Артериялардыњ жедел бітелу синдромы дегеніміз – белгілі бір ќантамырлар болейнінде кенеттен ќан аѓымыныњ б±зылысы



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата02.10.2022
өлшемі105.9 Kb.
#461801
1   2   3   4   5   6   7
stud.kz-61886

ХИРУГИЯЛЫҚ ЕМ.
Жедел артерияның бітелуі бар науқастың хиругиялық емін қан тамыр
хиругиясының арнайы бөлімінде жүргізеді. Қалпына келтіру операциясының
түрі артерияльді окклюзияның сипатына байланысты таңдалады.
Тромбоэмболиялық окклюзия кезінде тікелей немесе тікелей емес
эмболэктомия жасалады.
·Тікелей эмболэктомия кезінде эмболды жедел окклюзия орналасқан аймақтан
алып тастайды.
·Қазіргі кезде жиі тікелей емес эмболэктомия жасалады, яғни баллонды катетер
арқылы проксимальді және дистальді артериотомиялық тесікте орналасқан
артерияльді сегменттерден тромбалық масса мен эмболды ұтымды түрде
жояды.
Бөксе және мықын артериясының эмболэктомиясы бөксенің жоғарғы 1/3
бөлігінде бөксе артериясының жалаңаштағы бифуркациясы деңгейінде
жасалады.
Аортаның бифуркациясының эмболиясында қайталама ретроградты зондтау
фрагменттен және проксимальді орналасқан эмболды жоятын бөксенің екі
жағынан жететін жолы қолданылады.
Тізе асты артериясының эмболэктомиясы тибиомедиальді аймақта жасалады.
Осы аймақта жілік артериясының эмболы мен тромбын ретроградты жолмен
жояды. Артқы медияльді тобық үшін артқы асық жілік артериясын


жалаңаштайды. Алдыңғы асық жілік артериясының тексеріліп, аяқты артқы
артериясы арқылы жасайды.
Қол артериясының эмболэктомиясын шынтақ ойығында иық артериясының
бифуркациясы жалаңаштаған аймақта жасалады. Тікелей эмболэктомия сирек
жүргізіледі. Мысалы, мойын қабырғасының резекциясы үшін. Иық алды
артериясының кең тараған тромбозы кезінде қан айналымды адекватты қалпына
келтіру мүмкін болмаған жағдайда, жиі білезік артериясын жалаңаштауға тура
келеді.
Мықын артериясы немесе аортаның жедел тромбозында әртүрлі шунттау
операциясы жасалады. Науқастың жағдайының ауырлығына және стеноздық-
окклюзиялық зақымдалу көлеміне байланысты аорта – бөксе немесе мықын-
бөксе шунты немесе экстраанотомиялық шунты болуы мүмкін. Жедел тромбоз
кезінде бөксе-тізе асты сегіментінде бөксе-тізе асты және бөксе-тибиальді
шунт, сондай-ақ әртүрлі профундопластика (терең бөксе артериясының
стеноздалған қуыс ішінде кеңуі)жасауға болады.
АСҚЫНУ
Организмдегі өзгерістер аяқ-қол қан айналымы қалпына келгеннен кейін
туындаса, оны ишемиядан кейінге синдром деп атайды. Ол Краш- синдромы
немесе жгут синдромымен көп жерлері ұқсайды.Ишемиядан кейінгі
синдромның ауырлық айқындылығы аяқ-қолдың ишемиясының дәрежесіне
тура пропорциональді, сондай-ақ қан айналымының толық қалпына келуіне
және организмнің компенсаторлы жағдайына байланысты.
Ишемиядан кейінгі бұзылысты жалпы және жергілікті деп бөліп қарастырады.
Жергілікті ишемиядан кейінгі синдром көрінісі– аяқ-қолдың дистальді
бөлігінде ісіктің дамуы, сондай-ақ ісік тотальді болып, бұлшық ет және тері
асты клеткасы немесе субфациальді- тек бұлшық етті зақымдайды. 
Аяқ астынан ишемиялық зақымдалған бұлшық етке оттегіге қаныққан қанның
келуі бос оттегі радикалдардың түзілуіне және босауына, әрі қарай клетканың
зақымдалуына алып келеді.Жалпы бұзылыс қанға улы әсері бар заттардың
түсуіне барлық жүйенің және организмнің барлық функциясының бұзылуына
негізделген. Кең көлемде жалпы қан айналымға оттегіге қанықпаған заттардың
түсуі ишемия ошағанан ауыр метаболикалық ацидозға алып келеді. 
Бүйрек зақымдалған бұлшық ет тінінен миоглобинді шығарады. Ацидоз
кезіндегі миоглобинурия миоглобинуриялық тубулярлы нефроздың дамуына
алып келеді. Ол өз кезегінде жедел бүйрек жеткіліксіздігін алып келеді. Оның
дамуына артерияльді гипотензия қосылады, реваскуляризация кезеңінде
капиллярлы тамырдың венозды бөлігін және формалық элементтердің
макроагрегаттарының ишемия аймағындағы венаны және микротромбтарды
жуу өкпе қан тамырларының эмболизациясына және тыныс жеткіліксіздігіне
алып келеді.
Ацидоз, көп көлемде улы заттардың зақымдалған тінге түсуі жүрек- қан
тамыр жеткіліксіздігінің дамуына алып келеді. Электрокардиограммада
артерияльді гипотензия және инфаркт тәрізді өзгерістер пайда болады.
Ишемиядан кейінгі синдром 3 жүйеде де көрініс береді ,яғни жедел бүйрек
тыныс және жүрек- қан тамыр жеткіліксіздігіне алып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет