Махаббат. Жаратылыс табиғаты. Өсиет әңгіме.
Бір адам бір құлап, бір тұрып судан шыға алмай жатқан шаянды көреді. Адам оны құтқару ниетімен қолын созғанда шаян шағып алады. Адам шаянды сонда да судан құтқаруға тырысады, бірақ шаян қайта шағады. Мұны көрген біреу жақындап келеді де, қайта-қайта шаққан шаянды несіне құтқарып жатқанын сұрайды. Сонда жаңағы кісі: «Шағу шаянның табиғатында бар нәрсе. Менің табиғатымда болса сүю бар. Шаянның табиғатында шағу бар екен деп мен өзімнің сүю табиғатымнан бас тартпаймын ғой», –дейді.
Рухани-.адамгершілік.
Адамға қойылатын басты талап–асыл да ізгі рухани- адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам–өзінің адамгершілігімен,қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Халқымыз қайырымды-мейірімді жанды «адамгершілігі мол адам» деп дәріптеген. Қайырымды-мейірімді жан–өзгелерді, басқа адамдарды ойлап, соларға қол ұшын беруші жан. Ал, адамдардың қамын жеу дегеніміз адамгершілікке келіп саяды.Адамгершілік–адамның рухани арқауы. Мұны адамгершілік туралы айтылған мақал-мәтелдерден байқауға болады.
Адамгершілік болмай, әділдік болмас. Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде. Асыңа тойғызбасаң да, ақ ниетіңе тойғыз.
Су бермегенге, сүт бер, ақ ниетіңді білсін. Кең болсаң, кем болмайсың.
Кішіпейілділік–кісінің көркі. Ақылың болса, арыңды сақта, Ар ұят керек әр уақытта.
Ынсап, ұят, терең ой-Асыл зейнет ойлап қой. Ұлық болсаң, кішік бол.
Өз қадірің–өз байлығың. Ары таза, нар жүгін көтереді. Жақсылық.
Жақсылық пен жамандық адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Халқымыз
«жақсылық» деген ұғымды адамгершілікке балаған. Адамгершілігі мол адамды
«жақсы адам» деген.«Жақсы болуды» мақал-мәтелдер арқылы дәріптеген.
Жақсылықты ақылмен жаса.
Адам адамға жақсылық жасау үшін жаралған. Адам жаны жақсылыққа тоймаған.
Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе. Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!
Бақыт. Ұлылар бақыт туралы.
«Бақыттың мәні–парасаттылықта,әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында»-деген Әбу Насыр әл–Фараби.
«Бақыттың шалғайынан басып, күшпен ұстап тұруға болмайды»-деп ой түйеді Сайф әс – Сарайи.
«Бақыт–көктемгі бұлт сияқты. Ол – көрген түстей, ұшқан құстай өте шығады» Ахмед әл – Иүгінеки
Тағдыр деген нәрсе бақыттың барабанын ылғи да қаға бермейді. Асқан сұлулықтан аз ғана бақыт артық.
Достарыңызбен бөлісу: |