Ас қорыту жүйесі мүшелерінің анатомиясы Дәріс жоспары



бет2/2
Дата02.01.2022
өлшемі1.5 Mb.
#453373
1   2
Ас қорыту жүйесі мүшелері

Жұтқыншақ және өңеш, алдыңғы көрініс.

Жұтқыншақтың кілегей қабырғасында майда лимфа бездері орналасқан. Олар жұтқыншақтың басталар жерін (таңдайды, көмейді, тіл түбірін) қоршап жатып, бадамша бездерін түзеді, оны лимфа немесе эпителий қоршауы деп атайды. Бұлардың қорғаныштық маңызы зор, себебі олардың кұрамындағы лимфациттер əртүрлі ауру туғызатын микробтармен, вирустармен күресіп отырады.

Жас балалардың бадамша бездері ересек адамдарға қарағанда ауруға көбірек шалдыққыш келеді. Олардың қабынып ауруын баспа, қызамық деп атайды.

Жұткьшшақтың ет талшықтарының жиырылуы нəтижесіне байла-нысты жұтыну процесі өтеді. Осы процесс кезінде (тағам жұтқыншақтан өңешке өтер кезде) таңдай мен тілше жиырыла көтеріліп (көлденең жатып), жұтқыншақтың жоғарғы (мұрын) бөлігін жабады. Тілдің жиырылуына байланысты көмекей аузын жауып, тағамның тыныс жолына түспей, өңешке өтуіне септігін тигізеді.

Өңеш жұтқыншақ пен асказанды жалғастырып тұратын етті түтік. IV мойын омыртқа тұсынан басталып, көмекей мен кеңірдектің артқы жағымен жүріп отырып, көкірек қуысында қолқа тамырларының артымен көкеттен өтіп, XI көкірек омыртқа тұсында асқазанға жалғасады. Нəрестелерде өңеш ұзындығы 10 - 15 см болса, ересектерде 25 см-ге дейін болады. Өңеш қабырғасы үш қабаттан түзілген. Ішкі жағын астарлап жатқан кілегейлі қабаты эпителийден түзіліп, ұзына бойы қыртыстанып жатады. Бұл жағдай тағам өткенде өңештің кеңеюіне, кілегей ылғалдылығының бөлініп тұруына, тағамның оңай жылжуына себеп болады. Өңештің ортаңғы ет кабаты жоғарғы бөлімінде көлденең жолақты, ал орта жерінен төмен қарай бірыңғай салалы ет тінінен түрады. Ет талшықгары көлденең жəне ұзына бойы бағыт-та жатады. Дəнекер тінінен тұратын сыртқы қабаты оны басқа ағзалармен байланыстырып жатады. Өңеш диафрагмадан соң сірі қабатына көшеді,

Өңештің басталар, орта бөлігінде жəне төменгі диафрагмадан өтер тұсында тарылып келген жерлері бар. Мұндай тарылу ұрықта біртіндеп пайда болады. Кейде жас балалардың жұтып қойған заттары (жүзік, тыйын т.б.) осы қысыңқы жерлерінде тұрып қалуы мүмкін.





Асқазан, алдыңғы беті.

Асқазан немесе қарын ас қорыту жолының ең кең бөлімі. Сырт пішіні иілген қапшыққа ұқсас, ол диафрагма күмбезінің астында, құрсақтың сол жағында жатады. Асқазанның оңға қарай бұрылып, жіңішкерген білігін пи-лорикалық, дөңес келген сол жағын үлкен иін, ал оң жағындаіы ойыс жерін кіші иін деп атайды. Осы үлкен жəне кіші иін тұстары қан тамырлары мен жүйкелерге өте бай. Асқазан жоғарғы жағынан (XI, XII кеуде омыртқасы тұсынан) өңешке жалғасады. Асқазанның төменгі жағында он екі елі ішек, артында талақ, қарынасты безі жəне сол бүйрек жанасып жатады.

Асқазан кіреберіс (кардиальды) бөлігінен, түбінен (фундальды), денесінен жəне шығаберіс (привратник) бөліктерінен тұрады. Асқазанның кіре-беріс бөлімі өңештің жалғасқан жерін қамтиды. Түбі деп өңешпен қосылар жерінен сəл жоғары жатқан, дөңестеу келген бөлігін айтады. Ал асқазанның шығаберіс төменгі жақ бөлімі, ол оңға қарай иіліп, бел омыртқаның тұсында он екі елі ішекке жалғасып кетеді. Асқазан байламдары арқылы жоғарғы жағынан диафрагмаға, шығаберіс бөлігімен құрсақ қабырғасына бекиді де қалған бөлімдері бос жатады. Асқазанның сыйымдылығы орта есеппен 3 л, ұзындығы 25 - 30 см, ені 4 см-ге, ал толған кезде созылып, кейде кіндікке дейін жетеді.

Асқазанның сырт пішіні тұрақсыз, себебі, тек толу нəтижесінде ғана емес, санымен бірге жалпы адамның дене құрылысына жəне жас ерекшеліктеріне де байланысты. Əйелдерде асқазан қиғаштау орналасқан. Жаңа туған нəрестеде асқазан ұршық тəрізді ұзынша, сыйымдылығы тек 10 мл, жылдам дамып, бір аптадан кейін 80 мл-ге барады. Жеті жасқа келгенде алмұрт тəрізденіп, өз пішініне қалыптасады.

Асқазан үш қабаттан тұрады: кілегейлі қабаты қатпарланып жатады, ал толған кезде

жазыла бастайды. Беті бір қабатты сөл шығаратын эпителийден түзілген, онда көптеген түтікше бездер орналасқан. Түтікше бездер екі түрлі жасушалардан түзілген. Оның ішкі - негізгі без жасушалары пепсин ферментін, сыртқы қоршаушы без жасушалары оны белсендіретін тұз қышқылын шығарады. Қарынның шығаберіс бөлімінде қоршаушы без жасушалары байқалмайды, сондықтан бұл бөлімі əлсіз сілтілі таза пепсин сөлін шығарып отырады.

Асқазаннын ет қабатының ет талшықтары үш бағытта жатады. Сыртқы талшықтары ұзына бойы, ортаңғысы көлденең, ішкісі қиғаш талшықтардан түзілген. Көлденең (сақиналы) жатқан талшықтары шығаберіс бөлімінде жақсы жетіліп, қысқыш немесе шығаберіс сфинктерін түзеді. Қысқыш əлсін-əлсін ашылып, қорытылып келген тағамды он екі елі ішекке өткізіп тұрады.

Асқазан сірі (серозды) қабаты барлық іш қуысындағы ағзаларды, сонымен асқазанды да сырт жағынан қаптап жатады. Осы қабатты қарынның кіші иінінен кіші шажырқай, үлкен иінінен үлкен шажырқай (шарбымай) түзеді де төмен қарай түсіп, ішектер жамылғышына айналып кетеді.

Асқазанда белоктар мен майлар, көміртектері, асқазан сөлі мен тұз қышқылының əсерінен жартылай қорытылады. Осымен бірге, қарынға түскен микробтар да тұз қышқылының əсерінен жойылып, өлтіріліп отырылады. Белгілі дəрежеге дейін қорытылған тағамдар ас қорыту жүйесінің келесі бөлігі - аш ішекке қарай өтеді. Жіңішке ішек асқазанның шығаберісінен басталып жуан ішекке дейін созылады, ұзындығы 6,5 – 7м.

Үш бөлігі бар: 12-елі ішек, ащы ішек, мықын ішек. 12- елі ішек ұйқы безінің басын айналып жатыр, төрт бөлігі бар:

-жоғарғы – бірінші бел омыртқа тұсында орналасқан

-төмен бағытталған – омыртқа жотасының оң жағында үшінші бел омыртқаға дейін созылады

-көлденең –сол және алдыңғы жағынан І – ІІ бел омыртқаға дейін көтеріледі

-жоғары бағытталған

12- елі ішек ішкі бетімен ұйқы безінің басымен бітіседі, жоғары бөлігі бауырдың шаршы бөлігімен ; төмен бағытталған бөлігі оң бүйрекпен шектеседі; көлденең бөлігі қолқамен төменгі қуысты венаның арасында өтеді.



Тоқ ішектің ерекшеліктері: ұзына бойы орналасқан таспалар, майы бар сірлі өсінділер және қампаймалар.

Соқыр ішектің ұзындығы 6см., диаметрі 7см., гипогастрийдің оң мықын шұнқырында орналасқан. Алдынғы беті тікелей іштің алдыңғы қабырғасына жанасып жатады немесе одан үлкен шарбымен бөлінеді. Соқыр ішектің артқы бетінен құрт тәрізді өсінді шығады, орташа ұзындығы 8 см.

Көлденең ішек ең ұзын ішек (25-30см), оң иілімімен көкбауырға дейін созылып сол иілім жасайды.Алдыңғы бетінде үлкен шарбы, жоғарында бауыр, өт қапшығы, асқазан, ұйқы безі, көкбауыр, артында 12-елі ішек, ұйқы безі орналасқан.

Төмен бағытталған ішек іш қуысының сол жағымен өтіп, мықын қырына дейін созылады. Алдыңғы жағынан жіңішке ішекпен жабылған, артқы жағында көкетке, белдің шаршы бұлшықетіне тиіп жатыр.

Сигма тәрізді ішек төмен бағытталған ішектен басталып тік ішекке дейін созылады. Бос сигма тәрізді ішек кіші жамбас қуысында орналасқан, ал толған кезінде симфиздан жоғары көтеріледі.

Тік ішек нәжіс жиналу үшін қажет. Сегізкөздің мүйіс деңгейінде басталып, кіші жамбас астауында екі иілім түзейді.Тік ішектің жоғарғы бөлігі кіші жамбас қуысында орналасқан, бұл жамбас бөлігі. Төмен бағытталған сайын кеңейіп ампула түзейді. Ампуланың диаметрі 8 – 16 см. 30-40см дейін кенейеді.

Асқорыту жүйесінің үлкен бездері.

Бауыр массасы-1500 грамм.

Қызметі:


- өт бөлу

- қанды залалсыздандыру

- зат алмасуға қатысу

- гормоналдық қызмет

Бауыр тікелей көктеттің астында іш қуысында жоғарғы бөлігінің оң жағында орналасқан.

Бауырдың 2 беті: жоғары- көкет; төменгі –висцералдық және 2 жиегі бар.



Ұйқыбезі - асқазан артында артқы іш қабырғасында орналасқан, сол бөлігімен сол жақ қабырғаастына еніп тұрады. Артқы жағынан төменгі қуыс венаға, сол жақ бүйір венасы мен қолқалға жанасып жатады.

3 бөлігі бар: басы, денесі, құйрығы.



Өтқабы алмұрт пішінді,3 бөлігі бар:түбі,денесі, мойыны. Мойының ұзындығы 3,5 см , тікелей қап түбіне жалғасады. Өт түтігі және бауыр түтігінің қосылуын ортақ өт түтігі деп атайды. Ол бауыр-12-елі ішектің байламының арасында жатады, оның артқы жағында қақпа венасы, сол жағында бауыр артериясы орналасады, одан кейін ол 12-елі ішектің жоғарғы бөлігінің артында төмен жүріп, 12-елі ішектің төмен бағытталған қабырғасын жарып өтіп ұйқыбезі түтігімен бірге үлкен 12-елі ішек тесігіне ашылады. Осы тесік тұсында өт қабының бұлшықет қабаты сфинктер түзейді, өттің құйылуын реттеу үшін.
Бақылау сұрақтары:

  1. Ас қорыту жүйесі. Асқазан-ішек трактісінің анатомиялық құрылысы.

  2. Ауыз қуысының: тістердің, сіліекей бездерінің анатомиялық құрылысы.

  3. Жұтқыншақтың, өңештің анатомиялық құрылысы, қызметі.

  4. Асқазанның анатомиясы, ішкі құрылысы, қызметі.

5. Жіңішке ішектің бөліктері, құрылысы, қызметі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет