Арттыру ұлттық орталығы акционерлік



бет14/66
Дата10.06.2022
өлшемі237.54 Kb.
#459079
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66
«Өзін-өзі-тану»-пәні-бойынша-көмекші

мұғалімнің рөлі
“Мұғалімдік мамандық–бұл адамтану,адамның күрделі және қызықты, шым–шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер– ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады” деп түйіндеген В.А.Сухомлинский
«Рухани адамгершілік–міне мектептің ақиқаты. Ол мектептің барлық жеріне орнығу керек, оның барлық бұрыштарына, оның барлық кеңістігіне, барлық пәнге, барлық көрнекіліктерге, барлық бағдарламалар мен оқулықтарға, әдістер мен тәсілдерге. Ол әрбір тәрбиеші мен мұғалімнің санасы мен жүрегін толтыру керек.
Мұғалімге елдің болашағын қалыптастыруда ең басты рөл берілген. Барлық мамандықтың ішінде мұғалім мамандығы – ең ардақты, ең қиын және ең маңыздысы деп атап көрсеткен Ш.А.Амонашвили.
«Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлау тиіс.Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оқушыларға түсініксіз болады да, жалықтырып жібереді…» деген Ыбырай Алтынсарин.
Мұғалімнің ролі оқушының ішкі әлеуетін, оның рухани–адамгершілік құндылықтар негізіндегі жоғары адамгершілік мәнін ашуға жағдай жасау болып табылады.
Қателесу қаупі төніп тұрса да мұғалім оқуда болсын, тәлім-тәрбие жұмысында болсын оқушыларға өзінің батыл-батыл ойларымен ықпал жасауы қажет» деп ой түйіндейді А.С.Макаренко.


Януш Корчак (1878-1942) Поляк педагогы


Януш Корчак нағыз мұғалімнің үлгісі. Ол жүрегін тек балаларға арнаған.
Бала тәрбиесіне көп әдіс–тәсіл қалдырған ұлағатты ұстаз.
Үлкендер балаға ашуланбауы керек, өйткені бұл баланы түземейді керісінше бұзады.
Пәк таза бейкүнә киелі балалықты қадірлеңдер деп әрбір мұғалімге ескерту жасайды.

Педагогтың үш стилі


Авторитарлық стиль (өктемдік): Мұғалім өзі айтады, өзі түсіндіреді. Мұғалім оқушыларға қатал болады. Өктемдік көрсету арқылы білімді талап етеді. Бұл жерде педагог жоғары ал оқушы төменгі сатыда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет