісіңдер. Мендей командирдің ӛз солдаттарын мақтауы 
ыңғайсыздау, 
бірақ 
қазіргі 
айтарым: 
біздің 
немерелеріміз 
бен 
шӛберелеріміздің бізді батырлар деп санауы анық. Мына тұрған менің 
жауынгерлеріме, қазірден бастап ӛздеріңе бауыр болғандарға қарандаршы. 
Бұлар майданға не бәрі бір ай бұрын келген болатын. 
Бұдан кейін мен батальонның жауынгерлік жолын қысқаша айтып 
бердім: 
- Міне осы жауынгерлер жаудың атакаларын оқпен тойтаруды, 
немістерді жүре қуып, оларға ӛлтіре соққы беруді, дұшпан алған селоларға 
басып кіріп, фашистерді қырып-жоюды үйренді. 
Алдарыңда тұрған адамдар жауған оқ астында шегінерде де 
жауынгерлік тәртібін әрқашан сақтай білді. Бұлар үш рет қоршауда қалса да, 


415 
әрдайым жаудың шебін бұзып ӛтіп, оны қатты шығынға ұшыратып, ӛз 
әскерлеріне қайта қосылып отырды. Міне, осы адамдар сендерді ӛздерінің 
туысқандық қауымына қабылдайды. 
Орман шетінде ұзыннан-ұзақ тізіліп тұрған орталарды кӛзіммен тағы 
бір шолып ӛтіп, мен бірнеше жауынгерлерді дауыстап шақырдым: 
- Мұратов, маған кел Шилібаев, Курбатов, Березанский, маған 
келіңдер! 
Менің қарсы алдыма бірінші болып келген желаяқ Мұратов. Кең 
жауырынды, сом денелі Курбатов та лезде келіп жетті. Аласа бойлы 
Шилібаев сәл кешігіп келді. Ентіге дем алып, винтовкасын кезей ұстап, ол да 
қатарға тұрды. Бірінен кейін желе жыртып, дұрысын айтқанда, маң-маң 
басып байсалды Березанский келіп тұрды. 
- Міне осы тұрған менің солдаттарыма қарандаршы, - дедім 
бұрынғыша дауыстай сӛйлеп, іле-шала бұл дауыс күңгірлеген жаңғырыққа 
ұласты. - Мынау Мұратов, рота командирінің хабаршысы. Қараңдаршы ӛзіне: 
нақ сендердей кәдімгі адам. Бұл қолынан жараланса да, емделуге бармастан, 
бізбен бірге қалды. Мұны қалай батыр демессің? Оның қатарыңда тұрған 
Курбатов. Кіші лейтенант атағына ұсынылды. Әдемі жігіт! Кӛркіне кӛзің 
тояды. Бірақ командир болғанда әдемілігі үшін емес, жауынгерлік борышына 
адалдығы үшін болмақ. Мынау Березанский. Тоң мойындығы үшін менен 
талай сӛгіс есіткен бұл. Ал ұрыста, взвод командирі оққа ұшқанда менің 
бұйрығым бойынша командирінің орнын басқан еді, взвод ӛз шебін қорғап 
қана қалмай, немістерді кейін қуып тастады. Мұны қалай батыр демессің? 
Мына тұрғандардың бәрі шетінен осындай батырлар. Сендер де осылардай 
боласыңдар, жолдастар. 
Ӛзі жӛнінде не айтар екен деп ынтыға күткендей, Әбіл Шилібаев 
қысықтау кӛздерімен маған қадала қарауда. Елден ерекше ерлік жасамағаны, 
әрине, ӛзіне аян. 
- Мына тұрған Шилібаев, - дедім мен тағы да. - Ӛзінің бойы аласа, 
қауқары да шамалы, ӛзін талай рет сыбап алғанмын, тіпті бірде атып тастай 
жаздағанмын, дегенмен батырлық жолын бұл да бізбен бірге жүріп ӛтті. 
Шилібаев балаша езу тартып күлді. 
- Бұлардың осындай батыр болуының себебі не! Мұның себебі, 
қаһарманның борышы, ар-намысы мен абыройы дегеннің не екенін бұлар 
жақсы біледі. Отан алдындағы борыш дегеніміз… 
Мен сәл ғана кідіріп, ӛзімнің ішкі сырыма үңілдім. Йә, мен бұл 
сырымды шын жүректен жария етіп айта аламын: 
- Борыш дегеніміз - солдаттың ең аяулы, ең қастерлі сипаты. 
Менің сӛзімнің жалғасы мынау болды; 
- Менің сендерге қояр талабым қандай? Ең бір қатты талап ететінім - 
асқан тәртіптілік. Сендерге елжірей қарайтын жайым жоқ. Сылап-сипауыңды 
білмеймін мен. Жауынгерлік борышты бұзушылықтың бірде-бірін жазасыз 
қалдырмаймын. Сендер ӛз қаруларыңды аялап сақтауға міндеттісіңдер. 
Дұшпанды қанша қатты жек кӛрсең де қарусыз ештеңе істей алмайсың. 


416 
Менің сӛзім жас ұландар жүзіндегі абыржудың, елгезектенудің ізін 
кетіре алған жоқ. 
- Сендерге міне осылар, сынақтан ӛткен қаһармандар кӛмектеседі, деп 
мен тағы да батальон қатарында тұрғандарды нұсқадым. 
- Айтыңдаршы, жолдастар, кӛмектесесіңдер ме? 
Роталар бірауыздан: 
- Кӛмектесеміз! - деп үн қатты. 
Осынау біркелкі гүжілдеген дауыс бойыма тыңнан күш бітіргендей 
болды. Мен кӛңілімді демдеп, еріксіз күлімдедім. Ақырында жаңа 
келгендердің де біразы күлімсіреді, кӛпшілігі ептеп қана, бірен-сараны емін-
еркін езу тартты. Енді бұлар бірыңғай сүреңсіз тұлға болып кӛрінген жоқ. 
- Қолғабыс кӛрсетеміз, жолдас комбат, - деп сампылдады 
Березанский. 
Ӛр кеуде Курбатов оны құптап, шұлғыды. Қандай рақат… Солдаттың 
бастан кешіргенін сезіп тұрған мен ғана емес, менің тебіренісімді бұлар да 
аңдаған екен. Рақмет, достарым! 
Мен «вольно» деп команда бердім де, Рахимов пен политрук 
Кузьминичті қасыма ертіп алып, жаңа келгендерді рота-ротаға бӛлдім. Олар 
батальон қатарынан орын алып, біздің саппен жымдасып кетті. Әйткенмен 
кӛп киілмеген шинельдердің ашық реңі ептеп іргесін жайып, қайта сап 
түзеген тізбектер арасынан айқын білініп тұр. 

Кешқұрым, тамақ ішуге жиналған кезімізде, біздің штаб үйіне кірлеу 
кӛне кӛкірекше киген бір тәпелтек лейтенант кіріп келді. 
Шаңқай жарықтан кӛзін жыпылықтатып, имектеу мұрнын алақанымен 
сүртіп: 
- Генералдың жарлығы бойынша жұмыс істеуге келдім. Лейтенант 
Угрюмов, - деп мәлімдеді ол. 
Мен аң-таңмын. Генералдың жарлығы бойынша жұймыс істеуге 
келдім дейді. Не деп тұр мына балақай? Бет-аузын секпіл басқан, осынау 
кӛкірекшелі ақ сары жігіт он жеті-он сегіздердегі жасӛспірім болып кӛрінді 
маған. Салпы ауыз, түрікернінің үстінен жаңа тебіндеп келе жатқан түгі 
білінеді. Темекі түтінінен сарғыш-күрең тартқан тістерінің кетігі кӛрініп тұр. 
Петлицаларындағы лейтенанттық текшелерін айқан кӛрсем де, мұның 
офицер екеніне кӛңілім иланбай менің таңырқағанымды байқап, тәптіштеп 
түсіндірді: 
- Танк қиратушылар тобының командирімін… Бір күнге сіздің 
қарамағыңызға келдім. 
Осының бәрін тайға таңба басқандай етіп айтты ол. Бірақ сӛзінің 
ширақтығы жас ӛспірімге тән қораштау кейпіне ешбір үйлеспейді. 
- Отырып, жайғасыңыз, жолдас лейтенант. 
Отырғаннан кейін: 


417 
- Шылым тартуға рұқсат па? - деп сұрады ол. 
- Тартыңыз. 
Угрюмов бӛркін шешіп, қалтасынан газетін, түюлі темекісін 
шығарып, жуан шылым орады. Тырнақтарының түбі қара жиектеніп тұр. 
Саусақтарының еттері де жарылып, қарауытып кеткен. Қара қожалақ, кӛне 
кӛкірекшесі сияқты, бұл саусақтарының да күніне талай рет топырақ пен 
ұшырасқаны байқалады. 
Кенеттен есіме түсе кетті, Угрюмов… Осы лейтенант туралы, оның 
бір қылығы жайында таяуда ғана есіткенмін. Барлаушылар взводының 
командирі болып жүргенінде бір күні ол, немістер біздің шепке жақындай 
берген кезде-ақ, взводын орманда қалдырып, ӛзі шаруа киімін киіпті де, 
немістер алған деревняны барлауға жӛнеліпті. Сол жақтан қараңғыда қайтқан 
ол ӛз взводынан қол үзіп қалады да, сол үшін қызметінен тайдырылады. Сол 
кезде осы бала жігіт Папфиловтың кӛзіне түскенде, мұны ол танк 
қиратушылардың командирі етіп тағайындаған. 
Газет қағазына оралған ащы темекінің түтінін Угрюмов құныға, 
рақаттана сорып отырды. Аузы мен танауынан түтін шығарғанда да рақатқа 
кенеліп отырғандай. Шылым тартуға қатты құныққан, дұрысын айтқанда 
жан-тәнімен құштар мұндай адамды мен бұрын ешқашан да кездестірген 
емеспін. 
Біздің аспазымыз Вахитов кешкі тамаққа күріш ботқа пісірген екен, 
жұртқа табақ тарта бастағанда ол қорастау лейтенантты байқамай ӛте шықты. 
- Вахитов, лейтенантқа тамақ қоймағаныңыз қалай? 
- Рақмет, жолдас аға лейтенант, мен тамақ ішіп келгенмін. 
- Оқасы жоқ. Тағы да дәм татыңыз. 
Оған да ботқа әкелінген еді. Угрюмов противогаз сумкасынан ӛз 
қасығын алып, тамақты да, темекі тартқандағыдай, ашқарақтана жеді. 
Табақтан кӛсіп алғанын аузына салып жібереді де, артынша қасығын 
жалайды. Ботқаны тауысқан Угрюмов енді стол үстінде үюлі жатқан кепкен 
қара нанға ден қойды да, бұларды сойдақ сарғыш тістерімен шайнай бастады. 
Шайдан бас тартқан қонағымыз үлкен шылым орап, тағы да темекісін 
түтіндетті. 

Таңертең Шакоевты шақырттым. Генералдың кӛріксіздеу ӛкілімен 
таныстырғанымда сымбатты да шымыр денелі, қара мұртты Шакоев оған 
кӛзінің астымен таңдана қарады. 
Түс кезінде мен танк қиратушылар взводына бардым. Ұлпа қар 
жапқан егістік басында фанерден жасалған танк макеті тұр. Қай жерлерде 
қарауытқан кесек кӛрінеді, бірнеше ор қазылған. Жол жиегінде тізіліп 
отырған жауынгерлер Угрюмовтың сӛзін мұқият тыңдайды. 
- Оны күшпен ала алмайсың, - дейді Угрюмов. Ал сабырлы болсаң - 
жеңіп шығасың! 


418 
Әлі де бала дерлік осынау таңқы мұрын жас жігіттің аузынан 
«сабырлы болсын» деген сияқты байсалды да мағыналы сӛздерді есіту тағы 
да бір түрлі кӛрінген еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет