Артериялардыњ жедел бітелу синдромы дегеніміз – белгілі бір ќантамырлар болейнінде кенеттен ќан аѓымыныњ б±зылысы



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата02.10.2022
өлшемі105.9 Kb.
#461801
1   2   3   4   5   6   7
stud.kz-61886

САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ.
Жедел артерия бітелуін алдымен жедел тромбоз бен эмболиямен салыстырмалы
диагностика жүргізу керек.
Эмболия кезінде аурудың басталуы көп жағдайда кенеттен, жедел басталып,
артерия бітелгеннен бастап қатты ауру сезімі туындайды. Ишемия тез
айқындалып, тез үдеп жақын бірнеше тәулік ішінде гангренаның дамуына алып
келеді.
Жедел тромбоз кезінде ишемия айқын емес және гангренаның даму жиілігі
төмен. Жедел тромбоз ауруының басталуы облитерацияланған атеросклерозға


немесе артериитке байланысты эмболиядағыдай жедел емес. Сондай-ақ
артерияльді тромбоз найзағай тәрізді өтеді, тромбтың дайындығымен
байланысты (біршама уақыт ішінде қан тамыр қабырғасының өзгеруі, бірден
гиперкоагуляция және т.б.)
Жиі сондай-ақ бірден дамитын артерияльді тарылумен жүретін жедел
илиофеморальді флеботромбозбен салыстырмалы диагностиканы жүргізеді.
Аурудың жедел басталуы эмболияның көрінісіне ұқсайды – аяқ асты аяқ-қолда
қатты ауыру сезімі пайда болады, содан соң оған жансыздану сезімі қосылады.
Тері боз-көк түсті болады. Барлық сезімдері жоғалған аяқ-қолдың салдануы
байқалады. Веноздық тромбоздың негізгі салыстырмалы – диагностикалық
белгісі-ауру сезімнің артынша аяқ-қолда ісіну пайда болып, шап қыртысына
дейін жетеді, ал кейде құрсақ қабырғасының төменгі бөлігіне таралады, бұл
жағдай жедел артерияльді бітелуде ешқашан болмайды. Ісіктің консистенциясы
жұмсақ, май клеткасына жиналады. Ал эмболия кезінде ісіну тығыз және тек
қана субфасцияльді болады. Сирақ бұлшық еттерінің ауыр органикалық өзгерісі
болғанда, ісіну пайда болады. Жедел аортаның сылынуы аортаның
буфуркациясы деңгейінде эмболияның дамуына алып келеді. Бұл патологиялық
жағдай аяқ астынан арқасы мен бел аймағында қатты ауыру сезімінің пайда
болуымен сипатталады. Ауыру сезім аяғына беріледі. Осы кезде артерияльді
гипертензия мен рентгенограммада аралықтың көлеңкесі кеңейгені көрінеді.
Аортаны сылынуы кезіндегі аяқ-қолдың ишемиясы эмболиядағыдай тез
дамымайды (қозғалыс сақталады, тері жабындысында мраморлы дақтар
байқалмайды). Аортаның салынған аневризмасында салқындаған деңгейден
жоғары сезімталдықтың бұзылысы орналасады. Аортаның сылынуы
интрамуральді тромбтың түзілуімен және екі мыкын артериясының аузының
жабылуымен жүрсе диагностика жасау қиынға түседі.Диагнозды ультра-
дыбысты ангиосканирмен аортографиямен КТ, МРТ және өңеш арқылы
эхокардиографиямен дәлелдейді. 
Жедел артерияльді бетілуді қан тамыр ауруларынан басқа,орталық және шеткі
нерв жүйесінің потологиясымен салыстыру қажет. Жиі көлденең миелит
аортаның бифуркациясының эмболиясымен диагностикада қателесуге алып
келеді. Ауру 1-2 сағат ішінде дамып, аяқтың салдануымен жүреді, сезімталдық
жоғалады. Артерияның пульсациясы және анамнезін анықтау дұрыс диагноз
қоюға көмектеседі. 
ЕМІ.
Дәрігердің әрекет алгоритмі келесі жағдайды анықтағасын жүргізіледі:
·жедел артерияльді бітелу синдромын анықтағасын.
·окклюзия сипатын анықтағасын – эмболия жедел тромбоз, созылмалы
артерияның бітелуі нәтижесіндегі эмболия.
·аяқ-қолдың тінінің ишемиялық зақымдалу дәрежесін анықтағасын.
ЖЕДЕЛ АРТЕРИЯНЫҢ БІТЕЛУІНІҢ ЕМДІК ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ӘРЕКЕТІНІҢ КЕСТЕСІ.
Ишемия
Артерияльді окклюзия сипаты


дәрежесі
эмболия
Жедел тромбоз
1
Тез арада немесе аз уақыт
арасында(24сағатқа
дейін )эмболэктомия
Зерттеулер
(УДЗ,
ангиограция), консервативті
терапия немесе қалпына
келтіру операциясы.
2
А
Тез арада эмболэктомия
Тез зерттеу(24сағ. дейін)
Қалпына келтіру операциясы
Б
Тез арада қалпына келтіру операциясы
В
Тез арада қалпына келтіру операциясы+ фасциотомия
3
А
Тез арада қалпына келтіру операциясы+ фосциотомия,
некрэктомия. Ампутация
Б
1-шілік ампутация 
Ишемияның 1-дарежесіне тез арада операцияның қажеті жоқ. Науқасты
тексеруге, сынама консервативті терапия жүргізуге және нақты емдік әдіс ( жәй
эмболэктомия, күрделі артерияльді реконструкция, тромболизис немесе
эндовазальді араласу) таңдауға жағдай туындайды. Науқастың жағдайын
анықтап «эмболия» диагнозына толығымен сенімді болса, жоспарлы түрде тез
арада қалпына келтіру операциясын орындайды.
2А дәрежесінде «эмболия» диагоназына сенімді болмағанда сынама
антикоагулянтты немесе тромболитикалық терапия жүргізуге уақыт бар. Толық
зерттеуге УДЗ және ангиография жасауға жағдай туындайды. Нәтижесінде
әрбір науқасқа қатысты нақты шешім қабылданады. Ол катетер арқылы
енгізетін тромболитикалық терапия болуы да мүмкін, катетерлі аспирациялық
тромбоэктомия, әр түрлі деңгейдегі эндовазальді араласу немесе қан тамырдың
кең көлемде реконструкциясы үшін қажет ашық операциялар, бұл аяқ-қолдың
зақымдалған бөлігін қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.
2Б дәрежелі ишемияда – ұзаққа созылмайтын реваскуляризация көрсетілген.
Тек осы жағдайда ғана науқастың өмір мен аяқ- қолын аман алып қалуға
болады. Зерттеулердің ұзақтығы мен операцияға дайындық 2-2,5 сағаттан
аспауы қажет. Окклюзияның эмболиялық сипатына сенімді болса, уақытты тіпті
жоғалтуға болмайды. Сондай-ақ, жедел тромбоз кезінде де жедел операция
жасау қажет, егер кешіктірсе реваскуляризация әдісін емес, ампутация деңгейін
таңдауға тура келеді. 
Ишемияның 2В дәрежесі – бұлшық еттің ісінуімен сипатталады, қан тамырды
қалпына келтіру операциясы ретінде фасциотамия көрсетілген.
Ишемияның 3-дәрежесі – аяқ-қолдың тінінің ишемиялық зақымдалуының
соңғы сатысы бәрінен бұрын бұлшық еттің. Бұл кезде ишемия қайтымсыз
болады, осы сатыдағы клиникалылқ көрініс – бұлшық ет контрактурасының
дамуы. Парциальді (дистальді) контрактура кезінде қан тамырға жедел қалпына
келтіру операциясы жүргізіледі, кейіннен некрэктомия немесе ампутация
жасалады. Аяқ- қолдың тотальді контрактурасы біріншілік жоғары
ампутацияны қажет етеді. 
Жоғарыдағы тактикалық алгоритиді әр қарай жалғастыруды әрбір нақты


жағдайда ескеру қажет.
·Жедел окклюзияның жақсы шешімі – тез арада артерияльді қан айналуын
қалпына келтіру.
·Тек окклюзияны толығымен жойғанда ғана, аяқ-қолдың функциясы қалпына
келтіруге болады.
·Қан тамыр зақымдалмаған эмболиясы бар науқаста таңдау әдісі – жергілікті
артерияға анестезия жасап,болонды катетер арқылы беткей орналасқан және
жеңіл қол жеткізетін эмболэктомия.
·Жедел окклюзияны(эмболия немесе тромбоз) – қан тамырлардың
зақымдалуымен жүретін созылмалы артерияльді жеткіліксіздігі нәтижесінде
дамитын, реконструктивті операцияның көмегімен радикальді және сенімді
жоюға болады.
·Оперативті емге абсолютті қарсы көрсеткіш – науқастың агональді жағдайы
және ишемияның 1-ші дәрежесіндегі науқастың өте ауыр жағдайы.
·Аяқ-қолдың тотальді ишемиялық контрактурасы кезінде ишемиядан кейінгі
синдромның дамуына байланысты, қалпына келтіру операциясын жасауға
болмайды. Жедел біріншілік аяқ-қолдың ампутациясы ғана науқастың өмірін
сақтап қалады.
·Жедел артерияның бітелуі диагнозы анықталысымен, науқасқа гепаринді
енгізіп, емді бастау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет