Жасуша арасында
пигменттердің,
инертті зиян заттардың жинақталуы.
Липофуцин пигменті жүрек бұлшықеттерінде пайда болады.Ол адам туылғаннан 10 жасқа дейін болмайды.Ал қартайған кезде 90 жаста жасушаның 3 % алып жатады.Сонымен қатар металдар да жинақталады,бірақ олардың көлемі аса көп емес.
Ағзадағы қартаю кезіндегі жеке органдар
- Қан айналым жүйесі-жүрек бұлшықеттерінің атрофиясы,әсіресе сол жүрекшедегі қақпақшалардың кальификациясы.Жүрек қан тамырларының серпімділігі мен созылғыштығының әлсіреуі.(атеросклероз).Бұлшықеттерге,жүрекке қан тығыз керек болғанда қанның баяу жүруі,оттегінің жеткілікті бар мүшеге таралмауы,Осындай салдардан соң өкпенің активтілігі бұзылады.
Жүйке жүйесі
Психологиялық,нейрофизиологиялық қабілеттері уақыт өте келе ақаулықтарға тап болады.Көз жанарының жарыққа,қараңғыға адаптациясы баяулайды,есте сақтау қабілеті нашарлайды,қарттарды неге де болса үйрету қиын,өйткені жасуша жаңаруы азаяды. Жүйке жасушаларының көбейе алмайтынын ескерсек,жас ұлғайған сайын олардың саны бірте-бірте азаятындығы өздігінен-ақ түсінікті.100 жылда мысықтың нейрондарының саны 25% кеміген
Қаңқа құрылысы Кәрілік жаста сүйектер құрамындағы Ca азайып,мықты болудан қалады(остеопороз).Сынудың көп болуы осы шақта Бездерге әсері - Ішкі секреция бездерінің қызметіне де айтарлықтай өзгерістер байқалады-кейбір бездердің қызметі төмендеп,гормондарды аз мөлшерде бөліп шығарады,мысалы жыныс бездері,қалқанша безі,бүйрек үсті безі,ал кейбіреулерінің қызметі керсінше жоғарылайды-гипофиз.
Ас қорыту жүйесінде
Тістер босап,қаусап түсе бастайды.Ас қорыту сөлдерінің бөлінуі азаяды.Жас ұлғайған сайын ағзаның иммундық реакциясы өзгереді,гуморальдық және жасушалық иммунитет төмендейді.
Теріге әсері 50 жастан кейін адам терісінде тұрақты өзгерістер: - тыртықтар
- меңдер
- сүйелдер
- әжімдер пайда болады.Бұның негізгі себебі: осы кезде тері асты май қабаты бірте-бірте жұқарып жойылады.Бұл терінің құрғақтауына,оның иімділігінің төмендеуіне алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |