Артериялардыњ жедел бітелу синдромы дегеніміз – белгілі бір ќантамырлар болейнінде кенеттен ќан аѓымыныњ б±зылысы



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата02.10.2022
өлшемі105.9 Kb.
#461801
1   2   3   4   5   6   7
stud.kz-61886

КЛАССИФИКАЦИЯ
І. Артериялды окклюзияның себебі: 
·Эмболия
·Тромбоз
ІІ. Аяқ-қолдың ишемиясының дәрежесі (клиникалық көрінісі бойынша)
Жансыздану, параестезия, ауру сезім (тыныштық немесе физикалық жүктеме
кезінде).
Қозғалыстың бұзылуы және ісінуі.
2А Парез (бұлшық ет күшінің төмендеуі).
2Б Салдану (белсенді қозғалыстың болмауы ).
2В Субфасцияльді ісіну.
Контрактураның дамуы.
3А Парцияльді контрактура.
3Б Тотальді контрактура.
ІІІ. Ишемияның ағымы:
· үдемелі.
· тұрақты.
· қайталанған.
Ишемиялық бұзылыстардың айқындылығын клиникалық белгісі бойынша
анықтайды.
·Ишемияның 1-дәрежесі – тұрақты ағымда жақын уақыт аралығында аяқ-
қолдың тіршілігіне қауып төнбейді.


·2-дәрежесі – субфацияльді ісіну мен қозғалыс бұзылыстар п.б. Ишемияның
өршуі аяқ-қолдың гангренасына алып келеді.
·3-дәрежесі – аяқ-қолдың ишемиясының соңғы сатысы. Тіндердің зақымдалуы
қайтымсыз. Клиникалық көрінісі – әр түрлі деңгейде бұлшық ет контрактурасы
дамиды.
Аяқ-қол артериясының созылмалы облитерациялық ауруы нәтижесінде
дамыған тромбалық окклюзияға тіннің кең тараған ақауы тән. Магистральді қан
айналымын қалпына келтіру кезінде ишемия, ишемиядан кейінгі синдроммен
кезектесді. Көптеген клиникалық зерттеу нәтижесі бойынша, тотальді
контрактура кезінде аяқ-қолдың реваскуляризациясы өлімге алып келеді екен.
Шектелген контрактурада (сирақ- аяқ басы буыны, аяқтың саусақтары)
сирақтың тек бұлшық еттерінің қайтымсыз зақымдалуы болуы мүмкін. Бұл
жағдайда магистральді қан айналымды қалпына келтіру, мақсатты түрде
жүргізіледі. Бұл кезде төмен деңгейде ампутация немесе некрэктомия жасалса,
науқастардың өмір сүру мүмкіншілігін жоғарлатады.
АСПАПТЫҚ ДИАГНОСТИКА.
Жедел артерияның бітелуінің диагностикалық бағдарламасында зерттеу уақыты
шектеулі екенін ескеру қажет. Осыған байланысты окклюзияның таралу
деңгейін анықтауға, сондай-ақ проксимальді немесе дистальді орналасқан
магистральді артерияда тромб немесе эмболдың орналасқанын анықтауға
керекті ақпаратты әдісті қолданған жөн. Бұл сұранысқа УДЗ және ангиография
ие болады. 
Жедел артериялды бітелумен науқастың УДЗ-е қанның аускультативті
анализімен бірге әр түрлі деңгейде аймақтық систолалық қысымды өлшеуге
болады.
Дуплексті сканир – қан тамырдың қабырғасын, қан тамыр ішілік құрылымды
және қан айналымды көруге, артерияльді қан тамырдың бітелу деңгейі мен
қасиетін анықтауға арналған бағалы әдіс.
Ангиография келесі жағдайда орындалады: 
* диагнозды анықтау үшін және созылмалы артерияльді жеткіліксіздік дамуы
мүмкін науқастарға емдік әдісті таңдау үшін.
*қосарланған немесе сатылы эмболияға күдіктенген жағдайда.
*ишемия деңгейінінң және пульстің жоғалу деңгейінің сәйкессіздігі кезінде. 
*эмболия мен тромбоздың салыстырмалы диагностикасы қиындаған жағдайда.
*қосымша мойын қабырғасына күдіктенгенде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет